86
• Жазушының қысқаша өмірбаяны.
Кәдімгі ақпаратпен қатар оқушы күнделікке түсіріп, кроссворды,
сканворд, тапсырмаларды жасай алады, кітап авторына немесе кейіпкерлеріне
хат жаза алады және т.б.
Оқушыға күнделік жүргізуіне көмектесу керек пе?
Ия, әсіресе бастауыш сыныптарда бұл оған тым қиын болуы мүмкін.
Оның үстіне, сіз кітапты, кейіпкерлерді, оқиғаларды оқып, талқылап, оқу
барысында күнделікті толтыра аласыз.
Оқырман күнделіктерін тексеру қажет. Оның жұмысын мақұлдауыңыз
балаға маңызды. Бірақ сабақтан тыс оқумен және оқырман күнделіктерімен
жүйелі түрде жұмыс істеу жақсы [39].
Оқырман күнделіктерінде оқушылар кітабына пікір жазу керек.
Біріншіден, сіз қандай шолуды және оның не үшін жазылғанын
анықтауыңыз керек.
Пікір – шығарманы оқу барысында туындаған жеке ойлар мен сезімдер
беріледі. Пікірдің мақсаты - кітапты басқа оқырмандарға ұсыну. Пікірді
оқығаннан кейін, балалар қандай қызықты кітаптарды оқып шығу керектігін
ойлау керек.
Оқыған кітап бойынша пікір – бұл еркін шығарма.
Аталған жерде жалпы
сызба орынсыз болып табылады. Осы ретте мектепте кездесетін пікір
мазмұнына бірізді ұсыныстар беруге болады.
Ұсыныстар:
Біріншіден, оқу кітаптан сізді қандай сезім тудырғанын сізге не ұнады, не
қайғыға салғанын, не ұнатпайтыны туралы міндетті түрде айтып берсеңіз.
Екіншіден, «өзіне тартқан» бірнеше сәттерді белгілеңіз: ол батырға, оның
әрекеттеріне немесе автордың сипаттаған ойы.
Сонымен, тағы да - түсіндіріңіз,
неге бұл сізді «өзіне тартты».
Үшіншіден, сіз оқыған оқиғада ең құнды нәрсені айтып беріңіз.
Қысқаша шолу жасау үшін қадамдық жоспар (жаднама)
1. Автордың және кітаптың атауын қараңыз. Сіз авторды білесіз бе?
Бұл туралы не білесіз? Негізгіні айт. Кітаптың тақырыбы туралы не деуге
болады? Бұл қызықты ма? Адамға көңіл-күй сыйлайды немесе алда не
болатыны жайлы ой бередә ме? Бұл туралы бірнеше сөз айт.
2. Сіз авторды және тақырыпты көрсетіңіз. Енді пікірдің негізгі
бөлігіне келсек: басты сұраққа жауап беру - бұл кітап туралы не айтуға болады?
Тарихтың негізгі идеясы қандай? Ол не үйретеді?
Назар аударыңыз! Кітапты егжей-тегжейлі қайта айтудың қажеті жоқ.
Жұмыстың негізгі идеясын қалыптастыру маңызды.
Мысалы: А. П. Чеховтың «Каштанка»
Бұнда иттің адалдығы туралы әңгімеленеді. Кішкентай қызыл ит алдымен
жоғалтып, цирк қызметкерінің қолына түсіп кейін, екінші иесінің жақсы өмір
сүргеніне және сүйіспеншілікке толы көзқарасына қарамастан, бұрынғы ұста
шеберінің және оның ұлына оралуы.
Әрине, қысқаша жазу керек, бірақ маңызы жерін тастамй сипаттау. Екі
немесе үш сөйлем жеткілікті.
87
3. Бұдан кейін ең бастысы: кітапты ұнады ма? Ұнаса несімен?
Ұнағанын ашып жазамыз.
Бұл оқиға несімен ұнады? Ол нені үйретті? Ең қызықты нәрсе қалай
көрінді? Сіз кейіпкерлердің әрекеттерімен келісесіз бе, әлде басқаша әрекет
етер едіңіз бе?
Өз кеңесініз болса, нені ой келгенде бәрін жаза беріңіз. Кітапқа
пікір бергенде, ештене айтпағаннан гөрі, одан да көп сипаттап жазу керек.
Артық жерін қысқартуға әрқашанда уақыт табамыз!
4
. Кітаптың кейіпкерлері туралы бірнеше сөз айт.
Басты кейіпкерді
кім деп есептейсіз? Кім - тұрлаулы кейіпкерлер, көмекшілер, зұлым адамдар
және т.б. Олар сізге ұнайды ма? Мүмкін, сіз шығармадағы бір кейіпкермен дос
болғыныз келді ме?
5. Қорытындыға келсек. Қорытынды жасаңыз - бұл кітап сізді неге
үйретеді? Сіз үшін ең құнды нәрсе қандай болды? Сіз не түсіндіңіз?
Пікір жазу үшін көмек (шпаргалка)
Келесі синонимдер мен өрнектерді қолдануға болады:
кітап (шығарма, повесть, әңгіме, роман, ертегі, тарих)
Маған бұл кітап ұнады (мен есімде қалды, көңілімнен шықты, үлкен
әсер қалдырды, қатты әсер етті, көңіл аудардым, өте әсерлендім, жаныма
батты...)
қызықты кітап (тартымды, қызықты, әсерлі, таң қалдыратын, жанға
бататын, есте қалатын, баурап алатын және т.б.)
автор сипаттайды (айқындайды, сипаттайды, айтады, өмірді
бейнелейді, суреттейді, таныстырады ... сияқты бірқатар мәселелерді
сипаттайды ...)
маған әсіресе оқиғадағы негізгі кейіпкер ұнайды (қызықты,
мейірімді, қызықтыратын, тартымды, маған ...)
Бәлкім мынадай тұжырымдар қажет болар: осы ертегі (тарих, кітап)
адамға қорытынды жасауға мүмкіндік береді ...
осы кітап оқуға жеңіл, кітапта әсерлі (әдемі) иллюстрациялар бар;
автор қызықты жағдайлар туралы жазады
Пікір пайымдау түрінде жазуға болады, яғни мыналарды қамтиды:
1.
Кітап туралы қысқаша мәлімет: автордың аты-жөні, шығарманың
атауы, әңгіме желісінде автордың негізі кімді сипаттайды, оқиғалардың орны
мен уақыты.
2.
Тезис - оқырманның кітабы туралы және осы тезистің дұрыстығын
дәлелдеуі болып табылады.
3.
Қорытынды – кітаптың жалпы бағалауы.
Осы тармақтарды егжей-тегжейлі қарастырайық.
1.
Оқушы автордың атын және шығарма атауын жазады. Содан кейін
кітапта жазылған оқиғалар, осы тарихи кезең туралы кітаптар мен кинолардан
білетіні туралы жаза аласыз. Одан кейін, сіз әңгімелесу орталығында тұрған
адамдар туралы айта аласыз.
2.
Пікірдің негізгі бөлігінде өзіңіздің оқыған шығарма туралы
пікіріңізді білдіруіңіз керек. Кітапқа, негізгі кейіпкерлерге өзіңіздің
көзқарасыңызды жаза аласыз, жұмыстағы ең ұнайтын жерлерді сипаттайсыз
Достарыңызбен бөлісу: |