Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет80/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89

 
 
215 
бөлініп  шыға  бастады,  ал  тіл  тұтас  алғанда  өзінің  қатынас  құралы 
және айналадағы дүниені танып білу құралы ретіндегі функцияларын 
(кызметтерін) шын мәнінде атқара бастады. 
Тіл  және  қоғам.  Тіл  –  қоғамдық  құбылыс.  Ол  қоғамның 
қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. 
Бұжан  тілдің  келесі  басты  қызметі  шығады.  Яғни  тіл  –  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынас  құралы.  Бұл  кең  түсінік:  тіл  арқылы 
хабарды 
жеткізуге 
(информативтік 
және 
констациялаушы 
функциясы),  немесе  хабарды  алуға  (сұрау  функциясы)  болады. 
Сонымен  бірге  қозғау  салуға,  бұйыруға,  өтінуге  (аппелятивтік 
функциялары)  т.б.  болады.  Бұлардың  хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты 
және  лепті  сөйлемдерге  сәйкес  келетінін  байқауға  болады.  Келесі 
мәселе  тілдің  қоғамдағы  жіктелістері.  Ол  тілдің  қоғамдық 
дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері: 
1.  Әлеуметтік  дифференция  әдеттегі  кәсіби  сөздерді, 
терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік 
топтарына,  мамандығына,  шаруашылық  кәсібіне  байланысты 
жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі  бір сала бойынша 
қолданылады.  Оларды  әдетте  ғылыми  терминдер,  өнер  терминдері 
және  спорттық  терминдер  деп  бөледі.  Кәсіби  сөздер,  профессио-
нализмдер  әлеуметтік  диалект  деген  татаумен  де  белгілі.  Олар 
адамдардың,  өлкенің  шаруашылық  кәсібіне  байланысты,  соған  тән 
сөздер.  Мысалы  балық,  егін,  бақша  өнімдері,  мал  шаруашылығы, 
құсбегілік, 
аңшылық 
немесе 
өндірістік 
аймақтардың 
сол 
шаруашылыққа  байланысты  ғана  қолданылатын  сөздері  жатады.  Ал 
жаргондар  адамдардың  әлеуметтік  топтарына  байланысты  қолданы-
латын  сөздер,  бұл  мағынасында  әскерилердің  жаргоны,  студенттік 
жаргон,  қылмыскерлердің  жаргоны,  компьютерлік  жаргон  деген 
ыңғаймен  қолданыла  береді,  бұл  ауызекі  тілде  молынан  ұшырасады, 
әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері 
сленг  деп  аталады.  Бұлар  тілдік  «модаға,  сәнге»  байланысты  өзгеріп 
отырады.  Лингвистикада  бұлардың  бәрін  жинақтап,  әлеуметтік 
дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды. 
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада 
қолданылмайды.  Шындығында,  қазіргі  әдеби  тілде  бір  кездегі 
жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық 
варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады. 
2. 
Территориялық 
дифференция 
тілдегі 
диалектілерді, 
говорларды  тілдіңварианттарын  береді.  Мысалы  ағылшын  тілінің 
диалектілерімен  қатар,  америкалық,  австралиялық,  британиялық, 
жаңа  зеландиялық,  оңтүстік  африкалық,  канадалық  депаталатын 
нұсқалары  бар.  Ал  диалектілер  –  жергілікті  аймақтардың 


 
 
216 
тілдікерекшеліктері.  Ол  фонетикалық  (сөздің  айтылуындағы 
дыбыстық  айырмалар)  лексикалық  (сол  аймақта  ғана  қолданылатын 
сөздер)  және  грамматикалық  (аймақтарбойынша  сөз  тұлғаларының 
айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар,сөйленістер – деген 
аймақтың  ішіндегі  сөйлеу  ерешелігі  бар  шағын  аудандар.  Картаға 
түсіргенде  диалект  аймақтарының  шекарасын  изогластар  бөліп 
тұрады.  Бұл  диалектология  ғылымының  зерттеу  объектісі.  Кейде 
диалект  мен  тілдердің  айырмасын  белгілеу  қиын  болады:  бір  тілдің 
екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде 
сөйлеушілер  толық  түсініседі.  Бұл  жағдайларда  халықтың  тілі  деген 
түсінікке ғана қарайды.  
Тіл  өзінің  бағытталуы  бойынша  монологті,  диалогті,  полилогті 
түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі  деп есептеледі. Себебі 
тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған. 
Тіл  және  қоғам  мәселелеріне  тілдің  мәртебелері,  қолданылу 
аясы,  мемлекеттік  және  ресми  тіл,  халықаралық  қатынас  тілі 
статустары,  тілді  дамыту  мәселелері  де  жатады.  Қазір  әлемде 
шамамен  6000-ға  жуық  тірі  тіл  бар  деп  есептеледі.  Олардың  70 
пайызының  жазба  тілі  жоқ  және  жойылып  кетудің  алдында  тұр. 
«Әлемдік  тілдер»  деген  атауды  негізінен  БҰҰ-ның  ресми  жұмыс 
тілдеріне  қолданылады.  Олар  қытай,  ағылшын,  испан,  француз  және 
орыс  тілдері.  Тілдің  таралуын,  көлемділігін  сол  тілде  сөйлейтін 
адамдардың  санымен  есептейді:  10  млннан  аса  адам  сөйлейтін  тіл 
лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай 
тілдердің  саны  100-ге  жуық.  Қазіргі  ана  тілі,  қос  тілділік 
(билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. 
Тіл  халықтың  және  ұлттың,  ұлттық  мемлекеттіліктің  басты 
белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Сондықтан,  мемлекеттер  әрқашан 
тіл саясатын басты назарда ұстайды. 
Тілдің  пайда  болуы,  дамуы,  әдеби  тілдің  қалыптасуы,  стильдік 
тармақталуы  туралы  мәселелер  де  тіл  және  қоғам  түсінігіне 
орайласады.  Бұл  бағыттағы  барлық  мәселелермен  тіл  білімінің 
қомақты  саласы  болып  табылатын  социолингвистика  ғылымы 
айналысады. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Социогуманитарлық білімнің пайда болуы. 
2.  Әлеуметтік  және  гуманитарлық  ғылымардың  пәндік  және 
методологиялық даму ерекшеліктері. 
3.  Социогуманитарлық 
ғылым 
қалыптасуындағы 
ұғыну 
проблемасы. 
4.  Социогуманитарлық ілімдегі герменевтика тәсілі. 


 
 
217 
5.  Социогуманитарлық  білім  методологиясының  қалыптасуы 
(әртүрлі гуманитарлық пәндерде). 
6.  Әлеуметтік ғылыми білімнің құрылымы. 
7.  Әлеуметтік ғылыми білімнің әдістері. 
8.  Әлеуметтік 
таным  әдістері  мен  құралдарының  әрбір 
ғылымдардағы ерекшелігі. 
9.  Социогуманитарлық  танымның  ерекшелігі,  типологиясы  және 
әдістері. 
10. Қоғамдық қатынас барысындағы ғылыми қауымдастық 
стратегиясы. 
11.  Жаңа  мыңжылдықтағы  ғылыми  саясаттың  негізгі  өзгеру 
көріністері. 
12.  Ғалымның кәсіби жауапкершіліктерінің негіздері. 
13.  Ғылыми қауымдастықтың ғалымды құрметтеу бағыттары. 
14.  Ғылыми жаңалықтағы кездейсоқтық және заңдылық. 
15.  Ғалым  тұлғасы:  әлеуметік,  мәдени,  этикалық,  психологиялық 
факторлары. 
16.  Ойлау стилі және зерттеу әдістері. 
17.  Ғалым 
творчествосындағы  интуиция  мәселесі  (негізгі 
концепциялары мен қадамдары). 
18.  Ғылыми 
творчество: 
оның 
мәні, 
механизмі 
және 
негіздемелері. 
19.  Ғылыми  танымның  субъектісі,  оның  әлеуметтік  табиғаты, 
түрлері және фунциялары. 
20.  Ғылыми зерттеу үрдісінің құрылымы. 
21.  Әртүрлі білімдердің ғылымға әсерінің экономикалық және 
саяси көріністері. 
22.    Ғылымдағы 
мектептер, 
олардың 
ғылыми 
білімді 
ұйымдастырудағы рөлі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау