289
– музыкада – Р.Вагнер, А.Берг, М.Равель, И.Стравинский, А.Скрябин,
С.Прокофьев, П.Булез және басқаларының шығармалары.
Модернизм кей кездері авангардизмнің құрамдас бөлшегі, ал кейде
оның синонимі ретінде түсініледі. Авангардизм (фр. – avant gardisme) –
ол XX ғасырдың өнерді мазмұны жағынан да, форма жағынан да
түбегейлі жаңартуға ұмтылған көркемөнер ағымдарының біріккен
атауы. Дәстүрлі бағыттарды, формалар мен стильдерді қатаң сынай
отырып, авангардизм көбінесе адамзаттың мәдени-тарихи мұрасын
кемсітуге, «мәңгі» құндылықтарға көзқамандық (нигилистік) көз-
қараспен қарауға жол береді.
Сонымен бірге қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдарда бірте-
бірте модернизм туралы танымдық (философиялық және ғылыми
зерттеулер сияқты) стратегиялардың, жобалық идеологиялардың,
діни-аксиологиялық жүйелер мен көркем стильдердің жиынтығы бо-
лып табылатын дүниетанымдық кешен деген көзқарас қалыптасып
келеді. Олардың барлығы да әлемдегі адамның орны туралы түсінікті
түбегейлі өзгертіп, өзгеше ақыл-ой шабытында көрініс тапқан.
Модернизм дәуірін құрған төрт басым бастаудың ажыратылып
көрсетілетіні жиі байқалады:
– этикалық формалардан азат жаратылыстану;
– индустриалдық техника;
– өнеркәсіп;
– формальды (ресми) құқықтық демократия.
Модернистік ақыл-ой шабытының маңызды үрдісі – ол болмыстың
бұрынғы ойлау қол жеткізе алмаған жан-жақты негіздемелерін
іздестіруден көрінетін танымға жаңаша көзқарас болды. Модернистер
заттардың құбылыстық суреттелуіне қарсы шықты, өйткені, олардың
пікірінше, сыртқы бейне немесе көрініс – болып жатқан әрекеттердің
терең себептерін жасыратын перде ғана. Нақтылыққа көзқарастың өзі
өзгерді: ол солай болып көрінетінге айналды. Сол себепті, модернис-
тер пайымдағандай, құбылыстың арғы жағынан шынайы нақтылық
болып табылатын жасырын мәнді іздеу керек. Нақ соның өзі, яғни
нақтылық айқындалуға тиіс, ал ол үшін тікелей айқын нәрсені жайып,
ашып көрсету қажет.
Осының барлығы, бәрінен бұрын, жеке тұлға мен қоғамды зерттеу-
ге жатқызылды, ол кезде болып жатқан үдерістерді модернистер сана-
дан тыс жеке және санадан тыс ұжымдық әрекет көмегімен түсіндіреді.
Модернизм ойлаудағы қазіргі заманға тән үстемдікті, дәстүрден қол
үзуді бағдарлама түрінде жариялайды. Ал одан жаңаға табыну (культ)
290
келіп шығады және басты қағида – жаңашылдық (инновацияшылдық).
Әр саладан хабардар болуға (универсализм) ұмтылу да бағдарламаға
салынған.
Нақ сол модернизм іс жүзінде мәдениеттің барлық салаларын
қамтыған, сондай-ақ діни, көркем және философиялық синтез жобала-
рын әзірлеген алғашқы ағым болды.
Модернизмнің кейбір қайраткерлері біртұтас дін, біртұтас өнер,
барлық уақыттар мен халықтар үшін біртұтас философия мәселесін
қойып келді және бүгінде де қойып отыр. Ғылымда ол аралық
тәртіптілікке бағыттаудан және орасан көп қорытындылаушы тео-
риялар құрудан көрінді. Шын мәнінде, бұның барлығы да діни,
философиялық, эстетикалық және ғылыми танымдарды, сондай-ақ
әлемді іс жүзінде игеруді және өзгертуді біріктіретін «тұтас білімге»,
«жалпыға бірдей синтезге» жеткізуге тиіс еді. Жалпыға бірдей синтез
жобасының мақсаты модернизмді тәжірибеге тарту болды.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда модернизм, әдетте, дәстүрлі
қоғамнан индустриалды қоғамға өтумен байланыстырылады.
XX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде модернизм постмодернизм-
ге ұласты. Постмодернизмнің сансыз насихаттаушылары үшін өзіндік
бастау – алғашқылардың бірі болып корреляция (лат. correlatio –
арақатынас, сәйкестік) мәселесін көтерген француз постфрейдисі
жан-Франсуа лиотардың (1924 жылы туған) еңбектері болды.
«Постмодерннің жай-күйі. Білім туралы баяндама» (1979) деп атала-
тын кітабында ол постмодернистік мәдениет пен постмодернистік
қоғам түйініндегі таным мәртебесін өзгерту туралы ғылыми болжам-
ды алға тартты.
Ғылыми, философиялық, эстетикалық және көркем постмодернизмді
ол осы еңбегінде метабаяндауға сенбеу, метафизика және универса-
лизм дағдарысымен байланыстырады.
Оның ойынша, постмодерн ахуалының өзгешелігі жүйелерді оңтай-
ландырумен, олардың күш-қуаты және тиімділігімен байланыстырылған
ғылымдылықтың бұдан аз уақыт бұрынғы мақсат-мұратынан түңілуде
жатыр. Ғылыми жаңалықтардың этика және саясат мәселелерімен
арақатынасы жаңа білімді ақпараттық тауарға – байлық жию мен
билік құралына айналдыру қаупін ашып берді. Осыған байланысты
шынайылықтың және ғылыми таным объективтілігінің бағалары
тиімділікке ғана емес, сонымен қатар әділеттілікке, адамгершіліктікке,
әдемілікке деген құндылықтық-мақсатты ұстанымдармен толығады.
291
Постклассикалық емес білімді бағалаудың эстетикалық белгісін
енгізу – философия үшін жаңа бірқатар ғылымдарға назар аударуды
қажет етті:
– қиын сала – ақпараттық қоғамда білімді заңды деп тану (легити-
мация);
– әдіс – тілдік ойындар;
– әлеуметтік байланыстар табиғаты – қазіргі заманғы балама-
лар және постмодернистік жоспарлар;
– ғылыми білім прагматизмі және оның баяндаушылық қызмет-
тері.
Лиотар постмодернизмді модернизмнің ішінде жасырынған соның
бір бөлігі деп санайды. Гуманизм мен дәстүрлі эстетикалық (әдемі-
лік, асқақтық, даналық, мұраттылық) құндылықтардың тоқырауы
жағдайында ұтқыр модернистік сала бөлігі модернизмді формалар
мен техникалық тәсілдердің плюрализмімен жаңарта және бұқаралық
мәдениетпен жақындастыра отырып алдыға шықты.
Сонымен, постмодернизм – бұл танымда сөздердің түрлену үлгісінің
(парадигма) ауысуы, субъект ұстанымын көзқарастар жүйесінің
орталығы және бастау ретінде қайта қарау болып шықты. Субъектінің
орнын әртүрлі – ниет-тілектер мен қарқындылық ағындары (Жиль
Делёз, Феликс Гваттари); трансгрессия және эротизм (Жорж Батай);
нақты өлшемдегі өзгеше арбау (Жан Бодрийар); либидомен байланыс-
ты тамыр соғуы (Жак Лакан); мысқыл (Ричард Рорти) немесе жирену
(Юлия Кристева) сияқты тұлғасыз құрылымдар басты. Постмодернизм
идеяларын әзірлеуде француз философы жак Деррида (1930 ж. туған)
маңызды рөл атқарды. Ол еуропалық мәдениеттің негізі іспетті мета-
физиканы сынады, оны еңсеруді: онтология негіздерін және, бәрінен
бұрын, болмыс түсінігінің негізін құрайтын сараптамалық бөлшектеу
(«деконструкция») ұғымдарының көмегімен оның тарихи бастауларын
іздеп табумен байланыстырады.
Дерриданың кейінгі ой-пікірлерін түсіну үшін, «деконструкция»
ұғымының өзі туралы бірер сөз айту керек сияқты. Оны Хайдеггер
ұсынды, ал ғылыми айналымға Лакан енгізді. XX ғасырдың соңғы
ширегінде деконструкция идеяларына гуманитарлық білімдердің
әртүрлі: философия, өнертану, тарих, саясаттану және әлеуметтану
сияқты салаларында қажеттілік туып, олар дін ілімінде де дами бас-
тады.
Деконструкция – ол сын да, талдау да, әдіс те емес. Ол – аталған
гуманитарлық ғылымдардың, өнер мен эстетиканың негізінде
Достарыңызбен бөлісу: |