159
9.1
Жаратылыстану
және әлеуметтану
ғылымдарының
өзара байланысы
9 ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ
ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ХХ ғасырдың басындағы ғылыми
революциялар
бейклассикалық
физика туындауымен, жаратылыс-
тануды
математикаландырудың
таралуымен байланысты және
соңғысын сапалы жаңа деңгейге көтерді. Нақты ғылымдардың
жетістіктері «ғылымның» кемеңгерлігі елесін, ғылыми-техникалық
өрлеудің арқасында әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндігін тудырды.
Ғылым өз кезегінде бірегей сенімді және шынайы білім түрі болуымен
белгіленді, ұтымды үлгі бола бастады. Осы жетістік арқылы өмірге
келген позитивизм тек филисофиялық бағыттардың бірі ғана емес,
сондай-ақ барлық ғылымдарға енетін ойлаудың үстемдік ететін түрі
болып шықты. Жаратылыстану ізденістерінің әдістерін гуманитарлық
ғылымға ауыстыруға бағытталған әрекеттер де болған. Ғылымдағы
шұғыл бұрылысты жағдай гуманитарлық білімнің ғылыми сала үшін
маңыздылығын мойындауға, оның өзіндік бағасын нақтылауға,
гуманитарлық
ғылымның
жеткіліктілігін
белгілеуге,
оның
жаратылыстанудан
өзгешелігін
айқындауға
септігін
тигізді.
Гуманитарлық ғылымдар жаратылыстану ғылымдарының мәртебесімен
теңесуге үміткер болғандықтан, ең бастапқы кезден бастап олардың
өзара қатынастары, өзара байланысы мәселесін шешуге тура келді.
Барлық білім саласына жаратылыстану әдістерінің ұстамсызданып
қойылуы гуманитарлық ғылымның мәртебесі және өмір сүру құқығы
туралы сұрақ мәнді және барлық ғылымдар мен әдіснамалардың
мәселесіне айналды. Жаратылыстану ғылымдарындағы таным амалы
неғұрлым тар әрі шектелген сала, рационалды тип ретінде көрсетіледі
және осы рационалдылық пен таным әдісі бірегейлік пен
әмбебаптылыққа құқты береді.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда өздерінің құрылымының екі
құрамдылығын
танытатын
«антропологиялық
параметр»
және
«антропологиялық таным» бар. Бір салада ұқсастырылған бірегейлігі,
абстракция қолданудан алынған әмбебап құрылым (типтерге енетін
антропологиялық және әлеуметтік белгілердің іске асуы, қайта қалпына
келуі, кезектесуі) сияқты типизация қабаты біріктіріледі. Басқа салада
жекелену қабаты жинақталады, оларға өзгеше жағдайларда қимыл
агенттерінің мәліметін жіберіп отыратын әмбебап құрылымдар
(әлеуметтік және гуманитарлық субъектілер) жатады.