212
тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму
кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай
алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста
қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық
зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу
проблемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) және
адамзат коғамының пайда болуы (сопогелез) сияқты күрделі
проблемалармен іштей тығыз байланысты. Сол себепті тілдің о баста
шығу проблемасы тарих пен лингвистика ғана емес, сондай-ақ
философия мен психология, археология мен этнография, физиология
мен антропология және басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін, аса
күрделі проблема болып табылады.
Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-
бірінен толып жатқан айырмашылықтарымен қатар өзара ұқсас,
бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке
халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен
бірге ол – қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол – адамзаттың мәдени
дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой-
сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және бұлар
сияқты басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу объектісі
болумен қатар философиялық проблемалар болып табылады.
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің
нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп
қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және
болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да
прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл -
адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде
белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара
пікір алысып, түсінісіп әрекет етуінің құралы. Демек, тіл мен
өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында
әрине өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып
табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын
жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға
саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір
алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді
тудырды.
Олай болса, материалдық өндірісті тудыратын тіл емес,
керісінше, өндіріс қажеттері бір ұжымдағы адамдардың бәріне
түсінікті ортақ тілдің болуын қажетті түрде талап етті. Адамзат
тілінің пайда болу теориясының негізін салған К.Маркс пен
Ф.Энгельс бұл жөнінде былай деп жазды: "Тіл де, сана сияқты,
ертеден келе жатқан нәрсе; тіл, дәл айтқанда, (іс жүзінде) алдымен
213
басқалар үшін және тек осының арқасында ғана мен өзім үшін де өмір
сүретін шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана сияқты
тіл де басқа адамдармен қатынас жасау қажеттігінен және
мұқтаждығьнан туады".
Тілдің шығуы туралы Маркстік көзқарасқа дейін де бір қатар
ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды және олар қазірде де бар.
Енді солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік.
Ежелгі грек философиясынан бастау алатын “дыбысқа
еліктеу”(немесе аноматопоєтикалық) деп аталатын теория тілдің
шығуын табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі
деп түсіндіреді.
Әсіресе 18-19 ғасырларда кеңінен өріс алған бұл теорияны
жақтаушылардың бірі неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716)
алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының
дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен
суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар
шығарды дейді.
Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен құбылыстар
көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі. Бұл теория тілдің
шығуының себептерін дыбысқа еліктеуден іздеп, тілдің әлеуметтік
себептерін ескерусіз қалдырады, өйткені бұл теория тілді қоғамдық
күбылыс емес, табиғат құбылысы, "табиғаттың адамға тартқан сыйы"
деғен логикалық қорытынды шығаруға жетелейді.
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория —
"қоғамдық шарт" теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы адамдар
тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді келісім
арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені
ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл
логикалық қисынсыздық "қоғамдық шарт" теориясының шындыққа
жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігін өзінен-
өзі көрсетіп тұр.
XIXғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын
тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг
Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде
шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл
айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп
пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді
адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек
процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді.
Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер
етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді
табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория жөне басқа таза
214
биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын кұдайдың
құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік
теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың
бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап
айтпасқа болмайды.
Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен
этнографияның, антропология мен социологияның т.б. зерттеулеріне
сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың
ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына бірден-бір себеп болған
адам тектес маймылдардың адамға айналу процесінің барысынла
туған қоғамдық қажеттілік - алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік
іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам
коғамының шығу, қалыптасу проблемасына барып тіреледі екен,
өйткені біріншісі екіншісінің, яғни антропогенез бен социогенез
проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.
Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық
өндірістің және онымен бірге алғашқы қоғамдық қатынастар мен
қажеттіліктердің ұзақ уакыт бойы қалыптасып, адам тектес
маймылдардың үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам бірлестіктеріне
айналуының және сондай-ақ соған сәйкес дене құрылысының
өзгеруінің нәтижесі болып табылды.
Сонымен қатар, ру-тайпалар арасында кұралдар және басқа
бұйымдар алмасу іске аса бастады, ал бұл білімдер мен еңбек ету әдіс-
тәсілдері, дәстүрлері тілдік қатынас құралы арқылы басқа тайпалар
мен халықтардың мүшелерінің арасына тарап отырды.
"Алғашқы тілдің табиғи материясы" да қазіргі заманғы тілдердің
"материясынан" көп өзгеше болған - оларда дыбыстық сөздермен
бірге "ымдау тілі" де кеңінен пайдаланылған дейді зерттеулердің
нәтижелері. Жоғарғы тас дәуірінде (бұдан шамамен 40 мың жылдай
бұрын) неандертальдықтардың орнына жаңа адам (неоантроп немесе
"Ното зарегіш") келеді. Ол енді жеке құрал емес, құрамдас еңбек
құрал (мысалы, сабы бар балта) жасай алатын болды, жартастарға көп
түсті сурет салуды білді. Оның бас сүйегінің көлемі мен құрылысы
қазіргі адамдікінен айнымайды деуге болады. Бұл дәуірде енді нағыз
қатынас құралы, қалыптасып келе жатқан ой ұғымдарын қоғамдық
жағынан тұжырымдау құралы бола алатын дыбысты тілдің
қалыптасуы аяқталды: "Адамдардың қажеттері және оларды
қанағаттандыруға көмектесетін енбектің түрлері көбейіп, әрі қарай
дамыған сайын адамдар нәрселердің тұтас топтарына жеке атаулар
бере бастады". Тілдік белгілер бір-бірінен біртіндеп ажырап, жеке
мазмұнға ие бола бастады: тұтаскан аралас сөз-сөйлемдерден аз-аздап
жеке сөздер - болашақ есімдер мен етістіктердің түп тұлғалары
Достарыңызбен бөлісу: |