Ильясова гульжахан уалибековна


Өзіндік  жұмыс  дегеніміз



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет28/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46

61 
 
Өзіндік  жұмыс  дегеніміз -  сабақ  үстінде  алған  білімді  мұғалімнің 
кӛмегімен  және  бақылауымен,  бірақ оның қатысынсыз  орындайтын  жоспарлы 
жұмыс.  Ал,  жалпы  алғанда,  ӛзіндік  жұмыс  бұл  сабақ  барысында  да,  сабақтан 
тыс  кезде  де  оқушылардың  ӛздігінен  орындайтын  іс-әрекеттері  деп 
қарастыруымыз  керек.  Ӛзіндік  жұмысты    ұйымдастырудың  тиімді  жолы 
оқушыға  шамасы  жетіп,  орындауға  мүамкіндігі  болатындай  және  дүние 
танымының  артуына  жағдай,  ӛзіндік  кӛзқарасын  білдіріп,  шығармашылықпен 
орындай алатындай тапсырмалар  беру [133]. Тапсырма арқылы оқу материалы 
жан-жақты  әрі  үлкен  қызығушылықпен  меңгеруіне  себеп  болуы  керек.  Қай 
пәннен  ӛзіндік  жұмыс  орындатсақ  та,  оның  белгілі    дидактикалық  бағыты 
болады.  Кӛптеген  әдіскерлердің  пікірі  бойынша    химия    пәніндегі  ӛзіндік 
жұмыстардың  мақсаты  бұл  пәннен  ұйымдастырылатын    негізгі  сабақтарыдың  
үш типінің біріне жатқызуға болады деп кӛрсетедіОлар: 
1. Жаңа материалды оқып, үйрену; 
2. Білім мен біліктерді жетілдіру; 
3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары екені белгілі. 
Бірақ,  казіргі  таңда  ұйымдастырылатын  ӛзіндік  жұмыстардың  мақсаты 
мұнымен  шектелмейтіні    білім  беруге  қойылып  отырған  талаптардан 
туындайды. Біз ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруда негізгі мақсаттың ең бастысы 
оқушыларды дамыту, шығармашылыққа үйрету, ізденушілік пен зерттеушілігін 
қалыптастыру  жағын  қарастыруға  тырысамыз. Олай  болса,  ӛзіндік  жұмыс  тек 
жаңа  білім  беру,  алған  білімдерінің  нәтижесін    тексеру  мақсатымен 
шектелмейді.  Неғұрлым  оқушылардың шынайы  ӛзіндік  жұмысы  кеңейе  түссе, 
солғұрлым  олардың  дербестігі,  ізденушілігі,  нәтижеге  жетуі  нақтыланады.  Бір 
тақырыптың  ӛзін  бірнеше  ӛзіндік  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыру  арқылы 
меңгертуге  болады.  Мұндағы  мақсатоқушыларды  дайын  ұғымды  қайталап 
айтумен  шектемей,  білімді  ӛздігінен  ізденіп  барып  қол  жеткізуге  бағыттау. 
Бейорганикалық  химиядан  орындалатын  ӛзіндік  жұмыстың  түрі  кӛп-ақ. 
Мәселен,  оқулықтағы  және  оқу  құралындағы  тапсырмалар  бойынша 
оқушыларға  ӛздігінен  жұмыс  орындату.  Оқулықтағы  тәжірибелер  мен  
эксперименттерді  ӛздігінен  орындату;  кӛрнекіліктер,  таратып  беретін 
материалдарды  пайдалану  бойынша  ӛзіндік  жұмыс  жасату;  оқулық  пен 
дәптермен  және  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  жасату  т.б.  Қандай  ӛзіндік 
жұмыс болса да, оның ең басты мақсатының бірі оқушылардың дербестігін ӛз 
бетінше  ойлау  жүйесін,  білімнің  іс-әрекет  барысында  меңгерілуін,  оның 
нәтижесін  түрлі  жағдаяттарда,  тұрмыста  қолдануын  қамтамасыз  етіп, 
оқушылардың  білім алудағы оқу белсенділігін қалыптастыру. Сонымен қатар, 
әрбір  ӛзіндік  жұмыс  нәтижесінде  оқушылардың  танымдық  деңгейін  дамыту. 
Оқушылар  ӛзіндік  іс-әрекет  кезінде  ӛзі  үшін  «жаңалық»  ашады,  таңданады, 
нәтижесіне қуанады. Бұл олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. 
Бейорганикалык  химия  пәнінен  ӛзіндік  жұмыстарға  негіздей  отырып 
алынған білімін оқушылар жарататылыстану заңдары мен түсініктерін әрі қарай 
басқа  салада  да  қолдануға  жаттығады.  Ӛзіндік  жұмыстың  қай    түрі  болса  да, 


62 
 
оны  орындау  үшін  оқушылар  алдына  мақсат  қояды.  Бірақ,  мақсаттың  дұрыс 
қойылуы үшін мұғалімінің кӛмегі керек.  
Мақсат дегеніміз  –  бір  нәрсеге  ұмтылу,  іске  асыру  және  нәтижеге  жету. 
Зейіні,  қабілеті,  қабылдауы,  есте  cақтауы,  ұқыптылығы,  жауапкершілігі,    әр-
қилы  жеке  тұлғаларды      сабаққа  түгелдей  жұмылдырып,  олардың  ӛздігінен 
жұмыс  атқаруын    ұйымдастыру  күрделі  үдеріс.  Ӛзіндік  жұмыстар  арқылы 
оқушылардың  танымдық  құзыреттіліктерінің    дамитыны  белгілі.  Сондықтан, 
сабақтың    интеграциялык  функциясын  орындай  отырып,  химияны  басқа 
жаратылыстану    ғылымдарымен  байланыстру  кезінде  де  ӛзіндік  жұмыстар 
орындату басты мәселенің бірі болып есептеледі. 
Ӛзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыру  мәселесіне  байланысты  кӛптеген 
зерттеулер  ӛз  пікірлерін  ортаға  салғаны  белгілі.  Солардың  бірі  Г.Н.Даридің 
пікірі  бойынша    оқушылар    ӛзіндік  жұмысты  орындағанда    ӛзінің  біліміне, 
сеніміне, дүниетанымына сүйенетіндігін айтады. Әрине, білімсіз оқушы ӛзіндік 
әрекетті ӛздігінен алып кете алмайтыны анық. Ал, оқушының ӛзіне деген сенімі 
бірден пайда болмайды, ол сол ӛзіндік жұмыстарды орындауда мақсатына жету 
арқылы біртіндеп қалыптасады. Сондықтан да, ӛзіндік жұмыстар оқушылардың 
жекебас мүмкіндігіне, білім деңгейіне  қарай беріліп, олардың ӛзіне сенетіндей 
жағдайға  жеткізуі  керек.  Ал,  педагог  Г.Н.Кулагина  ӛзіндік  жұмысты  жеке 
тұлғаның іс-әрекет құралы, белсенділігі мен ӛз бетімен білім алуға дайындығы 
деп  түсіндіреді.  И.Т.Протасовтың  ойынша,  ӛзіндік  жұмысбіліктілік  пен 
құзыреттіліктер жиынтығы
[134]

Қазақ  дидактикасының  негізін  салушы,  профессор  Т.С.Сабыров  ӛзіндік 
жұмысты  ұйымдастырудың  негізгі  жолдары  мен  шарттарына  тоқтала  келіп, 
оқушылардың ӛздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдыларының ӛзінен-
ӛзі пайда болмайтынын, мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың 
сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу-танымдық әрекеттерді 
ұйымдастыруы  арқылы    қалыптасатынын  айтады [135].    Оқушылардың химия 
пәні бойынша оқулық пен оқу құралдарын байланыстыра пайдалану барысында 
әр түрлі деңгейдегі ӛзіндік жұмыстарды орындауы олардың ӛзіндік танымдық 
қабілеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Әрбір  химиялық  заттармен, 
қоспалармен,  оларды  бір-бірінен  айыру  жолдарымен  т.б.  таныса  отырып, 
оқушылардың  танып  білу  қабілеттері,  ӛзіндік  ойлауға  талпынуы,  жаңа 
жағдайда  дұрыс  бағытбағдар  жасай  алуы,  ӛз  ойын  еркін,  дәлелді  жеткізуі, 
ақпаратты сыни бағалауға, жаңа дерек кӛздерін дәйектілікпен талдауға үйреніп, 
танымдық құзыреттіліктерінің қалыптасуы қамтамасыз етіледі.  
Оқушының 
танымдық 
құзыреттілігінің 
қалыптасуы 
оның 
жас 
ерекшелігіне,  білімді қабылдай алу деңгейіне, сабаққа ұқыпты дайындығы мен  
ынтасына,  қызығушылығына,  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындау 
мүмкіндігіне  байланысты.  Сонымен  қатар,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 
дұрыс  түсінушілік  қарым-қатынасқа,  және  мұғалімнің  басшылығына 
байланысты.  
Бейорганикалық  химияның    әрбір  тақырыбын    оқып  меңгеру    кезінде  
химияның  негізгі  ұғымдарын  игеру  үшін  бәрінен  бұрын  репродуктивті 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау