Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет27/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44


ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
66
 
Тәуекелдерді басқару
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін құру арқылы оның еншілес және тәуелді ұйымдары 
тәуекел дерінің өтелуін ескере отырып, шоғырландырылған негізде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізеді.
ТБКЖ әдістемесі мұнай-газ индустриясының тәуекел-менеджментінің қабылданған халықаралық практикасына сәйкес ке-
леді және Тредуэй комиссиясының демеушілік ұйымдар комитетінің (Committee of Sponsoring Organizations of the Treadway 
Commission) әдістемесіне негізделеді.
Елеулі тәуекелдерді сәйкестендіруге, болжауға және басқаруға мүмкіндік беретін тиімді ТБКЖ енгізу іс-шаралардың кезең-ке-
зеңмен орындалуын, оның ішінде мыналарды қамтитын тәуекелдерді корпоративтік басқару процесін тұрақты іске асыруды 
көздейді:
 тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің ішкі жүйесін дамыту;
 тәуекелдер басқаруды басқа да бизнес-процестерге интеграциялау;
 тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау;
 тәуекелдерді басқару бойынша тиімді шараларды әзірлеу;
 тәуекелдерді басқару шараларын іске асыру және тәуекелдері мониторингі;
 ТБКЖ рәсімдерін үнемі жетілдіру.
2015 жылы сақтандырып қорғаудың корпоративтік жүйесін жетілдіру, ішкі бақылау жүйелерін енгізу, тәуекелдерді сәйкестен-
діру және бағалау бойынша бірқатар іс-шара өткізілді. Компанияда персоналдың тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақы-
лау жүйесі туралы хабардар болуын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
2015 жылы ТБКЖ енгізу және ішкі бақылау бойынша негізгі іс-шаралар
Ақпан 
ҚМГ мен ЕТҰ құрылымдық бөлімшелері үшін ішкі бақылау жүйесі бойынша және тәуекелдерді басқарудың корпоративтік  жүйесі 
бойынша семинарлар өткізілді 
Мамыр
26 мамырда ҚМГ Басқармасының бұйрығымен Корпоративтік деңгейдің тәуекелдер-бақылау матрицасы бекітілді.
Қазан
19 қазанда ҚМГ Директорлар кеңесінің жанындағы аудит комитетінде өндірістік тәуекелдерді басқару бойынша жаңа тәсіл ұсы-
нылды. Тәуекелсіз директорлар, ҚМГ Директорлар кеңесінің жанындағы аудит комитетінің мүшелері жаңа тәсілді және кейін-
гі, құжаттарды дайындауға қажетті іс-шараларды мақұлдады.
Қаңтар-желтоқсан
Өткен кезеңде тәуекелдерді сәйкестендіруде және бағалауда ҚМГ тәуекелдері иелерінің қатысуымен тәуекелдердің тоқсан 
сайынғы мониторингі, тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды іске асыру мониторингі жүргізілді, тәуекелдер бойын-
ша тоқсан сайынғы есептерде мониторингтің қорытындыларын көрсетіп, іске асырылған тәуекелдердің статистикалық база-
сын жүргізу. Тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есептер белгіленген тәртіппен ҚМГ Басқармасының және ҚМГ Директор-
лар кеңесінің қарауына енгізілді.
Төменде Компанияның қызметіне елеулі әсерін тигізетін тәуекелдердің түпкілікті тізбесі көрсетілген. Компания тәуекелдерді 
басқару бойынша ішкі әдіснамалық құжаттарға сәйкес оқтын-оқтын тәуекелдерді қайта бағалауды жүзеге асырады.
Проценттік ставкалардың өзгеру тәуекелі 
Компания қызметі проценттік ставкалардың өзгеру тәуекеліне ұшырауы мүмкін, бұл уақытша еркін ақша (УАҚ) қаражатын ор-
наластыру құнына және, тиісінше, Компания қызметінің қаржы нәтижелеріне теріс әсерін тигізе алады. Осы тәуекелді азай-
ту үшін Компания қазынашылық инвестициялық қоржынның белгіленген өлшемдерінде қаржы құралдарына орналастыру-
ды әртараптандырады және ҚМГ компаниялары тобы бойынша УЕА орналастыруға тұрақты мониторингті жүргізеді. Тәуекелді 
басқару нәтижесінде Компания УЕА бойынша талап етілетін кірістілікті қамтамасыз етеді. 
Займ алудың негізгі көзі халықаралық кредит нарығы болып табылады. Компанияның қары қоржынының негізгі бөлігі – АҚШ 
долларымен номинацияланған кредиттер. Осы кредиттердің бір бөлігіне қызмет көрсету бойынша проценттік ставка LIBOR 
мен EURIBOR банкаралық кредиттері бойынша ставкалар негізінде базалады. Компания үшін кредиттер құнының өсуі оның 
төлем қабілеттігі мен өтімділігі көрсеткіштеріне теріс әсер етуі мүмкін. 2015 жылы Компания тәуекелді азайта бойынша іс-ша-
ралар жүргізген жоқ.
Нарықтық тәуекелдер
Компания мұнайдың нарықтық бағаларының, валюта бағамдары мен займдар бойынша құбылмалы проценттік ставкалар-
дың құбылмалылығына сезімтал. Мұнай бағаларының төмендеуі Компанияның қаржы көрсеткіштерінің нашарлауына елеулі 
дәрежеде әсер етеді. ҚМГ баға тәуекелін математикалық модельдеуді және алынған қорытындыларды жоспарлы көрсеткіштер-
мен салыстыруды жүргізеді. Компания мұнай бағалары төмендеген кезде өз міндеттемелерін орындау үшін шығындарды және 
күрделі салымдарды жедел оңтайландырады, сондай-ақ мұнай бағаларының елеулі төмендеуін қорғау үшін қаржы құралда-
рын сатып алу мүмкіндігін көздейді.
Салық тәуекелдері
Заңнамасын бір мәнді түсіндірмеу салық тәуекелінің негізгі факторы болып табылады. Компания салық заңнамасын заңсыз ин-
терпретациялауға негізделген салықтарды, айыппұлдар мен өсімақыларды қосымша есептеуге қатысты салық органдарының 
шешімдеріне әсер ете алмайды. Салық тәуекелдерін азайту үшін Компания салықтық әкімшілік ету процестерін жақсартады. 


67
Геологиялық тәуекелдер
Компания қызметтің стратегиялық бағыты – көмірсутегі қорларының деңгейін және өндіруді өсіру бойынша жұмысты  белсенді 
түрде жүргізеді. Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде көмірсутегі иірімдерінің коммерциялық емес анықталу және/
немесе «құрғақ» ұңғыманы бұрғылау тәуекелі бар. Іздеп бұрғылау күрделі геологиялық жағдай, бұрғылау  қондырғылары мен 
жабдығының жетпеуі және уақытылы жеткізілмеу себебімен қосымша көзделмеген шығындар тәуекелдеріне байланысты. 
Геоло гиялық-барлау жұмыстарын азайту үшін ҚМГ сейсмикалық деректерді өңдеу және интерпретациялау саласындағы жаңа 
технологияларды қолданады. Әлемнің жетекші компанияларымен өзара іс-қимыл жасау барлау мен мұнай қайтарымының за-
манауи технологиямын белсенді түрде енгізуге мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік реттеу
ҚМГ Бірқатар еншілес ұйымдары тиісті тауарлық нарықта: мұнай өнімдерінің нарығында, газ нарығын үстемдік немесе монопо-
лиялық орында. Монополияға қарсы реттеу саласындағы өзгерістер, сондай-ақ Компанияның іс-әрекеттерін монополияға қар-
сы заңнаманы бұзушылық деп тану және монополияға қарсы органның кейіннен айыппұл санкцияларын қолдануы қаржы-ша-
руашылық қызметтің қорытындыларына теріс әсер етуі мүмкін. Компания монополияға қарсы заңнаманың өзгеруіне тұрақты 
мониторинг жүргізеді және ҚР ТМРА-ға реттелетін тарифтер мен бағалар бойынша өтінімдер беруді уақытылы жүзеге асырады. 
Елдік тәуекелдер
Компания шет мемлекеттерде шет мемлекеттерінің қаржы ұйымдарындағы ағымдағы/корреспонденттік депозиттік шотта-
рында ақша орналастыру; шет мемлекеттер эмитенттерінің бағалы қағаздарын сатып алу, үлестес заңды тұлғаларды, бірле-
скен кәсіпорындарды құру,шетелдік компаниядағы қатысу үлестерін сатып алу арқылы шетелде инвестициялық жобаларды 
іске асыру, секілді операцияларды жүзеге асырады. Реципиент-елдің (ҚМГ ынтымақтасатын не ынтымақтасуды жоспарлап 
отырған шет мемлекет (немесе) еншілес ұйымдар мен тәуекелді қоғамдар) экономикалық және саяси жағдайдағы кез келген 
өзгерістер, әскери іс-әрекеттер мен мемлекетаралық жанжалдар Компанияның қаржы нәтижелеріне теріс әсерін тигізе ала-
ды. Компания елдік тәуекелдер деңгейін ел-реципиентті талдау (экономикалық, саяси, стратегиялық, әлеуметтік және өзге де 
жақтардан) негізінде елдік лимиттерді белгілеу арқылы шектейді. 
Персоналдың ереуілдері
Компания Компанияның қызметіне елеулі әсер ететін жоғары әлеуметтік және экономикалық тәуекелдері бар өңірлерде өн-
дірістік қызметті жүзеге асырады. Персонал ереуілінің тәуекелі бұрын Компанияның өндірістік активтерінде бірнеше рет іске 
асырылды және Компанияның өндірістік көрсеткіштеріне елеулі әсерін тигізді. Компания корпоративтік әлеуметтік жауапкер-
шілік мәселелері бойынша дәйекті жұмысын жүргізеді, оның ішінде: бірінші басшылардың өндірістік ұжымдармен жыл сайын-
ғы кездесуі, басшылық пен ұжым арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, өндірістерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, 
ҚМГ басшылығының өндірістік объектілерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау
Компанияның өндірістік қызметі қызметкерлердің өміріне және денсаулығына зиян келтіру, сондай-ақ қоршаған ортаның 
жағдайына әсер ету тәуекелдерімен байланысты.Осындай тәуекелдерге өндірістегі жазатайым жағдайларының, апат жағдай-
ының басталуын, теңіз операцияларын жүргізу кезінде мұнайдың төгілуін, мұнай құбыры санкциясыз тесіп ойылған жағдайда 
мұнайдың төгілуін, ілеспе газды факельдік өртеу нормаларын асыру, шығарылу мен лықсыма нормаларын асыру үшін айып-
пұл санкцияларын, сондай-ақ жиналған тарихи қалдықтарды уақытылы кәдеге жаратпау үшін айыппұл санкцияларын қолда-
нуды жатқызуға болады. Осындай тәуекелдердің салдары Компанияның беделіне, қаржылық және операциялық қызметіне 
теріс әсерін тигізе алады. Осы тәуекелдерді азайту мақсатында Компания өндірістегі қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлқының, 
автокөлікті қауіпсіз жүргізудің корпоративтік стандарттарын мен саясаттарын енгізу, парниктік газдарды, қалдықтарды және 
су ресурстарын басқару стратегиясын әзірлеу және енгізу секілді бірқатар іс-шараларды іске асырады. 
Алаяқтық тәуекелдері
Компанияның мүддесі ескерілмей ресурстарды бөлу, жеке пайда алу мақсатында Компанияға залал келтіру, алаяқтық бел-
гілерінің кез келген фактілері, қаржылық залалдың мөлшеріне қарамастан, Компанияның қызметінде мүлдем қабылданбай-
тын болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қауіпсіздігінің 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 
Компания ішкі бақылау жүйелерін енгізу және күшейту, үшінші тұлғалардың жағынан, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің 
жағынан заңсыз іс-әрекеттерді болдырмаудың бірыңғай саясатын белгілеу, Компания қызметкерлерінің жағынан заңсыз іс-әре-
кеттердің жасалу фактілері бойынша ішкі тергеу тәртібін белгілеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізеді. Компанияда ҚМГ объек-
тілеріне қатысты қауіптер туралы хабарламаны алу үшін сенім телефоны жұмыс істейді. 
Компания «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының субъектісі болып табылады. Еншілес компания – 2011 
жылғы шілдеде күшіне енген «Парақорлық туралы» Ұлыбритания Заңының субъектісі болып табылады. 


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау