Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет73/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89

 
 
195 
Осындай  гносеологиялық  көзқарас  құқықтың  объективтік  мәні  мен 
заңды  тұжырымдаудың  (позитивтік  құқық  актілерін)  субъективтік 
(биліктік-еріктік) 
процесінің 
айырмашылығы 
мен 
қатынасын 
айқындауға,  құқықтық  реттудің  нақты  салалары  мен  қатынастарына 
қатысты  формалды  теңдіктің  құқықтық  принципін,  жалпы  міндеттік 
нормативтік  нақтылаудың  жасампаздық  процесі  ретінде  құқықтың 
позитивтенуін талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, тек осы мағынада ғана 
заңшығарушылық  тұрғыдағы  заңнама  туралы,  жалпы  міндеттік  заңның 
нақты  нормаларындағы  құқықтық  бастамалар  мен  талаптардың 
шығармашылығы  (ғылым  ережелері  мен  қорытындыларын  ескеретін 
заңшығарушының  жасампаздық  әрекетінің  нәтижесінде)  туралы  айтуға 
болады.  
Заңды  (позитивтік  құқықтық)  құқықтық  құбылыс  ретінде  түсіну 
және  оның  мәндік  қасиеттерін  талдау,  сонымен  бірге  заңның  жалпы 
міндеттілігі  мәселесін  түсіндіруді,  оны  мемлекеттік  қорғаумен 
қамтамасыз  етуді,  құқық  бұзушыларға  мәжбүрлеу  шараларын  қолдану 
мүмкіндіктерін және т.т.  мәселелерді өзінде қамтиды. Заң   (позитивтік 
құқықтық) 
санкцияларының 
осындай 
ерекшелігі, 
юридикалық 
гносеология санатында заңшығарушының ерігімен (немесе қалауы) емес, 
керісінше, 
құқықтың 
объективтік 
табиғаты 
мен 
(оның 
жалпымаңыздылығымен  және  т.б.)  айқындалады.  Ал  бұл  дегеніміз, 
осындай санкция (мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етілген және т.б.) 
тек құқықтық заң жағдайында ғана жөні бар және юридикалық негізге ие 
болуды білдіреді.  
Сөйтіп,  либертарлық  гносеологияның  маңызды  бағыты  мен 
құрамдас  бөлігі  –  мемлекетті  құқықтық  түсіну,  формалды  теңдік 
принципінің әрекеті мен көрінуінің институционалды-биліктік формасы 
болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 


 
 
196 
11 ТАРАУ.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҒЫЛЫМДАРДЫҢ  
                     ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Экономика  философиясының  негізгі  мәселелері  мен  басты 
бағыттары болып төмендегілер есептеледі:  экономика, жалпылық, қайта 
өңдеу, шаруашылық жүргізу, иемдену. Көшпелілік және отырықшылық 
шаруашылық  жүргізу  формалары  ретінде.  Әлемнің  экономикалық 
бейнесі.  Қазіргі  экономика  философиясының  бағыттары:  шаруашылық 
философиясы,  меншік  философиясы,  тауар  және  ақша  философиясы, 
экономикалық саясат философиясы, шаруашылық этикасы. 
        Нарық 
философиясы.  Нарық  және  басқару.  Менеджмент 
философиясы.  Бизнестің  философиясы  мен  этикасы.  Тәуелсіздік  – 
экономикалық-философиялық  категория  ретінде.  Экономикалық  іс-
әрекет  субъектілері.  Шығыстық  шаруашылық:  пұтқа  табынушылық 
отырықшылық, 
шаруашылық 
жүргізуші 
мемлекет. 
Батыстық 
шаруашылық:  христиандық  отырықшылық,  құқықтық  мемлекет. 
Қазақстандағы  шаруашылық  жүргізу  динамикасы.  Нарық  және 
Қазақстан.  Қоғамның  әдеуметтік  өмірі  –  экономика  айнасы  ретінде. 
Нарықтық  экономика  кезіндегі  еңбектің  сипаты.  ҒТР:  позитивті  және 
негативті салдарлар. Техникалық инженерлік философиясы, техникалық 
гуманитарлық философиясы. Техникалық ауытпалықтар. Қарым-қатынас 
және  коммуникация.  Бизнестегі  этикет.  Коммуникация  түрлері  түрлері. 
Әскерлік қарым-қатынас. 
 
Экономикалық  ілім  қоғамдық  өндірісті  адамдар  арасында 
әлеуметтік-экономикалық  қатынастарды  зерттейтіндіктен  ол  қоғамдағы 
барлық  өмірге  күнделікті  тұрмысқа,  адамдардың  еңбек  ету  жағдайына 
байланысты  сан  алуан  мәселелерге  көңіл  аударуға  тиіс.  Ал  қоғамдық 
қатынастардың  негізі  -  өндірістік  қатынастар.  Оның  құрамына  жалпы 
алғанда  тікелей  өндіріс,  айырбас,  бөлу,  тұтыну  қатынастары  кіреді, 
оларды  қайталап  үздіксіз  өңдіру  немесе  ұдайы  өндіріс  қатынастарын 
дамытып, жетілдіру аса маңызды. 
 
Экономикалық  процестерді  танып-білу  әдістерінің  жартылыстану 
ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда 
да  зерттеу  мен  білім  беруде  диалектикалық  тәсілді  қолданады.  Шын 
мәнісінде ғылым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап, қарайды, 
яғни  диалектикалық  тұрғыдан  ойлады  деген  сөз.  Ғылыми  дамудың 
нысаналары  мен  әдістері  көп.  Олар  объетивті  жағынан  есептелген 
(статистикалық),  жинақталған  материалдарды  анализ  және  синтез, 
индукция,  жүйе  (система)  түрінде  қарау,  болжамдар  жасау  және  оны 
тексеру  эксперименттер  жүргізу,  логикалық  және  математикалық 
модельдер жасау. 


 
 
197 
11.1 Экономика 
философиясының 
даму кезеңдері 
 
 
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. 
Ол  басқа  да  гуманитарлық,  жаратылыстану,  техникалық  ғылымдарда 
қолданылады.  Ғылыми  абстракция  дегеніміз  зерттеу  пәнін  жеке, 
кездейсоқ,  қысқа  мерзімді,  дара  құбылыстардан  біздің  түсінігімізді 
оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін маңызын ашу. 
   
Антика  ойшылдарының  (Ксенофон, 
Платон,  Аристотель)  қоғам  өміріндегі 
экономикалық  орны  мен  маңызы 
туралы.  Тұңғыш  экономикалық  ой-
пікірлер  көне  заманда  пайда  болған.  Ертедегі  Греция,  Рим,  Қытай, 
Индия  ғалым  -  философтары  экономиканың  жекелеген  мәселелерін: 
бағаның  негізінде  не  жатады,  байлық  қалай  көбейеді,  т.б.  шешуге 
талаптанған.  Ксенофонт,  Платон,  Аристотель
 
пайдалылық  туралы 
экономикалық  теорияның  бастапқы  принциптерін  анықтаумен 
айналысқан. Көне Рим ойшылдары Сенека, Лукреций Кар құлиелену-
шіліктің  құлдырап  күйреуінің  экономикалық  себептерін  зерттеген. 
Осының  басты  себебі  материалдық  ынтаның  болмауы  дейді  олар. 
Сенеканың 
көзқарастары 
христианствоның 
экономикалық 
концепцияларының  қалыптасуына  ықпал  еткен.  Осы  концепциялар 
соңынан  адамзат  дамуының  тарихи  процесінде  шаруашылық  өмірге 
көзқарасты мүлде өзгертеді. 
 
Ерте дүниеде де, орта ғасырларда да экономикалық ой-пікірлер 
ғылым  болып  қалыптаспаған.  Сондықтан  замандардың  ойшылдары 
экономикалық  құбылыстарды  жалпы  қоғам,  адам  өмірінің 
процестерінен  бөліп  алып  жеке  талдаған  жоқ,  экономика  туралы 
ілімді  жүйеге  келтіріп  қалыптастыра  алмаған.  Экономикалық  теория 
қолданбалы  ғылым  болып  шаруашылық  жүргізуде  құл  иелену 
құрылыста  пайда  болды.  Экономикалық  теория  ғылым  болып  тек 
ХVІ-ХVІІ  ғасырларда  ғана  қалыптаса  бастады.  Ең  алғаш  бұл  теория 
"саяси  экономия"  деген  атқа  ие  болып  (грекше:  "политейя"–  қоғам, 
"ойкос"–  үй,  шаруашылық,  "номос"  –  заң),  ал    экономикаға    (гр. 
Oikonomia  –  үй  шаруашылығын  жүргізу  өнері)  —  материалдық  
игіліктерді    өндіру,  айырбастау,  бөлу  және  тұтыну  үрдісі  кезінде 
адамдар  арасында  пайда  болатын  өндірістік  қатынастар  деген 
анықтама берді. 
         Саяси  экономия  –  қоғамдық  шаруашылықтың  заңдары  туралы 
ғылым  болып  табылады.  Экономикалық  ой  -  пікірлердің  ғылыми 
тұжырымдалып  қалыптасуы  сауда,  өнеркәсіп  капиталының  дами 
бастауына  байланысты  болды.  Бұл  кезең  негізінен  Еуропада  XVI- 
XVII  ғасырларды  қамтиды,  саяси  экономия  дербес    ғылымға  
айналды. 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау