Некоммерческое



жүктеу 1,28 Mb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата21.11.2018
өлшемі1,28 Mb.
#22899
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 

22 


 

в) 

 

а –TRUE логикалық нұсқа; б – нұсқаны таңдау; 

в –FALSE логикалық нұсқа. 

 

5.2 сурет – ВҚ Термометр Case құрылымын пайдалану 



 

Нұсқаны анықтау үшін ЖАЗУДЫ ЕНГІЗУ құрылғысының көмегімен 

мәндерді  енгізіп  немесе  Case  селекторының  құрамынан  мәндерді  таңдау 

қажет. (5.2,б сурет). 

 

Таңдалған  нұсқа  блок  сұлбада  көрсетілгендей  алдыңғы  қатарға 



шығады. (5.2,в сурет). 

 

Нұсқа  селекторы  мәндерінің  деректер  типі  және  селектор 



терминалына берілетін мәліметтер бір - біріне сәйкес келуі керек.  

 

Қызыл  түске  боялған  нұсқа  селекторының  мәні  оны  өшіру  немесе 



түзету  қажет  екендігін  көрсетеді,  әйтпесе  ВҚ  орындалмайды.  Нұсқа 

селекторының  терминалына  құбылмалы  нүктелі  сандарды  беруге 

болмайды,  әйтпесе  LabVIEW  берілген  мәнді  ең  жақын  жұп  санға  дейін 

жуықтайды. Егер құбылмалы нүктелі санды сонда да енгізетін болсақ, онда 

ол  қызыл  түске  боялып,  өшіруді  немесе  түзетуді  қажет  ететіндігін 

көрсетеді.  

 

Formula  Node  формулалық  блогы.  Formula  Node  формулалық  блогы 

мәнді  блок  сұлбаға  тікелей  және  қарапайым  түрде  енгізу  үшін  қажет. 

Формулалық блогты қолданудың ыңғайлылығы өрнек күрделі түрде және 

көптеген айнымалылардан тұрғанда көрінеді. Формулалар қарапайым жазу 

түрінде  енгізіледі.  Терминалда  айнымалылардың  аттары  блоктың 

шекарасына жазылады. Әрбір өрнек «;» ажыратқышымен аяқталады.  

 

Формула түйіні шешімдер қабылдау үшін де қолданылуы мүмкін. If-



then операторларын қолдану тәсілі келес блок диаграммада көрсетілген:  


 

23 


 

 

5.3 сурет - Formula Node формулалық блогы 



 

Sequence Structure тізбектік құрылымы. Sequence Structure тізбектік 

құрылымы  белгілі  бір  ретте  орналасқан  блок  сұлбалардың  тізбектеліп 

орындалуы  үшін  қажет.  Құрылымдағы  фреймдер  саны  енгізілген  блок 

сұлбалар санын көрсетеді. Фреймдер санын Add Frame Before, Add Frame 

After қолданып үлкейтуге болады. Айнымалылар мәндерінің бір фреймнен 

басқа фреймге жіберілуі жергілікті айнымалы құрылымдар арқылы жүзеге 

асырылады.  Мұндай  айнымалылардың  деректері  келесі  фреймдерде 

көрсетілгенімен, өткен фреймдерде көрсетілмейді.  

 

6  Дәріс №6. LabVIEW ортасында массивтермен жұмыс 

 

 



Дәрістің  мазмұны:    массивтер;  басқару  және  бейнелеу  элементті 

массивтер;  автоматты  индексация;  екіөлшемді  массивтерді  құру; 

массивтермен жұмыс жасау функциясы. 

 

 



Дәрістің  мақсаты:  басқару  және  бейнелеу  элементті  массивтерді, 

массивтер  функциясын,  константа  массивін  құрудың  типтік  және 

массивтермен жұмыс жасау әдістерін оқып үйрену.   

 

 



Бір  типті  деректер  элементтерін  біріктіретін  LabVIEW  объектісі 

массив  деп  аталады.  Массив  қандай  да  бір  өлшемі  бар  элементтерден 

құралады.  Массивті  құратын  элементтер  массив  объектісі  деп  аталады. 

Массивтің  өлшемі  ондағы  бағандар  мен  жолдардың  және  массивтің 

тереңдігіне байланысты.  

 

Массивтегі  деректер  келесі  типтерден  тұруы  мүмкін:  бүтін  сандар, 



логикалық,  жолдық.  Сонымен  қатар  массивтер  кластерлерді  және 

сызбалық  элементтерді  құрауы  мүмкін.  Массивтері  қолданудың 

ыңғайлығы  бір  типті  мәліметтердің  тобымен  жұмыс  жасағанда,  сонымен 

қатар  қайталанып  есептелінгеннен  кейін  деректердің  жиналуы  кезінде 

көрінеді.  Массивтер  деректерді  сақтауда,  сызбаларды  алуда  және  жұмыс 

уақытында деректер циклдерінің жиналуында қызмет етуі мүмкін.  




 

24 


 

 

6.1 сурет – Беткі панельдегі массив түрі 



 

Массивтің  әрбір  элементі  реттелген  және  массив  элементтерімен 

жұмыс  жасау  жеңілірек  болу  үшін,  әрбір  элементке  өз  индексі  берілген. 

Массив  элементтерінің  нөмірі  әрдайым  нөлден  басталады,  яғни  массив 

индекстерінің  ауқымы  0  және  n-1  аралығында  жатады,  n  -  массивтегі 

элементтер саны.  



Басқару  және  бейнелеу  элементті  массивтерді  құру.  Басқару  және 

бейнелеу элементті массивтерді құру үшін мысалда көрсетілгендей беттік 

панельге  Array  &  Cluster  палитрасындағы  Controls  палитрасын  массив 

шаблонын  әкеліп  орналастыру  қажет.  Содан  кейін  массив  шаблонына 

басқару немесе бейнелеу элементін әкеліп орнату керек.  

Константа  массивін  құру.  Блок  диаграммада  константа  массивін 

құру үшін Functions палитрасындағы Array палитрасынан Array Constantты 

таңдау  керек  және  оған  сандық  константаны  енгізу  керек.  Константа 

массиві ВА программасында деректерді жіберу үшін қолданылады.  

 

Екіөлшемді  массивтер.  Екіөлшемді  массивте  элементтер  матрица 

түрінде  сақталады.  Екіөлшемді  массивте  элементті  орналастыру  үшін 

жолдар  мен  бағандардың  индекстерін  көрсету  керек.  Төменде  4  жолдан 

және  6  бағаннан  тұратын  екіөлшемді  массивтің  мысалы  көрсетілген. 

Массивтегі элементтер саны 24ке тең.  

 

 



6.2 сурет – Екіөлшемді массивтің индексі 

 



 

25 


 

Массивтің  өлшемін  ұлғайту  үшін  тінтуірдің  оң  жағымен  элемент 

индексін басу қажет және мәзірден Add Dimension пунктын таңдау керек. 

Өлшемді  ұлғайтуда  сонымен  қатар  «ПЕРЕМЕЩЕНИЕ»  құралын  да 

пайдалануға болады, яғни жай ғана элемент өлшемін өзгертіп отыру.  

Автоматты  индексация.  Автоматты  индексация  дегеніміз  While 

және  For  циклдарының  массивте  автоматты  түрде  жиналуы  болып 

табылады және бұл олардың индексациялануына әкеледі.  

Массив  деректері  терминалы  мен  циклден  шығу  терминалының 

пайланысуында  әрбір  цикл  итерациясы  массивтің  жаңа  элементін 

тудырады.  Экранда  көрініп  тұрғандай,  массив  деректерінің  терминалын 

циклден  шығу  терминалымен  қосатын  жолсерік  жуандады,  ал  циклдегі 

шығыс  терминалдың  өзі  массив  деректерінің  терминалының  түсіне 

боялды.  

Автоматты  индексацияны  ажыратыру  үшін  тінтуірдің  оң  жағымен 

терминалдың кіріс немесе шығыс циклін басу қажет және мәзірден Disable 

Indexing  пунктін  таңдау  керек.  Автоматты  индексацияны  тек  қана  соңғы 

нәтижені білу үшін ғана ажыратады.  

 

6.3 сурет –  Массивтің автоматты индексациясының  



блок-диаграммасы 

 

Циклдермен  жұмыс  жасағанда  көп  қолданылатын  For  циклі  үшін 



LabVIEWде автоматты индексация қосылған. While циклі үшін автоматты 

индексация  ажыратылған.  Оның  қосылуы  үшін  тінтуірдің  оң  жағымен 

терминалдың  кіріс  немесе  шығыс  циклін  таңдау  керек  және  мәзірден 

Enable Indexing пунктін таңдау қажет.  



Екіөлшемді массивтерді құру. Екіөлшемді массивтерді құру үшін бір 

For  циклін  басқар  бір  циклге  әкеліп  орналастыру  қажет.  Ішкі  цикл 

массивте баған элементтерін тудырады, ал сыртқы цикл  жол элементтерін 

тудырады.  




жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау