125
өздерінің алдыңғы білімдерін қолданулары керек, өз болжамдарын жасайды
және жалпы алғанда болашақ жұмысының мақсаттарын анықтайды.
«Иә - жоқ» тәсілі, немесе барлығына арналған Әмбебап ойыны
«Иә - жоқ» үйретеді:
1. түрлі шашыраңқы деректерді бір суретке қосуға;
2. қолда бар ақпаратты жүйелеуге;
3. бірге оқитын оқушыларды естуге және тыңдауға.
3. Оқу материалдарын графикалық ұйымдастыру тәсілдері:
«Кластерді құру» тәсілі
Кластерді әртүрлі кезеңдерде қолдануға болады.
Ой шақыру сатысында - ойлауды ынталандыру.
Мағынаны түсіну кезеңінде - оқу материалын құрастыру.
Рефлексия кезеңінде, оқушылардың нені білетінін қорытындылау.
«Ауыстырылған логикалық тізбектер» тәсілі
Тақтаға дұрыс және дұрыс емес дәйектер жазылады, оны оқушылар міндетті
түрде оқып, дұрыс деп ойлаған жерге «+» белгісін, дұрыс емес деген жерге «-»
белгісін қойып шығуы тиіс.
4. Оқушылардың шығармашылығын талап ететін тәсілдер.
«Синквэйн» және «Диаманта» тәсілі
Алгоритм бойынша өлең жазу - сабақта жұмыс істеудің қызықты жолдарының
бірі.
Бұл әмбебап тәсілді әдебиет сабақтарында ғана емес, сонымен қатар кез-
келген басқа да пәндерде пайдалануға болады.
Сабақтың соңында немесе
сабақта алынған түсінік үшін үй тапсырмасы ретінде қолдануға болады.
«Түспен жазу» тәсілі
Психосурет тәсілі абстрактылы түсініктерді, ішкі әлемді көрнекі суреттер
арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. Кейіпкерлердің, ар-ождан, кек алу,
кейіпкердің жақсы, жамандықтарын бейнелеп сурет салындар деген тапсырма
бере отырып, сондай-ақ салынған суреттерді түсіндіріп беруін сұрай аласыз.
«Бес минуттық эссе» тәсілі
Жазба тапсырмасының бұл түрі сабақтың соңында оқушылардың тақырыпты
қорытындылауына көмектесу үшін қолданылады.
Бұл тәсілдің мағынасы
мынадай сөздермен берілуі мүмкін:
«Мен өзімнің ойымды түсіну үшін
жазамын». Бұл берілген тақырып бойынша оқушының өздігінен жұмыс
істегені, жеке даралығы байқалатын, пікірталас туғызатын, мәселені шешуде
өзіндік ерекшелігі бар, келтірілген дәлелдері бағаланатын еркін жазба. Әдетте
эссе мәселені талқылағаннан кейін сыныпта 5 минуттан аспайтын уақыт
көлемінде жазылады.
5. Топтық жұмыста қолданылатын әдістер мен тәсілдер:
«
Сын тұрғысынан ойлаудың ақылдың алты қалпағы» әдісі
«Ақылдың алты қалпақ» ойыны негізінде параллель ойлау идеясы бар. Дәстүрлі
ойлау пікірталасқа, ой талқыға және сөз тартысқа негізделген. Дегенмен, бұл
тәсіл ең жақсы шешім ұтпай, пікірталас барысында көп талқыланып қолдау
тапқан шешім ұтады. Параллель ойлау - бұл конструктивті ойлау, онда әр түрлі
көзқарастар мен тә сілдер соқтығыспайды, бірақ өмір сүреді.
126
Алты қалпақ - бұл қиындықтарды жеңудің қарапайым және практикалық тәсілі,
олардың әрқайсысы өзінің түсі қалпақпен ұсынылған және ойлау процесін
әртүрлі режимдерге бөлінген.
Мақсаты- оқушыларды оқу үдерісіне интерактивті түрде енгізу арқылы сыни
ойлауды дамытуды қамтамасыз ету.Сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық
құзыреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұсыс істеп,
талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны
өз практикасында қолдана білуге үйрету.
«Миға шабуылдау» тәсілі
«Миға шабуылдаудың» негізгі мақсаты ойлаудың шығармашылық түрін
дамыту болып табылады.
Сондықтан оның тақырыбын таңдау белгілі бір
проблемаға ықтимал шешімдердің санына тікелей байланысты.
«Шеңбер бойынша жіберілетін хат»
Бұл тәсіл топтық формада өтеді. Балаларға берілген тақырып бойынша
ойлануға ғана емес, олардың пікірін үйлестіруге де болады.
6. Кестелерді белгілеу:
«Білемін-білгім келеді-үйрендім» тәсілі
Бұл кестемен жұмыс. Тақырыпты оқыған кезде, ойға шақыру кезеңінде
оқушыларды жұптарға бөлініп, тақырып бойынша ақылдаса отырып «Мен нені
білемін» кестесінің 1 бағанын толтыру ұсынылады.
Бұл байланыстың қандай да
бір түрі, бұрын сабақ және кейінгі іс-шаралар кезінде алынған нақты ақпарат
болуы мүмкін.
Сонда: «Сіз не білгіңіз келеді?» деген сұрақ қойылады. «Мен білгім келеді»
бағанында осы тұжырымдамалар жазылады (баға қойылмайды!). Жазбалар
сабақтың соңына дейін тақтаға қалады.
Рефлексия кезеңінде ой шақыру кезеңіне оралуға болады: айтқан пікірлері
бойынша бірінші бағанына толықтырулармен түзетулер енгізіледі және
сұрақтардың екінші бағанына жауаптар тексеріледі. Қажет болған жағдайда
жазбаларды жеке кестеде, «Мен білдім» үшінші бағанды бөлек жазуға болады.
«INSERT кестесі немесе түртіп алу арқылы оқу» тәсілі
Бұл тиімді оқу және рефлексия үшін «өзін-өзі белсендіретін» жүйелік белгілеу.
Оқу техникасымен жұмыс.
1. Балалар оқуды жақсы көруі керек.
2. Сіз үнемі олардың сөздік қорын кеңейтуіңіз керек; Балалар сөздердің
мағынасын түсінгенде,оқуға қызығушылық танытады.
3. Мұғалім мәтіндерді бірінші болып оқуы керек. Ол мәтінді сауатты,
эмоционалды түрде жеткізеді.
4. Оқып жатқанда балаларды асықтырмаңыз. Әр баланың мүмкіндіктерін
ескеру қажет.
5. 1-
сыныпта оқушыны сыныптың алдына жеке шығарып оқыту барысында
сұрамау керек.
6. Үй тапсырмасы шығармашылық сипатта болуы керек: сабақтан өткен
материал бойынша суретін салу; өтініш жасай білу, мақал-мәтел, жаңылтпаш,
жұмбақ үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |