Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет24/28
Дата20.11.2018
өлшемі0,68 Mb.
#22373
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

10.   Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру. 

11.   Ойын арқылы оқыту жəне ойындар. 

12.   Дискуссиялық формалар. 

13.   Ойын арқылы оқыту технологиясы. 

14.   Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нəтижелерін бағалаудың мəні мен мағынасы. 

15.   Оқушылардың іс-əрекетін бағалаудың оқу модульіндегі нұсқаулары. 

16.   Оқу еңбегінің нəтижелерін бағалау. 

17.   Оқу модулінің қорытындысы жəне бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық 

негізінде “қалпына келтіре қайталай” оқыту циклының иедясы жатыр. 

Оның мазмұны: 

1.  Оқыту мақсатын жалпы анықтау. 

2.  Оқыту мақсатын анықтаудан оны нақтылауға көшу. 

3.  Оқушылардың білімділік дəрежесін алдын-ала бағалау. 

4.  Оқыту  процедураларының  жиынтығы  (бұл  кезеңде  “кері  байланыс”  негізінде  оқыту  коррекциясы 

орын алады). 

5.  Нəтижені бағалау. 

      Осындай  құрылымына  қарай  оқу  процесі  “модульдік”  сипатқа  ие  болады.  “Модуль”  –  қандай  да  бір 

жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі – ортақ құрылымы, бірақ əр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. 

Модульдік  оқыту  технологиясы  баланы  оқытып  қана  қоймай,  оның  танымдық  іс-əрекетін  ұйымдастыруға, 

оқу  процесін  “диалогтік”  қарым-қатынас  негізінде  құруға  тырысу  қажет.  Модульдік  оқыту 

технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни кіріспе, диалогтік жəне қорытынды. Əр оқу модулі 

əр  түрлі  сағат  сандарынан  тұрады,  əрине  бұл  оқу  бағдарламасы  бойынша  тарауға  бөлінген  сағат  санына 

байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. 

[9]


 

      Оқу модулінің бірінші ерекшелігі – жалпы қанша сағат бөлінсе де кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды 

бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 

9  сағат  жоспарланса,  1  сағаты  –  кіріспе  бөліміне,  2  сағаты  –  қорытындыға,  қалған  6  сағаты  –  диалогтік 

бөлімге  берілуі  керек.  Егер  оқу  модулі  12  сағаттан  тұрса  1  жəне    3    бөлімдегі    сағат    сандары    өзгеріссіз  

қалады    да,    “диалогтік”  бөлімге  9  сағат  беріледі.Бұл  оқу  материалын  барлық  оқушылардың  3  деңгейді 

күрделілікте  өз  деңгейіне  сай  оқып  меңгеру  қажеттілігіне  байланысты.  Яғни  оқу  модулінің  мазмұны 

бойынша  оқушылар  қарапайым  білім,  білік,  дағдылы  меңгеруден  бастап  “білімді  көшіру”  немесе 

пайдалануға”  дейнігі  машықтарын  көрсете  білу  керек.  Бірнеше  рет  қайталау  –  қарапайымнан  күрделілге 

қарай,  репродуктивті  тапсырмалардан  шығармашылық  ізденіске  дейін  итермелейді.  Бұл  əр  оқушыға  оқу 

материалын “түсіну”, деңгейінен білімді көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік берді. 

      Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен тұрады: 

1.  Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру. 

2.  Класта берілген блокты немесе  тарауды оқыту модулімен таныстыру. 

3.  Оқу  материалын  мұғалімнің  қысқаша  (схема,  график,  кестелер  т.б.  түрінде)  баяндауға  немесе 

зерттеу тұрғысында беруі). 

4.  Оқушылардың  танымдық  іс-əрекетін  “диалогтік”  негізінде  əрбір  оқушының  іс-əрекетінің 

нəтижесін əр сабақ сайын бағалай отырып ұйымдастыру. 

5.  Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7 ретке дейін қайталай оқыту. 

6.  Тарау, блок бойынша тест алу. 

7.  Тарау  бойынша  “релейный”  зачет  алу  (немесе  диктант,  бақылау,  т.б.).  Бұл  3  деңгейлі  жүйеден 

тұратын карточкалармен білім тексеру.[25;28-29] 

 

№27 дəріс тақырыбы:  Оқытудың белсенді əдістері. 

1.   Бағдарламалап оқыту 

2.  Оқу пікірталасы. 

3.  Case-study. 

  Бағдарламаланған оқыту 1950 жылы АҚШ қаласында пайда болды.Бұл оқыту технологиясы Б.Ф.Скиннер 

есімімен байланысты. Бағдарламаланған оқыту- оқытудың мақсат пен міндеттерін, оқытудың қызметін 

анықтайды. Бағдарламаланған оқытудың психологиялық негізі- бихевиоризм болып табылады. 

Бағдарламаланған оқытудың бихевиористік нұсқасы АҚШ қаласында маңызды сынның обьектісі болды. 

Əсіресе, Б.Ф.Скиннер ұсынған бағдарламаланған оқытудың принциптері қатты сынға алынды. Скиннер 

педагогикалық қауымды оқытудың тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. 

Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ жəне 

жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі-оқыту 

бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген 

бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. 

Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын  ескеру ретінде жеке 

ыңғайдан келу жүзеге асырылады. 1960 жылдың басында бағдарламаланған оқытудың скиннерлік 

нұсқалары қолданыла бастады. Бағдарламаланған оқулықтар мен оқу құралдары шыға бастады.Мұнда 

тексттер бірнеше сұрақтардан тұрды жəне оларға əртүрлі альтернативті жауап нұсқалары беріліп отырды. 




Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болды. Ал қатысушылар текстті 

оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырды. Бағдарламаланған оқытудың 

бұл нұсқасы қатысушылардың ой қызметінің белсенділігіне бағытталмағандықтан, олар белсенді əдіске 

жатпайды.  Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған жəне аралас. 

Бағдарламалаудың сызбалы-хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф.Скиннер бойынша, үйрету-

стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының 

бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны əрі қарай орындауға сигнал рөлін 

атқарады. 



 

№28 дəріс тақырыбы:  Таңбалы-контекстік оқыту жəне интегративті оқыту технологиялары. 

1.  Таңбалы-контекстік білім беру технологиясы. 

2.  А.А.Вербицкийдің таңбалы-контекстік тұжырымдамасы. 

 

  Авторы – психология ғылымының докторы, профессор А.А.Вербицкий. Кəсіптік педагогикада белгілі-



контекстілі оқыту технологиясын даярлаған. Кəсіби білім берудің негізгі бағыттарын талдай отырып, мына 

қорытындыға келеді: қазіргі білім берудегі авторитарлық басқару, оқушы, студент тұлғасы əсер етудің 

объектісі ретінде танылатын ситуация оқу-танымдық əрекетте оқушының белсенді позициясын дамытуға 

қажетті жағдайды қамтамасыз етпейді, маманның кəсіби іс-əрекетінің теориялық моделінен шынайы, нақты, 

түрлі проблемалар мен қайшылықтарға толы модельге көшу үрдісін қиындатады.  

А.А.Вербицкий пікірінше, білім беру міндеттері: 

• 

Мұғалімнің оқытушы əрекетінен студенттің танымдық əрекетіне көшуі. Бұдан баланы оқуға үйрету 



қажеттілігі туындайды (өзін танымдық іс-əрекетте көрсете білуі, яғни оқудың субъектісіне 

айналуы);  

• 

«Оқытушы - оқушы», «оқушы - оқушы» жүйелерінде тұлғааралық өзара əрекеттесу мен қарым-



қатынастың жаңа тəсілдеріне көшу. Диалог, өзара түсіністік, ашықтық сенім жағдайлары оқушы 

тұлғасына еркіндік береді, оның танымдық белсенділігін ынталандырады, тұлғалық қасиеттер мен 

сапалардың толық анықталуына мүмкіндік береді; 

• 

Кəсіби білім, іскерлдік, дағдыларды, жалпы жəне кəсіби əлеуметтік сапаларын қаруландыруға, 



олардың шығармашылық əрекеттену тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.  

Міндеті – белгілер жүйесінде ғылым жинақтаған, «тағы да дидактикалық киім кигізілген» «болмыстың 

шындығын», кəсіби іс-əрекеттің шындығын осы шындықтың формаларына сəйкес түсіндіру.  

Вербицкий бойынша, оқыту – бүкіл дидактикалық формалар, əдіс-тəсілдер, құралдар көмегімен 

маманның болашақ кəсіби іс-əрекетінің пəндəк жəне əлеуметтік мазмұныны модельдеу, ал абстрактілі 

білім – белгілер жүйесін меңгеру болып табылады. Сол білімді меңгеру осы іс-əрекетке салынған, оны 

белгі-контекстілі, немесе контекстілі оқыту деп атайды. Ең бастысы оқу тек өз айналасында бірікпей ( 

тек білім (ақпарат) алу үшін оқу керек емес), ол маман тұлғасының қажетті пəндік-кəсіби жəне 

əлеуметтік сапаларын тəрбиелеуді қамтамасыз етеді.  

Дəстүрлі оқытудағы сияқты оқу материалы контекстілі оқытуда оқу мəтіндері түрінде (белгілер жүйесі 

ретінде)  

 

 



№29 дəріс тақырыбы:   Коммуникативтік ойындар  

1.   Коммуникативті ойындардың ерекшеліктері  

2.  Коммуникативті ойындарды ұйымдастыру  

3.  Коммуникативтік ойындардың түрлері  

Қандай  да  болмасын  қызмет  саласының  негізгі  түрі  қарым-қатынас  арқылы  іске  асырылады.  Оның 

маңыздылығы  -  адамдардың  бір-біріне  ықпал  слуі,  ақпарат  алмасуы.  Қарым-қатынас  іс-əрекеттің  бір  түрі 

іспеттес. Адамдар үшін қарым-қатынас-оның ортадағы мекені. 

Қарым-қатынас  белсенділігі  арқылы  адам  жолдастарымен,  адамдармен  қарым-қатынас  жасайды.  Қарым-

қатынас  белесенділігінің  нəтижесінде  жеке  адамның  бойындағы  адамгершілік  қасиеітері  (қамқорлық, 

қайырымдылық,  ілтипаттық,  жауапкершілік  сезімі,  т.б.)  қалыптасады.  Яғни  қарым-қатынас  барысында 

келесі қасиеттердің болуы шарт: 

1.  Адамдармен   дүрыс   қарым-қатынас   жасай   білу.   Түрақты жақсы көңіл күй. 

2.  Қоғамдық жүмыстарға белсенділік көрсете білу. 

3.  Басқа адамды түсіне білу. 

4.  Өзін басқа адамның орнына қоя білу. 

5. Жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау. 

6. Жаңа адамдармен тіл табыса біду. 

7.  Адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып, қарым-қатынас жасау. 

8.  Кикілжіңге түспеу жолдарын қарастыру немесе дүрыс шеше білу. 

9.  Басқа адамдардың кезқарастарын есепке ала білу. 

10.    Адам қүндылықтарына сипаттама беру. 

 



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау