Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата23.11.2018
өлшемі4,5 Mb.
#23731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жаңғыртып, жаңартып ой-сананы

Кредиттік-

модульдік 

технология 

бойынша 

оқу үдерісін 

ұйымдастыру

 

„

Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектепте рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын 



ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында Елбасының бағдарламалық мақаласының аясында  «Ұлы Дала ұландары» атты 

қалалық балалар шығармашылығы фестивалі өтті.

 

„

Мемлекет басшысы 



Н.Назарбаев халыққа арнаған 

Жолдауында кәсіптік білім беру 

мәселесіне барынша басымдық 

беру қажеттігіне айрықша назар 

аударды. Жастардың білімін 

жетілдіру үшін қажетті жағдай 

жасау туралы «Қазақстан-2050» 

Стратегиясында: «Біздің 

жастарымыз оқуға, ғылым-

білімді игеруге, жаңа машықтар 

алуға, технологияны күнделікті 

өмірде шебер де тиімді 

пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін 

барлық мүмкіндікті жасап, ең 

қолайлы жағдаймен қамтамасыз 

етуіміз керек. Біздің басты 

мақсат – 2050 жылы мықты 

мемлекет, дамыған экономика 

және жалпыға ортақ еңбектің 

негізінде берекелі қоғам құру» – 

деп айтылған болатын. 

Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық 

технологияларды  заман  талабына  сай  

енгізу білім берушілердің парызы болып 

саналады.  Осыған  орай,  студенттерді 

кредиттік  оқу  жүйесіндегі  модульдік 

технология арқылы оқыту дидактикасын 

жасаудың маңызы өте зор. Қазіргі уақытта 

Қазақстан Республикасында техникалық 

және кәсіптік білім беру оқу орындарында 

кредиттік жүйеге ауысудың бейімделу 

үдерісі  жүргізілуде.  Кәсіптік  және 

техникалық білім беру оқу орындарының 

педагогикалық үдерісін жетілдіруге жаңа 

білім беру формасы кредиттік-модульдік 

оқыту жүйесі болып табылады. Кредиттік 

оқыту жүйесі деп даралау негізінде өз 

бетімен білім алу деңгейін арттыруға 

және білімді шығармашылықта меңгеруге, 

білім алу жолын таңдауға, кредит түрінде 

білім көлемін игеруге бағытталған білім 

беру жүйесін айтады.

Кредит, кредит сағаты – білім алушы 

мен білім берушінің оқу жұмысын өлшеу 

бірлігінің унификациясы. Кредиттік оқыту 

жүйесінде  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 

іс-әрекеті білім алушылардың өзіндік 

жұмыст ар  сипатын  нығайтып, 

аудиториялық  сабақтардың  көлемін 

қысқарту болып табылады. Мұнда негізгі 

міндет білім алушылардың оқу-танымдық 

іс-әрекетінде өз бетімен білім алу және 

өз бетімен даму қабілеттерін дамытып, 

кәсіби еңбегіне қажетті ақпараттарды 

жүйелі меңгерумен шектелмей, ол білім 

көзін  қабылдау  мен  қолдануда  сыни 

тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыруға 

бағыттайды. 

Кредиттік-модульдік  оқыту  жүйесін 

дуальды оқыту формасы сияқты жаңа 

форматтағы  мамандарды  даярлауға 

бағытталған  дербес  оқу  үдерісін 

ұйымдастырудың формасы деп атауға 

болады.  Кредиттік-модульдік  оқыту 

технологиясын  толығымен  жоспарлы 

ұйымдастыру,  басқару  мен  жүзеге 

асыру,  бақылау  жасау  бірегей  жүйеге 

жатады. Білім берудің жаңа тәсілі ретінде 

кредиттік-модульдік технология тұлғаның 

жеке ізденімпаздық қажетсіну мақсатын 

жүзеге асыру, іскерлігін шыңдауға қозғау 

салады. Ал педагогикалық технология 

ұжымдық іс-әрекетке бағдар жасайды. 

Бұл  орайда  жаңаша  оқыту  жүйесін 

мемлекеттік  және  әлемдік  стандарт 

аясындағы көш басы технологияларды 

бүгінгі  еліміздегі  өңірлерге  бейімдеу 

амалын іске асыру қарастырылды.



Улмира ЕСЕнтАЕВА,

жамбыл политехникалық жоғары 

колледжінің арнайы пән оқытушысы 

      «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, 

ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін 

ұлттың  дамуына  кедергі  болатын  өткеннің 

кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп 

мақалада  көрсетілгендей,  ұлттық  сананы 

жаңғырту,  қазақстандық дербес даму үлгісін 

қалыптастыруымыз керек. Сондай-ақ қазіргі 

жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап 

қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан 

жирену  оқушылардың  әрбір  қойылымынан 

көрініс тапты.  Оқушылар тәуелсіз еліміздің 

намысын  қорғайтын,  бүгінімізді  ертеңіне 

жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін 

жауап  беретін  бүгінгі  ұрпақ  екенін  сезініп, 

жүрекжарды  жырларын  арнады.  Отанын 

сүйетіндерін  өлең  жолдарымен  өрнектеді. 

Қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы 

Дала деп, ал ата-бабаларымызды Ұлы Даланың 

ұрпақтары деп атаса, қазіргі жас буын Ұлы 

Даланың мұрагерлері, жалындаған ұландары. 

 Роза ӘБЕноВА, 

Майгүл ДУЛАтоВА,

ы.Сүлейменов атындағы 

№37 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 

мұғалімдері

Дәстүрлі онкүндік өтті

 

„

№20 балабақшада «өзін-өзі тану: Махаббат пен 



шығармашылық педагогикасы»  дәстүрлік онкүндігі 

болды. 

Республика көлемінде өткізіліп жүрген дәстүрлі онкүндік 

өзін-өзі тану пәнінің негізін қалаушы, үлкен жүректі ана Сара 

Назарбаеваның туған күнімен тұспа-тұс келеді. Балаларға 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  түсіндіре  отырып, 

мейірімділік пен өзара адами қасиеттерді, қамқорлық жасау, 

көмек  көрсету  дағдыларын  дамытатын  шараның  басты 

мақсаты – тәрбиеленушілерді әдептілікке, сыпайылыққа, 

сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, 

махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу. 

Адамгершілік құндылықтың негізінде өзара түсіністік пен 

үйлесімділікте өткізілген онкүндіктегі шаралар балалардың, 

келген қонақтардың және ата-аналардың жүрегіне өшпес із 

қалдырды.



Мінәсіп ЕДІГЕЕВА,

№20 балабақша психологы

//   «jambYl-taraz»  // №13  (1405), 14 aqpan  2018 jYl  //

9

ӘлЕумЕТ


Адамзат білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы 

болуды тіл арқылы үйренеді. Ана тіліміз еліміздегі халықтардың 

барлық  іс-әрекетінің,  қарым-қатынасының  құралы  болуы 

тиіс.  Оның  мәдениетін  жоғары  сатыға  көтеру  –  әрбіріміздің 

борышымыз.

Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің 

шыңына  қол  созатын  азаматтың  әрекеті.  Ана  тілін  жақсы                       

білу  –  әркімнің  азаматтық  борышы,  қоғамда  атқаратын 

қызметінің тірегі. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің 

барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен орын алып 

отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның 

өркен жайып дамуына ықпал ететін басты қадамдар жасалуда.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, тілге деген 

құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз 

халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Байлықтың түрі көп, 

бірақ ең тұрақтысы – тіл байлығы. Әлем таныған ел болу үшін 

тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – тәуелсіздіктің тәжі. 

Айжан АЛИШЕВА,

тілдерді оқыту орталығының әдіскері

 

„

«Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» деп абай атамыз айтқандай, тілдің 



құдіреттілігі зор.  Тіл – адамның саналы өмірінің құралы.

ТІл  – ТӘуЕлСІЗДІКТІң ТӘЖІ

өзін-өзі тану әлемінде

 

„

№4 «Балдырған» балабақшасында «өзін-өзі тану: 



Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»  онкүндігінің 

өтілуіне байланысты мейірімділік туралы  іс-шаралар өткізілді. 

Алғаш болып топтың тәрбиешісі Нұргүл Пернебаева өзінің балаларға деген 

жан жүрегінің жылуын көркем сөздермен оқып жеткізді. «Қарлығаш» ересектер 

тобының балалары ана туралы, мейірімділік жайында жазылған өлеңдерді 

жатқа оқып берді. Ортаңғы топтың балаларына өздерін таныстырып, ықылас 

пен мейірімге бөледі. «Мейірімді сөздер» ойыны ойнатылып, бүлдіршіндер 

жарысты.  «Мейірімді өмір» тақырыбында түрлі суреттер салып көрсетті. 

Сурет салу арқылы өздерінің эмоциялық көңіл-күйлерін жеткізе алды. Қыз 

балалар ізгі сөздер айтса, ұлдар жағы туындаған жағдаяттарға жауап беріп, 

өздері ойнап көрсетті.  Ғажайып сөздерді жатқа айтып, «Жүректен жүрекке» 

қызыл жүрекшені ұсынып, жасаған қамқорлығы, сыйлаған қуанышы үшін 

бір-біріне алғыстарын білдіріп жатты. 

Әрине, қиын сәттерде демеу болған қамқоршы анаға адамзаттың айтар алғысы 

шексіз. Барлық балаға аналардың мейіріміндей мейірім, ыстық ықыластан 

артық бақыт жоқ. Өмір бойы анамыздың алдында бас иеміз. 

Айымжамал тАтЕКоВА, 

№4 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау