Компания туралы


Есеп саясатының елеулі аспектілері



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет43/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

103
 
Есеп саясатының елеулі аспектілері
Қаржы есептілігін дайындау негізі
Осы шоғырландырылған қаржы есептілігі, есеп саясатында және шоғырландырылған қаржы есептілігіне ескертулерде ашылған 
операцияларды есептемегенде, бастапқы құн бойынша бағалау қағидатына сәйкес дайындалды. Арнайы ескерілген жағдай-
ларды есептемегенде, осы шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі барлық мәндер, мыңға дейін дөңгелектенген.
СӘЙКЕСТІЛІК ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ
Топтың осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары жөніндегі кеңес («ХҚЕС кеңесі») 
бекіткен редакциядағы Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына («ХҚЕС») сәйкес дайындалды.
Шетелдік валютаны қайта есептеу
Функционалдық валюта және ұсыну валютасы
Осы шоғырландырылған қаржы есептілігіне қосылған Топтың әрбір кәсіпорнының қаржы есептілігінің элементтері кәсіпо-
рындар өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық ортаның валютасы («функционалдық валюта») қолданылып бағалана-
ды. Шоғырландырылған қаржы есептілігі Компанияның функционалдық валютасы болып табылатын теңгемен ұсынылған.
Операциялар және шоттар сальдосы
Шетелдік валютадағы операциялар операцияны жасау күніндегі валюталық бағамдар қолданылып функционалдық валютаға 
қайта есептеледі. Осындай операциялар бойынша есептеу нәтижесінде және есептегі күндегі бағамдар бойынша шетелдік ва-
лютамен көрсетілген монетарлық активтер мен міндеттемелерді қайта есептеуден туындайтын кірістер мен шығындар жиын-
тық кіріс туралы шоғырландырылған есепте танылады.
Валюта айырбастау бағамдары
Қазақстандық қор биржасында («ҚҚБ») белгіленген валюталарды айырбастаудың орташа алынған бағамдары Қазақстан Ре-
спубликасындағы валюталарды айырбастаудың ресми бағамдары ретінде қолданылады.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚҚБ айырбастау бағамы 1 АҚШ доллары үшін 340,01 теңге болды. Осы бағам 
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларымен көрсетілген монетарлық активтер мен міндеттемелерді қай-
та есептеу үшін қолданылды (2014 жылы: 1 АҚШ доллары үшін 182,35 теңге). 2016 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша ҚҚБ 
айырбастау бағамы 1 АҚШ доллары үшін 343,32 теңге болды.
Шоғырландыру негізі
Қоса беріліп отырған шоғырландырылған қаржы есептілігі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компания мен 
оның еншілес ұйымдарының қаржы есептіліктерін қамтиды. Егер Топ инвестицияларды ауыспалы беруге құқығы болса  немесе 
оның өзгеруіне байланысты және инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктері салдарынан осы беруге әсер ету тәуеке-
лінде болса, Бақылау жүзеге асырылады. 
Еншілес ұйымдардың қаржы есептіліктері Топтың барлық компанияларына есеп саясатын дәйекті түрде қолдану негізіндегі 
бас компанияның есептілігі секілді есепті кезеңде дайындалған.
Бизнес пен гудвиллді біріктіру
Бизнесті біріктіру сатып алу әдісін қолданумен бірге ескеріледі. Сатып алу құны сатып алу күніндегі әділ құн бойынша баға-
ланған берілген сыйақы мен сатып алынатын компаниядағы қатысу бақыланбайтын үлесінің сомасы ретінде бағаланады. Биз-
несті біріктіру бойынша әрбір мәміле үшін сатып алатын тарап сатып алынатын компаниядағы бақыланбайтын қатысу үлесін 
әділ құн бойынша не болмаса сатып алынатын компанияның сәйкестендірілетін таза активтеріндегі үлеске сайма-сай бағалай-
ды. Сатып алуға байланысты шығындар әкімшілік шығыстар құрамына қосылады. 
Акционердің ұйғарымы бойынша еншілес ұйымдарды сатып алу
Акционердің ұйғарымы бойынша еншілес ұйымдарды сатып алу кезінде, бақыланбайтын қатысу үлесін есептемегенде, са-
тып алынған активтер мен қабылданған міндеттемелердің төленген сыйақысы мен әділ құнының сомасы арасындағы айыр-
ма, сондай-ақ бұрын Топ тиесілі болған қатысу үлесін қайта бағалау нәтижесі Бас компанияның акционерлерінің бөлуі ретін-
де тікелей капиталда көрсетіледі.
Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды сатып алу
Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды сатып алу үлестерді біріктіру әдісі қолданылып ескеріледі. Жалпы бақы-
лаумен берілетін еншілес ұйымның активтері мен міндеттемелері осы шоғырландырылған қаржы есептілігінде беру күнінде-
гі беретін ұйымның («Бастамашы») ағымдағы құны бойынша ескеріледі. Сондай-ақ Бастамашыны бастапқы сатып алу кезінде 
объективті ескерілетін тиісті гудвилл осы шоғырландырылған қаржы есептілігінде көрсетіледі. Бастамашының гудвиллін қоса 
есептегенде, таза активтерді жалпы ағымдағы құны мен төленген сыйақы арасындағы айырма осы шоғырландырылған қаржы 
есептілігінде капиталды түзету ретінде көрсетіледі.
Бірлесіп бақыланатын операциялардағы қатысу үлесі 
Топтың бірлесіп бақыланатын операцияларда қатысу үлестері бар. Бірлесіп бақыланатын операцияларда қатысу үлесін сатып 
алу кезінде Топ осындай үлеске қатысты активтерді, оның ішінде бірлесіп бақыланатын активтердегі үлесті, бірлесіп көтеріл-
ген міндеттемелердегі үлесті қоса есептегендегі міндеттемелерді таниды. Кейіннен Топ бірлесіп бақыланатын операциялар 
нәтижесінде шығарылған өнімді сатудан түсетін кірістің үлесін қоса есептегенде, бірлесіп бақыланатын операцияларға жата-
тын өнімді сатудан түсетін кірісті; бірлесіп бақыланатын операцияларға жататын шығыстарды, оның ішінде бірлесіп бақыла-
натын операцияларда көтерілген шығыстар үлесін мойындайды.


ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІ
104
Топ осындай активтерге, міндеттемелерге, кірістер мен шығыстарға қатысты Топтың есеп саясатына сәйкес бірлесіп бақыла-
натын операциялардан активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды мойындайды.
Топтың бірлескен операцияларда бірлескен бақылауы болмаған жағдайда ол осындай бірлескен операциялардағы өзінің қа-
тысу үлесін бірлескен бақылауы бар тараптар секілді ескереді. 
Қауымдастырылған компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарға инвестициялар
Қауымдастырылған компания – бұл Топтың оған елеулі ықпалы бар компания. Елеулі ықпал – бұл инвестициялар объектісінің 
қаржылық және операциялық саясатына қатысты шешімдер қабылдауға қатысу өкілеттіктері, бірақ осындай саясатқа қатысты 
бақылау немесе бірлескен бақылау емес.
Бірлескен кәсіпорын – бұл бірлескен қызмет туралы келісім, оған сәйкес келісімге қатысты бірлескен бақылауды жүзеге асыра-
тын тараптардың бірлескен кәсіпорынның таза активтеріне құқығы бар. Бірлескен бақылау – бұл шартқа байланысты бақыла-
уды бірлесіп жүзеге асыру, елеулі қызметке қатысты шешімдерді қабылдау бірлескен бақылауды жүзеге асыратын тараптар-
дың ауыздан келісімін талап ететін жағдайда ғана болады. 
Қауымдастырылған компанияға және бірлескен кәсіпорынға инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. 
Пайда мен шығындар туралы есеп Топтың бірлескен кәсіпорын немесе қауымдастырылған компания қызметінің қаржы нәти-
желеріндегі үлесін көрсетеді. Бірлескен кәсіпорын мен қауымдастырылған компанияның пайдасындағы үлес операциялық 
пайда шеңберіндегі жиынтық кіріс туралы есепте тікелей көрсетіледі. 
Активтер мен міндеттемелерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді етіп жіктеу
Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте Топ активтер мен міндеттемелерді оларды қысқа мерзімді және ұзақ 
мерзімді етіп жіктеу негізінде ұсынады. Егер:
 оны сату көзделсе немесе кәдімгі операциялық цикл шеңберінде ол сатуға немесе тұтынуға арналса;
 ол негізінде сауда мақсаттарына арналса;
 есепті кезең аяқталғаннан кейін оны он екі ай ішінде сату көзделсе; немесе
 есепті кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде он екі ай ішінде міндеттемелерді өтеу үшін оны айырбастауға немесе пайда-
лануға шектеу болған жағдайларды есептемегенде, ол ақша қаражаты немесе оның баламасы түрінде болса, актив қысқа 
мерзімді болып табылады. 
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі. Егер:
 кәдімгі операциялық цикл шеңберінде оны өтеу көзделсе;
 ол негізінде сауда мақсаттарында ұсталса;
 есепті кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде ол өтелуі тиіс болса; немесе
 компанияда есепті кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде он екі ай ішінде міндеттеменің өтелуін кейінге қалдыруға арналған 
сөзсіз құқығы болмаса, міндеттеме қысқа мерзімді болып табылады. 
Топ барлық қалған міндеттемелерді ұзақ мерзімді ретінде жіктейді. Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері 
ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелер ретінде жіктеледі. 
Кен орындарын барлауға, бағалауға және игеруге байланысты шығыстар 
Лицензиялар сатып алынғанға дейінгі шығындар
Лицензиялар сатып алынғанға дейінгі шығындар олар болған кезеңдегі шығыстарға жатады. Қазақстан Республикасының 
Үкіметімен тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін көтерілген шығындар капиталдандырылады. 
Лицензияларды және мүлікті сатып алу шығындары
Лицензияларды және мүлікті сатып алу шығындары капиталдандырылады және материалдық емес активтер ретінде жікте-
леді. Барлау бойынша әрбір объект бұрғылау жұмыстарының жоспарланғанын және оның құнсызданбағанын растау мәніне 
жыл сайын қаралады. Егер болашақ жұмыстар жоспарланбаса, барлауға лицензияларды және тиісті объектілерді сатып алу 
шығындарының ағымдағы құны есептен шығарылады. Экономикалық тұрғыдан негізделген алынатын қорлар («дәлелденген 
қорлар» немесе «коммерциялық қорлар») анықталған жағдайда және игеру ішкі бекітілген жағдайда барлауға лицензияларды 
және тиісті объектілерді сатып алу шығындарының ағымдағы құны кен орындары бойынша қимада барлау шығындарымен 
біріктіріліп, мұнай-газ мүлкіне аударылады.
Барлау мен бағалауға байланысты шығындар
Барлауды жүргізу құқығы алынған кезде геологиялық және геофизикалық зерттеу шығындары мен барлау ұңғымасына тікелей 
қатысты шығындар ұңғыманы бұрғылау аяқталғанға дейін және осындай бұрғылау нәтижелері бағаланғанға дейін шығындар 
сипатына сәйкес барлау және бағалау бойынша материалдық емес немесе материалдық активтер ретінде капиталдандыры-
лады. Осындай шығындар қызметкерлерге төленетін еңбекақыны, пайдаланылған материалдар мен жағармайды, бұрғылау 
мұнарасының құны мен мердігерлерге төлемдерді қамтиды. Егер қорлар анықталмаса, барлау бойынша актив құнсыздану 
мәніне тестіленеді, егер алынатын көмірсутегілер анықталса және коммерциялық игеру ықтималдығы айтарлықтай жоға-
ры басқа ұңғымаларды бұрғылауды қамтуы мүмкін одан арғы бағалауға жатса, онда шығындар көмірсутегілерді коммерци-
ялық алуды бағалаудағы негізді/үздіксіз прогресске қол жеткізілгенге дейін материалдық емес актив ретінде ескеріле береді. 
Осындай барлық шығындар игеруді жалғастыру ниетін немесе анықталымнан пайда алудың қандай да бір болмасын басқа 
да тәсілін растау үшін жылына кемінде бір рет техникалық, коммерциялық және басқарушылық тексеруге жатады. Әйтпесе, 
шығындар есептен шығарылады. Мұнайдың дәлелденген қорлары айқындалғанда және игеруді жалғастыруға шешім қабыл-
данғанда, тиісті шығындар құнсыздану бағаланғаннан кейін және құнсызданудан туындаған залал танылғаннан кейін мұнай-
газ мүлкінің құрамына аударылады.


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау