189
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды
дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына
көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның
іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.[8] Оқу
процесінде қолданылатын АКТ құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең
перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критериі ретінде АКТ құралдарын әдістемелік
тағайындау облысы болатын жол болып табылады. Ақпараттық – коммуникативтік
технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі
өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты
күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне
жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби
дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа
формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. [9]
Электрондық оқулықпен оқыту әдісі:
Модульдік жүйемен жазылған
Демонстрациялық -сарамандық жұмыстар
қамтылған
Тест
жұмыстары
Сан есептері
Интерактивті оқыту әдісі:
Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау технологиясын меңгеру
Интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін оқу үрдісін сапалы түрде өткізу әдістеріне
қолдану
Активойт тестілеу жүйесі
Ақпараттық – коммуникативтік технологияларын қолдану бойынша біліктілік
құзырлығын көтеру
Мультимедиалық оқыту әдісі:
Microsoft Power Point – пен жұмыс жасау
Слайдтармен жұмыс жасап,презентациялар құру
Мультимедиалық проектор қолдану
Компьютердің қосымша құрылғыларын пайдалану ( сканер, кодоскоп т.б)
Ғаламтор жүйесі арқылы оқыту әдісі:
Химия пәні бойынша сабақтар сайты:
www.ustaz.kz/kk.html
,
www.45minut.kz
,
Халықаралық химиялық олимпиадалар жөнінде мәліметтер:
www.сhem.msu.ru
,
htt://www/chem.msu.su/rus/olimp/
Химия саласы бойынша қызықты мәліметтер: htt://www/chem.msu.su/rus/elibrary/
history.html.,htt://www. alhimik.ru/hist/prior.html, htt://www.ski.aha.ru/ALL/b2.htm
Бейнехимиялық зертханалық жұмыстар жайлы мәліметтер: «1С: Репетитор. Химия»,
htt://www.repetitor.1c. /online/disp.asp?10;3.
Білім беруде компьютерлік технологияның барлық мүмкіндіктерін интеграциялау
оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын,
белсенді бағыттарын ынталандыруға көмектеседі. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа
қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы
жалпылаған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын
ала дайындаған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық
объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз
етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін
арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Осындай
әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса,
бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға
190
дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың
мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын,рухы мықты азамат
тәрбиелейміз.[9]
Ақпараттық – коммуникативтік технологияның тиімділігінін нәтижесінде:
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелейді
- Өз білімін шыңдауға көмектеседі
- Көрнекіліктерді
өзі жасай алады
- Компьютерлік сауаттылығы ашылады
- Білім,
біліктілік дағдылары дамиды
- Уақытын үнемдейді
- Баланың көру,
есту қабілеттерін арттырады
Химия пәнін оқытуда жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды
шәкірттің шығары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Химия мектепте №3 \2009 3 - бет
2.
Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учит» М., 2004 ж.
3.
Химия мектеп журналы №3\2009 35 – бет
4.
Химик анықтамалығы №2\2010 24-27 бет
5.
Қазақстан мұғалімі газеті 30-тамыз 2011ж
6.
Мұхамбетжанова
С.Т.,
Мелдебекова
М.Т.
Педагогтардың
ақпараттық
–
коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі.
Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 жыл
7.
Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе 2000ж
8.
Ғаламтор жүйесі -
http://mtdi.kz/kz/makalalar/oku-adistemelik/
9.
Ғаламтор жүйесі - http://45minut.kz
Робототехниканы мектепке дейінгі ұйымдарға енгізу
бағдарламасының маңыздылығы
Алигазиева А. Қ.
Орал қаласы №44 «Мерей» бөбекжай МКҚК
«Компьютерлік сауаттылыққа үйрету» пән мұғалімі
Мектеп жасына дейінгі балалар ойыншықтардың құрылысын зерттеп, түсінуге
тырысады. Қазіргі кезде балалар белсенді ақпараттандыру, компьютерлендіру, роботтандыру
кезеңінде өмір сүруде. Техникалық жетістіктер адамзат іс-әрекетінің кез келген салаларына
терең еніп, балалардың заманауи техникаға деген қызығушылығын арттыруда. Барлық жерде
бізді техникалық тұрмыстық құрылғылар мен аппараттар, көлік, құрылыс, т.б. машиналар
түсіндегі нысандар қоршап тұр. Ерте жастан балаларға қозғалмалы ойыншықтар тартымды
келеді. Осы орайда балалардың техника ғылымына деген қызығушылығын тудырып, әрі
қарай шыңдау мақсатында конструктор немесе басқа құрастырғыш заттардың түрлерін
кеңінен қолданудамыз.