308
а) әлемде бір-бірінен бөлінген есепсіз көп заттар өмір сүреді; олар
әртүрлі күштерге (тартылыс, тебу және т.с.с.) бола, бір-бірімен
өзара байланысқан;
ә) әлемде болып жататын барлық үдерістер дара кеңістік пен
уақыт шектерінде жүзеге асырылады;
б) әлемдегі барлық өзгерістер бірбағытты заңдылықтар негізінде
орын алады;
в) бір дененің басқа денеге әсері шапшаң болады;
г) әлемде барлығы да қажеттілікке бағынады, кездейсоқтық – әлі
де терең танылып болмаған құбылыс.
Бұл постулаттардың барлығының да И.Ньютонның механикасынан
шыққанын түсіну қиын емес.
Әлемнің жалпығылыми көрінісіне келсек, әдетте, оның негізінде
әлемнің басымдық алған бір немесе басқа жеке ғылыми көрінісі
жатқанын көреміз. Ньютон физикасы мен механикасының жоғарыда
аталған постулаттарын сол заманның ғылымы әлемнің жалпығылыми
көрінісі ретінде таныған. А.Эйнштейннің салыстырмалылық
теориясының классикалық емес жаратылыстануында да физи-
ка аясында жасалып шығарылған кванттық механика постулат-
тары әлемнің жалпығылыми көрінісінің негізіне алынған. Шын
мәнінде, әлемнің ғылыми көрінісінде ғылыми жаратылыстану және
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың барлық көрнекті жетістіктері
қорытындыланған, бұл енді философияның ерекше құқы, басымдығы
болып табылады.
Метатеориялық білімнің гносеологиялық көзқарастары әртүрлі
ғылымдар аясында жасалып шығарылған таным ұстанымдарын
біртұтас жүйеге келтіруге байланысты. Мысалы, сәйкестік пен
қосымшалықтың, физикада жасалған бақылау нәтижелерінің таным
ахуалына тәуелділігінің, ғылыми теорияларды математикада толықтай
түрге келтірудің мүмкін еместігінің ұстанымдары қазіргі заманғы
метатеориялық құрылымдарда кеңінен пайдаланылады.
Метатеориялық білімде оның аксиологиялық (құндылықтық)
көзқарастарына ерекше маңызды рөл бөлінеді. Егер ғылымның ішкі
құндылықтарына білімнің шынайылығы, оның нақтылығы, дәлелділігі,
жүйелілігі және т.с.с. жатқызылса, ал сыртқы құндылықтарына
алынған білімнің пайдалылығы, тиімділігі, қоғамның зияткерлік
әлеуетінің артуы және т.б. жатады.
Метатеориялық білімнің философиялық негіздемелері тура-
лы айтқанда, ғылым ғылыми қауымдастықтың тұтқынына түсіп
309
қалатын кезекті метафизикалық жүйе құрудан сақтандыра отырып,
философияның білімнің жалпығылыми жиынтығына араласуына
позитивизмнің қарсы шығатынын атап өткен жөн.
Екінші бір көзқарас, керісінше, философияның маңыздылығын,
әсіресе ғылым тоқырауы және жаңа әдістемелік негіздемелер іздеу
кезеңдеріндегі маңыздылығын баса көрсетеді. Бірақ тоқыраудан
шыққаннан және зерттеудің жаңа жүйелерін құрғаннан кейін,
ғылымның философиялық негіздемелері өзінің айқындаушы рөлінен
айырылады.
Философия болмыстың мейлінше жалпы заңдылықтарын зерттейтін
болғандықтан, жеке ғылымдардың жетістіктерін қорытындылау
арқылы ғана ол өз мақсаттарына жете алмайды. Екінші жағынан, фило-
софия постулаттарына сүйене отырып, қисынды жолмен жеке ғылымдар
қағидаларын туғызу мүмкін емес. Алайда ғылымның философиялық
негіздемелерінсіз біз білімдер мен мәдениет арасындағы жалғаушы
жіпті үзіп алуымыз мүмкін. Зерттеудің жаңа ғылыми теорияларын,
үлгілері мен амалдарын құру барысында мәдениеттің тұтастығын
естен шығармаған абзал.
Енді қиын мәселелерден, ғылыми жорамалдардан, теория мен
заңдардан тұратын теориялық білім құрылымын қарау қажет.
Таным үдерісінде зерттеуді әлдебір тежеу, абыржу, түсініксіздік
сезімі билейтін жағдайлар туады. Сол уақытта қиындық пайда бола-
ды. Оны шешкенше, адамның мазасы кетеді. Сондықтан қиындықты
кейбіреулер білмейтінді білу деп айқындайды. Бұл жағдайдың
негізінде әртүрлі себептер жатады. Бұл зерттеліп жатқан әлдебір
құбылыс бойынша әртүрлі екі пікір немесе ғылымдағы ескі теория мен
жаңа ашылған фактілер арасында қарама-қайшылықтар туған кезде
орын алуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда шешім көбінесе мәселенің
өзінің дұрыс қойылуына байланысты болады. Ол үшін жиналған
барлық ғылыми фактілерді, ұсынылып отырған ғылыми болжамдар
мен тұжырымдарды қайтадан мұқият қарап шығып, мәселенің өзінің
мәнін айқын ұғыну керек. Бірақ шешілген мәселенің зерттелуші нысан
туралы көзқарастарға терең бойлауға ғана келтіретінін емес, сондай-ақ
жаңа көзқарастарды да тудыратынын әрқашан есте ұстау қажет.
ғылыми болжам зерттеліп жатқан зат немесе құбылыстың
себебіне қатысты белгілі бір ғылыми фактілерді зерттеу негізінде
жасалған жорамал болып табылады. Ол өзінің дәлелді негізін талап
етеді. Алайда кейбір ғылыми болжамдар зерттеліп жатқан нысанның
себебін анықтаудың нақ осы мүмкін еместігіне байланысты пайда
310
болады. Мысалы, ғылымда бірнеше ғана таңданарлық нәрселер бола-
ды. Бұл, бәрінен бұрын, – біздің алдымызда жайылып жатқан шексіз
Әлемнің, өмірдің, «ақыл берілген адамның» өзінің бар байлығы мен
ұлылығының шығу тегіне байланысты мәселелер.
Егер біз аталған мәселелердің діни шешімін жақшаның сырты-
на шығарсақ, онда материалистік философияның өмір сүріп жатқан
әлемнің мәңгілігін мыңжылдықтар бойы дәлелдеп келгенін көреміз.
Алайда мәселенің қиындығы бұл әлемде мәңгі болуы мүмкін бірде-
бір заттың немесе құбылыстың жоқтығында жатыр. XX ғасырдың 70
жылдарында астрофизиктер «Үлкен жарылыс» (Grand Explosion) ту-
ралы ғылыми болжамды ұсынды. Ол бұл әлемнің вакуумның «үлкен
жарылысы» нәтижесінде пайда болғаны жайындағы жорамалды алға
тартып, оның мәңгілігін теріске шығарады. Осы ғылыми болжамның
көмегімен «инфрақызыл сәуленің орын ауыстыруы» деп аталатын
«ұлғаюшы Ғалам» себебін пайыммен түсіну мүмкін болды. Көп мил-
лиард жылдардан кейін ішкі тартылыс күші нәтижесінде бұл әлемнің
кері тартылу үдерісі басталады да, ол жоғалады, бірақ кейін жаңа
«Үлкен жарылыс» Ғаламның жаңа үлгісін тудырады. Ең таңғаларлығы,
осы көзқарастар пайда болғанның алдында 120 жыл бұрын соларға
ұқсас идеяларды орыс теософы Е.Блаватская өзінің «Құпия доктри-
на» атты кітабында баяндаған.
Ал өмірге қатысты айтсақ, оның пайда болуы жайындағы көптеген
жорамалдардың ішінен біздің көңілімізге қонымдысы – академик
В.Опариннің «коацерваттық» ғылыми болжамы. Оның мәні: мұхиттың
көптеген тұздар еріген бастапқы «жылы сорпасында» күн сәулелерінің
көмегімен есепсіз химиялық реакциялар орын алып, олар ақыр
соңында белок қосылыстарының пайда болуына келтірді.
Адамның пайда болуы жайындағы ғылыми болжамдарды кейінірек
қарайтын боламыз.
Жоғарыда келтірілген ғылыми болжамдарды теорияға айналдыру
өте қиын, өйткені олардың тамырлары миллиардтаған жылдарға кетеді.
Бірақ егер біздің алдымызда жатқан табиғат пен қоғамның әлдебір
үдерістері туралы ғылыми болжамдарды алатын болсақ, олардың
шынайылығы ерте ме, кеш пе, тексеруге түседі, өйткені өмірдің өзі
олардың бірқатарының жалған екенін көрсетеді. Мысалы, флогистон
немесе эфир идеясы ғылымның дамуына орай өзінің жетілмегендігін
байқатты және санаттық (ұғымдық) мәртебесін жоғалтты.
теория деп шынайы екендігі тәжірибемен дәлелденген, бір-біріне
қайшы келмейтін, өзара байланысты ұғымдарда зерттелетін заттың не-
Достарыңызбен бөлісу: |