«Жазуға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,64 Mb.
#22514
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 

38 


 

 

жетілдіріп,  жазуға  даярлау,  әріптерді    графикалық  ауыр-жеңілдігіне 



қарай белгілі ретпен бөлінген топтар бойынша жазуға үйрету: сызулы 

қиын жеке әріптерді жазу. 

 Бұл сыныптарда оқушылар тек әріптерді ғана жазып қоймайды, 

сонымен  қатар  сөздерді,  сөйлемдерді,  текстерді  жазады,  оларды 

көшіріп жазуға, есту бойынша жазуға төселеді.  

3-4-ші сыныптар үшін жазылуы қиын әріптерді және әріптердің 

сөз  ішінде  өзара  қосылу  тәсілдерін  үйретуге  арналған  графикалық 

жаттығулар  орындалады.  Сондай-ақ  бұл  сыныптарда  баспа 

әріптерімен жазылған текстерді көшіріп жазуға, есту бойынша жазуға 

төселдіріледі. Мұндай графикалық жаттығуларды жүргізу барысында 

көлбеу  жазу,  сызықтарды  параллель  жүргізу,    әріптердің  көлемін, 

биіктігі  мен  енін  біркелкі  жазу,  әріптерді  жолдан  шығармай  жазу,  

әріпті  бұзбай  жазу,  жазу    тазалығы    сияқты  дағдыларды 

қалыптастыруға жете көңіл бөлінеді. 

Әрбір оқушының жазу ерекшелігі есепке алынады. Осыған орай, 

мұғалім,  1-2-ші  сыныптарда  барлық  оқушының  дәпиеріне,  3-4-ші 

сыныптарда  2-3  рет    қате  жіберетін    оқушылардың  дәптеріне 

әріптердің үлгісін жазып көрсетеді. 

Көркем жазуға арналған графикалық  жаттығулардың  жазуы әрі 

таза,  әрі  көркем,  оқуға  көңіл,  анық  болу  керек,  мұның  өзі 

оқушыларды эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке 

тәрбиелеуге көмектеседі. 

Қазақ  тілінен  жүргізілетін  негізгі  жазба  жұмыстары:  көшіріп 

жазу,  диктант,  бақылау  диктанты,  сөздік  диктант,  көру  диктанты, 

ескерту  диктанты,  түсіндірмелі  диктант,  шығармашылық  диктант, 

т.б. мазмұндама және шығарма. 

Көшіріп  жазу  жұмыстарын  тексергенде  де  диктанттағыдай 

оқушылардың  жазуына каллиграфиялық талап және бір қате болып 

диктантты  бағалағандағы  талаптар  қалады  да,    жіберілген  әрбір 

емлелік, тыныс белгілік қателер көшіріп жазу жұмысын бағалағанда 

қатеге есептеледі. 

Көшіріп  жазу  үшін  ұсынылған  тексте  шамамен  үш  тапсырма  

берілуі  мүмкін.  Мұндағы  талдау  грамматикалық  ережелерге  сәйкес 

болады. 


«5» деген баға мынадай жағдайда қойылады: 

-  Егер  оқушы  ,  тапсырамның  барлығын  дұрыс  орындап, 

грамматикалық ережелерді меңгеріп, іске, асыра алса. 



 

39 


 

 

«4» деген баға мынадай жағдайда қойылады: 



-  Егер  оқушы  ережелерді  саналы  меңгеріп,  оны  практикалық 

жұмыста дұрыс қолданып, берілген тапсырманың 3\4  -ін орындаса: 

«3» деген баға мынадай жағдайда қойылады: 

-  Егер  өтілген  материалдық  кейбір  бөлімдерін  меңгеріп, 

тапсырманың жартысынан  кемін орындаса: 

«2» деген баға мынадай жағдайда қойылады: 

-  Егер  оқушы  материалын  жаман  білетіндігін  байқатса, 

грамматикалық тапсырмаларды орындамаса: 

«1»  деген баға мынадай жағдайда қойылады: 

-  Егер оқушы ешбір тапсырманы орындай алмаса.  

Мектептегі  оқыту  үрдісі  сауат  ашудан  басталатыны  белгілі. 

Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты-балаға хат таныту, яғни оған 

оқу  мен  жазуды  үйрету.  Сауат  ашу-аса  жауапты  да  күрделі  жұмыс. 

Өйткені  сауат  ашу  кезінде  оқушылар  дыбысты  әріппен  таңбалай 

білуге  үйретіліп  қоймады,  сонымен  бірге  каллигрофиялық  талапқа 

сай  жазуға  дағдылануы  тиіс.  Демек,  сауати  ашудың  міндеті  әріпті 

жаза  білуге  үйрету  емес,  оның  әрбір  элементін  дұрыс  сақтауға, 

дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, 

анйқ жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау 

негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады. 

Әдемі жазу- өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай 

жазумен  берілген  ойды  түсіну  де  оңай.  Әріп  таңбаларын  әдемі, 

көркем 

етіп 


салуға 

жаттықтыру 

мақсатында 

жүргізілетін 

жұмыстардың  оқушы  бойында  жақсы  қасиеттердің  қалыптасуына 

ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына 

жете  көңіл  бөлмеу  көп  жағдайда  оның  өз  ісіне  салдыр-салақ 

қарауына,  жауапкершілікті  сезімбеуіне  әкеп  соғады.  Таза,  әдемі 

жазуды  талап  ету  оқушының  әсемдік  сезімін  оятып,  мінез-құлқын 

тәрбиелеп,  жауапкершілікке,  тыңғылықтылыққа,  ұқыптылыққа 

үйретеді. 

Оқушыларды  көркем  жазуға  үйретуде  үш  нәрсені  басшылыққа 

алу  керек:  біріншісі-  әріптерді  мәнерлі  жазуға  және  жеке  әріптерді 

өзара  құрастыра  білу,  екіншісі-  әріп  элементін  дұрыс  жазуға 

дағдыландыру,  үшіншісі  –  жазу  жұмысына  өте  ұқыпты,  мұқиат 

болуды  қалыптастыру.  Жас  жеткіншектің  көркем  жазу  дағдысы 

біртіндеп  қалыптасады.  Мұғалім  бұл  үшін  жұмыстың  әр  түрлерін, 

оқыту  әдіс-  тәсілдерін    тиімді  пайдаланары  сөзсіз.  Түрлендірілген 




 

40 


 

 

жұмыстар  оқушыларды  қызықтырып  қана  қоймайды,  логикалық 



ойлауын  арттырады.  Сауат  ашудың  дайындық  кезеңінде  оқушының 

қол  икемдігі  мен  көз  мөлщшерлеу  қабілетін  жетілдіру  графикалық 

дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды 

орындатады.  Сонымен  бірге  бұл  кезде  штрихтау  жаттығуларын 

орындатудың  мәні  зор.  Мектепке  алғаш  келген  баланың  жетекші 

әрекеті  –  ойын,  ал  штрихтау  ойын  түрінде  жүргізіледі.  Әртүрлі  зат 

бейнесін,  геометриялық  фигураларды  штрихтау  баланың  қолын 

жаттықтырмайды  оның  сөйлеуі  мен  ойлауын  жетілдіреді.  Штрихтар 

арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. 

Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар 

жазу 

дәптеріндегі 



үлгідей 

орындалады. 

Оқушылар 

үшін 


геометриялық  фигуралар  мен  әртүрлі  зат  бейнесінің  трафареты 

дайындалады немесе олардың өздері дайын геометриялық  фигуралар 

трафаретынан зат бейнесін құрастырады. Мұғалім альбомға салынған 

бейнелерді штрихтауды талап етеді.  

Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың 

пішінін,  құрылысын  жазықтықта  орналасу  қалпын  еркін  қабылдап, 

«оң», «сол», «шеті», «жоғары», «төмен», «түзу», «қисық», «дөңгелек» 

т.б ұғымдарды меңгереді. 

 

 

 



                    

 

Ал,  сауат  ашудың  әліппе  кезеңінде  әріптерді  жазып  үйренеді. 



Әріптің  толық  таңбасы  оның  элементтерін  ретімен  жазу  арқылы 

орындалады.  Демек,  әрбір  әріпті  жазып  шығу  дегеніміз-көп  қырлы 

талдау  процессін  атқару  деген  сөз.  Ал,  мұның  өзі  мектеп 

табалдырығын  алғаш  аттаған  бала  үшін  аса  күрделі  іс-әрекет.  Әріп 

элементтерін  ретімен  жазып  үйрену  ең  алдымен  оның  неше 

элементтен  тұратынын,  екіншіден,  ол  әріпті  қай  жерден  қалай 

бағыттап  жазуды  меңгеруіне  септігін  тигізеді.  Жазуға  үйретудің 

алғашқы  күнініен  бастап  балаларды  үзбей  дағдыландыруға  қажет. 

Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың 

аяқталуы  келесі  элементке  жалғастырылады.  «Үзбей  жазуға 

жаттықтыру  жұмыстары  балаға  қызықты  тапсырма  ретінде  берілуі 

тиіс»  деп  бағдарламада  көрсетілгендей,  қызығушылықты  оятатын 




жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау