Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет23/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44


55
 
Жылдың негізгі оқиғалары
ҚАҢТАР
«Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта жаңарту» жобасының 
2-кезеңін іске асыруға арналған ЕРС-келісімшарт жасалды.
2015 жылғы 19 қаңтарда ҚМГ облигацияларды шығару про-
спектісінің шарттарына сәйкес 19,7 млрд. теңгеге 8 миллион 
дана санында екінші шығарылымның индекстелген купон-
дық облигацияларын ішінара сатып алу алтыншы рет жүзе-
ге асырды. 
2015 жылғы 23 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компания-
сы» АҚ 2009 жылғы сәуірде шығарылған 1,5 млрд. АҚШ долла-
ры мөлшеріндегі өз Еурооблигацияларын толық өтеді. Шыға-
рылым кестеге сәйкес өтелді.
АҚПАН
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бизнес-процестерінің реинжи-
нирингі бағдарламасы бекітілді.
2015 жылғы 16 ақпанда Standard & Poor’s рейтингтік агент-
тігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кредиттік рейтингісін «BBB-» «BB+» 
«теріс» болжамына» дейін төмендеткені туралы жариялады. 
Рейтингтер 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстанның егеменді 
кредиттік рейтингісін өзгерту нәтижесінде «BBB+» «BBB»  дейін 
қайта қаралды.
НАУРЫЗ
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №147 қаулысымен 
«Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту» басым жобасы 
бойынша шетелдік жұмыс күші тартуға 2015-2016 жж. арналған 
квоталар белгіленді.
ҚМГ-ӨМ-нің «CASPI BITUM» БК» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 50%-
тін сатып алуы.
МАМЫР
2015 ж. 26.05 ҚР мұнай-газ және энергетикалық салаларын да-
мыту жөніндегі ҮАК отырысының барысында жоба жұмыстар-
дың көлемі мен жобаның құны азайтылып, «Павлодар МХЗ 
жаңғырту» жобасын оңтайландыру мақұлданды.
ШІЛДЕ
Атырау МӨЗ бензол алу блогымен каталитикалық риформинг 
қондырғысында бензолдың сынақ партиясы алынды.
2015 жылғы 13 шілдеде ҚМГ Қарашығанақ жобасының мерді-
герлік компанияларымен займ шарты бойынша толық төлемді 
жүзеге асырды (шарттың жалпы сомасы 1 млрд. АҚШ долл.).
2015 жылғы 19 шілдеде ҚМГ 19,7 млрд. теңге сомасына обли-
гацияларды шығару проспектісіне сәйкес 8 миллион дана са-
нында екінші рет шығару екінші шығарылымның индекстел-
ген купондық облигацияларын ішінара сатып алуды жетінші 
реті жүзеге асырды. 
ҚМГ 2015 жылдың 30 маусымынан 2018 жылдың 31 желтоқса-
нына дейінгі кезеңде «ҚМГ Шоғырландырылған Таза Береше-
гін» анықтау бөлімінде Еурооблигацияларды шығару талап-
тарын өзгертуге, сондай-ақ талап ету құқығынан бас тартуға 
Еурооблигациялар ұстаушыларының келісімін алды.
ТАМЫЗ
«Самұрық-Қазына» АҚ пен Қазақстан Республикасының ұлт-
тық банкісі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 10% плюс бір жай акциясын 
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің пайдасына 
сату мәмілесін аяқтады. Мәміле бағасы – 750 миллиард теңге.
«Жекешелендірудің  2014-2016  жылдарға  арналған  ке-
шенді  жоспарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына және 
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешіміне сәйкес «Қа-
зақ мұнай және газ институты» АҚ акциялары пакетінің 100%-
ті «САЭС СРЕДАЗЭНЕРГОСТРОЙ» ЖШС-да сатылды.
2015  жылғы  31  тамызда  «ҚазМұнайГаз  –  өңдеу  және  мар-
кетинг»  АҚ  пен  «China  Kingho  Energy  Group»  арасында 
«Karagandy  CCI»  ЖШМ  бірлескен  кәсіпорнын  құру  туралы 
құрылтайшылық шартына қол қойылды.
ҚЫРКҮЙЕК
4 қыркүйекте АИ-92 маркалы автобензинді бөлшек сату баға-
ларын мемлекеттік реттеудің күшін жою.
«Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта жаңарту» жобасының 
1-кезеңін іске асыру шеңберінде қуаты жылына 1,5 млн. тон-
на дизельдік отынды гидротазарту қондырғысы пайдалануға 
енгізілді.
CODО бағдарламасын іске асыру – ҚМГ 151 АҚС жеке кәсіпкер-
лерге басқаруға берілді.
ҚАЗАН
16 қазанда ҚМГ мен «Самұрық-Қазына» АҚ «Kashagan B.V.» 
ЖШЖК (Қашаған кен орнын игеру консорциумының қаты-
сушыларының бірі болып табылатын ҚМГ еншілес компания-
сы болып табылады) акцияларының 50%-тін «Самұрық-Қазы-
на» АҚ пайдасына сату мәмілесін аяқтады.
Атырау МӨЗ хош иісті көмірсутегілерін өндіру қондырғыла-
рында сынақ партиясы алынды.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС модификацияланған битум өндірісін 
бастады.
ҚАРАША
Парижде қол қойылған «ҚМГ-ӨМ» АҚ пен компаниясы арасын-
дағы техникалық газдарды өндіру бойынша БК құру туралы ак-
ционерлік келісімге қол қою.
 «ҚМГ-ӨМ» АҚ-та өнертапқыштықты қолдау жүйесі «Рациона-
лизатор.kz» атты республикалық конкурста 2-орынға ие болды.
Мәскеуде «ҚМГ-ӨМ» АҚ пен «Сколково» даму орталығының 
қоры арасында инновациялық қызметті қолдау саласындағы 
ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
«ҚазМұнайГаз» бензині мен АҚС «Қазақстандағы жыл таңдауы» 
ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ


56
атты конкурста ең үздік болып танылды.
2015 жылғы 4 қарашада «ҚазМұнайГаз» 
ҰК АҚ 2015 ж. 22.10 «Қазкоммерцбанк» 
АҚ-та 5 жыл мерзімге ашылған 1 мил-
лиард теңге мөлшеріндегі, жылдық 12%-
пен займ тартылды. 
2015  жылғы  25  қарашада  «Интергаз 
Орталық  Азия»  АҚ  2007  жылы  шыға-
рылған, айналым мерзімі 2017 жылды 
қоса есептегендегі мерзіммен облигаци-
яларды ішінара кері сатып алу мәмілесі 
аяқталды. Сатып алу жалпы номинал-
дық көлемі 270 млн. долларына жүзеге 
асырылды.
 
Жасалуына мүдделілік бар 
  мәмілелер 
«Акционерлік  қоғамдар  туралы»  ҚР 
Заңының (бұдан әрі – АҚ туралы заң) 
53-бабының 2-тармағының 19) тармақ-
шасына  сәйкес,  егер  Заңды  және  (не-
месе) қоғамның жарғысында өзгелері 
белгіленбесе, қоғам жасалуына мүдделі 
болатын  мәмілелерді  жасасу  туралы 
шешім қабылдау Директорлар кеңесінің 
айрықша құзыретіне жатады.
Сонымен бірге «Ұлттық әл-ауқат қоры 
туралы» ҚР Заңының 21-бабында олар-
ды жасасуға қатысты АҚ туралы заңда 
ерекше шарттар белгіленген Қор тобына 
кіретін ұйымдар арасындағы мәмілелер 
олар Қор Директорлар кеңесі белгілей-
тін тәртіппен қолданылмай жасалады 
деп бекітілген.
Осылайша  оларға  қатысты  АҚ  тура-
лы заңда ерекше шарттар белгіленген 
«Самұрық-Қазына»  АҚ  тобына  кіретін 
ұйымдар  арасында  мәмілелер  жаса-
су қағидаларының 3-тармағына сәйкес 
Қор Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 
27 сәуірдегі шешімімен ерекше шарттар 
(Қағидалар), Қордың тобына кіретін ұй-
ымдар арасында жасалуына мүдделілік 
бар шарттар жасасу шешімдерді тиісті 
ұйымдардың алқалық атқарушы орган-
дары іштей тәртіппен өткізілетін отыры-
ста қабылдайды.
Яғни, қаралатын мәмілелерді жасасу ту-
ралы шешімдерді мыналар қабылдай 
алады:
1. ҚМГ Директорлар кеңесі (Қор тобына 
кірмейтін өзге де ұйымдар);
2. ҚМГ Басқармасы (Қор тобына кіретін 
өзге де ұйымдар).
Бұдан басқа Қағидалардың 9-тармағын-
да  Директорлар  кеңесінің  өз  қалауы 
бойын ша Қор тобына кіретін ұйымдар 
арасында мүдделі мәмілелер жасасу ту-
ралы шешімді қабылдау құқығы көздел-
ген.
Оларды жасасуға қатысты «Акционер-
лік қоғамдар туралы» Қазақстан Респу-
бликасының  Заңында  ерекше  шарт-
тар  белгіленген  «Самұрық-Қазына» 
АҚ тобына кіретін ұйымдар арасында 
мәмілелер жасасу қағидаларына сәйкес 
Басқарма есепті кезең ішінде жасалуы-
на мүдделілік бар мәмілелер бойынша 
57 шешім қабылданды. 
Сондай-ақ 2015 жылы Басқарма Дирек-
торлар кеңесінің қарауына жасалуына 
ҚМГ мүдделі болатын және/немесе стра-
тегиялық сипаттағы мәмілелер жасасу 
туралы 8 мәселені ұсынды. 
ЖАСАЛУЫНА МҮДДЕЛІЛІК БАР МӘМІЛЕЛЕР
ЖЕЛТОҚСАН
Атырау МӨЗ-де КПА жобасының бірінші 
іске қосу кешені (катализаторды үздіксіз 
регенерациялаумен және бензолы алу 
блогымен  каталитикалық  риформинг 
қондырғысы) пайдалануға енгізілді.
«Шымкент  МӨЗ  жаңғырту  және  қай-
та жаңарту» жобасының 1-кезеңін іске 
асыру шеңберінде қуаты жылына 4 мың 
тонна күкірт өндіру қондырғысы пайда-
лануға енгізілді.
2015 жылғы 10 желтоқсанда жалпы но-
миналдық көлемі 3,7 млрд. АҚШ долла-
ры тұратын Еурооблигациялар мерзімі-
нен бұрын ішінара өтелді. Осы мәміле 
Қазақстан Республикасының аумағын-
дағы бағалы қағаздармен ең ірі транзак-
ция болды.
2015  жылғы  14  желтоқсанда  «Қаз-
ТрансГаз»  АҚ  Citibank,  ING  Bank  және 
Natixis  халықаралық  инвестициялық 
банктерінен алынған 400 млн. АҚШ дол-
лары сомасындағы синдикатталған қа-
рызды  мерзімінен  бұрын  өтеу  жүзеге 
асырылды


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау