Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет44/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68

143
бұрын  болмағаны  немесе  оған  меншік  құқығы  ол  пайда  болмай 
тұрып  немесе  бұрынғы  меншік  иесінің  құқығына  қарамастан  пай-
да  болғанда  орын  алады.  Бұл  əдіске  келесілерді  жатқызуға  болады: 
жаңадан  жасалған  мүлiкке  меншiк  құқығының  пайда  болуы,  өңдеу, 
иелену мерзiмi, жинауға не аулауға арналған көпшiлiк қолды заттар-
ды меншiкке айналдыру, иесiз заттар, меншiк иесi бас тартқан жыл-
жымалы заттар, өз бетiмен салынған құрылыс, олжа.
Туынды меншік  құқығының пайда болу  негіздеріне  реквизиция, 
тəркілеу, шарттар, мұрагерлік, заңды тұлғалардың қайта құрылуы жа-
тады.
Меншік құқығын алудың бастапқы əдістері
Егер  шартта  немесе  заңдарда  өзгеше  көзделмесе,  жаңа  затқа 
меншiк құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиедi.
Тұтыну  (тұрғын  үй,  тұрғын  үй-құрылыс,  саяжай,  гараж  немесе 
өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пəтер, 
саяжай, гараж жəне кооператив осы адамдардың пайдалануына бер-
ген өзге де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа 
да адамдар аталған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.
Салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлiк кешендерi-
не, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке 
меншiк құқығы осы мүлiктi жасау аяқталған кезден бастап пайда бо-
лады.  Егер  заң  құжаттарында  немесе  шартта  құрылысы  аяқталған 
объектiлердi  қабылдап  алу  көзделген  болса,  онда  тиiстi  мүлiктi  жа-
сау  осылайша  қабылдап  алынған  кезден  бастап  аяқталған  болып 
есептеледi.
Қозғалмайтын  мүлiк  мемлекеттiк  тiркелуге  тиiс  реттерде,  оған 
меншiк құқығы осылайша тiркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын  мүлiктi  жасау  аяқталғанға  дейiн,  ал  тиiстi 
жағдайларда – оны  мемлекеттiк  тiркеуден  өткiзгенге  дейiн  мүлiкке 
қозғалмайтын  мүлiк  жасалатын  материалдармен  басқа  мүлiкке 
меншiк құқығы туралы ережелер қолданылады.
Өңдеу – 
шартта  өзгеше  көзделмегендiктен,  адам  өзiне  тиесiлi 
емес  материалдарды  өңдеу  арқылы  дайындаған  жаңа  қозғалатын 
затқа меншiк құқығын материалдардың меншiк иесi алады. Алайда, 
егер  өңдеу  құны  материалдардың  құнынан  едəуiр  асып  кетсе,  жаңа 
затқа  меншiк  құқығын  адал  жұмыс  iстеп,  өңдеудi  өзi  үшiн  жүзеге 
асырған адам алады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, өз материалдарынан дайындалған 


144
затқа  меншiк  құқығын  алған  материалдардың  меншiк  иесi  ол  зат-
ты  өңдеудi  жүзеге  асырған  адамға  оның  құнын  өтеуге,  ал  ол  адам 
жаңа  затқа  меншiк  құқығын  алған  ретте  соңғысы  материалдардың 
меншiк  иесiне  олардың  құнын  қайтаруға  мiндеттi.  Өңдеудi  жүзеге 
асырған адамның ықылассыз əрекеттерiнiң нəтижесiнде материалы-
нан айрылған меншiк иесi жаңа затты өз меншiгiне берудi жəне өзiне 
келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Иелену  мерзімі
 – мүлiктiң  меншiк  иесi  болып  табылмайтын, 
бiрақ  өзiнiң  жеке  қозғалмайтын  мүлкiндей  жетi  жыл  бойы,  не  өзге 
мүлiктi, кем дегенде бес жыл адал, ашық жəне ұдайы иеленген аза-
мат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) 
алады.
Мемлекеттiк тiркеуге жататын қозғалмайтын жəне өзге де мүлiкке 
меншiк  құқығы  бұл  мүлiктi  иелену  мерзiмiне  сəйкес  алған  тұлғада 
осындай тiркеу кезiнен бастап пайда болады.
Мүлiкке  меншiк  құқығын  алғанға  дейiн  оларды  өз  мүлкiндей 
иеленушi  азамат  немесе  заңды  тұлға  өз  иелiгiн  мүлiктiң  меншiк 
иелерi  болып  табылмайтын,  сондай-ақ  заң  құжаттарында  немесе 
шартта көзделген өзге де негiздерге сəйкес оларды иеленуге құқығы 
жоқ үшiншi жақтардан қорғауға құқылы.
Иелену мерзiмiне жүгiнетiн азамат немесе заңды тұлғаның өздерi 
құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелiк 
еткен уақытының бəрiн өз иелiгiне қосып алуына болады.
Тұлғада  болып,  оның  иеленуiнен  талап  етiлуi  мүмкiн  мүлiктер 
жөнiндегi  иелену  мерзiмiнің  өтуi  тиiстi  талаптар  бойынша  талап 
мерзiмi бiтуiнен ерте басталмайды
Егер тұлғаға сотта оның меншiк құқығын танудан бас тартылған 
ретте мүлiктi иеленушi тұлға меншiк иесiне айналады.
Жинауға  не  аулауға  арналған  көпшiлiк  қолды  заттарды 
меншiкке  айналдыру  заңдарға,  жергiлiктi  əдет-ғұрыпқа  немесе 
меншiк  иесi  берген  жалпы  рұқсатқа  сəйкес  ормандарда,   бөгендерде 
немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа 
нəрселердi жинауға немесе аулауға жол берiлген ретте, тиiстi заттарға 
меншiк құқығын оларды жинауды жəне аулауды жүзеге асырған адам 
алады.
Иесіз заттарды иелену –
 меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi 
белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат 
иесiз болып табылады.


145
Иесiз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы қаладағы 
аудан,  облыстық,  аудандық  маңызы  бар  қала,  кент,  ауыл  (село), 
ауылдық  (селолық)  округ  əкiмi  аппаратының  мəлiмдеуi  бойынша 
қозғалмайтын  мүлiктi  мемлекеттiк  тiркеудi  жүзеге  асыратын  орган 
есепке  алады.  Коммуналдық  меншiктi  басқаруға  уəкiлдiк  берiлген 
орган  иесiз  қозғалмайтын  заттарды  есепке  алған  күннен  бастап  бiр 
жыл өткеннен кейiн бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану 
туралы талап қойып сотқа жүгiне алады.
Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, 
одан əрі пайдалану жəне сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды 
коммуналдық меншiктi басқаруға уəкiлеттi орган жүзеге асырады.
Сот  шешiмi  бойынша  коммуналдық  меншiкке  түстi  деп 
танылмаған иесiз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншiк иесiнiң 
иелiгiне, пайдалануына жəне билiк етуiне қайта қабылдануы, не иеле-
ну мерзiмiне орай меншiкке алынуы мүмкiн.
Меншік  иесі  бас  тартқан  жылжымалы  заттар – меншiк  иесi 
тастаған  немесе  оларға  меншiк  құқығынан  бас  тарту  мақсатымен 
өзгеше  түрде  қалдырып  кеткен  жылжымалы  заттар  (тасталған 
заттар)  басқа  адамдардың  өз  меншiгiне  айналдырылуы  мүмкiн. 
Меншiгiнде,  иелiгiнде  немесе  пайдалануында  құны  жиырма  айлық 
есептiк  көрсеткiшке  сəйкес  сомадан  көрiнеу  төмен  тасталған  мүлiк 
не тасталған металл сынықтары, жарамсыз өнiм жатқан жер учаскесi 
бар  адамның  ол  заттарды  пайдалануға  кiрiсiп  немесе  осы  заттарды 
меншiгiне қаратқандығына куə болатын өзге де iс-əрекет жасап, олар-
ды өз меншiгiне айналдыруға құқығы бар.
Басқа тасталған заттар, егер осы адамның арызы бойынша оларды 
сот иесiз деп таныса, оларды иеленуге кiрiскен тұлғаның меншiгiне 
кiредi.
Өз бетімен салынған  құрылыс – заңдарда белгiленген тəртiппен 
осындай  мақсаттарға  арнап  бөлiнбеген  жер  учаскесiнде  салынған, 
сондай-ақ қажеттi рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа қора-
қопсы,  құрылыс,  немесе  өзге  де  қозғалмайтын  мүлiк  өз  бетiмен 
салынған құрылыс болып табылады.
Өз  бетiмен  құрылыс  салуды  жүзеге  асырған  адам  оған  меншiк 
құқығын  алмайды.  Оның  құрылысқа  билiк  етуге – сатуға,  сыйға 
тартуға,  жалға  беруге,  басқа  да  мəмiлелер  жасауға  құқығы  жоқ.  Өз 
бетiмен  салынған  құрылыс,  оны  жүзеге  асырған  адамның  есебiнен 
бұзылуға тиiс.
Өзiне  тиесiлi  емес  жер  учаскесiне  құрылысты  жүзеге  асырған 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау