Кітаптан есімде қалғаны ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры- сы ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі



жүктеу 6,11 Mb.
Pdf просмотр
бет9/13
Дата20.11.2018
өлшемі6,11 Mb.
#22502
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

42

Аяқасты сауда

Супермаркеттер мен гипермаркеттер  – нағыз «тұзақтар» 

шоғырланған  жер.  Біз  осы  бір  сиқырлы  әлемге  түсіп, 

жарқын,  көздің  жауын  алатын  қораптарға,  супер-

жеңілдіктерге және супер-ұсыныстарға елігіп кетеміз. «3-

ін 1-нің бағасымен ал» деген кезде, бір мезетте бәрін де 

алғың келеді! Осының бәрін бізге алдырту үшін көптеген 

әдістер қолданылады: ең қымбат тауарлар ең қолайлы 

сөрелерде тұрады, ал арзандары алыстау орналасады. 

Ал кассада кезек күтіп тұрған кезде қолымыз өзінен-өзі кәмпиттер мен сағызға созы-

лады. Себебі, олар дәл қасыңда тұр ғой. Осының бәрі не үшін керек? Пиғыл біреу – 

бізді мүмкіндігінше көп ақша жаратуға итермелеу! Мұны жеңер жол бар ма? Әрине: 

дүкенге барарда керек-жарақтың тізімін жасап, оған жұмсалатын ақшаны түгендеп, 

одан артығын алмау керек.

Әдетте, саудалайтын кез жақындаған сайын, тауарлардың 

бағасы өсе бастайды. Басқаша айтқанда, егер сен вело-

сипед алуды жоспарлап жүрсең, оның көктемдегі бағасы 

20-30%-ға қымбатырақ болады. Ал дәл сол велосипедті 

күзде алатын болсаң, қомақты ақша үнемдер едің. Мысалы, 

велосипедтің бағасы 25 000 теңге болса, сен 7 500 теңге 

үнемдей аласың! Сондай-ақ, осы ережені киім, аяқ-киім, 

киноға, не концертке билет алғанда есіңде ұста. Көптеген 

заттар жылдың әр кезеңінде әртүрлі бағамен сатылатынын 

байқаған шығарсың. Бұл дегеніміз, заттарды маусымы таяп 

қалған кезде сатып алатын болсақ, олардың ең жоғарғы 

бағасына  тап  боламыз.  Бұл  да  ақшаны  арбап  түсіруге 

арналған тағы бір «тұзақ» – артық төлеу.

Артық төлеу



43

Нәтижесінде, келешекте Оспановтар 

әулеті 32 500 теңге сақтай алады

 

Үнемделген ақшаны Оспановтар қаржылық мақсаттарына 



арналған жинақтарына қоса алады.

 

Анасы интернет үшін 5 000 теңге артық төлеген болып шықты, себебі бұл айда 



Руслан тоқсандық бақылау жұмыстарына дайындаламын деп торапты жиі қолданды. 

Сондықтан Руслан әкесімен бірге тарифтік ұсыныстарды зерделеп, ең тиімдісін тау-

ып алды. 

Осылай интернет төлемінің өзгеруі Оспановтар әулетіне 

5 000 теңге қайтарады.

 

Тағы 2 500 теңгені анасы су мен жарықтың артық шығындалғаны үшін төледі. 



Сондықтан, Руслан өзін жарық бақылаушысымын деп тағайындады, ал Диана судың 

жайын ойлайтын болды – «тұзақтар» жойылды! 



Оспановтар бюджеті ай сайын 

қаржылық мақсаттарға арналған қосымша 2 500 теңге сақтайтын болды. 

 

Ал  киім-кешекке  25  000  теңге  артық  жұмсалған  болып  шықты.  Анасы 



қысқа  дайындаламын  деп  жаңа  киім  алған  екен:  Дианаға  күртеше  мен  бас  киім, 

Руслан  мен  әкесіне  жаңа  аяқ-киім,  өзіне  жемпір.  Анасы  бұл  мәселені  ертерек 

ойластырмағандықтан,  осы  сауданың  салдарынан  25  000  теңге  «тұзаққа»  түсті 

(жоспарлы соманың 30%). 



Осындай жағдайларға тап болмас үшін отбасы керек 

заттар тізімін ерте жасап, ендігі киім-кешекті мүмкіндігінше маусымдық 

жаппай сату кезінде алуды ұйғарды.

Руслан мен Диана Оспановтар ә улетінің 

бюджетіндегі «тұзақтарды» қалай тапты?

Отбасы бюджетін құрғалы бері, балалар оның орындалуын қадағалайтын 

болды. Анасы мен әкесі оларға күнделікті жаратқан ақшасы туралы есеп 

беріп, ал олар бір сөзін қалдырмай бәрін де дәптерге жазып отырды.

Айдың  аяғында  Оспановтар  жоспардан 

ауытқып, 35 000 теңге артық жұмсағаны белгілі 

болды. Бұл жайдың анық-қанығын білу үшін 

Диана мен Руслан істі тергеуге кірісті. Олардың 

мақсаты отбасылық бюджеттегі «тұзақтарды» 

тауып, оларды жою болатын. Осы ойларынан 

не шыққанын көрейік.



44

Өз бюджетіңдегі 

«тұзақтарды» тап

Енді сен,

Есептеп көр...

1.  Үйіңнің  жанындағы  дүкенге  кіріп,  өзіңнің  сүйікті  шоколадыңның,  минералды 

судың,  нанның  бағасын  үлкен  гипермаркеттегі  бағалармен  салыстырып  көрші. 

Айырмашылық бар ма екен? Қаншалықты? Енді сен тамақты қайда сатып алған 

тиімдірек екенін білесің!

«тұзақтарды» тауып, оларды жою отбасы бюджеті үшін қаншалықты маңызды 

екенін білесің. Яғни, сенің және отбасыңның бюджетіне төнер қауіп-қатер жоқ!

Дегенмен, ақшаны тек сақтап қана қоймай, оны «өсіруге» де болады.

2.  Ата-анаңмен басқа да ақша «тұзақтары» туралы әңгімелесіп көр

3.  Отбасыңа  осындай  ақша  «тұзақтарын»  тауып,  оларды  жоюға  көмектес.  Біз 

ұсынып отырған әдістердің арасынан ең тиімдісін таңдап, оны отбасыңда енгізуге 

жәрдемдес. Ал айдың соңында бюджетке тигізген әсерін сарала. 

Қалай екенін білгің келеді ме?



45

Тағы  бір  құпияның  басын  ашатын  кез 

келді  –  ақшаны  қалай  көбейтуге  бола-

ды. Қаражатты «өсіруді» үйренейік!

Банка деген не? Қызық сұрақ, солай емес пе?

Банкадағы ақшаға қауіп төніп тұрады. Қандай?

Инфляция

Банка деген – құты. Онда әр түрлі варенье мен тұздықтар сақтайды. Бірақ банканы 

ақша жинау үшін де қолдануға болады емес пе? Бұл жақсы ой: банка шыныдан 

жасалады, оның ақшаға қаншалықты толып келе жатқанын анық көруге болады. 

Банкада ақша жинап жатқаныңды елестетіп көрші. Апта сайын 250 теңге салып 

тұрсаң, бір жылдың ішінде қанша ақша жинай алар едің? Ал 2 жылда ше? Алайда, 

өкінішке орай, саған айтар жағымсыз хабарымыз бар:

•  Біріншіден, ақша жиналған банканы ұрылар ұрлап кетуі мүмкін.

•  Екіншіден,  кейде  банкадағы  ақшаны  ала  салып,  бір  нәрсені  сатып  алғың  келіп-

ақ  тұрады...  Сонда  қалай:  өз  жинақтарыңа  қауіп  келтіретін  өзің  болдың  ба? 

Иә, дәл солай.

•  Үшіншіден, банкадағы ақша инфляцияға ұшырайды.

ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Оны ақшаның 

ауруы деп те атауға болады. Егер ақшаға қарамасаң, оны 

тек жинақтағышқа сала берсең, ол ауруға шалдығады. 

Ауру кезінде ақша әлсіреп, аза бастайды.

Қалай?  Міне  былай:  жыл  басында  минералды  судың  бір 

бөтелкесі 115 теңге тұрды делік, ал жыл соңында оның бағасы 

135 теңге болады. Егер қалтаңда 115 теңге болса, сен жыл ба-

сында бір бөтелке су ала аласың. Алайда, жыл соңында сол 

ақшаң су алуға жетпей қалады. Ақшаның сомасы өзгермесе де, 

ол әлсіреп, оған сатып алатын затың азая түседі. Осы процесс 

инфляция деп аталады.

.

Құпия 7.



 

Ақшаны


қалай «өсіруге» болады?


жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау