70
экономикалық тиімділігін түсінуі болды. Егер бұрын ғылыми
зерттеулердің нәтижелігін бағалау дайын қағидалық өнім бойынша
жүзеге асса, қазіргі жаңа жағдайларда жаңа материалдық
құндылықтарды құру үшін ғылыми жетістіктерді қолдану мәселесі
тұрды. ХІХ ғ екінші жартысында органикалық химия өнімдерін,
тыңайтқыштар,
жарылғыш
заттар,
дәрі-дәрмектер,
электротехникалық бұйымдарды кең масштабты өндіру етек алды.
Ғылымда да үлкен өзгерістер болды: фундаментальдық
зерттеулермен қатар экономикалық факторлардың әсерімен
интенсивті кеңейген қолданбалы зерттеулер саласы туды.
Қазіргі ғылым – ұжымдар, кәсіпорындар мен мекемелер –
зертханалар мен кафедралардан мемлекеттік институттар мен
академияларға дейін өзара байланысты, шағын формальды емес
ғылыми қауымдастықтан заңды тұлғаның барлық атрибуттарымен
үлкен ғылыми кәсіпорындарға дейінгі, ғылыми парктерден - ғылыми
инвестиция, корпорацияларға дейінгі, тәртіптік қауымдастықтан-
ұлттық ғылыми қауымдастық пен халықаралық бірлестіктерге дейінгі
өзара байланысты күрделі жүйе. Олар ішінара және қоғам мен
мемлекеттің қосалқы жүйелері экономикалық, білім, саясат,
мәдениетпен тығыз байланысты. Мемлекет өзінің материалдық-
қаржылық ресурстарымен еркін ғылыми ізденісті шектемей, өзіндік
ұйымдасқан жүйеге көмек беру керек. Ғылым, қоғам алдындағы
жаңашыл қызмет мәселелерін шешуге кіретін ғылым «ғылыми
этносқа», ғылыми қауымдастыққа тән ішкі құндылықтардың
спецификалық жүйесі негізінде қызмет ететін ерекше әлеуметтік
институт болып табылады.
Ғылыми этностың нормалар экспликациясы 1930 ж. іске асты.
Ғылымды әлеуметтік үйренудің негізін салушы Р.Мертон болып
табылады. Оның пікірінше, ғылым әлеуметтік құрылым ретінде өз
қызметінде 4 құндылық императивке - әмбебаптыққа, ұжымдықа,
ұйымдасқан скептицизмге, көреалмаушылыққа сүйенеді. Кейінен
американдық саясаттанушы Б.Барбер тағы екі императивті-тиімділік
пен эмоциялық нейтралдықты қосты.
Универсализм (әмбебапптық) императивті ғылыми білімнің
тұлғадан тыс, жалпы сипатын көрсетеді. Вернадскийдің пікірінше,
бұл басқа жеке сипаттарға тән, басқалардан айырмашылығы осы
болып табылады. Ғылыми ақиқаттың жалпы міндеті деп адамның
танымдық қызметінің басқа түрлерін айтуға болады.
Ұжымдық императивті ғылыми таным өнімдері жалпы ғылыми
қауымдастық пен қоғамға тән. Олар ғылыми ұжымдық әрекеттік
нәтижесі болады, себебі, кез-келген ғылым өзінен бұрынғылардың
және қазіргі ғалымдардың ойына сүйенеді. Ғылымдағы жеке білім
71
алу құқығы болуға тиіс емес, алайда қомақты үлес қосқан ғалым
әрептестерінен және қоғамнан материалдық және моральдық сыйақы
талап етуге құқылы.
Қызғанбаушылық императивті ғалым әрекетінің басты мақсаты
– шындыққа қызмет ету дегенді ұстанады. Ғылымда шындық жеке
есепке жету құралы емес, қоғамдық маңызды мақсат болуы керек.
Ұйымдасқан скептицизм императивті – ғылымда шындықты
догматикалық нандыруды шектеу ғана емес, керісінше, ғалым өз
әріптестерінің көзқарастарын сынау оның кәсіби міндеті болып
табылады. Соған сәйкес өзіне айтылған сынды ғылым дамуының
қажетті шарты деп қараған жөн. Скепсис және күмән – хирургтың
қолындағы скальпель мен ине сияқты ғалым әрекетіндегі маңызды,
қажетті және нәзік аспаптар болып табылады.
Рационализм императивті – ғылым шындықтың жоғарғы
арбитрі тиімділік болып табылатын дәлелденген, логикалық
ұйымдасқан дискурсқа талпынады.
Эмоционалдық нейтралдық императивті – ғылыми адамдарға
ғылыми мәселелерді шешуде эмоционалдық – психологиялық сала
ресурстары – эмоция, жеке қызығушылықтар, жек көрушіліктерді
қолдануға шектеу қояды.
Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі қызметі - оны
ұйымдастырудың ішкі сипаты, сонымен бірге қоғамның басқа
салалары – экономика, саясат, идеологиямен байланысында
туындаған сыртқы сипаттағы мәселелерін шешуге байланысты. Ішкі
сипаттағы мәселелер ғылыми мектептер қызметін, ғылыми маман
дайындау, ғылыми білімдерін көрсетумен анықталады. Ғылыми
мектептердің білім беруі – ғылыми ізденістің демократизмділігін,
жетістіктерге қатысты, сыни қарауын көрсетеді. Ойшылдар, ұлы
ғалымдар басқарған ғылыми мектептер жалпы ғылыми ізденіс
стратегиясын анықтау арқылы ғылымға қомақты үлес қосты.
Ньютон, М.В.Ломоносов т.б. өз еңбектерімен ғылым тағдырын
анықтады. Егер Ньютон мен оның жақтастары қазіргі ғылым негізін
қаласа, онда Эйнштейн мен Бор ғылымның классикалық емес даму
сатысында ғылыми ізденістің негізгі мәселелерін белгіледі.
Қазіргі ғылымның даму сатысы – классикадан кейінгі
Вернадскийдің ноосфералық ойларын, Пригожиннің синергетикалық
ойларын талқылаусыз қалдыру мүмкін емес.
Ғылымды ұйымдастырудың маңызды мәселесі – мамандар
дайындау. Ғылымға жаңа ойлары мен көзқарастары бар жаңа адамдар
қажет. Маман дайындау жүйесіне магистратура, аспирантура және
докторантура кіреді. Бұлар өзін-өзі толық ақтады.
72
2.4 Қазіргі өркениет
және ғылым
Ғылымның тарихи дамуында ғылыми белсенді хабарлау әдістері
де айтарлықтай өзгерді. Алғашында ғылыми білімдер кез-келген
тиісті материал тасығышта – қағазды ойлап табу, кітап жазбаларының
тууына әкелді. Қазіргі техникалық революциялық қадам – қағаздық
тасығыштардан
ақпараттық
компьютерлік
тасығыштарымен
алмастыруға мүмкіндік берді. Жалпы қоғамдық білім ретінде
танылатын жаңа ақпараттық ғылыми жүйе қалыптасуда.
Ғылымның экономикамен, мемлекетпен өзара байланысы терең
зерттеуді қажет етуде.
Сонымен, ғылым институттау үрдісінің нақты кезеңдерімен
тығыз байланысты. Бұл үрдісте ол нақты түрлерге ие болады: бір
жағынан ғылым әлеуметтік институт ретінде қоғам құрылысында
оның интеграциясымен анықталады, екінші жағынан, білімдер,
нормалар мен нормативтер әзірлейді, қоғам тұрақтылығын
қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылымның ерекшеліктері.
2. Ғылым мәдениеттің ерекше формасы.
3. Ғылым және қоғам.
4. Ғылымның қазіргі классификациясы.
5. Ғылыми пәннің құрылымы және білім құрылымының деңгейі.
6. Ғылыми білімнің дифференциациясы және интеграциясы
бағыттарының негігзі заңдылықтары.
7. Жаратылыстану
ғылымдарының қалыптасуы мен даму
заңдылықтары.
8. Техникалық ғылымдарының даму ерекшеліктері.
9. Социогуманитарлық білімнің пайда болуы.
10. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымардың пәндік және
методологиялық даму ерекшеліктері.
11. Социогуманитарлық
ғылым
қалыптасуындағы
ұғыну
проблемасы.
12. Социогуманитарлық ілімдегі герменевтика тәсілі.
13. Социогуманитарлық білім методологиясының қалыптасуы
(әртүрлі гуманитарлық пәндерде).
Ғылым
мен
мәдениеттің
өзара
байланысын, мәдениеттегі ғылымның
алатын орнын өркениет дамуының екі
түрлі – дәстүрлі қоғам мен техногенді
өркениетті салыстыра қарауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |