құрылғының белгішесіне тышқанның оң жақ пернесімен шерту керек. Пайда болған
көмекші мәзірде Қасиет (Properties) командасын таңдаған жөн, экранда параметрлерді
теңшеудің диалогы пайда болады. Тиісті таңбашаға тышқанмен шертіп, осы диалогтың
Жазу (Recording) қосымша бетіне өтіңіз.
Диалогтың жоғарғы жағындағы жалауша осы құрылғыда компакт-дискті жазуға
рұқсат береді. Егер жалаушаны алып тастаса, Windows XP онда дисктерді жазбайды.
Жоғарғы тізімде уақытша файлдармен бума орналасатын қатқыл диск таңдалады. Бұл
бумада компакт-дискке жазуға дайындаған барлық файлдар сыюы тиіс болғандықтан,
таңдалған қатқыл дискте 700 мегабайт бос орын қажет.
Екінші тізімде жазудың жылдамдығы таңдалады. Қолжетімді жылдамдықтардың
тізбесі сіз қолданып жатқан құрылғымен анықталады. Компакт-дисктің дайындамалары
жазудың барлық жылдамдықтарын қолдамайтынын ескере кеткен жөн. Егер сізде
жазылған дискілерді оқумен мәселелер жоқ болса, онда максималды мүмкін
жылдамдықты қоданған дұрыс. Егер диалогтың төменгі жағында жалауша орнатылса,
онда жандырудан кейін диск құрылғыдан шығарылатын болады. Жалаушаны алып
тастап, сіз дискті дисжетекте қалдырасыз. Параметрлерді теңшегеннен кейін диалогты
жабу және теңшеулерді сақтау үшін ОК батырмасын басыңыз.
Сіз көріп отырғандай, Windows XP операциялық жүйесінде компакт-дискке
файлдарды жазу өте оңай. Алайда, дисктер қандай форматта жазылатыны туралы айту
үшін шағын шегініс жасаған жөн. Барлық дискілер мультисессиялық, яғни әртүрлі
уақытта жазылуы мүмкін бірнеше жеке сессиялардан құралған болып жасалады.
Көптеген сессиялардың болуы CD-R және CD-RW-ді жұмыс мұрағатын жүргізуді
қолайлы құрылғыға айналдыра отырып, ақпаратты жеке сиссиялармен жазуға мүмкіндік
береді. Алайда, бірінші сессияны жазу қосымша 22 мегабайтты талап етеді, ал әр келесі
сессияны жазу 13 мегабайтты алатындығын есте сақтаған жөн. Дегенмен, дискке 650 —
700 мегабайт ақпаратты жазуға болатынын ескерсек, бұл аса көп емес. Бірақ, әдетте
шағын файлдарды жаза отырып, сіз бекерге көп орынды жұмсайтыңызды ескеру қажет.
Дискжетектер мен операциялық жүйелердің барлығы дерлік мультисессиялық
дисктермен жұмыс істей алады. Ескірген CD-ROM дискжетектерде әдетте тек бірінші
сессия ғана көрінеді. Сол себепті, Windows XP-де жазылған дисктер ескірген
компьютерлерде дұрыс оқылмауы мүкін. Егер де сіз дисктерді бұндай компьютерде
оқуды жоспарламасаңыз, онда сәйкестікпен мәселелер туындамайды. Сонымен қатар,
жазу кезінде ұзын атауларды жазуға, бос орындар мен орыс әріптерін қолдануға
мүмкіндік беретін Joliet файлдық жүйесі қолданылады.
Көптеген компакт-дисктер оларды дисктерді оқу құрылғыларына енгізген кезде
автоматты түрде іске қосылады. Windows XP-де музыкалық шығармалар мен
бейнефильмдердің автоматты түрде жаңғыртылуын, суреттерді қарау және кейбір басқа
әрекеттерді теңшеуге болады. Егер де сіз өзіңіздің жеке бағдарламаңызды іске қосқыңыз
келсе немесе сіз жасаған диск Windows-тың әуелгі нұсқаларында автоматты түрде іске
қосылуын қаласаңыз, онда сіз тамырлы каталогта autorun.inf атауымен мәтіндік файлды
орластыруыңыз қажет. Онда автоматты іске қосу командалары орналасқан. Олардың
көмегімен барынша күрделі сценарийлер жасауға болады, алайда алдымен келесідей
командаларды қолданған жеткілікті:
[autorun]
icon=myicon. ico
34
3
тарау
Файлдар және бумалармен жұмыс сипаттамалары
open=myprogram. exe
Әрине, myicon.ico және myprogram.exe орнына өзіңіздің файлдарыңыздың аттарын
көрсеткен жөн. Оpen командасы қажетті бағдарламаны іске қосады, ал icon командасы
Windows сілтеуішінде дисктің белгішесін өзгертеді. Әлбетте, аталған файлдар да компак-
дискте орналасулары қажет.
Принтерді қосу және теңшеу
Жақында ғана қағазсыз технологиялар туралы көп айтқан болса да, дәстүрлі
құжаттар бұрынғыдай кең түрде қолданылатынын уақыт көрсетті. Әртүрлі
бағдарламалар көмегімен құжаттарды жасайды және редакциялайды, содан соң оларды
принтерде шығарады. Мәтіндік құжат, бланк, сурет, кесте, диаграмманы немесе кез
келген басқа құжатты белгілі бір бағдарлама көмегімен дайындап, сіз оны баспаға жібере
аласыз. Принтердің көмегімен құжаттың қағаздық көшірмесі жасалады. Құжатты баспаға
шығару үшін бағдарламалардың көбінде жай ғана құрал-саймандар тақтасында Баспаға
шығару командасын басу немесе Файл ^ Баспаға шығару (File ^ Print) мәзір командасын
таңдау жеткілікті. Көптеген құжаттарды тікелей сілтеуіштен баспаға шығаруға болады.
Ол үшін мәселелер тақтасында тиісті команданы таңдаған жөн. Сонымен бірге, қажетті
файлдың белгішесіне тышқанның оң жақ пернесімен шерту кезінде ашылатын көмекші
мәзірден команданы таңдап, құжатты шығаруға болады.
Заманауи принтерлердің басым көпшілігі Windows XP-де арнайы орнату үрдісін
талап етпейді. Егер жүйемен жұмыс уақыты кезінде сіз алдын ала компьютерге қосылған
принтерді іске қоссаңыз, онда операциялық жүйе оны табады және Windows-пен жұмыс
кезінде сіз қолдануға мүмкін қажетті теңшеулерді жасайды. Теңшеуге қажетті үздіксіз
емес уақыттан кейін жаңа принтер жұмысқа дайын. Алайда, кейде автоматты орнату
жұмыс істемеуі мүмкін және сізге принтерді қолмен орнау керек болады.
Жаңа принтерді орнату үшін әрі алдында орнатылған принтерлерді тексеру және
теңшеу үшін арнайы буманы ашқан жөн. Құрылғы мен жүйенің теңшеуімен байланысты
барлық бумалар Басқару тақтасы (Control Panel) бумасында орналасқан. Windows XP бас
мәзірінің бір атаулы командасын таңдап, сіз сілтеуішті іске қосасыз және тиісті буманы
ашасыз. Аталған бумамен жұмыс туралы егжей-тегжейлі төменде айталды, ал әзірше
буманың ішіндегісін қараудың екі тәртібі – классикалық және Web-шолу тәртібі бар
екендігін ескере кетейік. Әдепкі қалпы бойынша екінші тәртіп қолданылады. Бұл
тәртіпте сілтеуіш терезесінің оң жақ бөлігінде басқару элементтерінің негізгі топтарының
белгішелері шығарылған (4.1-сурет). Принтерлер, сканерлер, цифрлық фотокамералар,
4
Windows XP-де баспаны басқару
4.1
36
4
тарау
Windows XP-
де баспаны басқару