5
сонымен қатар жасалып жатқан бағдарламаларды дұрыстау құралдарымен
де толық жабдықталған. ВА екі негізгі бөліктен (1.1 сурет):
алдыңғы немесе беткі панель (Front Panel), ол индикаторлар мен
элементтер орналасатын қолданушының интерактивті интерфейсі және
бақылау пультінің панеліндей болып келеді. Бақылау элементтері – бұл
түймешіктер, тұтқыштар, реттегіштер, жылжымалы қондырғылар және т.б.
сияқты енгізуге арналған құралдар. Индикаторлар - бұл деректерді
енгізуге, графиктерді құрастыруға, дабыл беретін қондырғылар (лампалар
және т.б.);
1.1 сурет – ВА-ның беткі және функционалды панельдері
блок-сұлба немесе функциональды панель (Block-diagram), ол ВА-
ның иллюстрациялы алгоритмді іс-әрекетін білдіреді, бір уақытта ВА-ның
алғашқы мәтіні болады, ол G тілінің көмегімен әртүрлі іс-әрекеттерді
орындайтын графикалық пиктограммалар және олардың арасындағы
байланыс, виртуалды құралдың алғашқы кодын жасау процесі жасалады.
Алдыңғы
панельге
орнатылған
бақылау
панельдері
мен
элементеттері блок-диаграмма терезесінде икон (терминалдар) түрінде
көрсетіледі, яғни редакциялау терезесінде интерфейс панелінде
орнатылған элементке бір иконадан. Осы терезеде VI графикалық коды
жасалады яғни, бағдаралама «жазылады». Интерфейс терезесінде, мысалы,
қандайда бір бақылаушы элементті жойғанда, диаграммаларды
редакциялау терезесінде соған сәйкес икон (термианл) жойылады.
Икона мен қосу панелі ВА ішіндегі басқа ВА-ны қолдануға және
көруге мүмкіндік береді. Бір ВА-ның ішінде екінші ВА-ны қолдану subVI
деп аталады және мәтіндік бағдарламалау тілінің іс-әрекетін орындайтын
аналогы болып келеді. ВА-ны subVI ретінде қолдану үшін оны
иконалармен және қосу панелімен жабдықтау керек.
6
LabVIEW – бұл икемді және өлшемі ауқымды қосымшаларды жасау
үшін, бақылауда және тестілеуде уақыт және ақша аз шығындалатын өте
тиімді графикалық бағдарламалау ортасы. LabVIEW атоматты түрде код
жасайтын, өлшемнің кескінделу кезінде косымшаларды қолдану,
қосымшалар шаблондары мен орнатылып жатқан Экспресс ВА-сы бар,
дәстүрлы бағдарламалау тілінің икемділігі мен Экспресс ВА-ның
интерактивті технологиясын өзінде үйлестіреді. Осы ерекшеліктері
LabVIEW-де қосымшаларды жасауға сарапшыларға да, үйренбегендерге де
мүмкіндік береді. LabVIEW графикалық бағдарламалауда интуитивті
түсінікті процеске ие, ол бағдарламалауға ғана емес, сонымен қатар
өлшемдермен және бақылаумен байланысты туындаған мәселелерді
шешуді алға қоюға мүмкіндік береді.
LabVIEW
тілінің
артықшылығы.
LabVIEW
графикалық
бағдараламалау ортасының негізгі артықшылығы болып төмендегілер
келтіріледі:
қол жетімділік және салыстырмалы қарапайымдылығы: LabVIEW
жасаушы мен қолданушыны бағдарламалаудың классикалық тілін
үйренуден арылтады, себебі LabVIEW тіліндегі бағдарламалар тек
графикалық сұлба-суреттерден тұрады (бірде-бір мәтін жолығынсыз);
көрнектілігі: LabVIEW бағдарламалық ортасында деректердің
қарапайым универсальды визуализациясы қолданылған; дәлірек айтқанда,
LabVIEW құралының қабықшасы өлшем құрылғыларымен жақсы
жабдықталған зертханаға ұқсас;
дұрыстауға арналған қарапайым және көрнекі құралдары:
LabVIEW-де бағдарламалар жұмысын бақылау бір түймешені қосу арқылы
жасалады; сонымен қатар, дұрыстайтын адам әрбір элемент үшін сұлбада
кіру және шығу деректерін жазады;
өзектілігі және келешегі: қазіргі таңда зертханалық өлшемдермен
және тәжірибелермен байланысты көптеген бағдарламалар LabVIEW-де
зерттеушілердің өздерімен жасалуда.
LabVIEW тілінің артықшылығы келесі мақсаттарды орындауда
байқалады:
өлшем объектісінің параметрлерін өлшем жүйесінің бақылау
мүмкіншілігін зерттеу берысында;
КБӨЖ құрылымының анализі және оңтайландыру;
КБӨЖ ме оның компоненттерінің есебі мен статистикалық анализі
және динамикалық метрологиялық сипаттамасы (МС).
LabVIEW-де қолданудың арқасында жасалған ұқсастық модельдері,
зерттелінетін объектілерде болатын, шынайы физикалық процестердің
мәнін білдіреді. LabVIEW-де көптеген бағдарламалар түрлері бар, олар
келесілерді жасауға мүмкіндік береді:
– стандартты интерфейстер арқылы сыртқы деректерді бақылау қол
жетімділігі (КОП, RS232, VXI, USB и др.);
7
– өлшем деректерін анализдеу;
– деректердің архивтелуін және сақталуын жасау.
LabVIEW-ді оқып үйрені процесі интерактивті оқыту жүйесінің
болуымен, салалық контексті байланысты көмегі және бағдарламалаудың
көптеген мысалдарының болуының арқасында елеулі түрде жеңілдетіледі.
LabVIEW-ді қолдану салалары қарқынды түрде кеңеюде. Білім
беруде физика, элетротехника және механика пәндері бойынша
зертханалық
тәжірибелік
сабақтарда
қолданылады.
LabVIEW
фундаментальды ғылымда Lawrence Livermore, CERN (Европода), Batelle,
Oak Ridge (США), Sandia сияқты алдыңғы қатарлы орталықтар қолданады,
инженерлік тәжірибеде – өндірістік кәсіпорындар, ғарыштық объектілер,
су үсті, су асты және әуе флоты объектілерінде және т.б.
2 Дәріс №2. LabVIEW мен ВА бағдарламалық орталарының
негізгі түсініктері
Дәрістің мазмұны: виртуалды құрылғының негізгі компоненттері;
Tools Palette, Controls и Functions инструменталды панельдері; блок-
диаграммалар объектілерінің контекстік мәзірі.
Дәрістің мақсаты: ВА компоненттерімен танысу – алдыңғы панель,
блок-диаграмма, пиктограмма (икона) және біріктіргіш панель.
Инструментальды алдыңғы панельдердің және блок-диаграммалардың,
басты және контекстік мәзірдің, саймандар палитрасының, элементтер мен
функциялардың міндеттерін үйрену.
LabVIEW-ді қосу жұмыс үстелінде орналысқан LabVIEW ярлыгын
тінтуірді екі рет басу арқылы іске асады немесе Пуск - Программы –
National Instruments – LabVIEW арқылы. LabVIEW-ге кіру барысында
қолданушыға басты мәзірде жаңа виртуалды сайманды жасау (New VI)
немесе осында бар виртуалды сайманды ашу ұсынылады (Open VI).
ВА (VI) жасау келесі екі панельде іске асады – алдыңғы және
функционалды (блок-диаграмма). Алдыңғы панель – қолданушының
интерфесі Controls (Элемент палитрасы) палитрасын қолданумен
жасалады. Бұл элементтер деректерді енгізу құралы ретінде – бақылау
элементі, және деректерді көрсету құралы ретінде – көрсету элементі
бола алады. Бақылау элементтеріне – ауыстырып-қосқыштар, түймелер,
жылжымалы және басқа енгізу элементтері кіреді.
Көрсету элементтеріне – жарықдиоды, сандық табло, графиктер
және т.б. жатады.
Инструменталды панелдер. Блок-диаграммада ВА-ның ашылуынан
кейін, алдыңғы панельдегі объектілерді бақылауға арналған графикалық
Достарыңызбен бөлісу: |