175
құнды жәдігерлер, оның ішінде жоғарыда мысалға келтірген орта ғасырлық қалалар, атақты
тұлғалардың басына кейінгі орта ғасырларда тұрғызылған ескерткіштер, көне дәуірден хабар
беретін тарихи мұралардың жай-жапсары қаншалықты оңды болуда, олардың сақталу
мәселесі қаншалықты деңгейде толық орындалуда, осындай өзекті дүниелер зерттеушілер
назарына бірінші ілігуі тиіс[6].
Сонымен, еліміздің зияткерлік ұлт саясаты жобасының аясында, өткен тарихына
құрметпен қарап, оны қызғыштай қорғап, болашақ ұрпаққа аманттап жеткізу үшін бізге тарихи-
мәдени ескерткіштерді мониторинг жасайтын орталық қажет. ҚР Ұлттық музейінің
құрылымдық бөлімшесі болатын «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты тарихи-мәдени
мұра нысандарына мониторинг және сараптама жүргізу бойынша бастамалар көтеріп жүр.
Зерттеушілер мен өлкетанушылар айтарлықтай дәйекті мәліметтер жөнінде аз қалам
тартқан жоқ. Бірақ, дей тұрғанмен де, біздің зерттеу нысанымызға алып отырған мәселе әлі
де болса терең зерттей түсуді, мұндай дүниелер бірнеше зерттеушінің ғана меншігіне
айналмай, халықтық деңгей көтерілуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Государственная программа "Культурное наследие". -Астана, 2004.
2.
Ғабитов Т.Х. Орнықты даму // Бейбіт мәдениеті жолында /Б.Ғ.Нұржанов ж.т.т. – Алматы: ҚазМУ,
2000. – 271– 277 б.
3.
Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 1988. – 1т. – 188 б.
4.
Алиясова В. Н. Музейное дело в Северном и Восточном Казахстане в конце XIX - первой половине
XX вв. // Известия АлтГУ. Серия историческая. - Барнаул, 2008. - № 4.1. - С. 7-9.
5.
Тоқтабай А. Ескеркіштер – ел тарихы: тарихи ескерткіштерге рестоврация жасау мәселелері // Қазақ
әдебиеті, 2003 мамыр
6.
Басенов.Т.К. VII-XII ғасырларағы Қазақстан архитектурасы // Маргулан Ә., Басенов Т., Меңдіқұлов
М. Қазақстан архитектурасы.– Алматы, 1959.– Б.103-115
ӘОЖ 881.512.122’35
НҰРЛЫБЕК А.С., АЙТМУКАШОВА А.А.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
МАҢҒЫСТАУ СӨЙЛЕНІСІНІҢ ДИАЛЕКТИЗМДЕРІ
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы –
диалектология (диалектос – сөйлеу, сөйленіс, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған)
деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Қазақ
диалектологиясы қазақ тіліндегі сөйленістер мен диалектілерді зерттейді.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана
қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар
жекелеген аймақ, территорияны білдіреді.
Сөйленіс- жергілікті диалекілердің белгілі бір шағын аймақтарын қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс
облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді қамтуы мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы
сөйленістердің қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік
белгілері бірыңғай сөйленістер ғана диалект ұғымын тудырады.
Диалектілік ерекшеліктер қазақ тіліндегі төрт аймаққа бөлінеді: оңтүстік, батыс,
шығыс, солтүстік сөйленістер тобы. Соның ішінде Маңғыстау облысы батыс сөйленістер
тобына кіреді. Ә.Нұрмағамбетовтың классификациясы бойынша бұл топқа бес сөйленіс
кіреді. Олар: 1. Орталық сөйленіс –Атырау, Орал облыстарын, Ақтөбе облысының Шалқар
мен Ырғыздан басқа аудандарын, Қостанай облысының Жетіғара ауданын, Ресейдің Еділ
бойындағы (Астрахань, Волгоград, Саратов облыстары мен Қалмақ автономиялы
республикасындағы) қазақ аудандарын қамтиды; 2. Маңғыстау сөйленісі – Маңғыстау
176
облысының жерін қамтиды; 3. Арал сөйленісі – Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз
аудандарын, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарын қамтиды;
4. Қарақалпақстандағы қазақ сөйленісі – Қарақалпақстанның оңтүстік аудандарын қамтиды;
5. Түрікменстандағы қазақ сөйленісі – Түрікменстан республикасындағы қазақтар
мекендеген аудандарды қамтиды.
Соңғы жылдары Маңғыстау облысына көптеп қоныстанып жатқан қандастарымыз
тілінде диалектілер жетерлік. Мысалы: манағы, нән,саққыз, арза, қойып тұр, бір – жар, не
пәле, пәшине, біратала, дүр, үстейсің, мынаяғында, анаяғында, отырыспақ, анысын-
мұнысын, бала – бажыр, ауыздай, айыптар т.б.
Жергілікті ерекшеліктер Маңғыстау облысында да кездеседі. Жергіліктітілдік
ерекшеліктер – жалпыхалықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың
тілдік материалы жалпыхалықтық тіл арнасымен астасып жатады да, кейбір дыбыстық,
грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Жергілікті
ерекшеліктер 3 топқа бөлінеді:
1.Фонетикалық ерекшеліктер – кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, дыбыстардың
жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен
байланысты.
Маңғыстау облысының диалектілеріне тән фонетикалық ерекшеліктер :
О/Ұ алмасуы: құлдану – қолдану, құрытынды – қорытынды, құрылдау – қорылдау,
сұны – соны, сұрақы – сорақы;
Ұ/О алмасуы: орпақ – ұрпақ, носқау – нұсқау, марқом – марқұм, болжымас –
бұлжымас;
А/Ы алмасуы: дыбыл – дабыл, тыстау – тастау, мадықтау – мадақтау;
Ы/А алмасуы: аңазақ – аңызақ, құдағай – құдағи, аңару-аңыру, қажарлы – қажырлы,
ағас – ағыс, жыра;
Ә/Е алмасуы: мертебе – мәртебе, селде – сәлде;
П/Б алмасуы: әлбет – әлпет, берне – перне;
М/Б алмасуы: балтығу – малтығу, бәпелеу – мәпелеу, бана – мана;
Р дыбысының сөз ішінде сақталуы: беркіту – бекіту, жатыру – жату;
Ж/Д алмасуы: дүзім – жүзім, дүзу – түзу, дүз мәнет – жүз теңге, дүзік – жүзік;
Ш/Ч алмасуы: чақырың – шақырың, чықпаң – шықпа, чашу – шашу, чөже-шөже, чатақ
– шатақ, чақмақ-шақпақ;
Ж/Дж: джоқ – жоқ, джыңғыл – жыңғыл, джігіт – жігіт, джырту – жырту, джұмыс –
жұмыс, джәй – жай;
Ж/Й алмасуы: о йақ – ол жақ, бұ йер – бұл жер;
Ж/Ғ алмасуы: алаң –ғұлаң – алақ – жұлақ;
Ж дыбысының түсіп қалуы: айтып атыру – айтып жату;
Е/И алмасуы: бикер – бекер, нише – неше, биім – бейім;
Қ/Ғ алмасуы: ғаз – қаз, ғайрат – қайрат, ғамқор – қамқор, ғауға – қауға;
Ғ/Қ алмасуы: ақа – аға;
Қ/Л дыбыстарының сөз арасында түсіп қалуы: мұтаж – мұқтаж, ығал – ылғал;
Ы/Ұ алмасуы: ақұн – ақын;
У/Б алмасуы: дабыс – дауыс;
Н/С алмасуы: егіс егу – егін егу;
К/Г алмасуы: гүрсердей – күрсердей;
2. Грамматикалық ерекшеліктер –сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен
немесе сөздердің тіркесімділік ерекшеліктерімен байланысты.
Маңғыстау облысының диалектілеріне тән грамматикалық ерекшеліктер:
-улы/улі: етістіктің өткен шақ тұлғасы: білулі – білді, білген, болулы-болды, болған,
келулі-келді, келген;
-жақ етістіктің мақсат келер шақ тұлғасы: баражақ-бармақ, баражақпыз-бармақпыз,
кележақ – келмек, келмекші;
-сыңыз/сіңіз: жіктік жалғауының 2-жақ сыпайы түрінің қосымшасы: келесіңіз – келесіз,
Достарыңызбен бөлісу: |