178
Гуманизм (латын тілінде humanus – адамдық, адамгершілік)-
адамның жеке тұлға ретінде құндылықтарын, оның еркін даму және өз
қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адамның қадір-қасиеті мен
құқықтарын қадірлеуге қамтамасыз етуден тұратын басты құқықтық
принциптердің бірі- оның иеліктеріне қамқорлық жасау.
Адамгершілік принципі Ата заңымызда айрықша аталған. Онда
әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, сондай-ақ адам мен азаматтың ар-
ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған.
Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім
заңды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы
жөніндегі қағида орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік
дәлелденгенге дейін айыпталушы тұлғаның пайдасына шешіледі.
Құқық пен моральдың өзара байланысы және өзара шарттастығының
арақатынасы қандай? Біздің құқыққа моральдің жоғары принциптері тән.
Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір
мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі – мызғымас Қазақ
мемлекетінің құрылысына қызмет етеді.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің
құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың
мазмұны
қоғамдағы
өндірістік
қатынастармен
айқындалады.
Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері құқыққа бейімделіп
көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің
материалдық жағдайы өзгерген сайын құқық та өзгеріп отырады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты заңдардың да
тиісінше өзгеріске ұшырап, толықтырылып отыруы заңды құбылыс.
Қоғамдық қатынастарының бұған дейінгі дамуында да құқықтың рөлі
арта түсуі керек.
Құқық ғылымы екі мағынада кездеседі. Европаның: азаматтық құқық
дәстүрінде ал жеке сот шешімдерінің жиынтығы ретінде танылса,
қауымдық құқық дәстүрі тән Англия мен Құрама штаттар сияқты
елдерде заңи философия санаттарында түсіндіріледі. Құқық:
Бүкіл қоғам ауқымына қоғамдық қатынастардың заңи
тәртіптемесін қамтамасыз ететін мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен
қорғалатын жалпыға бірдей әлеуметтік нормалар жиынтығы. Құқықтың
обьективті мағынадағы мұндай анықтамасының заңи құқықтан
айырмашылығы бар. Құқық жүйесі құқық салалары бойынша
сараланған, олардың әрқайсысының реттейтін өз тақырыбы және осыған
орай айрықша белгілері болады. Құқықты екі немесе одан да көп
мемлекеттердің бірлескен еркімен негізделетін халықаралық құқыққа,
сондай-ақ тұтастай бір мемлекеттің құзырындағы ұлттық құқыққа
бөлудің де өзіндік елеулі ерекшеліктері бар. Ғылыми тұрғыдан Құқықты