«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет60/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   146

 
 
122 
 
дәрежелі  диплом  және  бағалы  сыйлық  –  ұялы  телефон-  смартфон,  оқушыны  дайындаған 
ұстазына  –  25.000  теңге.  ІІ  дәрежелі  диплом  және  бағалы  сыйлық–  планшет,  оқушыны 
дайындаған  ұстазына  –  15.000  теңге.  ІІІ  дәрежелі  диплом  және  бағалы  сыйлық  –  MP-3 
плейер,    оқушыны  дайындаған  ұстазына  –  10.000  теңге  сыйлыққа  беріледі. 
Жалпыкомандалық  І  орын  иеленген  командаға  ақшалай    сыйлық  200  мың  теңге,  ІІ  орын 
алған  командандаға    ақшалай    сыйлық  150  мың  теңге,  ІІІ  орын  алған  командаға  ақшалай  
сыйлық 100 мың теңге беріледі. 
Жас ұстаздарды ынталандырып, қызығушылығын арттыру мақсатында Жыланды орта 
мектеп-лицейінің базасында облыстағы жас физика - математика пәні мұғалімдері арасында 
І-ші пән олимпиадасы ұйымдастырылды. 
Мектепте  білім  нәрімен  қаруланған  ұрпақты  ары  қарай  өнер  өріне  өрмелеуге,  жан-
жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық шыңға жетуіне қосымша білім 
беру  мекемелерінің  атқарар  ролі  зор.      «Үшарал  қалалық  балалар  шығармашылық 
орталығында» 2015-2016 оқу жылында 17 үйірмеде 513 бала мектептен тыс қосымша білім 
алуда. Осы оқу жылында дарынды оқушыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық 
байқауларда 37 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде 6 – Бас жүлде, 12-І орын, 10- ІІ орын,  
9-ІІІ орын, 6–дипломант. Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы  «ҚР қосымша 
білім  беру  жүйесінің  Алтын  қоры»  жинағына  енсе,  табысты  еңбек  жасап,  ерекше 
жетістіктерге  оқушыларды  тәрбиелегені  үшін,  еткені  үшін  мектеп  директоры 
А.УалиеваХалықаралық  «Білім саласындағы Үздік адамдар» энциклопедиясына енді. 
Сөзімді  қорытындылай  келе,  дарынды  балалармен  жұмыс  жүргізе  отырып,  жалпы 
білім  берудегі  кейбір  қиындықтарға,  кедергілерге  қарамастан  қабілетті  балаларға  бүгінгі 
қоғамдық талапқа сай, әлемдік деңгейде сапалы білім беруде мол тәжірибе жинақтадық деп 
айтуымызға  болады.  Олай  болатын  болса,  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру-  бүгінгі 
күннің ұстаздарының басты міндеті болып қала бермек 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
PISA тапсырмаларының маңызы 
 
Джакитов А.Д. 
Павлодар облысы Баянауыл ауданы  
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру 
 мектеп-интернатының физика,  
математика пәні мұғалімі  
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  бес  жылдық  ұлттық  жоспар 
қабылдағаны  баршамызға  белгілі.  Ұлттық  жоспардың  мақсаты  -  Қазақстандағы  білім 
сапасын  жетілдірудегі,оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 
атқарылатын  іс  -  шаралардың  жүйелілігі  мен  тұтастығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады 
[1] 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға 


 
 
123 
 
арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспарына  сәйкес  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  сырттай 
бағалау мен мониторингтеу ҰБТ және ОЖСБ рәсімдерімен қатар TIMSS, PISA және PIRLS 
халықаралық зерттеулеріне қатысу арқылы да жүргізіледі. Халықаралық зерттеулерге қатысу 
көптеген  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  факторлар  аясында  еліміздің  білім  беру 
нәтижелерін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді. 
Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (ЭЫДҰ)  арқылы  жүзеге 
асырылатын  PISA  (Programme  for  International  Student  Assessment)  зерттеуі  ерекше  орын 
алады.  Өйткені,  оған  әлемдік  экономиканың  жартысынан  астамы  үлес  қосады.  Екіншіден, 
PISA  тапсырмаларының  тәжірибеге  бағыттылық  дәрежесі  мен  тапсырмаларды 
құрастырушылардың  біліктілігі  жоғары.  Бұның  барлығы  PISA-ны  15  жасар  білім 
алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау бойынша 
ең беделді халықаралық салыстырмалы зерттеулердің бірі етіп отыр. 
PISA  халықаралық  тест  тапсырмалары  15  жасар  білім  алушылардың  мектепте 
меңгерген  академиялық  білімін  өлшемейді.  Зерттеуде  олардың  академиялық  білімдерін 
әртүрлі  өмірлік  жағдайларда  қолдану  (өмірлік  дағдылар),  сонымен  бірге  мәселелерді  қою 
мен шешу, модельдеу, ойлауда қолданатын білімі мен дағдыларының деңгейлері бағаланады. 
Үш  бағыт  бойынша  білім  алушылардың  сауаттылығын  бағалау  технологиясы  PISA 
жобасына  қатысушылардың  алған  білімдерін  қорыта  отырып,  мектептен  тыс  жағдайларда 
қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас академиялық 
білімнің жоғары кәсіби деңгейде қолданыста жүзеге асырылуы арқылы қазіргі экономиканың 
қоғамға әсер етіп отыр деген деректі көрсетеді. 
Қазақстан  Республикасы  PISA  зерттеуіне  екі  мәрте  қатысып,  математикалық  және 
жаратылыстану сауаттылықтары бойынша оңтайлы жетістіктер көрсетті. Ал 15 жасар білім 
алушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерінде өзгерістер болмады. Бұл нәтижелер 
2004  жылы  қазан  айында  республикамызда  білім  мазмұнын  білімділіктен  құзыреттілікке 
көшу жөніндегі саяси көзқарастың дұрыстығын растап отыр. 
PISA  зерттеуі  2000  жылдан  бастап  басымды  үш  бағыттың  біріне  баса  көңіл  бөле 
отырып,  үш  жылда  бір  қайталанып  жүргізіледі.  2015  жылы  зерттеу  жаратылыстану 
сауаттылығына  басымдылық  беріліп  өткен  болатын.  Алдыңғы  жылдары  бұл  бағыттағы 
басымдылық  2006 жылы жүргізіліп, 57 ел қатысқан болатын. 2015 жылы 70 елдің қатысуы 
жоспарланды. 
PISA-2015 зерттеуі 2012 жылы өткен зерттеудегідей қосымша жаңашыл мақсаты бар, 
атап  айтқанда,  15  жасар  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  интерактивті 
ортада бағалау мақсаты болып табылады. 
Тестілеу жүйесі барынша электрондық болу үстінде және бұл 2018 жылы жалғыз тәсіл 
болып  жүзеге  аспақ.  Сондықтан  интерактиві  тапсырмаларды  пайдаланып  компьютерлік 
тестілеуге назар аударған жөн[2]. 
Қазақстанда білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын үш халықаралық TIMSS-
2015,  PISA-2015  және  PIRLS-2016  (апробация)  зерттеулері  аяқталды.  Атап  айтқанда,  PISA-
2015 (математика, жаратылыстану және оқу сауатылығын бағалау) зерттеуіне елдің барлық 
өңірінен  232  білім  беру  ұйымдарынан   15  жастағы  7  873  білім  алушылар  қатысты.   Ал 
TIMSS-2015  (математика  және  жаратылыстану  білімдерін  бағалау)  жобасына  Қазақстанның 
179 білім беру ұйымдарынан 9 621 оқушы, оның ішінде 4 763 төртінші  сынып оқушылары 
және  4  858  сегізінші  сынып  оқушылары  сынақтан  өтті.«TIMSS-2015  және  PISA-2015 
халықаралық  зерттеулер  нәтижелері  2016  жылдың  желтоқсан  айында  Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымы мен IEA тарапынан жарияланады», - делінген министрлік 
мәліметінде[3]. 
Жаһанның  жаңалықтарынан  қалып  қоймас  үшін  өскелең  ұрпағымызды  жағдаяттық 
тапсырмалармен  дайындағанымыз  абзал  болар.Осы  орайда  назарларыңызға  PISA,  TIMSS 
тапсырмаларынан бірнеше мысалдарды ұсынып отырмын. 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау