71
сөйлем және сабақтас құрмалас сөйлем. С. Аманжоловтың жіктеуінде елеулі айырмашылық
байқалады. Ол өзінің синтаксиске арналған еңбегінде құрмалас сөйлемдерді төрт түрге бөліп
саралаған: Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас және тиянақты
басыңқысыз сабақтастар. Алдыңғы үшеуі, әрине, түсінікті. Төртінші түрін автор былайша
түсіндіреді: «Қазақ тілінің тағы да бір ерекше қасиетінің бірі-онда кәдімгі басыңқы-
бағыныңқылы түрден де, аралас құрмаластан да басқа сабақтастың тиянақты басыңқысыз
түрінің де болуы. Бұлардың формасына қарасақ, бәрі басыңқылы, ал жеке мағынасына
қарасақ әрбір суреттің үзігі сияқты,
бірақ әрбірі ерекше, тиянағы бар сияқты».
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А. Байтұрсынов «Тіл тағылымы» А. 1993.
2. Қ. Есенов « Құрмалас сөйлем синтаксисі» А. 1995. 136 б.
3. С.Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» А.
1994. 318б.
4. Сауранбаев Н. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы 1945
ӘОЖ 811.512.122’367
ДӘУЛЕТШЕ Н., ЕНСЕБАЕВА К.К.
С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАСТЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
Жоғарыдағы талдаулардан байқалғандай, құрмалас сөйлемнің өзі бірнеше жай
сөйлемдерден тұрады. Осы жай сөйлемдер құрмаластың құрамында енді әдеттегі қасиетін
толық сақтай бермей, бір бүтіннің ішінде байланысқа түскен жеке компоненттер ретінде
танылады. Сондықтан да бұларды әдеттегі жеке жай сөйлемдермен тепе-тең түрде бірдей
қарастыруға болмайды.
Құрмаластың қарамағына түскен жеке жай сөйлемдер (синтаксистік компоненттер) енді
жаңаша сипат алатын болады. Бұл олардың мағыналық және тұлғалық жақтарынан тығыз
үйлесімділігін тауып, бір бүтін синтаксистік конструкция құрау негізінен шығып жатады.
Міне, осындайда олар бұрынғыдай сөйлемдік қасиетін сақтай ма, не болмаса ол дәрежеден
айырылып қала ма – мәселенің грамматикалық табиғаты осыған келіп саяды. Бұл сұрақ
жалпы тіл білімінде бұрын да қойылған болатын. Бұған екі түрлі жауап қайтарылады.
Құрмалас сөйлемнің салалас түрінде бұл аталған жайт онша қиындық туғыза
қоймайды, өйткені жеке синтаксистік компоненттердің баяндауыштары тиянақты тұлғада
аяқталуына байланысты олардың сөйлемдік қасиеті айқын байқалып тұрады. Ал егерде
құрмаластың алғашқы компонентінің баяндауышы өзгеріске ұшырап, тиянақсыз қалыпқа
түссе (бағыныңқы сөйлем), мұндайда бірден жоғарыдағыдай «сөйлемдік дәрежедегі»
жауапты табу қиындыққа соғады. Демек, құрмалас сөйлем компоненттердің грамматикалық
табиғатының мазмұны, негізінен алғанда, оның сабақтас түрінен өрбіп шығатын болады.
Өйткені сабақтас құрмаластың құрамындағы синтаксистік компоненттер мағыналық
жағынан өзара тең болмай, бірі бағынушы, екіншісі бағындырушы (басыңқы) ретінде
жұмсалады. Осыған орай да бұлардың бойындағы сөйлемдік дәреже әр сипатта түсіндіріледі.
Атап айтсақ, кезінде А.Байтұрсынов сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компонентінен
басыңқының «сөйлемдік қасиеті молырақ» екендігн көрсеткен болатын. Осындай
айырмашылығына байланысты автор бағыныңқы сөйлемді «бітпеген шала сөйлем»,
басыңқының «шылауындағы қосшы сөйлем» деп атайды. Сабақтас құрмаластың
синтаксистік компонентін осылайша бірдей дәрежеде қарастырмаушылық кейінгі
зерттеулерден де орын алды. Ғалымдар С.Жиенбаев пен Н.Сауранбаев өз еңбектерінде
сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін басыңқының бір мүшесі ретінде қарастырды.
Осыдан келіп бағыныңқы компоненттің мәні сөйлем мүшелерінің қызметімен тепе-тең
түсіндірілді. Бұл жайында ғалым С.Жиенбаевқа: «Бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлемнің