Ата-анасы Руслан мен Дианаға
отбасы бюджетін құруды тапсырды
Отбасыңа қажетті
және қалаған
заттардың бағасын
жаз
Достармен кафеге бару
(15 000 теңге)
Кино, театр, концерттер
(20 000 теңге)
Ойындар (10 000 теңге)
Демалысқа ақша жинау
(20 000 теңге)
Барлығы: 245 000 теңге
Барлығы: 65 000 теңге
Барлығы:
Барлығы:
Қажетті заттар
Қалаған заттар
Қажетті шығындар
Қалаулы шығындар
Отбасының жейтін тамағы
(125 000 теңге)
Тұрмыстық қызмет төлемдері (40 000
теңге)
Көлік: айлық жол жүру билеті,
бензин (25 000 теңге)
Байланыс пен интернет (15 000 теңге)
Киім-кешек (40 000 теңге)
28
Санап көр...
Әр адамның өз арманы бар. Біз басында Руслан мен Диананың арма-
ны туралы айтқан едік. Енді олардың ата-анасының арманы туралы
әңгімелесейік. Мысалы, олардың анасы Мадина бұрыннан бері бүкіл отба-
сымен Еуропаға саяхат жасауды армандап жүр екен. Ал әкелері Марат қала
сыртында үлкен үй салғысы келеді.
Отбасының айлық табысы 375 000 теңге. Қажетті заттарға отбасы ай сайын
245 000 теңге, ал қалайтын заттарға 65 000 теңге жұмсайды. Яғни, ай сай-
ын барлық төлемдерден кейін Оспановтарда 65 000 теңге қалады екен. Осы
ақшаны олар өз армандарын іске асыру үшін жинап тұра алар еді.
Қалған ақшаны қалай жұмсаған дұрыс? Оспановтар әулеті
мынадай келісімге келді – ата-анасының арманы, яғни
Еуропада демалу және үлкен үй тұрғызу өте маңызды істер,
себебі олардың бүкіл отбасына қатысы бар. Сондықтан, қалған
ақшаның үлкен бөлігі (57 500 теңге) осы мақсатта сақталуы
тиіс. Ал қалған 7 500 теңгені Руслан мен Дианаға өз арманда-
рына жинау үшін беріп тұруға болады. Ай сайын Руслан 5 000
теңге, ал Диана – 2 500 теңге алып тұрады.
Отбасы ақшасы
Ал егер ә р отбасы мүшесінің өз арманы бар
болса, өзара келісімге келген жөн болар еді...
29
30
Сұрап көр...
Ал сенің жақындарың нені
армандап жүргенін білесің бе?
Енді біз...
1. Туыстарыңмен ақылдасып, олардан армандары туралы сұрап көр.
Олардың армандарын кестеге жаз:
2. Жауаптарды ата-анаңмен талқылап көр. Қаржы нысаналарының қайсысы
саған ұнайды, қайсысы ұнамайды? Оның қайсысы бүкіл отбасына, ал
қайсысы тек бір адамға қатысты?
қажетті және қалаған заттарды ажырата аламыз, отбасымызға ай
сайынғы төлемдерді төлеу үшін қанша ақша керек екенін санай
аламыз, тіпті қанша ақша артылып қалатынын да білеміз. Ал сол
артылған ақшамен арманымызға жету үшін не істеу керек? Бұл –
келесі құпия.
3. Бірігіп отырып, ең басты отбасылық қаржы нысанасын таңдаңыздар.
Мен
Әке
Ана
Аға
Әпке
Ата
Әже
Отбасы
мүшелері
Армандар
• Ол қандай нысана?
• Сол нысанаға жету үшін қанша ақша қажет?
• Отбасыңыз осы мақсатқа қанша ақша бөліп тұруға дайын?
Арманымызға қалай қол жеткізуге болады?
31
Суретке қарап, алда тағы қандай армандардың болуы
мүмкін екендігін жаз.
Біздің өміріміз жол іспеттес.
Құпия 4.
Арманыңа апарар жол.
Ең басты армандар әдетте келешекпен
байланысты, және оларға көп ақша қажет.
Мысалы, Руслан мен Диананың мынадай
қаржы нысаналары бар екен:
• Диана ақ және қызыл гүлдермен безендірілген кең сарайда өзінің үйлену тойын
өткізіп, барлық достары мен туыстарын шақырғысы келеді екен.
• Руслан 2 жылдан кейін мопед сатып алып, ал 7 жылдан кейін университетке түсуді
жоспарлап жүр екен. Ал алғашқы темір тұлпарын Руслан 19-20 жасында сатып
алғысы келеді.
Сол жолды бірнеше кезеңдерге бөлуге
болады. Біз өсеміз, мектепте, инсту-
титутта оқып, мамандық иесі атана-
мыз, жұмыс істейміз, кәсіби шеберлікке
жетеміз, ал соңында зейнетке шығамыз. Әр
кезеңде біздің белгілі бір арманымыз бен
қажеттілігіміз болады.
Тапсырма...
32
Қаржы нысаналарына жету
жолын қалай бастау керек?
Қаржы нысаналарының
құнын табу
Сенің қаржы нысаналарың
қанша тұрады екен?
Нысанаға жету жолын таңдау
Мысалы, Руслан мен Диана интернетті ашып, өздерінің қысқа мерзімді қаржы
нысаналарының бағаларын тауып алды: Русланның мопеді 126 000 теңге, ал
Диананың ойын құралы – 22 500 теңге тұрады екен.
Осыдан бұрын талқылағандай, біз көптеген нәрсені
қалауымыз мүмкін. Сондықтан, сол қаржы нысаналары-
на жетудің оңтайлы жолын табу қажет.
Ең алдымен ойыңды жүзеге асыру
үшін қанша ақша керек екеніндігін,
яғни нысананың құнын анықтап
алу керек. Ол үшін біз дүкенге ба-
рып, немесе интернет пен анықтама
кітабынан мағлұмат іздей аламыз.
Өзіңнің ең жақын қаржы нысанаңды
таңда. Дүкенге бар, интернеттен қара
немесе әке-шешеңнен оның құнын біл.
Санап көр...
Нысанаға жету жолын қалай
таңдау керек?
2
1
Достарыңызбен бөлісу: |