Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет16/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

 

4.8 -



сурет. Баспа диспетчерінің жұмыс терезесі 

жолын иеленеді  және бұл  жолда құжаттың аты, оның жағдайы (кезекке тұруы,  баспаға 

шығарылуы  және  т.б.),  құжат  беттерінің  жалпы  саны,  баспаға  шығарылған  беттердің 

саны,  құжатты  баспаға  жіберген  уақыт  және  күні  бейнеленген.    Принтердің  жұмысы 

кезінде сіз оны басқара аласыз, мысалы, баспаны тоқта тұру және қайта қалпына келтіру, 

құжаттарды  кезектен  өшіру  және  т.б.  Баспа  кезегіндегі  барлық  құжаттарға  әрекет  ету 

Принтер (Printer) мәзір командасы көмегімен жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандай, 

бұл мәзірде Баспаны теңшеу (Printing preferences) командасы принтердің параметрлерін 

теңшеуге  мүмкіндік  береді.  Әдепкі  қалпы  бойынша  қолдану  (Set  As  Default  Printer) 

командасы  бұл  принтердің  барлық  бағдарламаларда  әдепкі  қалпы  бойынша  қолдануды 

орнатады.    Баспаны  тоқтата  тұру  (Pause  Printing)  командасын  таңдап,  сіз  уақытша  бұл 

принтерде  баспаға  тыйым  саласыз.  Команданы  қайталап  таңдау  баспаны  қалпына 

келтіреді.  Баспа  кезегін  тазарту  (Cancel  All  Documents)  командасы  аталған  принтерге 

кезекке қойылған барлық тапсырмаларды жояды.  

Барлық  кезекті  басқарудан  бөлек,  кезектегі  әр  құжатты  жеке  басқаруға  болады. 

Кезектегі  белгілі  бір  құжатты  тышқанның  оң  жақ  пернесімен  шерту  арқылы  оны 

таңдаған жөн – таңдалған құжаттың баспасын басқаруға мүмкіндік беретін көмекші мәзір 

пайда  болады.  Сіз  құжатты  баспаға  шығаруда  кідіріс  жасай  аласыз,  баспаны  қайта 

жандандыра  аласыз,  баспаны  басынан  бастап  қайталай  аласыз,  сонымен  бірге,  баспаны 

болдырмауды  жасай  аласыз.  Сонымен  қатар,  Қасиеттер  (Options)  көмекші  мәзірінің 

командасы  баспа  приоритеті,  баспаның  сапасы,  баспа  кезіндегі  беттің  бағдары, 

көшірмелер саны және т.б. сияқты таңдалған құжатты баспаға шығарудың параметрлерін 

өзгертуге мүмкіндік береді. 

 



 

 

 



Интернетпен жұмыс істеу үшін жүйені теңшеу 

Қазіргі  таңда  Интернет  желісіндегі  жұмыс  қызметтік  ерекше  түрінен  көптеген 

адамдардың  күнделікті  жұмысына  айналды  және  компьютерлік  сауаттылық  Интернетті 

қолданудың  икемділігінсіз  мүмкін  емес.  Сол  себепті,  Windows  XP  операциялық 

жүйесінің  құрамына  Интернетпен  жұмысқа  арналған  құралдар  қатары  енгізілген. 

Windows-


тың  әуелгі  нұсқаларына  кіріктірілген  белгілі  Internet  Explorer  және  Outlook 

Express  бағдарламаларынан  басқа  жүйеде  Интернет  желісінде  жұмыс  істеу  кезіне 

мүмкіндіктерді кеңейтуге жағдай жасайтын жаңа құралдар пайда болды.  

Интернетпен  жұмыс  істеуді  бастау  үшін  Windows  XP  операциялық  жүйесін  

Интернет  қызметін  жеткізушісінен  (провайдерден)  сіз  алған  ақпаратқа  сәйкес  теңшеу 

қажет. Сіз одан идентификатор, құпиясөз, электрондық поштаның адресін, сонымен бірге 

Интернетке қолжетімділік үшін хабарласуға телефон нөмірлерін алуыңыз керек.  

Интернетпен  жұмыс  үшін  Windows-ты  теңшеу  Интернетке  қосылудың  арнайы 

шеберінің  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Бұл  шебер  сіз  Internet  Explorer  бағдарламасын 

алғашқы  рет  қосқан  кезде  автоматты  түрде  іске  қосылады.  Интернетпен  жұмыс  үшін 

бағдарламаны  іске  қосу  Windows  жедел  іске  қосу  тақтасының  немесе  бас  мәзір 

командасының  көмегімен  іске  қосуға  болатындығын  еске  сала  кетейік.  Интернетті 

шолушының  бағдарламасы  және  электрондық  поштамен  жұмысқа  арналған  бағдарлама 

өзінің белгішелерін иеленеді.  

Тіркеулік  жазба  Интернет  қызметін  жеткізушіге  қосылу  үшін  Windows 

теңшеулерінің  жинағын  білдіреді.  Қажет  болған  жағдайда  бірнеше  тәуелсіз  тіркеулік 

жазбаларды жасауға болады.  

Әрине,  тіркеулік  жазбаны  автоматты  түрде  алу  қолайлы,  алайда,  Windows  XP 

сіздің провайдеріңіз туралы білмейтін сияқты. Сол себепті, барлық параметрлерді қолмен 

орнату  нұсқасын  таңдаған  жөн.  Бұны  жасау  үшін  ауыстырып-қосқышты  қажетті  күйге 

орнатыңыз және теңшеуді жалғастыру үшін Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.  

Шебердің  келесі  диалогы  (5.1-сурет)  Интернетке  қосылудың  тәсілін  таңдауды 

ұсынады:  виртуалды  жеке  желі  немесе  модем  арқылы.  Тиісті  ауыстырғыш-қосқышқа 

тышқанмен шертіп, Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.  

 

 



 

Интернет желісіндегі жұмыс 

 

45 

5.1 

Интернетпен жұмыс істеу үшін жүйені теңшеу 


 

 

5.1- 



сурет. Интернетке қосылудың тәсілін таңдау  

Интернетке  қолжетімділік  үшін  модемді  қолдану  кезінде  сіздің  географиялық 

орналасуыңызды  көрсету  және  сіздің  телефондық  желіңіздің  ерекшеліктерін  анықтау 

қажет.  Сол  себепті,  ары  қарай  осы  параметрлерді  теңшеу  үшін  шебер  диалогы  пайда 

болады (5.2-сурет). Ең алдымен, бұл диалогтың ашылатын тізімінде сіз орналасқан елді 

таңдауыңыз керек, содан-соң тиісті өрісте сіздің қалаңыздың телефондық кодын көрсету 

қажет.  

 

5.2-



сурет. Желілік қосылудың атын енгізу  

 

 



 

46 



тарау 

Интернет желісіндегі жұмыс сипаттамалары 


 

Соңында сіздің телефондық станцияңыз нөмірді терудің қандай типін қолданатындығын 

көрсеткен жөн.   Көп жағдайда  импульсті  нөмірді теру қолданылады. Егер сіз заманауи 

цифрлық  телефондық  станцияға  қосулы  болсаңыз,  онда  үндестік  теруді  қолдануға 

болады.    Орналасқан  жердің  параметрлерін  теңшегеннен  кейін  жұмысты  жалғастыру 

үшін теңшеу диалогының Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз. Телефон және модем 

(Phone  and  Modem  Options)  диалогы  пайда  болады.  Бұл  диалогта  ештеңені  өзгертпеңіз, 

жұмысты жалғастыру үшін жай ғана ОК батырмасын басыңыз.  

Windows-

та модемді қолдану үшін ол қосулы және теңшеулі болуы тиіс. Егер сіз 

оны  бұрын  жасамасаңыз,  онда  жабдықты  орнатудың  шебері  іске  қосылады  және  оның 

бірінші  диалогы пайда болады (5.3-сурет). Орнату  шебері, ең алдымен, модемнің  типін 

автоматты түрде анықтауды ұсынады.  

Егер сізде сыртқы модем болса, онда оны қосыңыз, содан соң диалогтың Ары қара 

(Next) батырмасын басыңыз. Кейде модемді автоматты түрде анықтау процедурасы оның 

типін  көрсете  алмайды  немесе  модемді  мүлдем  таппайды.  Егер  Windows  сізде 

Стандартты  модем  (Standard  Modem)  екендігін  анықтаса,  онда  орнату  бағдарламасы 

сіздің модеміңіздің типін анықтай алмады деген сөз. Бұндай жағдайда модеммен жұмыс 

істеу  үшін  сіздің  модеміңіздің  барлық  мүмкіндіктерін  толығымен  қолдануға  мүмкіндік 

бермейтін  стандартты  командалар  ғана  қолданылатын  болады.  Сіз  мұнымен  келісе 

аласыз немесе шебердің бірінші  диалогында тиісті  жалаушаны орнату және  Ары  қарай 

(Next)  батырмасын  басу  арқылы  модемді  тізімнен  өз  бетінше  таңдай  аласыз.  Егер  де 

модемді  анықтау  мүмкін  емес  болса,  онда  сізге  оны  тізімнен  таңдау  ұсынылады 

(5.3


суретті қараңыз). 

Диалог  өндірушілер  тізімін  және  модем  модельдерінің  тізімін  құрайды.  Ең 

алдымен, өндірушілер тізімінде сіздің модемнің өндіруші-фирмасын таңдаңыз, содан соң 

 

 



 

5.3-

сурет. Модемді тізімнен таңдау

 

47 

5.1 

Интернетпен жұмыс істеу үшін жүйені теңшеу 


жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау