ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет101/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   142

302

болса,  жазалауға  апара  жатқан  адамды  өлтірген  жас  жігітті  мысалға 

келтіріп  айтқан.  Тобыр  оның  сол  жерде  пайда  бола  кетуіне  әртүрлі 

қараған. Болып жатқан оқиғаға дерексіз көзқарас деген – осы, өйткені 

жиналғандардың ешқайсысы да адам өлімінің егжей-тегжейін білмейді.

Тағы бір мәселе – ол шындық пен сенімнің арақатынасы. Кезінде 

Инб-Рушд  бір  заттың  екі  шындығы  болмайтынына  сендірген.  Ал 

егер  шындық  біреу  болса,  онда  ол  ақылға  қонымды  болуға  тиіс. 

Екінші  бір  ортағасырлық  ойшыл  Ф.Аквинский  оған  қарама-қарсы 

пікір ұстанған: ол ақыл-парасат алдында сенімнің басым екені туралы 

ұстанымынан қайтпайды. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұл – ғылым 

мен этиканың мәселесі.

Ал бізге Ф.Аквинскийдің пікірі дұрыс көрінеді, өйткені адамзаттың 

ары қарайғы тағдыры моральдық сананың тұрақты бақылауындағы 



ғылымның  дамуымен  тығыз  байланысты.  Басқа  жағдайда  ғылым 

өзінің мағынасын жоғалтып, адамға қарсы тұратын зұлым күшке айна-

луы мүмкін. Оның әлдебір белгілерін: климаттың өзгергенін, ядролық 

апаттан  келетін  «ақырзаман»  мүмкіндігін  және  т.б.  біз  қазір-ақ  көріп 

жүрміз.

1.3. ғылыми таным деңгейлері туралы

Таным  үдерісінің  екі:  тәжірибеге  ғана  негізделген  (эмпириялық) 

және теориялық деңгейі бар. Сөйтіп, ғылыми танымның тәжірибеге 

негізделген  деңгейі,  бір  қарағанда,  сезімдік  танымға  теңдестірілген 

болып  көрінеді.  Алайда  бұл  тіпті  де  олай  емес,  олардың  арасында 



айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сезім органдары арқылы алынған 

деректер қаншалықты толық және жан-жақты болса да, әлі де ғылыми 



білім болып табылмайды. Тіпті ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер 

де, – егер олар оймен өңдеуден өтпесе, – ғылыми білім бола алмайды. 

Сезім органдары арқылы алынған деректер тек тәжірибеге негізделген 

деңгейде  оларды  дерексіздендіру,  талдау,  салыстыру,  жалқыдан 

жалпыға  шығу  (индукция)  және  басқа  шаралар  арқылы  ғана,  шын 

мәнінде,  білімге  айналады.  Тәжірибеге  негізделген  білімдер  қашанда 



сезім  органдары  көмегімен  алынған  мағлұматтардың  логикалық 

түсіндіру формасы болып табылады.

Эмпириялық  білімнің  өзі  көпдеңгейлі  күрделі  білім  болып  та-

былады  (Ол  туралы  кеңірек  оқыңыз:  С.А.Лебедев.  Философия  на-

уки.  –  М.:  Академический  проект,  2006.  –  137-147-беттер).  Оның  ең 

төменгі  деңгейіне  сезім  органдары  арқылы  алынған  мағлұматтардың 



303

көмегімен  қандай  да  бір  зат  туралы  қарапайым  пікірлерді  жатқызуға 

болады.  Кейде  олар  хаттамалық  сөйлемдер  деп  аталады.  Көпшілік 

жағдайларда  оларда  зерттелетін  нысанға  бақылау  жасау  барысында 

алынған қорытындылар беріледі.

Келесі  деңгей  ғылыми  фактілерді  жинауға  және  өңдеуге 

тығыз  байланысты.  Олар  индуктивтік  жолмен  алынған  хаттамалық 

сөйлемдерді  қорытындылау  негізінде  жасалады.  Оларда  зерттелетін 

нысандардың жалпы қасиеттері мен сапалары және солардың негізінде 

пайда болатын тәуелділік қатынастар анықталады.

Үшінші  деңгейге  эмпириялық  заңдарды  (құрылымдық,  статис-

тикалық, динамикалық, себеп-салдарлық және т.б.) ашу жатқызылады. 

Мысалы, «Барлық металдар ток өткізеді», «Барлық планеталар Күнді 

айналып жүреді» деген мысалдарды айтуға болады. Оларға да қорыту 

арқылы  жета  аламыз  және  олар  зерттеліп  жатқан  құбылыстардағы 

әлдебір орнықты байланыстарды және қатынастарды білдіреді.

Эмпириялық  танымда  қорытындылаудың  ең  жоғарғы  деңгейі 

құбылыстық теорияларды құру болып табылады. Олар эмпириялық 

заңдар мен бір-бірімен өзара ұштасып жатқан фактілерден тұрады (мы-

салы, Кеплердің «Аспан механикасы»).

Эмпириялық  білімдердің  көп  жағдайда  ықтималдық  сипаты  бар, 

өйткені  зерттелетін  құбылысқа  жататын  барлық  фактілерді  түгел 

қамту  мүмкін  емес.  Бірақ  ол  кезде  ғылым  зерттеудің  эмпириялық 

деңгейінсіз бола алмайды.

Кез  келген  зерттеу  эмпириялық  (тәжірибелік)  сатыдан,  яғни 

ғылыми  фактілер  мен  мағлұматтарды  жинаудан  басталады.  Ол  үшін 

зерттелетін  затты  (нысанды)  немесе  құбылысты  (феномен)  бақылауға 

алу  қажет.  ғылымдағы  бақылаудың  өзіне  тән  өзгешелігін  ерек-

ше  атап  айту  керек,  өйткені  ол  «tabula  rasa»  –  таза  тақта  емес.  Та-

ным  субъектісі,  –  ол  нақты  тұлға  немесе  ғылыми  қауымдастық  бол-

са  да,  –  қашанда  зерттелетін  нысанға  қатысты  белгілі  бір  пікірге, 



тұжырымдамаға  немесе  идеяға  жақын  бірдеңесі  болады  және 

мақсатқа  сай  бағытталған  бақылауын  бастайды.  Тәжірибелік  таным 

барысында ғылыми фактілерді жинау, өңдеу, оларды белгілі бір жүйеге 

келтіру орын алады.

Ары  қарай  таным  теориялық  деңгейге  көтеріледі,  онда  зерттеу 

нысанасының  ішкі  тұрақты  байланыстары  мен  заңдылықтарын  ашу 

мақсатында, жинақталған және жүйеге келтірілген фактілер ұғымдар, 

тұжырымдар,  заңдар  сияқты  түсініктерге  жіктеледі.  Сөз  жоқ, 

С.А.Лебедев:  «Теориялық  білімдер  пайым-парасаттың  емес,  сананың 




304

ақыл-ес  секілді  құрылымдық  бөлігі  қызметінің  жетістігі»,  –  дегенді 

дұрыс  айтқан  (С.А.Лебедев.  Философия  науки.  –  М.:  Академический 

проект,  2006.  –  140-бет).  Шындығында,  пайым  фактілерді  салысты-

рады,  есептеп  шығарады  және  қорытындылайды.  Пайым  қызметінің 

қарапайым  түрлері  «ақылды  жануарлар»  дейтіндерде  де  болғанмен, 

алайда  ақыл-еске  тек  адам  ие.  Ақыл-естің  нәтижесінде  біз  терең 

құрылымдарға  ену  мүмкіндігін  аламыз,  зерттелетін  нысандардың 

байланыстары  мен  қатынастарын  анықтаймыз.  Алайда  «ақыл-естің 

қызметі санадан тыс нәрсеге де, оның сыртқы болмыспен байланысы-

на да бағытталмай, сананың ішіндегіге, өзінің меншікті мазмұнының 

ішкі  ашылуына  бағытталғанына»  сендіруге  тырысатын  пікірмен 

келісуге бола қояр ма екен (С.А.Лебедев. Философия науки. – 140-бет). 

Бұндай  жағдай  батпақтан  өзін  шашынан  тартып  шығаратын  барон 

Мюнхгаузенді немесе әлемді жарату алдындағы Құдайдың ғажап жо-

басын (Ф.Аквинский), әлемдегі Дара идеяның ашылуын (Гегель) және 

т.б. еске түсіреді. Бірақ тек бұл жағдайда Құдайдың орнына адамның 

өзі  үміткер  болып  тұр.  Ал  іс  жүзінде  мәселе  теориялық  білімнің  да-

митын  бастауларына  тіреледі.  Экстерналистер  сыртқы  факторларға 

назар аударса, ал ол кезде интерналистер сананың ішкі құрылымдық 

қуатына көңіл бөледі. Іс, шамасы, ақыл-есте оның әлдебір мистикалық 

«өзінің меншікті мазмұнының ішкі (имманенттік) ашылуын» емес, ішкі 

әлемнің  өз  мазмұнының  ашылуын  үнемі  ескере  отырып,  теориялық 

білім дамуының екі факторын есепке алуда болса керек.

Адамның  ақыл-есінің  ғажап  қабілеті  –  оның  мақсат-мұратқа  сай 



нысандарды  құру,  яғни  егер  өз  мазмұндарын  кедергісіз  ашқанда

бір немесе басқа зерттелуші зат немесе құбылыс бола алатынды құру 

қабілеті болып табылады. Бұл жерде ерте замандарда «заттың жаны» 

деп  аталғанды,  ал  кейіннен  Аристотель  «заттың  энтелехиясы»  деп 

атағанды, яғни заттың логикасын таза түрінде толық көрсету тура-

лы айтылып отыр. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұның бәрін заттың 

«ішкі  бағдарламасы»  деп  атауға  болады.  Алайда  бар  қиындық  сан 

жетпейтін  заттар  мен  құбылыстар  өзара  әрекеттесіп  жататын  әлемде 

ештеңенің  де  өзінің  мүлтіксіз  жай-күйіне  жете  алмайтындығында 

болып  тұр  ғой.  Заттар  мен  құбылыстар,  өздеріне  түскен  кездейсоқ 

факторлардың  есепсіз  санын  сезіне,  олармен  өзара  әрекеттерге  түсе 

отырып, өз мазмұнын өзгертеді де, ақыр соңында, мүлтіксіздікке жету 

бұйырмаған басқа бір затқа айналады. Бірақ соның нәтижесінде өмірдің 

болатынын,  әлемнің  өзінің  мүлтіксіз  күйіне  жетуге  деген  жойылмай-

тын «ұмтылысын» естен шығаруға болмайды. Мүлтіксіз жетілген әлем 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау