ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет104/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142
    Навигация по данной странице:
  • (көлік)

311

месе құбылыстың ішкі маңызды байланыстарын түсіну керек. Мысал 

ретінде А.Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясын», Ч.Дарвиннің 

«эволюциялық  теориясын»,  К.Маркстің  «қоғамдық-экономикалық 

құрылымдар теориясын» және т.б. келтіруге болады.

Теорияның  негізгі  қызметтері  –  түсіндіру,  болжау,  тәжірибеде 



көрсету.

Кез  келген  теория  –  нысанның  ойша  берілген  үлгісі,  сол  себепті 

адам оның маңызын терең түсіне де, түсіндіре де алады.

Жақсы  әзірленген  теория  нысанның  болашақ  ахуалын  болжауға, 

осы  уақытқа  дейін  жасырын  болып  келген  сапалары  мен  қасиеттерін 

ашуға көмектеседі.

Мысалы,  Д.И.Менделеевтің  «Химиялық  элементтер  жүйесі» 

құрылған  соң,  ғалымдар  соған  сүйене  отырып,  бірқатар  жаңа 

элементтерді ашуға қол жеткізді.

Теория 


біздің 

танымдық 

қызығушылығымызды 

ғана 


қанағаттандырып  қоймайды.  Оның  басты  мақсаты  –  іс  жүзіндегі 

әрқилы  міндеттерді  шешу.  Мысалы,  ғалымдар  құрған  ішкі  ядролық 

үдерістер теориясы АЭС құрылысын салуға жеткізді.

заң  зерттелуші  нысанның  ішкі,  қажетті,  маңызды,  қайталанба-

лы және тұрақты байланыстарын білдіреді. Ғылымның әр саласы өз 

заңдарын ашуға, оларды бір-бірлерімен ұштастырып, теория деңгейіне 

көтеруге тырысады.

Сөйтіп,  ғылымның  негізгі  мақсаты  –  ол,  біріншіден,  жаңа 



білімдерді  тудыру  және  адамзат  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

мақсатында  оларды  іс  жүзінде  пайдалану,  екіншіден,  ғылымдардың 

жетістіктерін бірбүтінге біріктіріп, соның негізінде әлемнің ғылыми 

бейнесін  (әғб)  құру.  Осы  негізде  адамдардың  дүниетанымы  қалып-

тасады.  Әлбетте,  ғылымның  дамуына  орай  ӘҒБ  да  өзгерістерге 

ұшырайды.

Ғылымға  жақын  техника  ұғымы  (грекше  –  «techne»)  алдымен 

өнерлілік,  шеберлік  мағынасында  қолданылды.  Қазіргі  заманға  сай 

мағынасында  техника  деп  қоғамда  қолданылатын  әртүрлі  құралдар 

түсініледі.  Ф.Энгельсті  еске  түсірейік:  адам  өзінің  шығу  тегі  үшін 

еңбек құралдарының жасалуына және олардың жүйелі түрде пайдала-

нылуына қарыздар.

Кейінгі  жылдары  біз  «техника»  сөзіне  қарағанда,  «техноло-

гия»  сөзін  көбірек  қолданатын  болдық.  Үйреншікті  сана  деңгейінде 

олар  теңмағыналы  ретінде  қолданылады.  Алайда  олардың  арасында 

айырмашылықтар  да  бар.  Егер  біз  техникаға  әртүрлі  материалдар-



312

дан  жасалған  барлық  құралдарды  жатқызсақ,  онда  технологияға  бір 

немесе  басқа  жасанды  заттарды  әзірлеудің  тәсілдері  мен  тәртібін 

жатқызамыз.  Ал  бұл  бізді  гректің  «технесіне»  кері  бұрады.  Жоғарғы 

технология негізінде әзірленген зат сапалырақ болады.

Технология  түсінігі  алдымен  өндірісте  пайда  болып,  содан  кейін 

кеңірек  тарала  бастады  да,  біз  бұл  түсінікті  қоғамның  тіршілік 

қарекетінің  басқа  салаларында  қолдана  бастадық.  Мысалы,  қазіргі 

заманғы  саясатта  «пиар-технологиялар»  деп  аталатындар  кеңінен 

пайдаланылады,  өйткені  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  бір  не-

месе  басқа  мәселеге  қатысты  қоғамдық  пікірдің  қалыптасуы  тиісті 

«ақпараттық  технологияны»  қажет  етеді,  педагогикада  біз  оқытудың 

«кредиттік  технологиясы»  туралы,  денсаулық  сақтау  саласында 

«медициналық технологиялар» жайында және т.б. айтамыз.

Ал  енді  адамның  негізгі  еңбек  қызметтерін  қисынды  түрде  қайта 

құрып көрейік. Кез келген затты жасау үшін, шикізат тауып, оны өндіріс 

орнына  жеткізу  (көлік)  қажет,  содан  кейін  ол  шикізатты  өңдеп,  оған 

ойластырылған  пішін  беру  (технология)  керек,  осының  бәрі  белгілі 

бір күш (энергия) шығындауды қажет етеді, осы аталғандарды шешім 

қабылдаусыз  және  оған  қадағалау  жүргізусіз  (бақылау)  іске  асыру 

мүмкін  емес.  Алыс  тарихымыздың  басында  адам  осы  іс-әрекеттердің 

барлығын  өзі  орындады.  Бірақ  уақыт  өте  келе,  жан-жануарларды 

үйрету  арқылы  оларды  көлік  құралы  ретінде  пайдалана  бастады. 

Тұрғын  үй  құрылысында  ауыр  тастарды  жоғарыға  көтеріп  шығару 

қажет болды, ол үшін адам барлық мүмкін болатын құралдарды ойлап 

тапты,  содан  кейін  олардың  ішкі  мәнін  ашты,  сөйтіп,  механика  бас-

таулары  пайда  болды.  Техниканың  қалыптасуындағы  маңызды  кезең 

болып алғашында жел диірменінің, соңынан су диірменінің шыққаны 

саналды.  Адам  су  доңғалағын  ойлап  тауып,  енді  су  ағынының  энер-

гиясын  пайдалана  бастады.  Бұның  маңызын  асыра  бағалау  мүмкін 

емес,  өйткені  алғашқы  технологиялық  машина  пайда  болды.  Онда 

қозғаушы  күш,  күш  беру  құрылғысы,  жұмыс  механизмдері  бірге 

берілді. Ғасырлар бойы осылардың барлығы бірте-бірте бір-бірлерінен 

алшақтады:  қозғаушы  механизмдер,  күш  беру  құрылғысы  және 

технологиялық машиналар енді бөлек-бөлек өмір сүре бастады. XVIII 

ғасырда  технологиялық  машиналар  жасауда  нағыз  төңкеріс  орын 

алды: жіп иіру және тоқыма машиналары дүниеге келді. Су буының 

энергиясын  пайдалануға  негізделген  қозғаушы  механизмдер,  ақыр 

соңында, үлкен өндірістердің – фабрикалар мен зауыттардың пайда бо-

луына жеткізді.




313

XX  ғасырда  электр  қозғалтқыштары  пайда  болып,  көлемінің 

шағындығына  бола,  олар  бір  немесе  басқа  машинаның,  механизмнің 

бір бөлшегіне айналып, техниканың ары қарай жетілуіне келтірді.

Алайда қандай машина жасалса да, оны басқаруды және бақылауды 

адамның  өзі  жүзеге  асырып  отырды.  Бірақ  көп  кешікпей,  мұнда  да 

алға ілгерілеу орын алды: автоматтандырылған кәсіпорындар шығып, 

оларда өндіріс үдерісін бақылауды компьютер жүзеге асыратын бол-

ды.  Мысалы,  қазіргі  заманғы  автозауыттарда  кузов  құрастыру,  бояу 

жұмыстары роботтар мен автоматтарға берілді.

Бүгінгі  күні  компьютер  техникасының  дамуы  қажетті  ақпаратты 

шапшаң таңдауға, оны жүйелеуге, түрлерге бөлуге және т.б. мүмкіндік 

береді,  сол  арқылы  өндірісте  өзгерістерге  байланысты  жедел  әрекет 

ету,  тиісті  шешімдерді  жылдам  қабылдау  және  оларды  іске  асыру 

мүмкін болады.

Сөйтіп,  әлемдік  тарихта  ғасырлар  бойы  адамның  негізгі  еңбек 

қызметтері  қоғамда  өзінің  ерекше  орнын  алған  машиналарға  беріліп 

келді.  Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамуы  кейінгі  уақытта  «Үлкен 

жарылыс» дегеннің теориясын еске түсіреді. Автоматтандырылған за-

уыттар, аса ұшқыр ұшақтар, әлемдік телевидение, интернет, ұялы бай-

ланыс  және  басқалары  енді  адамды  таңғалдыра  алмайды.  Ғылымда 

адамзаттың  болашағы  әлдеқайда  сенімді,  келешекте  оның  барлық 

мәселелері ғылыми-техникалық даму жолдарында оңай шешіледі деп 

санайтын сциентизм (лат. scientia – ғылым) пайда болды.

Алайда шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтар соншалықты 

терең  емес  пе.  XX  ғасырдың  70  жылдарында  ғылыми-техникалық 

өрлеудің  оң  салдарларымен  қатар,  теріс  зардаптары  да  (климаттың 

өзгеруі,  қоршаған  ортаның  бұзылуы,  адамның  техника  құлына  айна-

луы және т.с.с.) сезіле бастады. Өзінің технопессимизмімен бірге ан-

тисциентизм пайда болды. Оны жақтаушылар ғылымның адамзат иге-

ре алмайтын, бөтелкеден шығарылған жын екеніне сендірмек болады.

Олай  болса,  ары  қарай  не  істеу  керек?  Мүмкін,  табиғаттың  бала-

сы болған, табиғатпен жарасымды өмір сүруді білген баяғы замандағы 

көшпенді  ата-бабаларымыздікі  дұрыс  шығар?  Бірақ  олай  ойлау  – 

жастық шақтың романтизмі бұғауынан шықпау деген сөз. ғылым мен 



техниканың  өркендеу  үдерісін  тоқтату  мүмкін  емес.  Тығырықтан 

шығудың жалғыз жолы – ол озық жетістіктерді өмір саласына енгізу 

барысында стратегиялық тұрғыда мүмкін болатын теріс зардаптарды 

егжей-тегжейлі сараптаудан өткізу болмақ. Ал ол бүкіл жұртшылық 

білімінің,  әсіресе  гуманитарлық  дайындығының  жоғары  деңгейін 

қажет етеді.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау