Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В


Электрондық хаттарды жіберу және қабылдау



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет19/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

Электрондық хаттарды жіберу және қабылдау  

Электрондық  пошта  көмегімен  жіберілетін  ақпарат  сан  түрлі  болуы  мүмкін.  Сіз 

мәтін,  бағдарлама,  бейнелер,  дыбыстарды  жолдай  аласыз.  Электрондық  пошта  санаулы 

минуттар ішінде әлемнің кез келген түпкіріне хабарландыруды жеткізе алады. Windows 

XP  жүйесі  өз  құрамында  электрондық  поштамен  жұмыс  үшін  Outlook  Express  атты 

бағдарламаны иеленеді.  

Бұл бағдарламаны іске қосу үшін Windows мәселелер тақтасында орналасқан тиісті 

белгішеге  тышқанмен  шертіңіз  немесе  Windows  бас  мәзірінде  тиісті  команданы 

таңдаңыз.  Егер  сіз  Internet  Explorer  бағдарламасымен  жұмыс  істеп  жатсаңыз,  онда 

Интернет  шолушысының  құрал-саймандар  тақтасында  батырманы  басып,  Outlook 

Express  

іске  қосыңыз.  Егер  сіз  электрондық  поштамен  жұмыс  үшін  бағдарламаны 

бірінші  рет  іске  қоссаңыз,  онда  электрондық  пошта  параметрлерін  теңшеу  шебері  іске 

қосылады. Бұл шебердің бірінші диалогы сіздің есіміңізді енгізуді ұсынады (5.6-сурет). 

Бұл диалогта Интернеттегі хат алысу бойынша сіздің әріптестеріңіз сізге жүгінетін атты 

енгізген жөн. Әдетте, бұл өрісте өз есімі мен тегін жазады. Егер сіз хат алысуды шетелдік 

корреспонденттермен  жүргізетін  болсаңыз,  онда  латын  әріптерін  қоданған  жақсырақ. 

Ресей  бойынша  хат  алмасу  үшін  сіздің  есіміңізді  орыс  тілінде  жазған  дұрыс.  Атты 

енгізгеннен кейін келесі диалогты ашу үшін Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.  

Аталған  диалог  электрондық  поштаның  адрестерін  алудың  әртүрлі  нұсқаларын 

айқындайтын ауыстырып-қосқышты иеленеді. Интернет қызметін жеткізушілердің көбісі 

сіз  осы  жеткізушілерде  қосылған  кезде  электрондық  поштаның  адресін  сізге  ұсынады. 

Егер  сіз  бұл  адресті  қолданғыңыз  келсе,  онда  ауыстырып-қосқышты  жоғарғы  күйге 

орнатыңыз  және  Интернет  қызметін  жеткізушісінен  алған  электрондық  поштаның 

адресін өріске енгізіңіз.  

Интернет  қызметін  жеткізушісінен  басқа  сіз  электрондық  поштаның  тегін 

адрестерін өзге жерлерден ала аласыз. Интернетте осындай қызметті көрсететін көптеген 

компаниялар  бар.  Егер  сіз  осындай  адресті  алғыңыз  келсе,  онда  ауыстырып-қосқышты 

төменгі  күйге  орнатыңыз  және  бұндай  қызметті  ұсынатын  компаниялардың  біреуін 

тізімнен  таңдаңыз.  Кез  келген  жағдайда  электрондық  пошта  адресін  енгізгеннен  кейін 

Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.  

Электрондық  поштаның  параметрлерін  теңшеу  үшін  шебердің  кезекті  диалогы 

пайда  болады  (5.7-сурет).  Электрондық  поштаның  адресінен  басқа  жеткізуші  сізге 

поштаны  қабылдау  және  жіберу  үшін  серверлердің  аттарын  беруі  тиіс.  Кәдімгі  хатты 

жолдау үшін пошталық бөлімшенің индексін көрсету қажет деген аналогияны жүргізуге 

болады.  Интернет  қызметін  жеткізушісінің  мүмкіндітеріне  байланысты  поштаны 

қабылдау  үшін  РОРЗ  немесе  IMAP  серверлері  қолданылуы  мүмкін.  Хабарламалар 

құрамына енетін Сервер (Incoming mail Server) тізімінде тиісті элементті таңдау керек, ал  



5.3 

52 



тарау 

Интернет желісіндегі жұмыс сипаттамалары 


 

 

енгізу  өрісінде  атты  енгізу  қажет.  Поштаны  жолдау  үшін  SMTP  сервері  қолданылады 



және диалог атты енгізу үшін тиісті өрісті қарастырады. Әдетте, поштаны қабылдау және 

жолдау  үшін  сервер  аттары  сәйкес  келеді.  Бұл  жағдайда  екі  өріске  де  бір  атты  енгізу 

керек. Электрондық пошта параметрлерін көрсеткеннен кейін келесі диалогты ашу үшін 

осы диалогтың Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.  

Бұл  диалог  сіздің  пошталық  жәшікке  қолжетімділікті  жасау  үшін  қажетті 

идентификатор  және  құпиясөзді  енгізуге  арналған.  Бұл  мәліметтерді  де  сіз  Интернет 

қызметін жеткізушісінен алуыңыз керек.  Әдетте, поштаға кіру үшін идентификатор және 

құпиясөз  Интернет  қызметін  жеткізушісіне  қосылу  үшін  талап  етілетіндермен  сәйкес 

келеді,  алайда  кей  жағдайларда  элетрондық  пошта  үшін  идентификатор  өзгеше  болуы 

мүмкін.  Пайданашуның  аты  (Account  Name)  және  Құпиясөз  (Password)  енгізу  өрісінде 

алынған атты және құпиясөзді енгізіңіз. Кейіннен құпиясөз автоматты түрде қолданылуы 

үшін  Құпиясөзді  есте  сақтау  (Remember  Password)  жалаушаны  орнатқан  дұрыс.  Егер 

сіздің  компьютеріңізде  бөгде  адамдар  жұмыс  істеулері  мүмкін  болса,  онда  сіздің 

поштаңызбен тек сіз ғана жұмыс істеу үшін құпиясөзді сақтамаған жақсы. Параметрлерді 

енгізгеннен кейін Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.  

Интернетке  дереу  қосылуды  ұсынатын  шебердің  соңғы  диалогы  пайда  болады. 

Қазір  біз  бұны  жасамайсыз,  сол  себепті  тиісті  жалаушаны  алып  тастаңыз  және  Дайын 

(Finish)  батырмасын  басыңыз.  Шебердің  жұмысы  аяқталды  және  Outlook  Express 

бағдарламасының  жұмыс  терезесі  пайда  болады.  Бұл  бағдарлама  электрондық  пошта, 

жаңалықтар  немес  адрестік  кітаппен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.  Сіз  хаттарды 

қабылдай, құрай және жібере аласыз. Бағдарламаны іске қосқаннан кейін пайда болған  

 

 



5.6-

сурет. Тіркеулік жазбаның атын және құпиясөзді енгізу  

53 

5.3 

Электрондық хаттарды жіберу және қабылдау 


 

 

терезеде  сізден  жұмыс  тәртібін  сұрауы  мүмкін.  Бұл  жұмыс  тәртібіне  өту  үшін 



Электрондық  пошта  (E-mail)  сілтемесіне  тышқанмен  шертіңіз.  Енді  Outlook  Express 

бағдарламасы жұмыс терезесінің элементтерін қарастырайық. (5.8-сурет). 

Outlook Express 

терезесінің  тақырыптық  атауы,  мәзір  және  құрал-саймандар 

тақтасы  Windows  басқа  бағдарламаларының  ұқсас  элеметтеріне  ұқсайды.  Құрал-

саймандар  тақтасының  сыртқы  келбеті  бағдарламаның  теңшеуіне  байланысты  өзгеруі 

мүмкін. Құрал-саймандар тақтасының астында, терезенің сол жағында Бумалар (Folders) 

тізімі орналасқан. Бұл тізімде корреспонденцияны сақтау үшін бумалар түгелделген.  

Сізге Интернеттен келген барлық хаттар Кіріс (Inbox) бумасына түседі. Интернет 

арқылы жолдау үшін сіз құраған хаттар Шығыс (Outbox) бумасында сақталады.  Хаттар 

жіберілген кезде олар Шығыс (Outbox) бумасынан Жіберілген (Sent) бумасына ауысады. 

Ақыр  аяғында,  сіз  жоятын  хаттар  Жойылған  (Deleted)  атты  арнайы  бумаға  түседі.  Сіз 

корреспонденцияның  бумалар  бойынша  орнын  ауыстыра  аласыз  және  өзіңіздің  жеке 

бумаларыңызды құра аласыз.  

Бағдарлама  терезесінің  орта  аймағы  екі  бөлікке  бөлінген.  Жоғарғы  бөлігі  қазіргі 

уақытты таңдалған буманың ішіндегісін хабарламалардың белгішелері түрінде көрсетеді. 

Терезенің  төменгі  бөлігі  хаттардың  ішіндегісін  көрсетуге  арналған.  Күй  жолы  қазіргі 

уақытта  бағдарламаның  орындап  жатқан  әртүрлі  әрекеттерін,  сонымен  қатар  ашылған 

бумадағы хаттардың санын көрсетеді.  

Электрондық  поштамен  жұмыс  кезінде  пошталық  жәшіктерді  қолданады. 

Пошталық бөлімшелерде сияқты Интернет қызметін жеткізушісінде әртүрлі адрестермен 

көптеген  пошталық  жәшіктер  бар.  Қағаз  хаттарды  жіберу  үшін  сіз  поштаға  кіріп 

конвертті бере аласыз. Сонымен қатар, сіз келген корреспонденцияны алып кете аласыз.  

 

 



 

 

5.7-

сурет. Кіріс және шығыс хабарламалар серверлерінің аттарын енгізу 

54 



тарау 

Интернет желісіндегі жұмыс сипаттамалары 


жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау