156
8.3 Қоғамды
ақпараттандырудың
әлеуметтік-тарихи
аспектілері
болмыстың парадокстылығы: шын мәнінде жоқ нәрсенің «болуында».
Біздің пайымдауымызша, виртуалды шындықтың болмысын
полионтологиялық көзқарас анық айқындайды: «Виртуалистика –
полионтологиялық ындыққа негізделген көзқарас». Виртуалистика –
homo virtualis (виртуалды адам) мәселесі – ақпараттық революцияның
салдары ретінде өзінің тұжырымдалуын күтуде. Көптеген
зерттеушілердің пікірінше, виртуалды адам ХІХ ғасырда негізгі
мәселеге айналады.
Адам еңбегі сипатының өзгеруі –
қоғамды
ақпараттандырудың
ең
маңызды әлеуметтік салдарының бірі.
Ақпараттандыру
үрдістерін
жаһандандыру салдарынан біздің әлем
туралы біліміміздің мазмұнымен бірге,
ол ақпаратты алу, жеткізу және тарату тәсілдері өзгеріп, қорытынды
есепте тұлғаның ішкі құрылымына айтарлықтай зор ықпалын тигізді.
Тұлға мәселелерін зерттеушілердің басым көпшілігінің ойынша, ескі
мектепте, ЖОО-нда оқыған адам мен балабақшада-ақ компьютер
ойнап, мектепте компьютерлік сыныпта оқып, достарымен спутниктік
байланыс арқылы хабарласатын адамның арасында көптеген ішкі
психологиялық
айырмашылықтар
бар.
Жаңа
ақпараттық
технологиялар әсерінен ойлау стилі, қарым-қатынас тәсілдері,
айналадағы адамдарды бағалау және өзін-өзі бағалау қабілеттері
өзгеруде. Ең көкейкесі болып адамның компьютерге тәуелділік
мәселесі табылады. Ғаламтордың (интернеттің) пайда болуы мен
таралуы алдымызға мынандай мәселе қояды: жақын арада адам үшін
ақпарат алудың басты көзі бұқаралық ақпарат құралдары немесе
компьютерлік желі болу мүмкіндігі. Интернет, яғни біздің
білетініміздей, дүниежүзілік тор, бір тәртіппен жұмыс істейтін
барлық елдерде өзінің қолданушылары бар компьютерлік желілер
жиынтығы.
Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қазіргі қоғамдағы ақпараттық
төңкерістің салдарынан туындаған ең зәру мәселе болып табылады.
Оның негізгі бағыттары:
тұлға үшін: ақпаратты іздеуде, алуда және тасымалдауда
адам құқықтарының сақталуы; жеке өміріне қол сұғылмау, ақпаратты
қорғау; интеллектуалдық меншік құқығын қорғау; ақпараттық салада
тұлғаның мүдделерінің
орындалуын қамтамасыз ету;
қоғам үшін: ақпараттық қоғам орнату; бұқаралық сананы
жеке бас пайдасы үшін пайдалануға тыйым салу; заманауи
ақпараттық
технологияларды дамыту;