Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет59/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68

190
Заттың  құнын  төлеуге  немесе  оған  шыққан  шығындарды  жəне 
басқа  да  залалды  өтеуге  байланысты  болмаса  да,  кəсiпкер  ретiнде 
əрекет  ететiн  тараптардың  мiндеттемелерiнен  туындайтын  талап-
тар  да  затты  ұстап  қалу  арқылы  қамтамасыз  етiлуi  мүмкiн  екендігі 
аталған əдісті қолданудың бір мысалы болып табылады.
Несие берушi өзiндегi зат иелiгiне түскеннен кейiн де оны иелену 
құқығын үшiншi тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала 
алады.
Бұл  нормалардың  барлығы  диспозитивті  болып  табылады  жəне 
тараптар шартта басқалай да көздеуі мүмкін.
ҚР  АК 338-2 бабы  ұстап  қалынған  мүлiк  есебiнен  талаптарды 
қанағаттандыруға арналған. Нақтырақ айтқанда, затты ұстап қалушы 
несие  берушiнiң  талаптары  кепiлмен  қамтамасыз  етiлген  талаптар-
ды  қанағаттандыру  үшiн  көзделген  көлемде  жəне  тəртiппен  заттың 
құнынан қанағаттандырылатындығына арналған.
Кепiл
Мiндеттемеге  сəйкес  несие  берушiнiң  (кепiл  ұстаушының)  бо-
рышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған рет-
те кепiлге салынған мүлiк құнынан осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл 
берушiнiң)  басқа  несие  берушiлердiң  алдында  артықшылықпен 
қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай 
əдiсi кепiл деп танылады ҚР АК 299 бабы).
Кепіл əдетте, ақшалай міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз 
етеді. Мысалы, банктік заем шартының қайтарылуы. Сонымен бірге, 
заңның  мəніне  орай  кепіл  міндеттеменің  заттай  орындалуын  да 
қамтамасыз ете алады. Мысалы, жалға алу шарты.
Кепіл міндеттемелерінің тараптары болып табылады:
кепiл ұстаушы – мүлікке қатысты кепіл құқығын иеленеді;
кепiл  берушi – ол  кепілге  мүлікті  ұсынады  жəне  ол  ретінде 
борышқордың  өзі  не  үшінші  тұлға  болуы  мүмкін.  Кепіл  беруші 
əдетте, мүліктің иесі болады. Сондай-ақ мүлікті шаруашылық жүргізу 
құқығында  иеленетін  тұлға  да  меншік  иесінің  келісімімен  кепіл 
беруші бола алады. Кепіл бершуі ретінде аталған құқықты пайдалану-
шы да бола алады. Мысалы, жер пайдаланушы. Жалға алушы жалға 
алу құқығын мүлік иесінің келісімімен ғана кепілге бере алады.
Кепіл  пəні  ретінде  мүлікті  алдын  ала  бөлу  жəне  борышқор 
міндеттемені орындамаған ретте несие беруші-кепіл ұстаушы өзінің 
талабын  кепілге  салынған  мүлік  есебінен  борышқордың  басқа  не-


191
сие  берушілерінің  алдында  басымдылықпен  қанағаттандыра  алуы 
кепілдің мақсаты болып табылады.
Демек,  борышқор  кепілге  салынған  мүлікті  жоғалуы  мүмкін, 
яғни  міндеттемені  орындамаған  ретте  ол  сауда  арқылы  сатылуы 
мүмкін. Сонымен, аталған мүлікті жоғалту қаупімен ол міндеттемені 
орындауға  ынталана  түседі.  Дəл  осы  кепілге  жоғары  тиімділікті 
ұсынады.  Өйткені  орындау  үшін  қажетті  қаражат  борышқорда  бол-
май  қалуы  мүмкін  айып  төлеу  мен  кепілдікке  қарағанда,  кепілде 
мүлік алдын ала белгілі болады жəне несие беруші тарапынан аталған 
мүліктен өндіріп алу мүмкіндігі сақталады.
Кепіл пəні кейде жоғалуы немесе бүлінуі мүмкін. Несие беруші-
нің  мүдделерінің  бұзылуына  жол  бермеу  үшін  кепілге  салынған 
мүлікті сақтандыруға болады. Сақтандыру жағдайы орын алған рет-
те несие беруші сақтандыру төлемі сомасынан қанағаттандыру алуға 
басқа несие берушілерге қарағанда басым құқықты иеленеді. Кепілге 
салынған  мүліктің  кімнің  пайдасына  сақтандырылғаны  маңызды 
емес.
Кепілшарттан немесе заңнамалық актіден туындайды жəне онда 
қай мүліктің, қандай талапты қамтамасыз етуге берілетіндігі тікелей 
көрсетілуі тиіс.
Кепiл  туралы  шарт  жазбаша  түрде  жасалуға  тиiс.  Бұл  талап-
ты  сақтамау  шарттың  жарамсыздығына  əкеледі.  ҚР  АК 307-бабын-
да  кепіл  туралы  шарттың  елеулі  ережелері  берілген  жəне  бұлар 
болмаған ретте шарт жарамсыз деп танылады. Оларға мыналар жа-
тады: 1) кепіл пəні жəне оның бағасы; 2) негізгі мəндеттеменің сипа-
ты, мөлшері жəне оны орындау мерзімі; 3) кепіл пəнінің қай тарап-
та болатындығына жəне оны қолдануға жол берілетіндігіне сілтеме. 
Айналымнан  алынған,  сондай-ақ  жеке  тұлғамен  тығыз  байланысты 
талаптарды  (алимент  алу,  өміріне  немесе  денсаулығына  келтірілген 
зиянның өтемақысы) қоспағанда, кез келген мүлік кепіл пəні бола ала-
ды. Сондай-ақ, мүліктік құқықтар мен ақша да кепіл пəні бола алады. 
ҚР  АК 301-бабының 4-тармағына  сəйкес  кепіл  пəні  болып  табыла-
тын ақша банкте орналастырылуы тиіс. Жеке мүліктік емес құқықтар 
кепіл  пəні  бола  алмайды.  Мүліктердің  кейбір  түрлерінің  кепіліне 
заңнамалық  актілермен  тыйым  салынған  немесе  шектелінген.  Мы-
салы, бірінші қажеттілік заттарынан жəне азаматтың киім-кешегінен 
өндіріп алуға жол берілмейді. Демек, оларды кепілге салуға болмай-
ды.
Кепiл  құқығы  болашақта  кепiлге  салушының  меншiгiне  немесе 


192
шаруашылық  иелiгiне  түсетiн  мүлiкке  шарт  бойынша  қолданылуы 
мүмкiн,  мысалы,  пəтер  алуға  берілген  заем  сомасының  қамтамасыз 
етілуі.
ҚР АК 307-бабында қарастырылған кепіл туралы шарттың ереже-
лер тізімі түпкілікті емес. Басқа заңнамалық актілермен кепіл туралы 
шарттың өзге де міндетті ережелері қарастырылуы мүмкін. Мысалы, 
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңы кепілге салынған 
мүліктің орналасқан жері, кепіл берушінің аты-жөні жəне тұрғылықты 
жері туралы деректердің көрсетілуін талап етеді.
ҚР АК 308-бабы мүліктің кейбір түрлерінің кепілін мемлекеттік 
тіркеудің  міндеттілігін  бекітеді.  Мысалы,  жылжымайтын  мүліктің 
кепілі, автокөлік құралдарының кепілі тіркелуге тиіс. Сонымен қоса, 
мүліктің кейбір түрлерінің кепілі ерекше тəртіпте рəсімделуі мүмкін. 
Атап  айтқанда,  ломбардтағы  кепіл,  кепіл  билетін  ұсыну  арқылы 
рəсімделеді,  ал  жылжымайтын  мүліктің  кепілі  ипотекалық  куəлікті 
беру арқылы рəсімделеді.
ҚР АК 303-бабында кепілдің түрлері бекітілген. Ең алдымен, кепіл 
пəніне  қарай  заттардың  жəне  құқықтардың  кепілін  ажыратқан  жөн. 
Заттардың кепілі өз кезегінде, ипотекаға жəне кепілзатқа жіктелінеді. 
Ипотека – кепiлге  салынған  мүлiк  кепiл  салушының  немесе 
үшiншi бiр жақтың иелiгiнде жəне пайдалануында қалатын кепiл түрi. 
Кəсiпорындар,  құрылыстар,  үйлер,  ғимараттар,  көп  пəтерлi  үйдегi 
пəтерлер,  көлiк  құралдары,  ғарыш  объектiлерi,  айналымдағы  тауар-
лар  жəне  азаматтық  айналымнан  алынбаған  басқа  да  мүлiк  ипотека 
мəнi бола алады. Пəні тұрғысынан алғанда, ҚР АК ипотека тек жыл-
жымайтын  мүліктің  кепілі  ретіндегі  дəстүрлі  еуропалық  түсініктен 
ерекшеленеді.
Кепiлзат – кепiлге  салынған  мүлiктi  кепiл  берушi  кепiл 
ұстаушының  иелiгiне  беретiн  кепiл  түрi.  Кепiл  ұстаушының 
келiсiмiмен  кепiлге  салынған  зат  кепiл  ұстаушының  құлпы  салы-
нып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мəнi 
кепiл туралы куəландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл 
берушiнiң  иелiгiнде  қалдырылуы  мүмкiн.  Бұл  ретте,  кепіл  ұстаушы 
мүлікті ұстау жəне оны қорғау жөніндегі шығындардан босатылады. 
Дегенмен кепіл берушінің адал емес болып шығуына қатысты жоғары 
тəуекелге барады.
Құқықтарды  кепiлге  салу  кезiнде  иелiктен  айырылуы  мүмкiн 
мүлiктiк құқықтар, атап айтқанда, жалға беру құқықтары, шаруашылық 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау