196
обмен информацией, возможность для совместной работы в сети во времени и
пространстве, нелинейный характер взаимодействия, наличие удобных и
разнообразных инструментов для организации личного пространства,
академическая мобильность и моногое другое.
Таким образом, системообразующим фактором непрерывного образования
в системе повышения квалифиукации лежит идея развития педагога как
личности, субъекта деятельности и общения.
Литература:
1. Государственная программа развития образования в Республике
Казахстан на 2011-2020 гг. /edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo.
2. Роджерс К. Фрейберг Д.Свобода учиться. М.: Смысл, 2002. ― 527с.
3. Rogers C. Freedom to learn for the 80's; Columbus, Ohio, 1983.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР-
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Джаркинбаева Гульжан Абдиманаповна,
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты, Тараз қаласы
Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе
«кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды
айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М. Полонский ғылыми-
теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П. Беспалько және В.В.
Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л. Гузик
тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын
ұсынады. Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық - озат
педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үдерісінің сапалы
жаңа ӛзгерісі болып табылады. Барлық педагогикалық жаңашылдықтардың
атқаратын қызметіне қарай 3 түрге топтастыруға болады:
жаңашылдық - білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін
жағдай (білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-
әлеуметтік жағдай және т.б.);
жаңашылдық - жаңа ӛнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар
(педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.);
ұйымдастыру-басқарушылық
жаңашылдық
(білім
беру
жүйесі
құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз
ететін басқарушылық іс-әрекеттер).
Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму
үдерісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация
дамып келеді. «Инновация» деген сӛз - латынның «novis» - жаңалық және «in» -
енгізу деген сӛзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық,
197
ӛзгерту» деген мағынаны білдіреді. Т.И. Шамова, П.И.Третьяковалардың
еңбегінде «Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық
енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация
үдерісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды
анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен
технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық
сӛздіктерде «инновация» әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сӛздікте
бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі. Ал А.И. Кочетов «инновация»
ұғымына тӛмендегідей анықтама береді: «кӛрсетілген деңгейге апаруды
қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің
біртұтас бағдарламасы». Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай
анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, «егер
баратын деңгей алдына-ала кӛрсетілген болса, ол қандай инновация» делінген.
В.Кваша мен В. Лапинның пікірлері бойынша «инновация» - бұл жаңа
үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мӛлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-
әрекеттің жаңа сапалы деңгейге кӛтерілуі болып табылады. Тәжірибелер
кӛрсетіп жүргендей, кез келген инновация - мӛлшерлі іс-әрекеттің шегіне
ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап талдау
кӛптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын
кӛрсетеді.
С.И.Ожеговтың сӛздігінде «инновация» ұғымына үш түрлі анықтама
беріледі:
- Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған;
- Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе;
- Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Қоғам білім беруде тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді,
қалай тәрбиелеу керек екеніне сұраныс жасайды. Осыған байланысты дәстүрлі,
адам жайлы философиялық және педагогикалық кӛзқарастарға білім берудегі
дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін
сақтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне калай тасымалдау
керектігіне талдау жасау қажеттігі туындайды.
Қазіргі кезеңде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде
«технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл термин ӛмірге
компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа
компьютерлік технологияның енуімен сипатталады. Ғылымда дамудың жаңа
бағыты - технологиялық бағыт ӛмірге келді. Ғылымдағы осы технологиялық
бағыттың пайда болуы және оның педагогикада тереңірек зерттеле басталуы
кездейсоқтық емес. Себебі педагогика ғылымы ежелден-ақ білім беру,
тәрбиелеу, оқыту саласындағы ең тиімді әдіс-тәсілдірді табуға, оны ӛмірде
пайдалануға, жоғары нәтиже алуға талпынады, оқытудың жаңа формалары мен
әдістерін табуға ұмтылады.
«Технология» сӛзі грек тілінен енген және 2 сӛз тіркесінен құралған:
«techne» - ӛнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе;
Достарыңызбен бөлісу: |