салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дəстүрлі сабақтардың əдістерінің мəні төмендегідей 3
құрамдас бөліктермен анықталады:
1. Үлгіні көрсету.
2. Түсіндіру.
3. Бағалау, бақылау.
Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң меңгеруге
арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатында сұрау,
бағалау ұйымдастырылады. Əрине, жұмыс əртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы, өзі айтып
бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту жəне т.б.
Дəстүрлі оқытуда оқу процессіне қатысушылардың «басқарушылар мен оындаушылар» түріндегі
ролдері белгіленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал əкімшілікке
дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мəні – оқушыларды белгіленген нысанаға
қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек. Мəселенің бұлай шешілуі дамыта
оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем қайшы келеді. Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің
ерекшеліктеріне ерекше тоқталып өтелік. Бұл жүйе дəстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен,
өзгешеліктерімен айқындалады:
-
оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
-
мақсаттағы айырмашылықтар;
-
дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
-
əдіс-тəсілдердегі ерекшеліктер;
-
оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
-
мұғалім еңбегінің нəтижелілігін анықтаудың жаңа көреткіштері;
-
мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынаста.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі.
Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше,
оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу,
қорытынды жасауға дағдыландыру.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей
етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Мысалы,
«Əңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың? Немесе 4 жəне 5 сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға
болады?» түріндегі сұрақтар.Көрнекілік жəне т.б. əдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сəйкес өзгертіле,
күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған
шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Ізденіс барысында мұғалім əр баланың көңіл-күйін
байқауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Əсіресе, оқу
сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау
арқылы ар, ұят, қайырымдылық, əдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына
жұғысты болады.
№26 дəріс тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы
1. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері
2. Модульді құру ережелері
3. Модульдік оқыту технологиясының мазмұны
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді
көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нəтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау
жəне құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу жəне түзету жұмысының жүйесін жасау.
Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобалаңған
технологияны іске асыратын жаңа тəсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын
əдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары,
дидактикалық модуль.
1.3. Модульдік оқыту технологиясы жəне ерекшеліктері
Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы
білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады.
Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша əдебиеттен
білім алуға дағдыландырады.
Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-əрекетінің
бағдарламасы, жетекшілік əдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың
мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген
əдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші
хабарлаушы рөлін атқарады да, шəкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне
оқу əдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар:
модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-əрекет əдістері, жан-жақты əдістемелік нұсқаулар
беру. Яғни, бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың
формасы мен əдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде əлеуметтік сұранысқа қарай
мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мəселен, Н. Нечаев оқыту іс-əрекетіндегі мəселеледі шешуді
қарастыру барысында нəтижесін көру жұмыстың іс-əрекет əдістеріне байланысты екеніне тоқтала
келіп, модульдік оқытудың мақсаты тəжірибелік, дамытушылық жəне ойлауды қалыптастыратын іс-
əрекет əдістері деп түйіндейді. Тəжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л. Рубенштейн
тəжірибелерінен əр оқушының қабылдауы əр түлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке
тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі əдістерді қолдануды көздейді.
[10;18-21
Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып
шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нəтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік
оқытудың бағдарламасында күтілген нəтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда
қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
-
ақпарат материалының мақсаттылығы;
-
жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
-
модуль элементтерінің жеке даралығы;
-
ақпараттық жəне əдістемелік материалын оңтайлы берілуі.
Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта
оқытудың формасы мен əдісін көрсетеді. Тəжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық жəне
тəжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша əдебиеттер береді.
Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау
жұмыстары жүргізіледі. Модульде əр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген
жағдайда өзгертіліп отырылады.
Модульдік оқыту технологиясының əдістерін көптеген ғалым-педагогтер зерттеп келеді. Л.
Йоваиша модульдік оқытудың мынадай əдістерін қарастырған:
1.
Ақпараттық оқыту əдісі (əңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-
кеңес, дəріс, емтихан).
2.
Операциялық оқыту əдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).
3.
Ізденпаздық оқыту əдісі (мəселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық
диолог, іс-əрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).
4.
Өздігінше оқу əдісі (тыңдау, оқу).
[8;95-101]
Ақпараттық оқыту əдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады.
Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да,
міндетті түрде эксперттің пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы
қатысып отырады.
Операциялық оқыту əдісі оқушылардың дағдысы мен іс-əрекетін дамытуға арналады.
Мысалы, «видеоконфрантация» əдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда
оқушылардың əрекеттері сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі жəне өзінің
талдауына жағдай жасайды. Мұғалім əр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.
Ізденпаздық оқу əдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады. «Іскер себет» əдісіне
оқушылар себеттен жеке-жеке тапсырма алып, жеке орындайды. Тапсырма орындалып болған соң
оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.
Модульдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды.
Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мəселені шеше
алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға
септігін тигізеді.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тəрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тəжірибелерін
жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына
сай дамыта отырып еңбектері жалғаса бермек.
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.
1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.
2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.
3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі.
4. Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі этаптары.
5. Диалогтік бөлімді құру принциптері.
6. Танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дəрежесін есепке алу.
7. Шығармашылық жəне технология.
8. Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.
9. Психологиялық атмосфера жəне оның диалогтік бөлімдегі рөлі.