179
ШҚО-ға инвестиция тарту мүмкіндіктері кеңінен сөз болған.
Облыстың инвестициялық жобаларының аясында ынтымақтастық орнатуға ұсыныс
жасалынған еді. Нақтырақ айтсақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Штирия
федералды жерінің үкіметі арасындағы Қазақстан мен Австрияның аталған аймақтары
арасында экономика, туризм, зерттеулер, технологиялар, ауылшаруашылығы, денсаулық
сақтау мен басқа да салалардағы әріптестік қарым-қатынастарды орнатудықарастыратын
меморандум жобасы талқыланған.
Сурет 1. Негізгі капиталға жұмсалған инвистициялар көлемі млн. Теңге [2 ].
Сурет 1. 2017 жылдың ақпанында негізгі капиталға жұмсалған инвистициялар көлемі
жалпы ШҚО және аудандар бойынша млн. Теңге [2].
180
Инвестиция тарту мәселесі сөз болғанда Шығыс Қазақстан облысының іргедегі
Қытаймен арадағы сауда-экономикалық байланысының жаңа кезеңге аяқ басқанын ерекше
атапайтуға болады. Бүгінде ШҚО және ҚХР кәсіпкерлері іскерлік кездесу барысында бірлесе
жұмыс жасауда. Ауылшаруашылығы мен туризмді дамыту және инвестиция тарту
мақсатында 4 меморандумға қол қойылған [3].
Өскемен қаласына Қазақстандағы Қытайдың Бас елшісі Чжан Вэйдің басшылығымен
Қытай және Қазақстан арасында экономикалық қарым-қатынасты нығайту мақсатында
80-нен астам делегация өкілдері келіп әртүрлі жобаларға қол қойған болатын. Бүгінде Қытай
кәсіпкерлері облысымыздағы туристік бизнесті және мал шаруашылығын дамыту
жобаларына ерекше қызығушылық танытуда. Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының
кәсіпкерлері Тарбағатай және Алтай аумағының басшыларына облыстың инвестициялық,
соның ішінде – өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылым, энергетика және ауылшаруашылығын
дамытуға бағытталған жобалар көрсетілді. Сол кездесуде сауда-инвестициялық байланысты
нығайту мақсатында, ШҚО және ҚХР кәсіпкерлері 4 меморандумға қолқойды. Оның ішінде
Аягөз ауданында жылына 100 мың бас қой өсіретін мал шаруашылығы кешенін құру сынды
экономикалық және қаржылық қолайлылық тудыратын жобалар кіреді. Сонымен қатар,
Үржар ауданының Бахты ауылында құны 2 млрд 420 млн теңгеқұрайтын ұн комбинатын
салу және ШҚО-да туризмді дамытып, «НИМЭКС-Текстиль» ЖШС іске қосу бойынша
инвестиция тарту жұмысы аталған жобалардың ішіне кіреді. Осылайша 2015 жылдың
жартысында ҚХР және ШҚО арасындағы ішкі өнім айналымының құны 169,9 млн доллар
құрап үлгерген. Сауда құрылымында ҚХР-ға әсіресе мырыш, қорғасын, өңделмеген
алюминий, мыс өндірістері экспортқа шығарылуда. Ал Қытай Халық Республикасынан
пневматикалық шиналар, жабдықталған жүк көліктері, минералды және химиялық
тыңайтқыш көліктер, өндірістік құрылғылар, киімдер және техникалық бағыттағы
керамикалық бұйымдар әкелінеді.
Шығыс Қазақстан – қаржысалып, өндірісті дамытуға қолайлы өңір. Бірақ сол қаржы
көзін өзіміз іздестіруіміз қажет. Облыста тау-кен металлургиясы, машина жасау,
ауылшаруашылығы, туризм, энергетика салаларына қаржысалуға басымдық мол.
Бүгінгі күні облыстың сыртқытауар айналымы 2 миллиард 300 миллион АҚШ
долларын құрап отыр. Соның ішінде экспорт бойынша сыртқа 1 миллиард 600 миллион
доллардың өнімі шығарылып, экспорт көлемі бірнеше пайызға артты. Импорттық тауарлар
2,2 пайызға азайып, 600 миллион долларды құрады.
2015 жылдың 10 желтоқсанда Өскеменде «Алтай Агро Инвест – 2015» форумы
өткізіліп, шараның мақсаты – әлеуетті инвесторлар үшін облыстағы аграрлық сектордың
инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру еді. Форум жұмысына 100-ден астам шақырылған
қонақтар, соның ішінде 13 мемлекеттен (Қазақстан, Ресей, ҚХР, Франция, Біріккен Араб
Әмірлігі, Чехия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Бразилия, Канада, Үндістан, Швейцария)
келген 70-тен астам инвесторлар мен дипломаттар қатысты[4].
Қызығушылық танытқан инвесторларға 160 млрд. Теңгені құрайтын 52 инвестициялық
жоба ұсынылды. Форум аясында 30 млрд. Теңгеден астам қаржыға өзара ынтымақтастық
туралы меморандумдарға қол қойылды. Осылайша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ең
қиын деген салаларға қомақты инвестиция тартып, ортақ Отанымыздың өркендеуіне
барынша күш жұмсап келеді.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен түркиялық «KAZ-AZMECO»
ЖШС концессиялық келісімге қол қойып, Семей қаласында 1290 орынға арналған
5 бала бақша салуға уағдаласты. Мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізінде
салынатын 5 бала бақша құрылысына 2 639 миллион теңге инвестиция тартылмақшы.
Бұлжоба BOT (Build – Operate-Transfer) жүйесі арқылы жүзегеа сырылады. Яғни, инвестор
концессиялық нысандысалады да, 7 жыл көлемінде жеке меншік құқығын пайдаланып,
концессия нысанына иелікетеді (мемлекет тарапынан құрылысқа жұмсалған концессиялық
шығын толық өтелгенше). Оданкейін концессия нысаны мемлекет меншігіне өтіп, әрі қарай
концессионерге 12 жылға сенімді басқару негізінде пайдалануға беріледі. Концессия мерзімі
181
– 20 жыл. Шетелдік компаниялардың қатысуымен әлеуметтік нысандар салу ісі алғаш
Шығыс Қазақстанда қолға алынып жатуы инвестор тартудағы жетекшілікті көрсетеді.
Шығыс Қазақстан жалпы республика бойынша елге инвеститция тартуда жетекші
рөлде келеді. Бұны жоғарыда көрсетілген кестелер мен цифрлардан ақ көруге болады [5].
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып дамуының қазіргі кезеңінде, шетел
инвестицияларының маңызы өсуде. Бүгінгі күні, ұлттық экономикаға 46 млрд. АҚШ доллары
көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл
сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында
шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды
шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске тартылатын капиталдар
көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу
тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және
қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану, қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол,
ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж
салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық
тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі
дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жыл 8 қаңтардағы №373 –II
Заңы.http://www.rusnauka.com/1_NIO_2014/Economics/4_154781.doc.htm
2. Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы http://invest.e-vko.kz/kz/
3. ЖеңсікбаеваК.М. Шетел инвестициялары, оларды тарту және қолдану.Алматы: «Қарасай» баспасы,
2008. – 436 бет.
4. «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама» ҚР Үкіметінің қаулысы.
2010 жыл 30- қазан, № 1145.
5. Экономикалық даму: экономиканыңнақты секторы. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебі. 2012жыл.
6. Макроэкономикалық орта және Қазақстандағы экономикалық жағдайлар.Қазақстанның қаржы
тұрақтылығы туралы есеп.ҚР ҰлттықБанкі мен Қадағалау Агенттігі. www. nationalbank.kz.2012 жыл
желтоқсан.www. nationalbank.kz
ӘОЖ 811.512.122’2
ОРАЗБЕК А.Қ., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
Мәдениетаралық коммуникация термині тар мағынасында әдебиетте 1970 жылдары
пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік
сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан
мәдениетаралық коммуникация ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту,
салыстырмалы култорология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады.
Тілдік қатынас (коммуникация) әртүрлі қоғамдық қатынастардың нәтижесінде
адамдарға тән ойлау арқылы жарыққа шыққан сөйлесімнің тіл арқылы жүзеге асуы, яғни
адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу- тілдің негізгі және елеулі функциясы. Ал
мәдениетаралық коммуникация жай қатынас құралы емес, түрлі мәдениет иелерінің
арасындағы қатынас құралы ретінде қарастырылады.Бұл-коммуникация үрдісіне
культурологиялық көзқарас тұрғысынан қарауды қажет етеді. Ол түрлі тілдік
қауымдастықтар өкілдерінің арасында өзара түсіністікті қамтамасыз ететін болғандықтан
олардың тілдік және мәдени деңгейлерінің өзара тең дәрежеде болмаса да шамалас болғаны
Достарыңызбен бөлісу: |