Газет 932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына рет шығады



жүктеу 11,45 Mb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата23.11.2018
өлшемі11,45 Mb.
#23535
1   2   3   4

ҚАРМАҚШЫ

таңы


4

7 ақпан, 2015 жыл

3180

128

Аудандық оқушылар үйінде жас 

ұрпақтың бойына отаншылдық 

пен ұлттық рухты сіңіру, тіл 

мен әдебиетті жете меңгерту 

мақсатында Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым 

министрлігі «Дарын» ғылыми-

тәжірибелік орталығының 

ұйымдастыруымен  бүгінде 

еліміздің барлық аймақтарындағы 

орта білім беру мектептерінің  

8-11 сынып оқушылары арасында 

өткізіліп жатқан республикалық 

«Ақберен» байқауының бірінші, 

яғни аудандық іріктеу кезеңі болып 

өтті.

Байқауда  оның  шарттары,    «Шешендік 

өнер» номинациясы бойынша әр талапкердің 

сөз саптау мәнері, өз ойын әдеби мәліметтерді 

келтіре  отырып  дәлелдеуі  және  сұрақ  қою, 

сұраққа  жауап  беру  шеберлігі  бағаланса,  

«Көркемсөз  оқу»  номинациясы  бойынша  әр 

талапкердің өзіне оқуға берілген шығармасын 

оқу мәнеріне көп көңіл бөлінді. 

Сонымен  қатар,  «Шығарма  жазу» 

номинациясы 

бойынша 


жазылған 

шығарманың  мазмұны  мен  талапкердің 

шығарманы  жазу  сауаттылығы  және  әдеби 

мәліметтерді 

орнымен 

пайдаланулары 

ескерілсе, 

«Ұлттық 


аспапта 

ойнау» 


номинациясында  әділқазылар  мүшелері  

байқауға  қатысушы  әрбір  талапкердің 

музыкалық  сауаттылығы  мен  аспап  арқылы 

ән-жырды орындау шеберлігі назарға алынды.

«Ақындар  айтысы»  номинациясында 

жас  айтыскер  ақындардың    сахнада  өздерін 

еркін ұстап,  қарсыласы айтқан шымшымалы 

сөздерге,    суырып  салып  айту  өнері  және 

жақсы  ой  айтуы  мен  сөз  көркемдігіне  көп 

назар  аударылса,  «Ақындар  мүшәйрасы» 

номинациясында  жас  жазба  ақындардың 

өлеңдерінің идеясы мен өлең жазу құрылысы, 

мазмұны  мен  тақырыбы  және  көркемдігі 

бағаланды.

Нәтижесінде  әр  номинация  бойынша 

төрелік  еткен  әділқазылар  шешімімен 

«Шешендік  өнер»  номинациясы  бойынша 

І  орынды  №80  мектеп-  гимназиясының  10 

сынып  оқушысы  Дина  Байғани  жеңіп  алса, 

ІІ  орынға  №99  орта  мектептің  9  сынып 

оқушысы  Меруерт  Кеңесова,  ал  ІІІ  орынға 

№121  орта  мектептің  10  сынып  оқушысы 

Назерке 

Махамбетқалиева 

көтерілді. 

«Көркемсөз  оқу»  номинациясы  бойынша 

үздік өнер көрсеткен №107 орта мектептің 8 

сынып оқушысы Әбдімәлік Бекарысов байқау 

жеңімпазы  атанса,  ІІ  және  ІІІ  орындарды 

№26  орта  мектептің  9  сынып  оқушысы 

Нұрай  Айтбаева  мен  №99  орта  мектептің 

10  сынып  оқушысы  Жұлдыз  Жақсылықтар  

иемденді.  Сонымен  қатар,  «Шығарма  жазу» 

номинациясы бойынша  І орынды №27 орта 

мектептің 9 сынып оқушысы Фариза Тілеубек 

жеңіп алса, қалған жүлделі екі орынды №121 

орта  мектептің  9  сынып  оқушысы  Фариза 

Каммунаева  мен  №28  орта  мектептің  10 

сынып  оқушысы  Ақмарал  Байназаровалар 

еншіледі.  Ал,    «Ұлттық  аспапта  ойнау» 

номинациясы  бойынша  өткен  байқауда  №26 

орта мектептің 10 сынып оқушысы Нұрасыл 

Серік  үздіктер  көшін  бастаса,  жүлделі  ІІ 

және  ІІІ  орындарға  №269  орта  мектептің  9 

сынып оқушысы Жанат Оразбекова мен №108 

орта мектептің 10 сынып оқушысы Альбина 

Дямуршаева ие болды 

Сондай-ақ,  «Ақындар  айтысы»  бойынша 

өткізілген  байқау    қорытындысымен    №80 

мектеп-гимназиясының  11  сынып  оқу -

шысы  Досахан  Төлегенов    жеңімпаз 

атанса,  жүлделі  ІІ-III  орындарға  №107  орта 

мектептің   оқушысы Ә.Қасымбеков пен №28 

орта  мектептің  оқушысы  Ж.Тұрлығұлова 

көтерілді. 

Ал, «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы 

бойынша  І  орынға    тағайындалған    жүлдені 

№80 


мектеп-гимназиясының 

оқушысы 


Мөлдір Әбілқайыр жеңіп алса, қалған жүлделі 

орындарды  №26  орта  мектептің  оқушысы 

Ә.Қасымбеков  пен  №28  орта  мектептің   

оқушысы  Аружан  Хамитова  мен  №108  орта 

мектептің  оқушысы    Мақсат  Қосымбаев 

иеленді.


Байқау  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері 

аудандық  білім  бөлімінің  дипломдарымен 

марапатталды.

Нұр ЖАН.

Ауданымызда  оң  саусағынан 

өнер  тамған    азаматтар  жетерлік. 

Солардың  арасында      көлік  жөндеу   

шеберлігімен    көптің  алғысын 

арқалап,  абыройға  бөленіп  келе 

жатқан  Абай  Жұмабековтың  есімі 

аудан тұрғындарына жақсы таныс. 

Сонымен  қатар,  Абай    Өтенұлы 

өзі  нәсіп  тауып  отырған  кәсібінен 

басқа    бала  кезінен    өміріне  серік 

еткен,  бүгінде  кәсіби  тұрғыда 

айналысып  келе  жатқан    сүйікті 

істерінің  бірі  кептер  асырау.  Қазіргі 

таңда  Абайдың күтімінде  кептердің 

20-дан  астам,  яғни  «Капкан»,  

«Челкар», «Индианна», «Гүлбадам», 

«Бұқаралық барабан»  және  тағы да 

басқа   түрлері бар. 

Міне,  жуырда  кәсіби  кептерші 

Абай  Жұмабеков  өзінің  жерлесі 

Жандарбек 

Қарымсақовпен 

бірге 


Алматы 

қаласында  

«Жетісу»  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен 

өткізілген  

кептершілердің 

 

халықаралық   



көрмесіне  қатысып,  әділқазылар 

алқасының  шешімімен  кептердің 

«Индианна»  атты тұқымы бойынша 

жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты.

Осы  ретте,  мен  Абаймен 

жолығысып,      аталмыш  көрме 

жайлы  айтып  беруін  сұрағанымда 

ол:  -Мен  кептер  асыраумен  бала 

кезімнен  айналысамын.  Олар  мен 

үшін  отбасымның  бір  мүшесі 

болып  саналады.  Әрине,  мен 

кептерлерімнің  өсіп-өнуіне  жағдай 

жасап  қана  қоймай,    олармен 

мақтанамын.  Кептерлерім  менің 

өмірдегі  серіктерім,  сырластарым. 

Кей  кездері бойымда бір  қолайсыз 

жағдай  туындай    қалған  кезде    мен 

кептерімнің 

қасында 

отырып, 


олармен 

әңгімелесем, 

олардың 

гуілін  естіп  бойымда  жиналған 

кедергілерден  арыламын.    Ал, 

енді  Алматы  қаласында  өткен 

халықаралық  көрмеге  тоқталар 

болсам,  көрме  1990  жылдардан 

бері  ұйымдастырылып  келеді.  Жыл 

сайын  аталмыш  шараға  жақын 

және  алыс  шет  елдерден  келген 

кәсіби  кептер  асыраушылар  жиын 

өткізеді.    Өздері  асырып-бағып 

отырған  кептерлері  арасында  сайыс 

ұйымдастырады.    Осындай  көрме 

өткен  жылы  Қызылорда  қаласында 

да  болып  өтті.  Онда  да  биылғыдай  

мен  және  жерлесім  Жандарбек 

екеуіміз 

өзіміздің 

бағымызды 

сынап,  жүлделі ІІІ орынды иелендік. 

Мұндай    көрмелер  біздер  үшін  өте 

қажет.


Шарада 

біз 


өздеріміздің 

әріптестерімізбен    бірге  алдымызға 

қойған  мақсаттарымыз    бойынша 

ойымызды  ортаға  салып,  ұсыныс-

пікірлерімізді айтамыз.  Үлкендердің 

ақыл-кеңестерін тыңдаймыз. Ауылда 

қалған 

әріптестерімізге 



алған 

әсерлерімізді  жеткіземіз.  Ақыл 

бөлісеміз.  Кептер  мен  үшін    баға 

жетпес қазына,- деді. 

Расында  да,  Абай  өзі  бағып, 

күтімге  алған    кептерлерді  балаша  

баптап,  олардың  бағымына  ерекше 

жағдай 


жасайды. 

Күндіз-түні 

қастарында  болып,  солармен  бірге 

өмір сүреді. 

Ия, кептер әлемдегі сұлулық  пен 

бейбітшілік  символдарының  бірі. 

Осындай  сұлулыққа  бала  кезінен 

құштар  болып  өскен  Абай  Өтенұлы 

қазіргі  таңда  отбасында    Ақбөпе 

анамыз және  жары Гүлнармен бірге 

бірнеше    ұл-қыз  тәрбиелеп  отырған 

бақытты отбасы.



Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

КӨРМЕ ЖҮЛДЕГЕРІ

«АҚБЕРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Жуырда  №105  орта  мек тепте  жылдағы  дәстүрмен  

11  сынып  жетекшілері  Гүл

  

нұр  Дүгенбаева  мен  Нұр-



жан  Түлековтардың  ұйым дастыруымен  «Маман-

дықты таңдауда қателікке ұрынба!» тақырыбында   би-

ылғы жылғы бітіруші түлек тер мен  бүгінде еліміздің 

әр  аймағында  жоғары  оқу  орындарында  білім  алып 

жүрген мектеп түлектерінің қатысуларымен кеш болып 

болып өтті.

Кешті  мектеп  директоры  Гүлжаһан  Мұнарбаева 

ашып,  аталмыш  орта  білім  ордасы    бойынша 

оқушыларға сапалы білім беру мақсатында атқарылып 

жатқан  ауқымды  жұмыстар  туралы  сөз  қозғап, 

мектеп  ұстаздары  мен  оқу шылар

  

дың  қол  жеткізген 



жетістіктері жайлы, сонымен қатар бүгінде еліміздің әр 

қалаларында жоғары, арнаулы білім алып  және еңбек 

етіп жатқан   мектеп түлектері жайлы әңгімеледі.

Содан соң 11 сынып жетекшісі Гүлнұр Дү генбаева 

слайд  арқылы  еліміздің  әр  қалаларында  орналасқан 

жоғары  оқу  орындары    және  оларды  оқытатын 

мамандықтар туралы  мәлімет берді.

Келесі  кезекте    мектеп  директорының    бейінді 

оқыту және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Дәулет 

Байғараев  пен  Гүлмира  Бә кірова,    мектеп  психологі 

Сәуле  Күзен баевалар    оқушы лар  тарапынан  «Адам 

өзін бел гілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы 

керек  деп  ойлайсыз?»,  «Мамандықты  таң дауыңызға 

не себеп?», «Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, 

нені  үйренуі  қажет?»,  «Мамандығыңызға  өзіңіздің 

жүре  к  қалауыңызбен  бардыңыз  ба?»  және  басқа  да 

қойылған  сұрақтарға  нақты  да  тұщымды  жауаптар 

беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. 

Кездесу 

барысында 

мек  теп бітірушілер  оған 

қа  тысушы  қонақтарға,  яғни  Көкшетау  қаласындағы  

Көкше академиясының ст удент тері Құндызай Әб дірей, 

Шынар    Нақыпова,  Перизат  Байдуллаева,  Ал маты  

Азаматтық  авиация  академиясының  студенті  Сағ-

дат  Қасымханов  және  халықаралық  ақпаратт ық  тех-

нологиялар  мен  Қызылорда  қала сындағы  «Болашақ» 

университеттерінің  студент тері    Ақмарал  Шәріпова 

мен  Гүлнұр  Қадіроваларға  «Бізге  мамандық  таңдауда 

қандай  кеңес  бере  аласыз?»,  «Таңдаған  пәніңіз 

қандай және өзіңіз қалаған маман дық бойынша білім 

алып  жатырсыз  ба?»    және  басқа  да  өздерінің  көкей-

лерінде  жүрген  сауалдарын  қойып,  көңілге  қонымды 

жауаптарын алды.

Кешті  11  сынып  оқушысы  Бауыржан  Ибрагимов 

жүргізіп,  биыл ғы  жылы  мек теп  бітірушілері  Жазира 

Алпамысова, Меруерт Құн дыбекова, Руслан Өтегенов 

және басқалар тақырып аясында көтерілген мәсе лелер 

бойынша  өздері нің пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға 

салды.  


Шара соңында оған қа тысушылар «Психоло гиялық 

сәт»,  яғни  «Психогеометрия»  тақы р ы бын да  өзін-өзі 

тану  сабағы  мен    «Мамандықтар  тізбегі»  атты  ойын 

ойнап, білімдерін көтерді. 



Н.ЖАНӘДІЛОВ.

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ — БОЛАШАҚ 

ӨМІР ЖОЛЫҢДЫ ТАҢДАУ

Жақында  аудандық  дене -

шынықтыру  және  спорт  бөлі-

мінің  ұйымдастыруымен    аудан 

бойынша  қылмыстық  ат қару 

инспекциясында есепте тұра тын  

азаматтар  арасында  дойбыдан 

аудандық жарыс бол ып өтті.

Жарысқа  28  адам  қатысты. 

Тартысты  да  қызықты  сәттерге 

толы  жарыс  қорытындысымен 

барлық  қарсыластарын  ұтқан  

Е.Алдамжаров  І  орынды  жеңіп 

алса,  ІІ  орынға  У.Әмірбеков,  ал 

жүлделі  ІІІ  орынға  Б.Аралбаев 

пен Ә.Тәңірбергендер ие болды.

Сонымен  қатар,  жарыс  ба-

рысында  жүлдегерлер    мен  

өздерінің  үздік  ойындарымен 

жақсы  көрсеткішке  ие  болған 

спортшылар  Қ.Дагиров,  Н.Көп-

босынов,  Қ.Жетібаев,  Б.Үсенов 

және  Қ.Табынбаевтар  аудандық 

денешынықтыру  және  спорт 

бөлімінің 

дипломдарымен, 

арнайы 

номинацияларымен 



марапатталды.

А.ИСТИБАЕВ,

аудандық 

денешынықтыру және спорт 

бөлімінің инспекторы.

НАШАҚОРЛЫҚ ІНДЕТ-

ОНЫ ЖОЮ МІНДЕТ

Жақында аудандық оқушылар үйінде 

VII  «Жарқын  болашақ»  респуб ликалық 

«Katev»  қазақ  тілі  олим

 

пиадасы  болып 



өтті.

Аталған 


«Жарқын 

болашақ» 

олим пиадасы  «Katev»  Халықаралық 

қоғамдық  қоры  тарапынан  жыл  сайын 

Қазақстан Республикасының жалпы білі 

беретін  оқу  орындары  оқушыларының 

арасында өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты мем лекеттік 

тілдің  қолданылу  аясын  кеңейту,  қазақ 

халқының  мәдени,  әдеби  және  рухани 

қазыналарын 

кеңінен 


насихаттау, 

оқушылардың  шығармашылық,  ізден-

ушілік  қабілеттерін,  мәдени  дүние-

танымын  дамыту  болып  табылады.  Ал, 

міндеттері оқушылардың қазақ халқының 

тіліне,  әдебиетіне,  салт-дәстүрлеріне, 

тарихына  және  мәдениетіне  деген 

қызығушылығын  арттыру,  оларды  үй-

реніп  білуге  ынталандыру,  тұлғаның 

өз-өзін  дамытуына  және  өзіндік 

қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

Олимпиада  «Тілші-әдебиетшілер», 

«Жазу шылар»,  «Жас  ғалымдар»,  «Сөз 

шеберлері»,  «Әнші  бұлбұлдар»  кон-

курстары  бойынша  ұйымдастырылып, 

осылардың  ішіндегі  «Жазушылар»  кон-

кур сы  қазақ  тілін  ана  тілі  және  шет 

тілі  ретінде  үйренген  оқушылардың 

шығармашылық 

қабілетін 

бағалау 

мақсатында  өткізілген  олимпиадаға 

тоқталсақ,  бұл  конкурс  аудан  мек-

тептерінің  7-11  сынып  оқушылары  ара-

сында өткізілді.

Ол  жасөспірімдерді  отансүйгіштік, 

ерлік,  қаһармандық  рухына  тәрбиелеу, 

жазуға  талапты  балалардың  қабілет-

қарымын  ұштау,  қазақ  тіліне  деген 

қызығушылықтарын 

арттыру, 

шығарма шылық  ізденіске  жұмылдыру 

мақсатында  оқушылар  өз  ойын  қара 

сөзбен  және  өлең  түрінде  жазу  арқылы 

жеткізді. 

Олимпиадада 

оқушылар 

туын дыларының 

әдеби-көркемдік 

жағы,  тәрбиелік-та нымдық  мазмұны 

бағаланып,  қазақтың  әдебиеті,  тарихы, 

мәдениеті, 

Тәуелсіз 

Қазақстанның 

жетістіктері, 

еліміздегі 

ұлтаралық, 

дінаралық  келісімнің  маңыздылығы, 

бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, 

руханият, әдеп тілік қағидалары, зиянды 

әдеттер та қырыптары бойынша  таңдап, 

А-5  форматындағы  парақтың  3  бетінен 

кем  қылмай  120  минөт  ішінде  жазбаша 

орындап шықты.

Онда  қазылық  жасаған  аудандық 

«Қармақшы  таңы»  газетінің  тілшісі 

А.Кетебай және аудандық оқушылар үйі 

«Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі 

П.Жаудатовалардың 

шешімімен 

өз 

ойларын  нақышына  келтіре  жеткізген 



18  оқушының  ішінен  І  орын  №26  орта 

мектептің  9  сынып  оқушысы  Нұрай 

Айтбаеваға,  ІІ  орын  №80  мектеп- 

гимназиясының  11  сынып  оқушысы 

Жосхан  Тө легенов  пен  №108  орта 

мектептің  10  сынып  оқушысы  Мәншүк 

Нұрмұратоваға және ІІІ орын №269 орта 

мектептің  9  сынып  оқушысы  Алтынай 

Төретаева, №29 орта мектептің 8 сынып 

оқушысы  Зарина  Азаматова,  №105 

орта  мектептің  11  сынып  оқушысы 

Меруерт  Құндыбековаларға  берілді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық 

білім 


бөлімінің 

Дипломдарымен 

марапатталды.

Алтыншаш ЖАБАҒИЕВА.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА

2014-2015  жылдардың  жылу  беру 

маусымы  басталысымен  аудан 

тұрғындарының  көмір  қышқыл 

газына  улану  жағдайлары  орын 

алуда.  Осындай  оқиғалардың  үш 

ай  ішінде  11  орын  алып,  оның 

біреуінде  2  адам  қайтыс  болса, 

қалған  10  оқиғада  24  адам,  оның 

ішінде 15 ер азаматы 9 жасөспірім 

түрлі  дәрежелі  көмір  қышқыл 

газына  улану  диагнозымен  емдеу 

орындарына жүгінген. 

Бұл  оқиғалардың  негізгі  себебі: 

пеш  құдықтарының  бітелуі  мен 

дұрыс салынбауы  болып отыр.

Сол 


себепті 

тұрмыстық 

пештеріңізге  назар  аударып,  от 

жағу кезінде пештің түтін жүретін 

жолдарын  уақытылы  тазартып, 

пешті 


білікті 

мамандарға 

салдырып,  қарапайым  сақтық 

ережелерін ұмытпаңыздар.

Төтенше  жағдай  орын  алғанда 

101  немесе  112  телефонына 

хабарласыңыздар! 

Е.НАЗАРҚҰЛОВ,

аудандық төтенше жағдайлар 

бөлімінің аға инженері, өртке 

қарсы қызмет капитаны.

КӨМІР ҚЫШҚЫЛ 

ГАЗЫ-АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІПТІ

Жуырда  №121  орта  мектепте  аудандық 

жыраулар 

үйінің 


ұйымдастыруымен 

«Елімнің  сырын  еттім  жыр»  тақырыбында 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына  байланысты 

жауынгер ақын Әбзәли Егізбаевтың өмірі мен 

шығармашылығын  насихаттап,  таныстыру 

мақсатында  аталған  мектептің  5-7  сынып 

оқушыларымен кездесу болып өтті.

Кездесуді  мектеп  директорының  тәрбие 

ісі  жөніндегі  орынбасары  Айбол  Қозыбақов 

ашты. Аудандық жыраулар үйінің директоры 

Серік  Жақсығұлов  оқушыларды  шараның 

мақсатымен  таныстырып,  жауынгер  ақын 

Ә.Егізбаевтың  өмірі  мен  шығармашылығы 

туралы айтты.

Содан  соң  аудандық  жыраулар  үйі 

директорының  орынбасары,  жырау  Бидас 

Рүстембеков  Ә.Егізбаевтың  жастық  шағы 

мен  соғыста  Батыс,  Шығыс  майдандарында 

болғаны,  сонда  шығарған  өлеңдері  туралы, 

еліне  өлеңмен  жазған  хаттары,  оның 

жараланып, госпитальда жатқаны, кейін 1945 

жылы  жапон  соғысына  қатысып,  қайтыс 

болғаны жайлы әңгімелеп берді.

Шарада елімізге танымал жырау Айгерім 

Ешбаева  Сейтжанның  «Өсиет»  термесін, 

№27 орта мектептің 8 сынып және аудандық 

жыраулар үйінің 4 сынып оқушысы Арайлым 

Тұрсынбекова  Ә.Егізбаевтың  «Сағынтты» 

өлеңін, №26 орта мектептің 8 және 7, аудандық 

жыраулар үйінің 2 сынып оқушылары Мәлика 

Алдамжарова 

Тұрмағамбеттің 

«Тәлім» 

жырын, ал Нұршат Қылышбаева Мұзараптың 

«Балымша» әнін нақышына келтіре орындады.

Кездесуде 

мектептің 

6-7 


сынып 

оқушылары  Мәди  Асанов,  Гүлжахан 

Боханова,  Гауһар  Мүсілімова,  Нұрсұлтан 

Абдуллаевтар  өздерінің  Ә.Егізбаев  жайлы 

сұрақтарын  қойып,  оған  тұщымды  жауаптар 

алды.


Жиында  мектеп  кітапханашысы  Гүлнұр 

Досжанова  шараны  ұйымдастырушыларға 

алғысын айтты.

А.КЕТЕБАЙ.

ЖАУЫНГЕР ЖЫРЛАРЫ- 

ОҚЫРМАНДАР ЖҮРЕГІНДЕ

Ауданда ең арзан бағалы газ.

Қызылорда  “Тұрангаз  жауапкершілігі 

шектеулі” 

серіктестігі 

тұрмыста 

пайдаланылатын сұйытылған газ бағасының 

арзандағанын естеріңізге салады. Енді кіші 

баллон  840  (сегіз  жүз  қырық)  теңге,  үлкен 

баллон  1680  (бір  мың  алты  жүз  сексен) 

теңгеден сатылады. Газды бізден алыңыздар!

Қызылорда “Тұрангаз” ЖШС.

АУДАН 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 

НАЗАРЫНА!

Балаларға  және  ересек  адамдарға  (дисплозия,  ДЦП,  остеохондроз, 

протрузия, грыжа, буын ) т.б ауруларға арналған массаж және сүлік саламыз. 

Хабарласу телефондары: 2-19-35,    8 771- 479-42-29.

СҮЛІК және МАССАЖ

Қорқыт  ата  көшесі,  52/3  мекен-жайындағы 

бұрынғы  “Жадыра”  дүкені  қазір  “Дильназ” 

компьютер  жөндеу  орталығы  болып  ашылғанын 

хабарлайды. Біз компьютер (ноутбук) жөндеумен 

қатар  картриджге  сия  құю,  программалар 

(лицензиялы) және антивирустар орнату, принтер 

жөндеу, буклет, түсті фотолар шығару, ламинаттау, 

түптеу  (переплет)  қызметтерін  көрсетеміз. 

Хабарласу 

телефондары: 

8-705-729-77-00, 

8-775-591-85-43 Мейрбек.

“ДИЛЬНАЗ” КОМПЬЮТЕР 

ЖӨНДЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Жұмабаев  Тынымбек  Абдул-

лаұлының 

атына 


15.03.2005 

жылы  берілген  №548  санды 

жылжымайтын  мүлікті  мұраға 

қалдыру  куәлігінің  жоғалуына 

байланысты іске аспасын.

Қармақшы  ауданы,  Жосалы  кенті, 

Демалыс үйінің жер учаскесіне меншік 

құқығын,  тұрақты  жер  пайдалану 

құқығын  беретін  Акт  кадастрлік  №10-

151-033-064  жоғалуына  байланысты 



іске аспасын.

ІСКЕ АСПАСЫН

жүктеу 11,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау