22
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУЫ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ
ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Балгарина Бота Ашимовна,
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы, Солтүстік
Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж,
Петропавл қаласы, balgarinab@mail.ru
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы -
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек…. Техникалық және кәсіптік білім беруді
дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы - біздің еліміздің болашағына
қызмет етеді»,-деп кәсіби білім,ғылым саласына ӛте үлкен кӛңіл бӛліп, ерекше
мән берді.Сондықтан да колледж қабырғасында студенттерге тек белгіленген
білім мен іскерлік дағдыны беріп қана қоймай, сол алған кәсіби білімдерін
күнделікті ӛмірде қолдана біліуге үйрете оқытып,тәрбиелеу қажеттілігін
туындады. [1]
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі - білікті жұмысшы
мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын.Сондықтан да заманауи
техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер еңбек жағдайының жедел
ӛзгеруіне бейімделуге қабілетті, ӛндіріс процесіндегі заманауи ӛзгерістер мен
жаңа техниканы меңгеруге лайықты қосымша мамандығы бар, қабілеті жоғары
жұмысшы мамандарды даярлауға бағыт алуы міндетті.
Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасау [1]
«Халық пен халықты теңестіретін -білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы
Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу - біздің
мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы
болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа
тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Оқыту технологиясы -бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметін құру.
Мұнда оқушылардың ӛнімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту
жағдайларына (нысандарына, әдістеріне, тәсілдеріне, құралдарына) басымдық
беріледі.
Қазіргі таңда ӛзіндік әдіс - тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің
тӛмендегідей жаңа педагогикалық технологиялар бар:
- білім берудегі ізгелендіру;
- дамыта оқыту технологиясы;
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
- ақпараттық оқыту технологиясы;
- тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы;
23
- модульдік оқыту технологиясы;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы; т.б.
Заман талабы алға қойған осындай күрделі міндеттерді шешу барысында
біздің Солтүстік Қазақстан кәсіптік - педагогикалық колледжі де оқытудың
жаңа технологияларын үздіксіз пайдалануда.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттердің бірі
кәсіби стандартардың негізінде құрылған кәсіби білімнің мазмұнын жұмыс
берушілердің қатысуымен жаңарту. [2]
Осы бағытта елімізде дуалды оқыту жүйесі енгізіліп отыр. «Дуалды»
деген термин негізінде «бірлескен»деген мағына береді. Дуалды оқыту жүйесі
- мемлекетіміздің болашақ мамандарға деген қызығушылығынан туған жүйе.
Дуалды жүйе - жас мамандардың ӛз мамандығына деген қызығушылығын
арттыру, жұмыс берушілермен серіктестігін берік нығайту және жұмыспен
қамтылуы үшін таптырмас жүйе болып табылады. Дуалды оқу жүйесінің
дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы - практикалық және кәсіптік білімнің
біріктірілуінде.Дуалды оқыту жүйесі мынадай принциптер бойынша
жүргізіледі: оқу процесінің 40% -да студенттер теориялық білім алады, оқу
процесінің 60% пайызында студенттер ӛндіріске жіберіледі. Ӛндірісте
студенттер ӛндірістегі шеберлердің кӛмегімен практика жүзінде білімдерін
жетілдіріп, толықтырады. Дуалды оқыту жүйесі барысында студент,ӛз
мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді,
сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, ӛз ортасында беделі
жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент
ӛз мамандығына жаңаша кӛзқараспен қарайды және ӛз мамандығын жаңылмай
дұрыс таңдағанын түсінеді. Осылардан басқа болашақ маман ӛндірісте жұмыс
істей жүріп, жұмыс ӛтілін жинайды, қосымша табыс табады және оқу орнын
бітіргеннен кейін, жаңа заман талабына сай шарттарға байланысты яғни, еш
қиындықсыз қызметке орналасады. Мамандар ӛндірісте жұмыс жасағанда
кейбір мәселелер туындамас үшін, жұмыс беруші оқу процесінің барлық
уақытын тиімділікпен мұқияттылықпен ӛткізеді. Оқу орындарымен бірлесе
отырып жұмыс жасау ӛндірістік мекемелер үшін де ӛте тиімді, себебі ӛзіне
қажетті кадрларды ерте бастан дайындап,болашаққа білікті маман
дайындайды . [3]
Қазіргі таңда дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін енгізу жұмыстары
«Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша екінші кезеңге аяқ
басты. Биылғы жылы аталған мамандық бойынша «Мәңгілік ел жастары -
индустрияға» - «Серпін-50» мемлекеттік жоба бойынша 25 студент
«Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы білім алуда.
Дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін қолдану - білім беру жүйесін
жаңарту және дамыту ғана емес, Қазақстанның ӛз дамуындағы жаңа серпіліс
жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы
қажеттілігінен туындаған үдеріс.
Достарыңызбен бөлісу: |