Газет 932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына рет шығады



жүктеу 11,45 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата23.11.2018
өлшемі11,45 Mb.
#23535
  1   2   3   4


ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

Газет аптасына 2 рет шығады

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

ҚАРМАҚШЫ  АУДАНДЫҚ  ГАЗЕТІ

ПРЕЗИДЕНТ

№10

(9363)

Сенбі

7 ақпан

2015 жыл

АЙМАҚ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Қазақстан темір жолы» 

теміржол құрамдарына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын машина 

жасау  зауыты  ашылады,  деп  хабарлады  облыстық  әкімдіктің  баспасөз 

қызметінен. 

Қазір кәсіпорын құру бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 

«Байқоңыр»  ӘКК  мен  «Азиаш»  ЖШС  арасында  жобаны  бірлесіп 

жүзеге асыру туралы келісім бекітілді. Сондай-ақ жобаға қатысу ниетін 

білдірген  «StrojirnaTYC.  s.r.o.»  компаниясымен  де  бірлескен  қызмет 

туралы меморандумға қол қойылды. 

«Жаңа  зауыт  -  Қызылорда  облысында  іске  асырылатын  ҮИИД  МБ 

аясындағы  бірқатар  жобалардың  бірі,  -  дейді  облыстық  ішкі  саясат 

басқармасы  басшысының  орынбасары  Айдын  Қайруллаев.  -  Бұл  тек 

өңіріміздің  экономикасы  үшін  ғана  емес,  азаматтардың  әлеуметтік  әл-

ауқаты  үшін  де  маңызды.  Себебі  жаңа  өндірістің  арқасында  жұмыс 

орындары  ашылады.  Мысалы,  2014  жылы  Қызылорда  облысында 

жалпы  құны  6,7  млрд.  теңгенің  12  индустриялық  нысаны  пайдалануға 

берілді, нәтижесінде 700-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылып, аймақ 

тұрғындары еңбекпен қамтылды». 

АСТАНА. 


ҚазАқпарат 

Астанада  өтіп  жатқан  Қазақстан 



халқы  Ассамблеясы  жылының  салтанатты  ашылуы  рәсімінде  ҚР 

Мемлекеттік  хатшысы  Гүлшара  Әбдіқалықова  ҚР  Президенті  -  ҚХА 

Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.

«Біз осы бір жылды өміріміздегі ең маңызды құндылықтар: Тәуелсіздік, 

еркіндік,  бірлік,  Қазақстан  халқының  бейбітшілігі  мен  келісіміне 

арнайтын  боламыз.  20  жыл  ішінде  ҚХА  шын  мәнінде  жалпыхалықтық, 

жалпыазаматтық,  саясатүсті  орган  болып  қалыптасты,  Конституциялық 

дәрежеге жетті», - делінген құттықтауда. 

Елбасының  жазуынша,  бүгінде  ҚХА  -  жалпыхалықтық  өкілеттіліктің 

институтына, азаматтық қоғамның авангардына айналды.

«Сондықтан  ҚХА  жылы  -  біздің  ортақ  мерекеміз,  барлық  17  млн. 

қазақстандықтың  ортақ  ісі,  әрбір  азамат  еліміздегі  бейбітшілік  пен  туған 

жеріміздегі келісім алдындағы жауапкершілігін толық сезінуі тиіс», - дейді 

Елбасы.


ҚОҒАМНЫҢ 

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР 

ӨНДІРІСІ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

Кеше ауданымызда туған 

елдің туы астында бірігіп, 

туған жердің тұғырын 

биіктетіп, қасиетті қазақ жерін 

татулықтың тал бесігі мен 

бейбітшілікке бөлеген Қазақстан 

халқы Ассамблеясы жылының 

ашылу салтанаты «Менің елім-

Мәңгілік ел» тақырыбымен 

орталық алаңда аталып өтілді. 

1995  жылдың  наурызында  дү-

ние жүзіне  үлгі  болып,  ұлтаралық 

татулық 


пен 

тұрақтылықтың 

мекені-Қазақстанда 

халықтар 

Ассамблеясы 

құрылды. 

Бұл 

ешбір  елде  болмаған  ерекше, 



саяси  маңызы  зор  құрылым  еді. 

Ассамблея  мүшелері  біздің  ортақ 

үйіміз 

Қазақстанда 



шынайы 

достықтың  үлгісі  қалыптасуына 

барынша  үлес  қосып  келеді. 

Бүгінде әрбір ұлт өкіліне өздерінің 

салт-дәстүрлерін 

жаңғыртуға, 

мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, 

тілін 


жетіл діруге 

барлық  


мүмкіндіктер бар. 

Елбасымыз  Қазақстан  хал-

қы  Ассамблеясының  бірінші  сес-

сия сында  (24  наурыз,  1995  жыл) 

сөйлеген  сөзінде  «Біздің  қоғамды 

біріктіретін  тұтқалардың  бірі-

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

болу ға  тиіс»  деп  атап  өткен  еді. 

Қазақ жерінде ынтымағы жарасқан 

барлық  халық  бір  мақсатқа 

ұмтылып,  Ассамблея  атанған 

үлкен 


ұйымның 

қанатының 

астында сүттей ұйып отыр. 

Маңызы зор, мәні терең шараға 

ауданымыздағы  14  ұлттың  өкіл-

дері  қатысып,  орталық  алаңға 

халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы 

аудандық  ұйымының  төрағасы 

Әбдірахман  Құлдүйсенов,  кәріс 

ұлтының өкілдері, Жосалы кентінің 

тұрғыны Цой Виталиймен«Достық 

Жер  МК»  ЖШС  бригадирі  Кан 

Виктор,  шешен  ұлтының  өкілі 

Вахид  Губанов,  түрік  ұлтының 

өкілі,  №108  орта  мектептің 

мұғалімі  Эльдар  Нажипов,  татар 

ұлтының өкілі, ІІІ Интернационал 

ауылдық  округінің  дәрігерлік 

амбулаториясының  мең герушісі 

Зульфия  Муханбетова  сынды  әр 

түрлі  ұлт  өкілдері  бір ге  көтерген 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

туы  әкелінді.  Ол  тез  тұғырға 

орнатылып, биікте желбіреді.

Әр  түрлі  халықтардың  ұлттық 

билері  биленіп,  әні  шырқалды. 

Осы ән аясында жастар флеш моб 

көрсетіп,  ортаға  шаңырақ  алып 

шығып, әр ұлт өкілдері уықтарын 

қадады.    Аудандық  «Жастарды 

қолдау  орталығы»  мемлекеттік 

ком муналдық  мекемесінің  ұйым-

дастыруымен көкке кептерлер мен 

шарлар ұшырылды. 

Аудан 

әкімінің 



міндетін 

атқарушы  Әділ  Қошалақов,  «Нұр 

Отан»  партиясы  аудандық  фи-

лиалы 


төрағасының 

бірінші 


орынбасары  Күлжауһар  Раева, 

халық аралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы 

аудандық  ұйымының  төрағасы 

Әбдірахман Құлдүйсенов, Жосалы 

кентінің  тұрғыны,  еңбек  ардагері 

Вахид  Губановтар  құттықтау  сөз 

сөйледі.

Мерекелік  салтанатта  аудан 

көр кемөнерпаздарының 

орын-


дауын  да  «Қазақстан  достық  ме-

кені»,  «Родина  моя»,  «Жасай 

бер,  Қазақстан»  атты  әсем  әндер 

шырқалды. 



Тілшілер тобы. 

ЕЛ ТІРЕГІ 

 —

 ТАТУЛЫҚ


 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанатынан

Ел егемендік алғалы 140 этнос пен 

17  конфессияның  өкілдері  тұрақтылық 

пен  бірлікті  сақтап,  тату-тәтті  өмір 

сүріп  келеміз.  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  Жарлығымен  2015  жыл- 

«Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

жылы» деп белгіленді.

Елбасы өзінің мемлекет құру ісінде 

ұлтаралық  келісім  мәселесіне    басты 

назар аударып келеді. Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  кезекті  сессиясында 

сөйлеген  сөзінде  Президентіміз  «Мені 

еліміздің  әрбір  аймағын  мекен  еткен, 

ұлты,  нәсілі  кім  екеніне  қарамастан 

мемлекеттік  тілде  еркін  сөйлейтін 

жастардың  күн  өткен  сайын  көбейіп 

келе жатқаны қуантады» деген болатын. 

Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар 

өкілдерінің  өз  тілдерін,  мәдениеттері 

мен  діндерін  сақтап,  дамытуына 

толыққанды жағдай жасалған.

Бір  тудың  астында  бір  үйдің 

бауырларындай  күн  кешіп  жатқан 

өзге  ұлт  өкілдерінің  бірі  –  орыс  халқы 

болса,  ауданымызда    жас  бола  тұра 

жауапкершілікті 

жұмысты 


жүйелі 

жүргізіп  келе  жатқан  осы  ұлттың 

өкілі,  Жосалы  темір  жол  вокзалының 

басшысы  Хамов Денис Николайұлы. 

Денистің  ата-анасы  орыс  жігіті 

Николай мен кәріс қызы Валентинаның 

өсірген  екі  ұлының  екеуі  де  қазақ 

қыздарын  жар  етіп  таңдапты.  Кіл 

қазақтардың  қатарында  өскен  Денис: 

-  Ұлтымның  орыс  екені  есімнен 

шығып  кететін  кездер  жиі  болады. 

Үнемі  қазақ  тілінде  сөйлегендіктен, 

достарым  мен  әріптестерімнің,  өскен 

ортамның  барлығы  қазақ  ағайындары 

болғандықтан  өзімді  қазақ  жігіті 

ретінде  сезінемін.  Қазақ  халқы-  текті 

халық.  Оны  ешкім  жасыра  алмайды. 

Қазақ қызымен отбасын құруымның да 

өзіндік  себебі  бар.  Әдемі  қылығымен, 

ерекше бұрымымен, қара көзімен, сұлу 

сөзімен  жүрегімді  баулап  алған  қазақ 

қызы  Эльмирамен  отбасын  құрамын 

деп шешкенімде ата-анам еш қарсылық 

білдірмеді.  Қонақжай,  ауыздарын  ашса 

жүректері  көрінетін  ұлттың  қызын 

өмірлік  серік  етем  дегеніме  қуанды.  

Эльмира  да  теміржол  саласының 

маманы.  Жалпы,  біздің  отбасымызды 

теміржолшылар  әулеті  деп  айтуға 

болады. Қазір 4 баланың ата-анасымыз. 

Үлкеніміз  №250  мектеп-лицейдің 

сыныбында оқиды, -дейді. 



Денистің  анасы  Валентина  35 

жыл  Жосалы  темір  жол  вокзалында 

абыройлы қызмет еткен жан. Анасының 

еңбектегі  жолын  жалғастырған  Денис 

оқу  бітіріп  келгеннен  соң    алғашында 

вокзал кезекшісі, анықтама бюросында 

халыққа қызмет көрсетсе, 2011 жылдан 

бері басшылық қызметті атқарып келеді. 

Еліміздің күре тамыры саналатын темір 

жолда  қызмет  ету  оңай  емес.  Жас 

басшы қарамағындағы 17 қызметкерден 

ең 


бірінші 

өз 


жұмыстарына 

жауапкершілікпен қарауды талап етеді. 

Туған  жерін  сүйеді,  қазақ  тілін 

қастерлейді, отбасын бар байлығым деп 

санайды. 

Ел  басына  күн  туған  қилы 

замандарда да халқымызды ұлт ретінде 

сақтап  қалған  ынтымағы  мен  бірлігі. 

Жаугершілік  заманда  басы  ауған 

жаққа  көшіп  жүріп  те  берекесі  мен 

қазанын  ортайтпаған,  біреуді  өзекке 

теппей,  өзгенің  қызылына  қызықпай, 

ұтымды  іспен,  орамды  оймен,  терең 

кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған 

кеңдігімен  еліміздің  тамырын  жаза, 

бұтағын  жайқалтып,  құшағын  кеңейтіп 

келеді. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, 

төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп 

бабаларымыз  ел  бірлігі  жөнінде  өте 

орынды айтқан. Олай болса Қазақстанда 

тұратын  әрбір  өзге  ұлт  өкілі  Денис 

секілді  туған  жерін  жүрегімен  сүйіп, 

оның  тілін,  дінін,  дәстүрін  қастерлесе-

біздің басты байлығымыз осы.



Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ 

БОЛСА ТӨБЕДЕГІ 

КЕЛЕДІ


Жуырда  «Жастарды  қолдау 

орталығы»  аудандық  бөлімінің 

ұйымдастыруымен 

Елбасы 


Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы  жол-

бо ла шақ қа  бастар  жол»  атты 

Жолдауын  Ақтөбе,  ІІІ  Интер-

национал,  Дүр  Оңғар,  Иіркөл 

ауылдық  округтеріндегі  жастар 

арасында  кеңінен  насихаттау  мақ -

сатын да  жастармен  кездесу  болып 

өтті.


Шара алдымен Ақтөбе ауылдық 

округінде  болып,  онда  «Жастарды 

қолдау 

орталығы» 



аудандық 

бөлімінің  меңгерушісі  Мұхтар 

Ибраев  ҚР  Президентінің  «Нұрлы 

жол-болашаққа 

бастар 

жол» 


атты  Жолдауы  туралы  жастарға 

түсіндіріп,  оның  ішінде  елімізде 

жол  мәселесінің  оң  шешімін 

тауып, оған көптеген қазақстандық 

азаматтардың  жұмыспен  қамтыла-

тынын  тілге  тиек  етті.  Және  де 

жастарға  мемлекеттік  тіліміздің 

дамуы,  сонымен  қоса  орыс  және 

ағылшын тілдерін тереңірек үйрену, 

дін,  діл,  интернет,  әлеуметтік  желі 

туралы да түсініктемелер берді.

Аудандық 

 

кәсіпкерлік, 



өнеркәсіп  және  туризм  бөлімінің 

басшысы  Диас  Молдабаев  өз 

саласына  байланысты  халықтың 

кәсіп  ашып,  кәсіп  арқылы  нәсібін 

табатыны  туралы  айтып  өтті. 

Мемлекеттік 

бағдарламалар, 

«Үдемелі  индустриалды-ин нова-

ция лық 

даму 


бағдарламасы», 

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдар-

ламасының  4  бағыты  туралы 

түсініктемелер  бе ріп,  шағын  және 

орта  бизнеске  100  млрд.  теңге 

бөлінетінін және халықтың кәсіппен 

айналысуларына  мүмкіндіктер  мол 

екенін айтып, кәсіпкер атануларына 

тілектестігін білдірді.

Аудандық  жыраулар  үйінің  ма-

маны,  «Жас  Отан»  жастар  қанаты 

аудандық  бөлімінің  атқарушы 

хат шысы  Айдынбек  Скендіров 

жалынды 


жастарды 

бірлесе 


жұмыс жасап, еліміздің гүлденуіне 

атсалысуға шақырды.

Шарада Ақтөбе ауылдық округі 

әкімі аппаратының кәсіпкерлік және 

жастар  мәселесімен  айналысатын 

маманы 


Қанат 

Аралбаевтың 

хабарламасы 

тыңдалып, 

ауыл 

әкімі  Сәрсенкүл  Есқалиева  кез-



десуде 

ауыл 


тұрғындарының 

кәсіппен  айналысуына  дәнекер 

болып  жүрген Қанат Аралбаевтың 

жұмысына оң бағасын берді.

Сонымен  қатар,  кездесудің 

жалғасы 


ІІІ 

Интернационал, 

Дүр  Оңғар,  Иіркөл  ауылдық 

округ терінде 

жалғасып, 

онда 


ауылдық 

округтер 

әкімдері 

аппаратында  кәсіпкерлік  және 

жас тар  мәселесімен  айналысатын 

мамандар,  ІІІ  интернационалдық 

Серік  Әбдісәлімов,  дүроңғарлық 

Әзімхан Өтегенов, иіркөлдік Ардақ 

Мырзахметовтердің  Жолдауды  іске 

асыру  жөніндегі  хабарламалары 

тыңдалды.

Шарада  ауыл  жастары,  атап 

айтар  болсақ    Ақтөбе  ауылындағы 

№109  орта  мектептің  қазақ  тілі 

мен әдебиеті пәні мұғалімі Жазира 

Таңатарова,  ІІІ  Интернационал 

ауылындағы  №108  мектептің  11 

сынып  оқушысы  Жібек  Есенжол, 

Дүр  Оңғар  ауылындағы  №107 

мектептің  10  сынып  оқушысы 

Думан  Набат,  Иіркөл  ауылындағы 

№106 


мектептің 

әлеуметтік 

педагогы Жаңылкүл Жаханова және 

басқалар  өздерінің  көкейлерінде 

жүрген  сұрақтарын  қойып,  оған 

тұшымды жауаптар алды.

-Елбасы 

Жолдауы-бізді 

жалынды  істерге  жігерлендіреді,-

дейді жастар. 



Алтыншаш КЕТЕБАЙ.

ЖАСТАРҒА 

ЖІГЕР БЕРЕДІ

ҚР 


Ауыл 

шаруашылығы 

министрі  Асылжан  Мамытбеков 

Қызылорда  облысына  арнайы 

жұмыс сапарымен келді. Аймақтың 

ауыл  шаруашылығы  саласындағы 

жұмыстарды  бағамдау  мақсатында 

келген  министр  мен  облыс  әкімі 

Қырымбек  Көшербаев  алдымен 

Қазалы  ауданындағы  іргелі  шар-

уа шылық 

«РЗА» 


акционерлік 

қоғамында болды. 

Олар  660  басқа  арналған 

тауарлы-сүт 

бағытындағы 

ірі 


қара  өсіру  кешенінің  тыныс-

тіршілігімен танысты. Тәулігіне 30 

тонна  сүт  өнімдерін  өңдейтін  сүт 

зауытының  жұмысын  көрді,  деп 

хабарлайды  облыстық  әкімдіктің 

баспасөз қызметі.

Сыр  өңірінде  мүйізді  ірі  қара 

ұстайтын  91  шаруашылықта  248 

мың 900 бас ірі қара бар. Оның 1,8 

пайызы, яғни 4400-і асыл тұқымды. 

2700-і сүт бағытындағы мүйізді ірі 

қара. Осы сүт бағытындағы малдың 

1639  басын  аталған  шаруашылық 

күтімге  алып  отыр.  Өңірдегі 

барлық  сүт  бағытындағы  мүйізді 

ірі  қараның  60  пайызы  да  осы 

компанияның үлесінде. 

Ірі 


ауыл 

шаруашылығы 

құрылымы 

болып 


саналатын 

«РЗА»  АҚ    сүт  өндіруді  жолға 

қойған. Зауыт жабдықтары Италия, 

Голландия,  Германиядан,  ал  сүтті 

ультрапастеризациялау 

желісі 


Италия  елінен  әкелінген.  2010 

жылы  Венгриядан  асыл  тұқымды 

660  бас  голштино-фриз  мүйізді  ірі 

қара  сатып  алынып,  жерсіндірілді. 

Мұндағы  асыл  тұқымды  сиырдың 

біреуі жылына 8479 литр сүт береді. 

Өнімділік 

облыстағы 

орташа 

көрсеткіштен 7 есе жоғары. 



Акционерлік 

қоғамның 

президенті  С.Имандосов  Ауыл 

шаруа шылығы  министріне  қолға 

алынып  отырған  жоба  мақсатын 

қысқаша 


жеткізді. 

Аймақ 


халқының  сұранысы  70  мың 

тоннаны  толық  қамтамасыз  етіп 

отырғанын  мәлімдеді.  Асылжан 

Сарыбайұлы  өз  сөзінде  азық-түлік 

және сүт өнімдерін өндіруде үлкен 

үлес  қосып  отырған  кәсіп  иесінің 

жобасын  толық  қолдайтынын 

айтты. 


«РЗА»  АҚ    жұмысына  оң  баға 

берген  министр  Арал  қаласында 

орналасқан  «Арал  балық  өндеу 

зауыты» 


ЖШС 

жұмысымен 

танысты.  Зауыт  құрылтайшысы 

Талғат 


Жұқашев 

делегация 

мүшелерін  балық  өңдеу  зауыты 

жұмысымен таныстырды. 

 

«Қызылорда 



облысының 

Арал  өңірінде  балық  өңдеуді  және 

аква  мәдениетті  дамыту»  жобасы 

бойынша  салынған  «Арал  балық 

өңдеу  зауыты»  2013  жылдан  бері 

жұмыс  істеп  келеді.  Қарамағында 

қазіргі 

кезде 


елуге 

жуық 


жұмысшысы  бар  зауыт  жылына 

6  мың  тонна  балық  өнімдерін 

шығарады.  Дайын  өнімдер  ішкі 

және сыртқы нарыққа жөнелтіледі. 

Биылғы  жылы  зауыт  еурокод 

алмақшы. Бұл өнімді әлем елдеріне 

сатуға  мүмкіндік  беретін  стандарт. 

Қазірдің  өзінде  АҚШ,  Қытай, 

Канада  елдерінен  сұраныстар 

түсуде. 


Бірақ 

зауыт 


толық 

қуаттылығында 

жұмыс 

істеп 


тұрған жоқ. Басты себеп, зауыттың 

теңізден 

балық 

аулау 


үшін 

өткізілетін тендерге қатыса алмауы 

болып отыр. Яғни, өңдеуге қажетті 

шикізат жоқ. 

 Осы күні Ауыл шаруашылығы 

министрі  Жалағаш  элеваторының 

жұмысын көрді. Өткен жылы мұнда 

16,2 мың тонна күріш өңделді. Қазір 

тәулігіне 150 тонна күріш өңдейтін 

қосымша  зауыттың  құрылысы 

жүріп жатыр.  

Сондай-ақ  Қызылордада  об-

лыс  әкімі  Қырымбек  Көшер-

баевтың, 

ҚР 

Ауыл 


шаруа-

шылы  ғы 

министрі 

Асылжан 


Мамытбековтің 

қатысуымен  

агро өнеркәсіп  кешенінің  кейбір 

мәселелеріне  арналған  мәжіліс 

өтті.  Кеңесте  ауыл  шаруашылығы 

саласындағы  атқарылған  жұмыс-

тар  мен  алдағы  міндеттер  сара-

лан ды.  Аймақтағы  күріш,  мал, 

балық  шаруашылығының  жай-

күйі  туралы  облыс  әкімінің 

орынбасары  Серік  Қожаниязов 

хабарлама жасады. Сонымен қатар 

мәжі лісте  су  бағасы,  субсидия 

жайы  кеңінен  талқыланды.    Су 

ресурстары  комитетінің  төрағасы 

Ислам  Әбішев,  «Абзал  және  К» 

ТС басшысы, Қазақстанның Еңбек 

Ері Абзал Ералиев, басқа да шаруа 

қо жалық тарының  төра ғалары  сөз 

сөйледі. 

    Кеңес  соңында  Қызылорда 

облысы  әкімдігі  мен  Ауыл 

шаруашылығы 

министрлігі, 

«Қазагроқаржы»  АҚ  арасындағы 

меморандумдарға қол қойылды.  



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 

МИНИСТРІНІҢ СЫР ӨҢІРІНЕ  САПАРЫ

Жақында  Өскемен  қаласында  жеңіл  атлетикадан  Лондон 

олимпиадасының  чемпионы  Ольга  Рыпакова  атындағы  жеңіл  атлетика 

манежінде  жасөспірімдер  арасында  Қазақстан  Республикасының  қысқы 

чемпионаты өткізілген болатын. 

Міне,  осы  жарыста  жерлесіміз,  аудандық  №15  балалар  мен 

жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Мұрат Кетебаев пен 

Рашида Сарбасованың үкілеген шәкірті, бұған дейін де көптеген байрақты 

жарыстарда  жемімпаз  атанып  жүрген  №30  орта  мектептің  оқушысы 

Рақымжан Келманов 3000 метрге жүгіруде  ел чемпионы атанды. 

Рақымжан осы жылдың мамыр айында Катар мемлекетінің астанасы 

Доха қаласында жасөспірімдер арасында өткізілетін І Азия чемпионатына 

қатысуға жолдама алды.

РАХЫМЖАН — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ



Жүрекке жол тапқан Жолдау


жүктеу 11,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау