Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет44/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

105
Игеру шығындары
Платформалар, құбырлар мен игеру ұңғымаларын бұрғылау, оның ішінде құрғақ игеру ұңғымалары немесе контурлайтын 
ұңғымалар секілді инфрақұрылым объектілерін салу, орнату және аяқтау шығындары және көзделмеген техникалық пробле-
малар мұнай-газ мүлкінің құрамында капиталдандырылады.
Мұнай-газ мүлкі және өзге де негізгі құралдар
Мұнай-газ мүлкі және өзге де негізгі құралдар, жиналған амортизацияны, сарқылу мен құнсыздануды есептемегенде, баста-
пқы құн бойынша ескеріледі.
Активтердің бастапқы құны сатып алу немесе құрылыс құнынан, құрылыстың ұзақ мерзімді жобалары бойынша проценттер 
бойынша шығындардан, тану критерийлері сақталған жағдайда, активті жұмыс қалпына келтіруге тікелей жататын шығындар-
дан және, қажет болғанда, активті тарату шығындарын бастапқы бағалаудан тұрады. Сатып алу немесе құрылыс құны активті 
сатып алу үшін берілген сыйақының кез келген түрінің жиынтық төленген құны және әділ құны болып табылады.
Мұнай-газ мүлкі өндірістік әдіс қолданылып амортизациялады, ал материалдық активтер дәлелденген игерілген қорлар бойын-
ша, материалдық емес активтер дәлелденген қорлар бойынша амортизацияланады. Пайдалы қызмет мерзімі кен орындары 
қызметінің қалдық мерзімінен аз болатын кейбір мұнай-газ мүлкі 4-тен 10 жылға дейінгі пайдалы қызмет мерзімі ішінде тура 
әдіспен амортизацияланады. Негізгі құралдар, мұнай-газ активтерінен басқа, негізінде, мынадай пайдалы қызмет мерзімі  ішінде 
тура әдіспен амортизацияланатын ғимараттарды, машиналар мен жабдықты қамтиды:
МӨЗ активтері
4-100 жыл
Құбырлар 
2-30 жыл
Ғимараттар мен құрылыстар
2-100 жыл
Машиналар мен жабдық
2-30 жыл
Көлік құралдары
3-35 жыл
Өзгелері
2-20 жыл
Негізгі құралдардың пайдалы қызметінің көзделетін мерзімі жыл сайынғы негізде қайта қаралады және қажет болғанда, мерзім-
дердегі өзгерістер кейінгі кезеңдерде түзетіледі.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны оқиғалар немесе мән-жайлардағы өзгерістер ағымдағы құн өтелмейтін болып табылаты-
нын көрсеткен жағдайларда құнсыздану мәніне қайта қаралады.
Материалдық емес активтер
Материалдық  емес  активтер,  жиналған  амортизацияны  және  құнсызданудан  жиналған  шығындарды  есептемегенде, 
құны бойын ша ескеріледі. Материалдық емес активтер мұнай-газ ресурстарын барлауға лицензияларды, компьютерлік 
 бағдарламалар мен гудвиллдерді сатып алу шығындарын қамтиды. Ең басында, материалдық емес активтер сатып алу құны 
бойынша бағаланады. Бастапқы құн – бұл активті сатып алу үшін берілген кез келген басқа сыйақының жиынтық төленген со-
масы және әділ құны.
Гудвиллді есептемегенде, материалдық емес активтер пайдалы қызметтің қалған есепті мерзімінде тура әдіспен амортизация-
ланады. Активтердің пайдалы қызметінің күтілетін мерзімі жыл сайынғы негізде қайта қаралады және қажет болғанда, мерзім-
дердегі өзгерістер кейінгі кезеңдерде түзетіледі. Компьютерлік бағдарламалық жасақтаманың пайдалы қызметінің мерзімі – 
3-тен 7 жылға дейін.
Оқиғалар немесе мән-жайлардағы өзгерістер ағымдағы құнның өтелмейтіндігін көрсеткен жағдайларда материалдық емес ак-
тивтердің ағымдағы құнына құнсыздану мәніне талдау жүргізіледі.
Гудвилл жыл сайын (31 желтоқсандағы жағдай бойынша), сондай-ақ оқиғалар немесе мән-жайлардағы өзгерістер ағымдағы 
құнның құнсыздалатынын көрсеткен жағдайларда құнсыздану мәніне тестіленеді.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Инвестициялық жылжымайтын мүлік ең басынан, мәміле шығындарын қоса есептемегенде, бастапқы құн бойынша бағаланады. 
Топ бастапқы құн бойынша есептеу әдісін қолданатындықтан, бастапқы танудан кейін инвестициялық жылжымайтын мүлік, 
жиналған құнсыздану мен жиналған амортизация ескеріле отырып, ХҚЕС 16 «Негізгі құралдарға» сәйкес қабылданған әдіс 
бойын ша ескеріледі.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 2-ден 100 жылға дейінгі пайдалы қызмет мерзімі ішінде тура әдіспен амортизацияланады.
Әрбір есепті күні Топ инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын белгілейді және ағымдағы құн әділ құннан асып түскен 
жағдайда айырма пайдада немесе шығында танылады.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Әрбір есепті күні Топ активтің ықтимал құнсыздануының белгілерінің бар-жоқтығын анықтайды. Егер осындай белгілер орын 
алса, немесе егер активті құнсыздануға жыл сайынғы тексеру жүргізу талап етілсе, Топ активтің өтелетін құнын бағалауды жүр-
гізеді. Активтің өтелетін құны – мынадай шамалардың ең үлкені: сату шығындарын есептемегенде, активтің немесе ақша ағы-


ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІ
106
нын генерациялайтын бөлімшенің әділ құны (ААГБ) және активті пайдаланудан болатын құндылық (ААГБ). Өтелетін құн негізі-
нен актив басқа активтер немесе активтердің топтары генерациялайтын ағындардан тәуелсіз ақша қаражатының ағындарын 
генерацияламайтын жағдайларды қоспағанда, жекелеген актив үшін анықталады. Егер активтің немесе ААГБ ағымдағы құны 
оның өтелетін құнынан асып кетсе, актив құнсызданған болып саналады және өтелетін құнға дейін шығысқа шығарылады. Топ 
жекелеген активтер тиесілі Топтың әрбір ААГБ үшін жеке дайындалатын егжей-тегжейлі жоспарлар мен болжамды есептерден 
туындай отырып, құнсыздану сомасын айқындайды.
Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануы
Барлау және бағалау активтері игеру бойынша материалдық және материалдық емес активтер құрамына аударылғанда немесе 
активтерді құнсыздануын көрсететін фактілер мен мән-жайлар болғанда Топ осындай активтерді құнсыздану мәніне тексереді.
Сату үшін ұсталатын активтер және тоқтатылған қызмет
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтер мен шығу топтары сатуға арналған шығындар шегеріліп, екі мәннің – ағымдағы 
құн мен әділ құнның азы бойынша бағаланады. Активтер мен шығу топтары, егер олардың ағымдағы құны жалғасқан пайда-
лану нәтижесінде емес, негізінде, сату бойынша мәміле арқылы өтелуге жатса, сату үшін ұсталған болып жіктеледі. Бұл шарт 
егер сату мүмкіндігі жоғары, ал актив немесе шығу тобы өзінің ағымдағы жағдайында жедел сатылуы мүмкін болса, сақталған 
болып есептеледі. 
Активтің істен шығуы (пайдаланудан шығару) міндеттемесі 
Пайдаланудан шығаруға резервтер Топтың жабдықты немесе тетікті демонтаждау және көшіру бойынша және жабдық болған 
учаскені қалпына келтіру бойынша міндеттемесі болғанда, сондай-ақ мұндай резервке пайымды бағалауды жүзеге асыру мүмкін 
болғанда дисконттау негізінде толық көлемде танылады. Танылған сома жергілікті шарттар мен талаптарға сәйкес анықталған 
бағаланған болашақ шығыстардың ағымдағы құнын білдіреді. Сондай-ақ сомасы резервтің мөлшеріне балама тиісті негізгі құрал 
құрылады. Соның салдарынан, осы актив өндірістік әдіс негізінде өндірістік құралдар және тасымалдау құралдары бойын ша 
күрделі шығындар шеңберінде амортизацияланады.
Қаржы активтері
Бастапқы тану және бағалау
Бастапқы тану кезінде қаржы активтері, тиісінше, табыс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын қаржы 
активтері; займдар мен дебиторлық берешек; өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар; сату үшін қолда бар қаржы активтері; 
тиімді хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралдары ретінде белгіленген туынды құралдар деп жіктеледі. Табыс немесе шығын 
арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын қаржы активтерін есептемегенде, барлық қаржы активтері ең басында мәміле 
бойынша олармен тікелей байланысты шығындарға ұлғайтылған әділ құн бойынша танылады.
Топтың қаржы активтері ақша мен оның баламасын, қысқа мерзімді банк депозиттерін, бас компаниядан алуға арналған обли-
гацияларды, бірлескен кәсіпорын қатысушысынан алуға арналған вексельді, қауымдастырылған компаниядан алуға арналған 
вексельді, байланысты тараптарға займдарды және сауда дебиторлық берешегін қамтиды.
Қаржы активтерінің құнсыздануы 
Әрбір есепті күні Топ қаржы активінің немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының объективті белгілерінің бар-жоғын 
бағалайды. Қаржы активі немесе қаржы активтерінің тобы бойынша күтілетін болашақ ақша ағындарына сенімді бағалауға 
болатын әсер еткен активті бастапқы танудан кейін болған бір немесе бірнеше оқиғаның («шығын көтеру жағдайының» баста-
луы) нәтижесінде құнсызданудың объективті куәлігі болғанда ғана қаржы активі немесе қаржы активтерінің тобы құнсыздан-
ды деп есептеледі. 
Тауарлық-материалдық қорлар
Тауарлық-материалдық қорлар мынадай екі шаманың ең азы бойынша ескеріледі: ФИФО әдісі бойынша іске асырудың өзін-
дік құны мен таза құны. Құн қорларды орынға жеткізуге және оларды ағымдағы қалыпқа келтіруге байланысты кәдімгі қызмет 
барысында көтерілген барлық шығындарды қамтиды. 
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
Салық органдары ҚҚС өтеуді нетто негізінде сату және сатып алу бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Өтеуге ҚҚС ішкі  нарықта 
сату бойынша ҚҚС шегергендегі ішкі нарықтағы сатып алу бойынша ҚҚС-ты білдіреді. Экспортқа сатуларға нөлдік  ставка бойын-
ша салық салынады.
Ақша құралдары мен олардың баламалары
Ақша құралдары мен олардың баламалары банктер мен кассадағы ақша құралдарын, сондай-ақ үш айдан аспайтын өтеудің 
бастапқы мерзімімен қысқа мерзімді депозиттерін қамтиды.
Қаржы міндеттемелері
Бастапқы тану және бағалау
ХБЕС 39 қолданылу аясындағы қаржы міндеттемелер табыс немесе шығын, кредиттер немесе займ алу немесе туынды құрал-
дар арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын қаржы міндеттемелері тиісінше жіктеледі. Топ өзінің қаржы міндеттемелерін 
оларды бастапқы тану кезінде жіктейді.
Ең басында қаржы міндеттемелері кредиттер мен займ болған жағдайда олармен тікелей байланысты мәміле шығындарына 
ұлғайтылған әділ құн бойынша танылады.
Топтың қаржы міндеттемелері сауда және өзге де кредиторлық берешекті, кредиттер мен займдарды, сондай-ақ туынды қаржы 
құралдарын қамтиды.


107
Резервтер
Егер Топтың өткен оқиғаның нәтижесінде туындаған ағымдағы міндеттемесі (заңды немесе ерікті түрде қабылдаған) болса, ре-
зервтер мойындалады, міндеттемені өтеу үшін экономикалық пайданың жылыстауының талап етілуінің, ал осындай міндеттеме 
сомасының дұрыс белгіленуінің елеулі ықтималдығы бар. Егер Топ резервтердің біраз бөлігін немесе барлығын, мысалы, сақтан-
дыру шарты бойынша өтеу алуды көздесе, өтеуді алу күмәнсіз болған жағдайда ғана өтеу жеке актив ретінде мойындалады. 
Егер ақшаның уақытша құнының елеулі әсері болса, резервтер, қолданылған жағдайда, нақты мән-жайға тән тәуекелдерді көр-
сететін салық салынғанға дейінгі ағымдағы ставка бойынша дисконтталады. Егер дисконттау қолданылса, онда, уақыт өткен-
де, резервтің ұлғаюы қаржы шығындары деп танылады. 
Құрылыс бойынша резервтер 
Үкімет Топқа демеушілік пен қаржыландыруға байланысты әр түрлі міндеттемелерді береді. Топ басшылығы осындай міндет-
темелер конструктивті болып табылады және Үкіметтің шешімдеріне сәйкес танылуы тиіс деп есептейді. Үкімет Топтың түп-
кілікті акционері болып табылатындықтан, осындай міндеттемелерді орындауға байланысты шығыстар шоғырландырылған 
қаржы есептілігінде капиталдың құрамында «акционерге бөлу» болып танылады. 
Қызметкерлерге арналған төлемдер
Зейнеткерлік жоспар
Алдын ала белгіленген зейнеткерлік жарналармен бірге зейнеткерлік бағдарлама бойынша төлемдер төленуіне қарай шығы-
старға жатады. Зейнеткерлік қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі бойынша төлемдер Топтың осы жоспар бойынша міндет-
темелері алдын ала белгіленген зейнеткерлік жарналармен бірге зейнеткерлік бағдарлама бойынша туындайтын міндеттеме-
лерге тең болғанда зейнеткерлік жоспарлар ретінде қаралады. 
Қызметкерлерге ұзақ мерзімді сыйақы беру
Топ пен оның қызметкерлері арасындағы Ұжымдық шарттарға сәйкес Топ өзінің қызметкерлеріне зейнеткерлікке дейін және 
оған шыққаннан кейін ұзақ мерзімді сыйақы беруді ұсынады. Атап айтқанда, Ұжымдық шартта зейнеткерлікке шығу бойынша 
біржолғы жәрдемақы төлеуді, жұмысқа қабілетсіз болған жағдайда, мерейтой және қайтыс болу жағдайы бойынша қызмет-
керлерге материалдық көмек көрсету көзделеді.
Біржолғы жәрдемақыларды төлеу бойынша күтілетін шығыстарды есептеу еңбек қызметі аяқталғаннан кейін белгіленген 
төлемдермен бірге зейнеткерлік жоспарларды есептеу кезінде қолданылатын әдістеме бойынша қызметкерлердің еңбек қыз-
меті ішінде жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде туындайтын актуарийлік пайда мен шығындар өзге де жиынтық кіріс құрамын-
да көрсетіледі. Осындай мән-жайларды тәуелсіз білікті актуарийлер жыл сайынғы негізде бағалайды.
Түсімді мойындау
Егер Топтың экономикалық пайда алу ықтималдығы болса және егер түсім сенімді бағаланса, түсім мойындалады. Жеңілдік-
тер мен өзге де салықтарды немесе сату баждарын есептемегенде, түсім алынған сыйақының әділ құны бойынша бағаланады. 
Шоғырландырылған қаржы есептілігінде түсімді мойындау үшін мынадай критерийлер орындалуы тиіс:
Тауарларды сату
Шикі мұнайды, мұнай өнімдерін, газ бен өзге де тауарларды сатудан түсетін кірістер тауар жеткізілгенде және тәуекелдер мен 
меншік құқығы сатып алушыға берілгенде мойындалады. 
Қызметтерді көрсету
Тасымалдау секілді қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер қызметтерді көрсету сәтінде мойындалады.
Проценттік кірістер 
Амортизацияланған құн және сату үшін қолда бар инвестициялар ретінде жіктелген проценттік қаржы құралдары бойынша 
бағаланатын барлық қаржы құралдары бойынша проценттік кірістер немесе шығыстар тиімді проценттік ставка бойынша 
көрсетіледі, дисконттау кезінде ол бойынша қаржы құралын пайдаланудың болжамды мерзімі ішінде немесе неғұрлым қысқа 
уақыт кезеңінде күтілетін болашақ ақша төлемдері немесе түсімдер, бұл қолданылатын жерде, қаржы активінің немесе қаржы 
міндеттемесінің таза баланстық құнына нақты келтіріледі. Проценттік кіріс жиынтық кіріс туралы есептегі қаржы кірістің құра-
мына қосылады.
Шығыстарды мойындау
Шығыстар туындаған сәтте ескеріледі және олар жататын кезеңдегі шоғырландырылған қаржы есептілігінде есептеу әдісінің 
негізінде көрсетіледі.
Табыс салығы
Бір жылдағы табыс салығы ағымдағы табыс салығын, үстеме табыс салығы мен кейінге қалдырылған салықты қамтиды.
Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы табыс салығы бойынша активтер мен міндеттемелерді салық органдары өтей-
ді немесе олар төлейді дер болжанатын сома бойынша бағаланады. Осы соманы есептеу үшін қолданылатын салық ставкалары 
мен салық заңнамасы – бұл қабылданған немесе есепті күндегі жағдай бойынша іс жүзінде қабылданған ставкалар мен заңдар.
Тікелей капиталда мойындалған баптарға жататын ағымдағы корпоративтік табыс салығы («КТС») жиынтық кіріс туралы есеп-
те емес, капиталдың құрамында мойындалады. 


ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІ
108
Үстеме табыс салығы («ҚҰБ») табыс салығы ретінде қаралады және табыс салығы бойынша шығыстар бөлігін құрайды. ҚҰБ став-
калары әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қатысты әрбір келісімшартқа жататын шегерістердің 25%-
нен астам салықтық таза кірістің (КТС мен рұқсат етілген түзетулер шегерілгеннен кейінгі салық салынатын кіріс) бір бөлігіне 
қолданылады.
Кейінге қалдырылған салық корпоративтік табыс салығы үшін, сондай-ақ үстеме табыс салығы үшін де есептеледі. Үстеме 
 табысқа салынатын кейінге қалдырылған салық жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға жатқызылған  активтер 
үшін уақытша айырмалар бойынша, келісімшарт бойынша төлеуге жататын үстеме табыс салығының күтілетін ставкасы 
 бойынша есептеледі.
Капитал
Бақыланбайтын қатысу үлесі
Бақыланбайтын қатысу үлесі Компания акционерлеріне жататын капиталдан бөлек жеке капитал құрамындағы қаржы жағдайы 
туралы шоғырландырылған есепте көрсетілген. Еншілес ұйымның шығындары бұл теріс сальдоға әкеп соққан жағдайда да 
бақыланбайтын қатысу үлесіне жатады. 
Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер
Топ қызметкерлері үлестік құралдар бойынша операцияларға негізделген төлемдер нысанындағы сыйақылар алады. Қызмет-
керлер өздері жұмыс істейтін еншілес ұйымның үлестік құралдарымен сыйақы алатын қызметтер көрсетеді («олар бойынша 
есептеу үлестік құралдармен жүзеге асырылатын мәмілелер»). 
Қызметкерлермен мәмілелер құны, олар бойынша есеп айырысу үлестік құралдармен жүзеге асырылады, олар берілген күні 
осындай құралдардың әділ құнынан туындай отырып бағаланады. Әділ құн бағалаудың тиісті моделінің көмегімен айқындалады. 
Дивидендтер
Дивидендтер есепті күнді бірге есептегендегі мерзімге дейін жарияланса, олар міндеттеме болып мойындалады және есепті 
күндегі жағдай бойынша капитал сомасынан шегеріледі. Егер олар есепті күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есепті күннен кей-
ін, бірақ шоғырландырылған қаржы есептілігін бекіту күніне дейін ұсынылса немесе жарияланса, дивидендтер туралы ақпа-
рат есептілікте ашылады.
Акционерге өзге де бөлу
Үкіметтің шешімдеріне немесе бас компанияның шешімдеріне немесе олардың нұсқаулықтарына сәйкес Топ шеккен шығын-
дар капитал арқылы бөлу ретінде ескеріледі. Осындай шығындар Топтың бейінді емес қызметіне (әлеуметтік объектілерді салу) 
байланысты шығыстарды және инвестицияларды сатып алуды қамтиды. 
Есепті күннен кейінгі оқиғалар
Есепті жылдан кейін басталған, қаржылық жағдай туралы есепті дайындау күні болған жағдайлардың дәлелдемесін білдіретін 
оқиғалар (түзететін оқиғалар) шоғырландырылған қаржы есептілігінде көрсетіледі. Есепті жыл аяқталғаннан кейін басталған 
және түзету оқиғасы болып табылмайтын оқиғалар, олар елеулі болса, есептілікке ескертулерде ашылады.
ГЛОССАРИЙ__Глоссарий'>Басқарма төрағасы 
С. Мыңбаев


109
ГЛОССАРИЙ
 
Глоссарий
2D — екі жазықтықтағы сейсмикалық-барлау
3D — үш жазықтықтағы сейсмикалық-барлау
BTL — Batumi Terminal Limited 
EBITDA — салықтар төленгенге дейінгі кірістер, амортизация шығыстары мен кредиттер бойынша проценттер көлемін көр-
сететін талдамалық көрсеткіш
JBIC  Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі (Japan Bank for International Cooperation)
ROACE (Return on Average Capital Employed) — салынған капиталға кірістілікті көрсететін компания қызметінің қорытын-
дыларын бағалау үшін пайдаланылатын қаржы көрсеткіші. Пайдаланылатын орташа капиталға шаққандағы кіріс - кәдімгі 
орташа акционерлік капиталға шаққандағы артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді шегергендегі таза пайданың 
қатынасы
TRG — The Rompetrol Group, Румынияның интеграцияланған мұнай-газ компаниясы 
АГҚС — автокөліктерге газ құю станциясы
АГТКС — автоматты газ толтыру компрессорлық станция
АГҚ — Азия газ құбыры (Қытайға ортаазиялық газды тасымалдауға арналған магистральдық газ құбыры)
АҚС — автокөліктерге жанармай құю станциясы
АМӨЗ — Атырау мұнай өңдеу зауыты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ҚазМұнайГаз, ҚМГ, Компания — «ҚазМұнайГаз» ұлттық 
компаниясы» акционерлік қоғамы
ББШ — Бейнеу - Бозой - Шымкенттен өтетін Азия газ құбырының қазақ учаскесі
ЖЖ — жоғары вольтты желі
ГАЖ — геоақпараттық жүйе
ҚМК — пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия 
ГБЖ — геологиялық-барлау жұмыстары
ЕТҰ — еншілес тәуелді ұйым
ЕРС-келісімшарт (engineering, procurement, construction) — толық аяқтап бітіруге арналған құрылыс келісімшартының 
түрі (инжиниринг, жеткізу, құрылыс)
ТҰ — тәуелді ұйым
ИГЗ — инженерлік-геологиялық зерттеу
ИТД — инновациялық-технологиялық даму
МАК — мұнай алу коэффициенті
ҚМГ ӨМ — «ҚМГ - өңдеу және маркетинг» АҚ
ХӨК — хош иісті көмірсутегілерді өндіру кешені
ҚНК — қызметтің негізгі көрсеткіштері
КС — компрессорлық станция
КТҚС — Каспий теңізінің қазақстандық секторы
ҚТГ — «ҚазТрансГаз» АҚ
КҚК — Каспий құбыр арнасы консорциумы (Теңіз кен орнынан Қара теңіздегі Новороссийск портына дейін мұнай тасымал-
дауға арналған магистральдық мұнай құбыры)
КТЖ — Теңіз кен орнындағы кешенді технологиялық желі
ҚТО  «ҚазТрансОйл» АҚ
КА-ТСБ — көпазимуталдық тікелей сейсмикалық бейіндеу, сейсмикалық-барлау әдісі
ВАК — ведомствоаралық комиссия
МГ — магистральдық газ құбыры
ЖТНӘ — жалпы тереңдік нүктені пайдаланып сейсмикалық-барлау әдісі 
ЖМТ — жылына миллион тонна


110
ГЛОССАРИЙ
ҚР ЭМ — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
ҒЗТКЖ — ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
МАС — мұнай айдау станциясы
ҒТК — Ғылыми-техникалық кеңес
МХК — мұнай-химия кешені
ҚОӘБ — қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау 
ОГӨЗ — Орынбор газ өңдеу зауыты
ТӨИ — тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру
ТӨП — тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану
БКЖ — Теңіз кен орнын болашақ кеңейту жобасы
ПҚОП — Шымкент мұнай өңдеу зауытының иесі «ПетроҚазақстан Ойл продактс» АҚ
ПМХЗ — Павлодар мұнай өңдеу зауыты
ӨҰ — өзге ұйымдар
Алдын ала ҚОӘБ — қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау бойынша алдын ала тыңдау
ҚКЖ — Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы
ЖС — жоғары вольтті кіші станция
ЖСҚ — жобалық-сметалық құжаттама
СҚБЖ — Теңіз кен орнында сағалық қысымды басқару жобасы
ЖҚПЭ — жоғары қысымды полиэтилен 
ТҚПЭ — төмен қысымды полиэтилен 
ББҰ — бірлесіп бақыланатын ұйым
СКЖ — Солтүстік Каспий жобасы
СКТЭБ — Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне ден қою базасы
ҚМЖ — құрылыс-монтаж жұмыстары
БК — бірлескен кәсіпорын
ӨКБҚ — өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы
ӨБК — өнімді бөлу туралы келісім 
ТШО — «Теңізшевройл» ЖШС, Теңіз кен орнын игеру операторы
ТЭН — техникалық-экономикалық негіздеме
КС — көмірсутегілер
КСШ — көмірсутегі шикізаты
Б
КҚ — баяу кокстау қондырғысы
БИОК — ҚР энергетика министрлігінің Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясы


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау