«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет49/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89

170
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
52.1. Заңмен Конституцияның 52-бабы 1-тармағы алынып 
тасталды, оған сәйкес Парламент депутаты қандай да болсын ама-
натты мандатпен байланысты емес. Депутаттың аманатты ман-
датпен байланысы туралы конституциялық норманы алып тастау 
Мәжіліс депутаттарының тек пропорционал сайлау жүйесімен 
сайланғанда Парламентте дауыс беруге Мәжіліс депутаттарының 
бірыңғай партиялық ұстанымды немесе партиялық фракциялық 
ұстанымын сақтау қажеттігіне қатысты.
Мәжіліс  депутаты  партиялық  тізім  бойынша  Мәжіліске 
сайлаған саяси партиядан шыққан немесе одан шығарылғанда 
өз депутаттық мандатынан айырылуы мүмкін. Сонымен бір-
ге партиялық депутат мандатының аманаттылығы Парламент 
Сенатының депутаттарына қолданылмайды.
52.5.  2007  жылғы  21  мамырдағы  заңға  сәйкес  Парламент 
депутатының  өкілеттігі  орнынан  түскен,  ол  қайтыс  болған, 
соттың  заңды  күшіне  енген  шешімі  бойынша  депутат  іс-
әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп 
танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық 
заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3)  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  жоғалтқан 
кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған са-
яси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси 
партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент  Сенатының  тағайындалған  депутаттарының 
өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мер-
зімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.


171
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Парламент  және  Парламент  Мәжілісі  депутаттарының 
өкілеттігі  тиісінше  Парламент  немесе  Парламент  Мәжілісі 
таратылған жағдайларда тоқтатылады».
Заңмен 
Парламент 
Мәжілісін 
тарату 
туралы 
Конституциялық  норманы  Конституцияға  енгізуге  байла-
нысты  Парламент  депуттатарының  оның  өкілеттік  мерзімі 
өтуіне  дейін  өкілеттіктерін  тоқтату  мәселесіне  қатысты 
Конституцияның 52-бабы 5-тармағына толықтыру енгізілді. 
Парламент  депуттатарының  өкілеттіктері  оның  өкілеттік 
мерзімінің өтуіне дейін тек Конституцияда және Парламент ту-
ралы заңда көзделген - Парламент депутатының орнынан түскен, 
ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша 
депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз 
кеткен  деп  танылғандағы,  сондай-ақ  тиісінше  Парламенттің 
және  Парламент  Мәжілісінің  таратылуы,  депутаттың  басқа 
өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми неме-
се өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге 
де  жұмысты  атқаруға,  кәсіпкерлік  қызметпен  шұғылдануға, 
коммерциялық  ұйымның  басшы  органының  немесе 
байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ тиымдарды 
бұзушылықтар жағдайларында тоқтатылуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша депутат өкілеттігі 
мерзімінен  бұрын  тоқтатылған  кезде  Орталық  сайлау  ко-
миссиясы Парламент депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға 
әкеп соққан негіздердің туындау фактісін белгілейтін қаулы 
қабылдайды және тиісті Парламент Палатасына Парламент 
депутатының өкілеттіктерін тоқтату туралы ұсыныс беру ту-
ралы  шешім  қабылдайды.  Орталық  сайлау  комиссиясының 
ұсынысы  негізінде  Парламент  Палатасы  тиісті  Парламент 
депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.
Парламент  депутатының  өкілеттіктерін  тоқтатудан 
Конституцияда  белгіленген  жағдайларда  Парламент 


172
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
депутатының мандатынан айырылуын (жоғалтуын) ажы-
рату қажет. Конституцияның 52-бабының 5-тармағына сәйкес 
Парламент  депутаты  Қазақстаннан  тысқары  жерге  тұрақты 
тұруға кеткенде; оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды 
күшіне  енгенде;  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын 
жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Жоғарыда  көрсетілген  негіздер  бойынша  депутаттың 
өкілеттіктерін  мерзімінен  бұрын  тоқтатқан  кезде  Орталық 
сайлау  комиссиясы  қаулы  қабылдайды,  онда  Паралмент 
депутаты  өкілеттігін  тоқтатуға  әкеліп  соққан  негіздердің 
туындау фактісі түсіндіріледі және Парламент депутатының 
өкілеттіктерін  мерзімінен  бұру  тоқтату  туралы  ұсынымды 
Парламенттің  тиісті  Палатасына  енгізу  туралы  шешім 
қабыладанады.  Орталық  сайлау  комиссиясының  ұсынымы 
негізінде  Параламент  Палатасы  Парламенттің  тиісті 
депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.
Оған қоса, Конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім 
бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты саяси 
партиядан  депутат  шыққанда  және  алып  тасталғанда,  сон-
дай-ақ Конституциялық заңға сәйкес депутат сайланған сая-
си партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырыла-
ды. Мұндай жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы тиісті 
адамның  Парламент  депутаты  өкілеттіктерін  жоғалтқанын 
белгілейтін қаулы шығарады.
Парламент  Мәжілісінің  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 
сайлаған  депутаттарының  өкілеттіктері  оның  шешімі 
бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент 
Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттіктері Рес-
публика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын 
тоқтатылуы  мүмкін.  Тиісінше  облыстың,  республикалық 
маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық 
мәслихаттары  атынан  өкілдік  ететін  депутаттары  бо-


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау