Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет76/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89

 
 
204 
ауыстырып  отыратын  сенсорно-моторлы  (туғаннан  бастап  2  жасқа 
дейін),  операциональды  (2  жастан  7  жасқа  дейін),  нақты    опера-
циялар  кезеңі  (7  жастан  11  жасқа  дейін),    формальдық  операциялар 
кезеңі (12 жастан  15 жасқа дейін).  
Бірқатар    психологтар  мен  әлеуметтанушылар    әлеуметтену 
үдерісі  бүткіл  өмір  бойы  жүріп  отырады  және  үлкендердің  әлеумет-
тенуі  балалардың  әлеуметтенуінен  бірнеше  сәттермен  ерекшеленеді 
деп  есептейді.  Егер  үлкендердің  әлеуметтенуі  оның  сыртқы  мінез  -
құлқын  өзгертетін  болса,  ал  балалардың  әлеуметтенуі  олардың  құн-
дылықты  бағыт-бағдарын  қалыптастырады.  Үлкендердің  әлеумет-
тенуі  адамдардың  белгілі  бір  дағдыларын  иеленуге  көмектессе, 
балалардың әлеуметтенуі көпшілігінде мінез- құлық мотивациясымен 
анықталады.  
Әлеуметтенудің механизмдеріне жататындар: агенттер + фактор-
лар  =  әлеуметтену  механизмдері.  Әлеуметтену  механизмдерін    екі 
негізгі  топқа  бөліп  қарастырамыз.  Олар:  әлеуметтік-психологиялық 
механизмдер; әлеуметтік-педагогикалық механизмдер. 
 Әлеуметтік-психологиялық 
механизмдердің 
құрамына 
импритинг,  экзистенцианалдық    қысым,  еліктеу,  сәйкестену, 
рефлексия.  Импритинг  -  адамның    рецепторлық  және  санадан  тыс 
деңгейде  өмірлік  маңызы  бар  объектілердің  ықпал  етуші  ерекшелік-
терін  белгілеп  алуы.  Экзистенцианалдық    қысым-  әлеуметтік  мінез  - 
құлық нормаларын тіл  және санадан тыс меңгеруі. Еліктеу- адамның 
әлеуметтік  тәжірибені  ерікті  түрде  тыс  және  ерктен  тыс  жолмен 
меңгеруі.  Сәйкестену  -    адамның  өзін  басқа  адамдармен,  топпен, 
үлгімен барабар етуі. Рефлексия- ішкі диалог, адам сол немесе басқа 
бір  құндылықтарды  қарастырады,  баға  береді,  қабылдайды  немесе 
қабылдамайды. 
Педагогикалық 
мақсат 
қалыптастыруда 
жеке 
тұлғаның 
планетарлық  және  жалпымәдени  санасын  қалыптастыруды  және 
дамытуды  есепке  алуымыз  қажет.  Бұндай  сананың  мазмұндық  жағы 
жалпыадамзаттық  құндылықтармен  анықталады.  Түрлі  аймақтар  бір-
бірінен  өзінің  табиғи-климаттық  жағдайларымен,  экономикасының 
және  мәдениетінің    ерекшеліктерімен  ажыратылады.  Тарихи  өткен 
жолына,  қоғамда  қол  жеткен  деңгейлеріне  және  даму  болашағына 
қарай  адам  идеалы  қалыптасады.  Саясаткердің,  идеологтың  белгілі 
бір  типі  қалыптасады,  мемлекетке  тән  әлеуметтік  практика 
қалыптасады. 
 
 
 
 


 
 
205 
13 ТАРАУ.  ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ  
                      ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
 
          Педагогика 
мен 
білім 
беру 
пәндерінің 
философиялық 
проблемаларының негізгілері төмендегідей: білім беру философиясының 
түсінігі мен статусы, онтологиясы, негізгі идеялары, аксиологиясы. Білім 
беру  логикасы,    әдістемесі,  этикасы.  Білім  беру  –  жүйе,  процесс, 
құндылық ретінде. Ұлттық білім беру және мәдениет. Білім беру саясаты 
және білім беру перспективалар. «Мәңгі философия» дәстүріндегі білім 
беру  идеялары.  Конфуцийшылдық  және  білім  беру  мәселері.  Адамның 
оянуы  мен  жетілуі  туралы    буддизм,  даосизм,  суфизмнің  рухани 
практикалары. Білім берудің антикалық идеялары. Адамға білім беру мен 
тәрбиелеудің  шығыс  перипатетизмі.  Жаңа  Заман  философиясындағы 
адамға білім беру мен ағарту идеялары. Неміс классикалық философиясы 
мен  неміс  романтизміндегі  білім  беру  идеялары.  Неокантшылдық: 
мәдениеттегі  білім  беру  орны  туралы  қазақ    ағартушылары  және 
Қазақстандағы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. І-жартысындағы қоғамдық-саяси 
қайраткерлер,  жазушылар,  ақындар.  Дәстүрлі  білім  берудің  кризисі. 
Қоғамдық  сананың,  философиялық  және  педагогикалық  білімнің 
трансформациясы. 
 
«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жылы-жылы сөйлесе – жылан інінен 
шығады,  суық-суық  сөйлесе  –  мұсылман  діннен  таяды»  деген  аталы 
сөздерін  ұмытпаған  абзал.  Сондықтан  да  қысымға  негізделген 
әрекеттерді  педагогикалық  қызметтен аластату  керек, өйткені олардың 
игі  нәтижеге  апаруы  неғайбыл  нәрсе.  Неғұрлым  қатты  қысым  жасасақ, 
соғұрлым  қарсылық  та  күшейе  түспек.  Сондықтан  да  білім  беру  ісінде 
мейлінше жұмсақ болу шарт. 
 
Көне  қытай  данышпаны  Лао-цзы  былай  деген  екен:  «Шөп  өсіп 
тұрғанда жұмсақ болады да, өлгеннен кейін қатып қалады, адам денесі де 
тірі  кезінде  жұмсақ  та,  өлгеннен  кейін  қатты  болады.  Демек,  өмір 
дегеніміз-  жұмсақтық,  ал  өлім  –  қаттылық.  Ең  жұмсақ  нәрсе  –  су,  ол 
қандай да болмасын кейіп қабылдап, кез келген қалыпқа енеді. Сонымен 
бірге ең қуатты да су: тасығанда оның тегеурініне шыдайтын бір де бір 
тосқауыл  жоқ  та  болар.  Демек,  жұмсақтық  –  күш.  Демек,  су  сияқты 
жұмсақ болып, әр адамның бабын таба білу керек». 
 
Білім  беру  -  әлеуметтік  институт  ретінде.  Білім  беру  мен 
мәдениет.  Білім  берудің  деңгейлері  тұлға  әлеуметтануының  кезеңдері 
ретінде. Білім беру концепциясының құрылуының жалпы негіздері. Бала 
бейнесі  және  педагогикалық  теория.  Білім  беру  концепцияларының 
психофизикалық 
негіздері: 
интеллект, 
қабілет, 
жыныс 
айырмашылықтары т.б. білім беру теориясы мен практикасы. 


 
 
206 
13.1 Білім беру 
процесінің негізгі 
міндеттемелері 
 
Мәдениет тарихындағы білімдік канондарының өзгеруі. Жанұя мен білім 
беру.  Білімді  ер  адам  және  білімді  әйел.  Үзілмес  білім  берудің  қазіргі 
концепциясы. 
 Жоғарғы  білім  және  идеология.  Европа  мәдениетіндегі  университеттің 
миссиясы. Институттар, университеттер және академиялар – кеше, бүгін, 
ертең. 
Білім  беру  процесінің  ішкі  шындығы. 
Білім беру процесіндегі құндылықтар мен 
идеологиялар.  Тұлғаның  әлеуметтенуі 
процесінде 
білім 
берудің 
орны, 
білімділіктің канондарын, педогогикалық 
концепцияларды  қамтитын  білім  беру  технологиялары.  Білім  беру  – 
қызмет айырбасы ретінде. Білім – беру коммуникативті процесс ретінде. 
Білім  беру  –  субмәдениеттердің  өзара  ену  процесі  ретінде.  Білім  беру 
процесінің  кеңістік  –  уақыттық  параметрлері.  Білім  берудегі  уақыттың 
маңызы. Білім беру процесінде қарым-қатынас жүйелері. 
 
Білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады: 
1.  Мазмұн 
2.  Әдістеме 
3.  Нәтиже 
    Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз 
философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады. 
   Дәстүрлі оқыту білімді бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырады. 
Бұл  түсінік  білім  игеру  процесінің  басты  проблемаларының  біріне 
айналып кеткен. Қазіргі заман – ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі 
формада  (кітап,  газет-журнал,  теледидар,  радио,  қарым-қатынас, 
Интернет,  жарнама,  т.б.)  орасан  зор  көлемде  ағыл-тегіл  келіп  түсуде. 
Алайда  адам  өзінің  шектеулі  миымен  барлық  ақпаратты  есте  сақтап, 
игере  алмайды,  оған  уақыты,  тіпті  өмірі  жетпейді.  Мәселен  миллионға 
дейін  санаудың  өзі  ғана  278  сағаттай  уақытты  керек  етеді,  ал  бұл 
дегеніңіз 11 жарым күн! 
    Сонымен, «білім – ақпарат»  формуласы бүгінгі күні ескірген, білім 
ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады. Білім беруде басты мақсат- «не 
нәрсеге оқыту», яғни мазмұн емес, «қалай оқыту», яғни әдістеме қажет. 
    Білім деген тек дағды білік қана емес, сонымен бірге адами қасиет 
екендігін  ізгілікке  зәру  ХХ  ғасыр  кеш  түсінді.  Біз  –  адамбыз  және  де 
күніміз  тек  қана  адамдармен  болмақ,  демек  білімнің  басты  мазмұны  – 
адамгершілік  қасиеттерге  баулу  болып  табылатын  шығар?  Кезінде 
Абайдың  да  басты  өмірлік  қағидасы  «Адам  бол!»  емес  пе  еді?  Адами 
қасиет болмаса, қалғанның бәрі де бос, даурықпа сөз. 
   Немістің  классикалық  философы  Иммануил  Канттың  өмірлік 
қағидасы  келесідей  болған:  «Адам  әрқашан  да  мақсат  болып,  ешқашан 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау