316
Нақты бағдарлау үшін картаны көлденең түзу жағдайға келтіріп,
ондағы сызықтық бағдардың (өзен, жол, т.б.) шартты белгісіне ны-
саналы сызғышты қойып, жергілікті жердегі бағдардың бағытымен
үйлестіреді. Содан соң сызықтық бағдар ретінде алынған жолдың
оң жағымен сол жағындағы заттар мен жер бедерінің пішіндерінің
барлығының картада бар-жоғы тек се ріледі. Егер шартты түрде орын-
далса, онда бағдар дұрыс деп есеп телінеді.
Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау.
Бағдарлаудың ең дұрысы, жолбасшы болып табылатын топогра фия -
лық картаның көмегімен бағдарлау болып табылады.
Алдымен картаның өзімен бағдарлап, содан өзің тұрған қажетті
заттарды белгілеп, өзің жүретін жолдың бағытын анықтау қажет.
Карта арқылы бағдарлау үшін картаның бетінің бұрыштамасын
географиялық меридианның бағытына сай келетіндей етіп орна-
ластырылады. Ал картографиялық кескіндеудің сызықтары (өзен,
жол, электр желілері) жергілікті жердегі оған сай келетін сызықтарға
бағыттас орналастырылады. Жергілікті жерде бағдар лар жеткілікті
болған, жақсы көрінетін жағдайда жергілікті жер дегі сызықтарға ны-
саналау арқылы жəне тұсбағдар арқылы жүр гі зі леді.
Жергілікті жердегі сызықтарды карта арқылы бағдарлау тұрған
нүкте сызықтық нысандарда тұрғанда жəне оның орны шамамен
белгілі болғанда жүргізіледі. Ол үшін картаның бетіндегі сызықтық
нысандар жер бетіндегі сызықтық нысанның бағытымен сай
келетіндей етіп орналастырады.
Картадағы нысанмен жергілікті жердегі нысандардың бағыты
сай келуі керек [8.13, 8.14-суреттер].
8.14 сурет. Жергілікті жердегі
сызықтар арқылы картамен
бағдарлау
8.15 сурет. Карта аркылы
жерглікті жердегі бағдарға ныса-
налау
317
Егер өзің тұрған нүктенің орны картада белгілі болса,
бағдарлардың бағыты дұрыс анықталса, сол жаққа қарай карта
арқылы нысаналайды. Ол үшін өзің тұрған нүктеден бағдарлайтын
нысанға бағыттап сызғыш қояды. Сызықтың қабырғасы жергілікті
жердегі нысанға сай келуі тиіс.
Түнде нашар көрінетін жағдайда жəне бағдарлық нысандарға
кедей жерлерде картада тұсбағдар арқылы бағдарлайды. Тұс-
бағдардың магниттік бағдарын босатып, 0º-180º топографиялық
картаның тік бағыттағы шақырымдық сызығымен сай келетіндей
жағдайда орналастырып, тілін бағытқа енгізілетін түзетуге сəйкес
3 бұрыш жасайтындай жағдайға келгенше бұрамыз. Егер түзету
3º кем болса, онда 0º келгенше бұрамыз.
Адрианов тұсбағдарының лимбасының шкаласы 3ºкейін
жүргізілгендіктен жергілікті жерде бұрышты жоғары дəлдікпен
өлшеу мүмкін емес. Өзің тұрған жердің орнын жергілікті жерді
картамен беттестіріп көз мөлшерімен жергілікті нысандармен
салыстыру арқылы жəне арақашықты өлшеп немесе жүріп өту
арқылы анықтайды.
Егер нүктелік бағдарлар (жеке тұрған ағаш, бұлақ) болса, бағ-
дарлар өзі тұрған орынды картадан еш қиындықсыз таба алады.
Ашық жердегі А нүктесінің өзің тұрған нүктеден қашықтығын
көз мөлшерімен немесе олардың арақашықтығын өлшеу арқылы
анықтайды. Тұсбағдармен бағдардың азимутын жəне оған
дейінгі арақашықтықты өлшеп, одан соң шартты белгіден өзің
тұрған нүктеге дейінгі кері азимутты анықтап арақашықтықты
масштабқа салып өлшейді. Егер өзің тұрған нүктеден бір бағдар
көрінетін болса, сызықтық кескінді жүріп өтіп, кесте сызу арқылы
өзің тұрған нүктенің орны анықталады.
Ол үшін алдымен тұсбағдармен немесе жергілікті жердегі
сызықпен бағдарлап, содан соң бағдардың картадағы белгісіне
сызғышты қойып жергілікті жердегі бағдарлық нысанға
бағыттайды да, жолдан (байланыс желісінен) нүктеге дейін
түзу сызық жүргізіп, тұрған нүктенің орнын табады. Жергілікті
жерде қозғалғанда, картаның бетін жергілікті жермен салысты-
рып, өзі тұрған орынды оның маңында кескінделген бағдарлық
нысандардың бірінші ірісін, содан соң ұсақтарын тауып алады.
Бағытпен қозғалғанда жұп адымды үздіксіз санап отыру
қажет. Көріну нашар болғанда (түнде) бағытты тек тұсбағдармен
анықтайды. Сондықтан бағытты дұрыс бақылап арақашықты
318
өлшеп отыру қажет. Картадан көзге көрініп тұрған заттарды тау-
ып алу үшін оған дейінгі қашықтыкты көз мөлшерімен анықтап
картадағы нүктеге дейін масштабқа сай өлшеп алып, сызықтың
соңынан нысанның кескінін табады.
Картада кескінделген нысандарды жергілікті жерден табу
үшін өзің тұрған жерді картадан тауып алып одан нысаналайтын
затқа дейінгі қашықтықты ойша анықтайды. Картаны қолданып,
таныс емес жерлердегі бағытпен қозғалуды ұйымдастырғанда
картадан қозғалатын жағдайды анықтап, бағытты бағдарлаудың
ең тиімді жолын таңдайды.
Картаның бетіне қозғалатын бағыттың сызықтарын түрлі түсті
қарындашпен сызып, жер бетіндегі бағдарлардың арақашықтығын
өлшеп жазады. Егер жүретін жол ұзақ болса, онда тоқтап демала-
тын, қонатын жерлерді картада белгілейді. Бағытпен қозғалу ба-
рысында жергілікті жердегі нысандар мен картаның салыстырып
бағдарлық нысандарды тауып отырады.
Топографиялық бағдарлау. Көріну жағдайы əртүрлі
жергілікті жерде жылдам əрі тез бағдарлаудың маңызы зор.
Жергілікті жерде бағдарлауды топографиялық бағдарлау
дейміз. Топографиялық бағдарлау жүргізу үшін алдымен уақыт
пен көкжиектің бір бағыты көрсетіледі. Көбінесе солтүстік пен
белгілі-бір нүктенің арасындағы бұрыш, градус есебімен алынған
азимут беріледі. Содан соң өзің тұрған орын мен оны қоршаған
заттар мен оларға дейінгі қашықтық беріледі [8.16-сурет].
8.16 сурет. Жергілікті жерде топографиялык бағдарлау