142
жетістіктердің болуы;
Әдістемелік жұмыс нәтижесі (рейтингісі)
бойынша қалалық көлемде І орынға ие болуы.
Жаңа жүйе негізінде оқу мен оқыту жайлы
мұғалімде қалыптасқан тәжірибенің болмауы;
Жас маман мен тәлімгерлер арасындағы
байланыстың әлсіздігі;
Мектептің
жұмыс
тәжірибесін
жарияланымдарда
жеткілікті
деңгейде
таныстырылмауы.
Мүмкіндіктер
Педагогтарды
қолдау
және
олардың
кәсіпқойлығын қолдау жүйесін құру;
Ұжымның шығармашылық әлеуетінің даму
деңгейінің өсуін ынталандыратын мәселелерді
жоспарлауға және әзірлеуге, экспериментттер мен
инновацияларды
апробациялауға
қатысатын
шығармашылық педагогикалық ұжым құру;
Педагогтардың
кәсіби-тұлғалық
дамуын
зерттеуге арналған диагностикалық материалдар
банкін қалыптастыру;
Педагогтардың өзін шығармашылық дамытуға
және рефлексияға; олардың кәсіби өсуіне жағдай
жасау.
Қауіп-қатерлер
Педагогикалық кадрлардың
жетіспеушілігі;
Мектептің материалдық-техникалық базасының
әлсіздігі.
Әдістемелік жұмыстың жүргізілуіне талдау жасай отырып, әдістемелік жұмыстың
дамуын басқару құралы- ол нақты жоспарлау қажеттілігін түсіндім. Нақты ойластырылған
жұмыс жоспары болғанда ғана әдістемелік қызметінің тиімді, ұтымды ұйымдастырылуына,
әрбір ұстаздың өз қызметін сапалы атқаруына жетуге болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев
«Мәңгілік ел – 2050» Қазақстан халқына жолдауында «XXI ғасырда стратегиялық
жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады, егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе,
ешқандай жел оңынан соқпайды» деп атап көрсетті. Мектеп осы кезде және келешекте
табысқа жетуі үшін, ал түлектердің білім сапасы уақыт талабына жауап беру үшін оған
өзгерістер қажет. Осы талаптарды ескере келе, гимназия мектебінің әдістемелік қызметінің
2015-2018 жылдарға арналған ұзақ мерзімді жоспарын, 2016 жылға арналған орта мерзімді
жоспарын және әр айға қысқа мерзімді жоспарын жасақтадым. Жоспар әдістемелік
қызметінің бес бағытын қамтиды. Олар:
Оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастыру.
Мұғалімдерді үздіксіз кәсіби дамыту.
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде мұғалімдердің
құзыреттілігін арттыру.
«Жас маман» және «Тәлімгерлер мектебінің» жұмысын жаңа үлгіде ұйымдастыру.
Әдістемелік
пән
бірлестіктерінің,
шығармашылық
топтың,
желілік
қоғамдастықтың жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру. (әдістемелік қызметті
дамыту жоспары қоса тіркелді)
Әдістемелік қызмет «Мұғалімнің кәсіби құзырлығын арттыру арқылы мектеп
дамуының жеке тұлғаға бағытталған ұстанымын жүзеге асыру» тақырыбымен жұмыстанып
келеді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, әдістемелік жұмыстар
мазмұнын жаңартудың жаңа әдіс- тәсілдерін, педагог кадрлардың үздіксіз білім алуының,
кәсіби біліктілігін арттырудың, әдістемелік бірлестіктің жұмысын ақпараттандырудың
тиімді жүйесін құру және оны жүзеге асыру. Осыған орай төмендегідей міндеттер алынды:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке
тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
143
Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік
білімстандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыстарын
ұйымдастыру;
Әдістемелік бірлестіктердегі, шығармашылық топтағы әдістемелік жұмыстың
инновациялық тұрғыда жүргізілуін жалғастыру; педагог қызметін ғылыми-әдістемелік
тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін өзі бағалау,
кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
Педагогтардың жаңа педагогикалық технологияларды игеруі, табысқа қол жеткізу
мотивациясын модельдеу бойынша әдістемелік деңгейін жетілдіру;
Мұғалімдер
мен
оқушылардың
ғылыми-зерттеушілік,
шығармашылық
жұмыстармен айналысуын жандандыру;
Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру, педагогикалық -әдістемелік
бағытта көмек көрсету;
Оқу-
тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны жаңаша тұрғыда
ұйымдастырылған «Іскерлік ойын», «Шебер сынып», «Ұжымдық жоба», проблемалық
семинар, коучинг өткізу арқылы ендіріп келеді. Осы орталықтарды басқару, ұйымдастыру,
үйлестіру әдістемелік орталықта рейтинг жүйесі арқылы іске асырылады. Бұл жүйенің
тиімділігі:
Бәсекелестік жағдай тудырады да жұмыс қарқынын күшейтеді;
Жұмыстың нәтижесіне ұмтылдырады және мерзімінде орындауға бейімдейді;
Өз іс- әрекеттерінің қорытындысын көре алады.
Әдістемелік орталық 9 адамнан: мектеп директоры, орынбасарлары, бірлестік
жетекшілері, шығармашылық топ жетекшісінен құрылған. Мектептегі пәндер 9 пән
бірлестіктеріне біріктірілген. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында,
олардың ғылыми – педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін, белсенділігі
мен ізденістерін арттыру мақсатында мұғалімдердің проблемалық /шығармашылық/
топтары құрылды.
Шығармашылық топ мүшелерін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар
жүргізіліп, шығармашылықпен жұмыстанып, оқушыларының, өзінің жетістіктері бар, іс-
тәжірибесі зерттеліп, таратылған ұстаздар «Шеберлік мектебіне», сертификатталған ұстаздар
«Даму» қоғамдастығына топтастырылды. Бұл ұстаздардың картотекасы жасақталып, озық
педагогикалық тәжірибенің мекені көрсетілді. Онда озық тәжірибелі мамандардан нені
үйренуге болатыны, қандай жаңа технологияны қолданатыны, мұғалім тәжірибесі қандай
түрде таратылғаны көрсетілген. Шеберлік мектебінің мүшелері тоқсанына 2 рет үздік
шеберлік сынып сабақтарын өткізіп отырады. Бұл сабақтарда қолданған жаңа технология
әдістерінің нәтижесі мен тиімділігі анық көрініп, мұғалім мен оқушы еңбегінің нәтижесі мен
жетістіктері айқын көрінеді. Инновациялық бағытта жұмыс істейтін мұғалімдер саны
ұжымның 67 пайызын, жоғары, бірінші, екінші санатты мамандармен қамтылуы 79
пайызды, авторлық жеке бағдарламалар жасақтап, оны қолданып отырған мұғалімдер
саны – 31 пайызды құрайды
Осындай шығармашылық топтардың, пән бірлестіктерінің нәтижелі жұмыс жасауы
нәтижесінде білім жетілдіру арқылы шеберлікті дамытуда мектеп мұғалімдерінің жұмысы
дұрыс жолға қойылған. Ұстаздардың педагогикалық шығармашылық жұмыстарын
ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын жинақтап, насихаттау, бірлестік
жұмыстарына жетекшілік жасау, инновациялық технологияларды игеруде түрлі іс-шаралар,
семинарлар, конференциялар өткізуде әдістемелік қызметтің түйінді мәселелері анықталып,
оны жүзеге асыруда нәтижелі жұмыстар атқарылып,оқу жылының қорытындысымен қала
бойынша әдістемелік жұмыстың рейтингісімен І орын, «Үздік білім беру ұйымы»
байқауының облыс бойынша І орынға иеленді.
Әдістемелік қызметтің даму жоспарына сай мектептің талантты да дарынды
мұғалімдеріне өз құзыреттілігі шеңберінде жауапкершіліктер жүктеліп, жұмыс аясы
Достарыңызбен бөлісу: |