Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет45/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68

146
адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адам-
ға  белгiленген  тəртiп  бойынша  берiлген  жағдайда  ғана  өз  бетiмен 
салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады.
Сот  сондай-ақ  құрылыс  салынған  жер  учаскесi  өзiнiң  заңды 
пайдалануында  болған  адамның  өз  бетiмен  салынған  құрылысқа 
меншiк құқығын тануы мүмкiн. Бұл ретте құрылысқа меншiк құқығы 
танылған адам оны жүзеге асырған адамды сот белгiлеген мөлшерде 
құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейдi.
Егер  құрылысты  сақтап  қалу  басқа  адамдардың  құқықтарын 
жəне  заңмен  қорғалатын  мүдделерiн  бұзуға  əкелiп  соқтырса  не 
азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, аталған 
адамдардың өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануға 
болмайды.
Ерекше жағдайларда əлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгi ескерiле 
отырып,  өз  бетiнше  салынған  құрылыс  сот  белгiлеген  мөлшерде 
құрылыс шығындары өтелiп, коммуналдық меншiкке берiлуi мүмкiн.
Олжа – жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан 
адамға  немесе  заттың  меншiк  иесiне  немесе  оны  алуға  құқығы  бар 
өзiне  белгiлi  басқа  адамдардың  бiреуiне  дереу  хабарлауға  жəне 
табылған затты оған қайтаруға мiндеттi.
Егер  зат  үй-жайдың  iшiнде  немесе  көлiкте  табылған  болса, 
ол  сол  үй-жайдың  немесе  көлiктiң  иесi  болып  табылатын  адамға 
тапсырылуға тиiс. Мұндай ретте осы иеленушi затты тапқан адамның 
құқықтарын иеленiп, оның мiндеттерiн мойнына алады.
Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзi немесе оның 
тұрған жерi белгiсiз болса, затты тауып алушы олжа туралы iшкi iстер 
органдарына немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, 
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмдеуге 
мiндеттi.
Затты тауып алушы оны өзiнде сақтауға не iшкi iстер органдары-
ның,  қаладағы  аудан,  аудандық  маңызы  бар  қала,  кент,  ауыл  (село), 
ауылдық (селолық) округ əкiмi аппаратының немесе олар көрсеткен 
адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе 
сақтауға кететiн шығындар оның құнына сəйкес келмейтiн затты та-
уып  алушы  түсiм  сомасын  растайтын  жазбаша  дəлелдемелер  алып, 
сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға жəне зат-
ты  алуға  заңды  құқығы  бар  адамға  қайтарылуға  немесе  бұл  заттың 
өзi  үшiн  белгiленген  тəртiп  пен  жағдайларда  басқа  адамдардың 
меншiгiне берiлуге тиiс.


147
Егер  олжа  туралы  iшкi iстер  органдарына  немесе  қаладағы  ау-
дан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) 
округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмденген кезден бастап алты ай өткенше 
жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса жəне затқа 
өзiнiң құқығы туралы оны тапқан адамға не iшкi iстер органдарына 
немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), 
ауылдық  (селолық)  округ  əкiмiнiң  аппаратына  мəлiмделмесе,  затты 
тауып алушы оған меншiк құқығын алады.
Егер затты тауып алушы тапқан затын меншiгiне алудан бас тарт-
са, ол коммуналдық меншiкке өтедi.
Қараусыз  жануарлар – қараусыз  немесе  қаңғып  жүрген  малды 
жəне басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарлар-
ды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның 
өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған 
кезден  бастап  үш  күннен  кешiктiрмей  табылған  жануарлар  туралы 
iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, облыстық, аудандық 
маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң 
аппаратына мəлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шарала-
рын қолданады.
Жануарлардың  меншiк  иесiн  iздестiру  кезеңiнде  жануарлар-
ды  ұстаушы  адам  оларды  өзiнiң  бағуында  жəне  пайдалануында 
қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа 
адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi 
бойынша  оларды  бағу  мен  пайдалану  үшiн  қажеттi  жағдайы  бар 
адамды  iздеп  табуды  жəне  оларға  жануарларды  берудi  қаладағы  ау-
дан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық 
(селолық) округ əкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.
Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мəлiмдел-
ген кезден бастап алты ай iшiнде жəне басқа үй жануарлары жөнiнде 
–  екi  ай  iшiнде  олардың  меншiк  иесi  табылмаса  жəне  оларға  өзiнiң 
құқығы туралы мəлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жану-
арларды баққан жəне пайдаланған адамға көшедi.
Бұл  адам  бағуында  болған  жануарларды  меншiгiне  алудан  бас 
тартқан  жағдайда  олар  коммуналдық  меншiкке  түседi  жəне  тиiстi 
қаладағы  аудан,  облыстық,  аудандық  маңызы  бар  қала,  кент,  ауыл 
(село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппараты белгiлейтiн тəртiп 
бойынша пайдаланылады.
Жануарлар  басқа  адамның  меншiгiне  көшкеннен  кейiн  олардың 
бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi 


148
сақталғанын  немесе  жаңа  меншiк  иесiнiң  оларға  қатал  не  өзгедей 
мейiрiмсiз  қарағанын  дəлелдейтiн  жағдайлар  болған  кезде  меншiк 
иесi  жаңа  меншiк  иесiмен  келiсiм  бойынша  белгiленетiн  шарттар-
мен, ал келiсiмге келмеген кезде – сот арқылы оларды өзiне қайтарып 
берудi талап етуге құқылы.
Көмбе,  яғни  жерге  көмiлген  немесе  басқа  əдiспен  жасырылған, 
меншiк  иесiн  анықтау  мүмкiн  болмайтын  не  заңдарға  сəйкес 
оларға  құқығынан  айрылған  ақша  немесе  өзге  де  бағалы  заттар 
көмбе  жасырылған  жер  учаскесi  иесiнiң  немесе  қозғалмайтын  зат-
ты  меншiктенушiнiң  жəне  көмбенi  тапқан  адамның,  егер  олардың 
арасындағы  шартта  өзгеше  белгiленбесе,  меншiгiне  тең  мөлшерде 
түседi.
Көмбе  жасырылған  жер  учаскесiн  пайдаланушының  немесе 
қозғалмайтын  мүлiктi  меншiктенушiнiң  келiсiмiнсiз  қазған  немесе 
бағалы заттар iздестiрген адам көмбенi тауып алған жағдайда көмбе 
сол меншiк иесiне берiлуге тиiс.
Тарих жəне мəдениет ескерткiштерiне жататын заттардан тұратын 
көмбе  табылған  ретте  олар  Қазақстан  Республикасының  меншiгiне 
берiлуге тиiс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесiн пай-
даланушы немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушi жəне көмбенi 
тапқан  адам  осы  көмбе  құнының  елу  процентi  мөлшерiнде  сыйақы 
алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында АК көзделген ережелер 
қолданыла отырып бөлiнедi.
Меншік құқығына ие болудың туынды тəсілдері
Меншік  иесі  бар  мүлікке  меншік  құқығын  өзге  тұлғалар  са-
тып алу сату, айырбас, сыйға тарту немесе мүлікті иеліктен шығару 
жөніндегі өзге де мəмілелерге сəйкес ала алады. Шарт бойынша мүлiк 
алушының  меншiк  құқығы,  егер  заң  құжаттарында  немесе  шартта 
өзгеше көзделмесе, зат берiлген кезден бастап пайда болады.
Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге не-
месе нотариалдық куəландыруға жататын болса, алушының меншiк 
құқығы  тiркелген  немесе  нотариат  куəландырған  кезден  бастап,  ал 
шартты  нотариаттың  куəландыруы  да,  мемлекеттiк  тiркеу  де  қажет 
болған жағдайда ол тiркелген кезден бастап пайда болады.
З
аттардың  алушыға  тапсырылуы,  сол  сияқты,  егер  заңдарда 
немесе  шартта  өзгеше  көзделмесе,  алушыға  жөнелту  үшiн  көлiк 
ұйымына  өткiзу  жəне  иелiктен  айырылған  заттарды  жеткiзiп  беру 
мiндеттемесiнсiз  алушыға  салып  жiберу  үшiн  почтаға  өткiзу-
заттардың берiлуі деп танылады. Егер затты иелiктен айыру туралы 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау