«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет45/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89

158
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
оның  жұбайы  декларациялаған  табысы  және  мүлкі  тура-
лы  мәлімдемелердің  дұрыстығы  партиялық  тізім  тіркел-
ген күннен бастап он бес күн ішінде салық органымен тек-
серіледі. Мұндайда салық қызметі органы саяси партиямен 
ұсынылған  кандидаттың  және  оның  жұбайының  табысы 
және мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну туралы талап алған 
ұйымдарға сұралған ақпаратты талап түскен күннен бастап, 
төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.
Партиялық тізімдерді тіркеуді Орталық сайлау комиссия-
сы мынадай құжаттар болған кезде жүргізеді: 
1)  саяси  партияның  Қазақстан  Республикасының  Әділет 
министрлігінде тіркелуі туралы құжаттың көшірмесімен бір-
ге  саяси  партияның  жоғары  органының  партиялық  тізімді 
ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2)  партиялық  тізімге  кіргізілуіне  келісетіндігі  туралы 
азаматтың өтініші;
3) партиялық тізімге кіргізілген әр тұлға туралы өмірбаян 
деректері;
4) кандидатпен және оның жұбайымен табысы және мүлкі 
туралы  декларацияның  тапсырылғандығы  туралы  салық 
органының анықтамасы;
5)  саяси  партияның  сайлау  жарнасын  салғандығын  рас-
тайтын құжат;
6)  саяси  партиямен  ұсынылған  оның  партиялық  тізіміне 
кіргізілген адамның мүшелігін растайтын құжат.
Тіркеуге бір саяси партиядан оған енгізілген адамдар са-
нымен тек бір ғана тізім беруге рұқсат етіледі.
Орталық  сайлау  комиссиясы  партиялық  тізімдерді  тір-
кегеннен  кейін  оныншы  күннен  кешіктірмей  БАҚ-та  сая-
си  партиялардың  атауы  және  партиялық  тізімге  кіргізілген 
адамдар саны, сонымен бірге партиялық тізімге кіргізілген әр 
адамның тегі, есімі, әкесінің аты, туған жылы, атқаратын ла-


1
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
уазымы (кәсібі), жұмыс орны, тұрғылықты жері көрсетілген 
тіркелуі  туралы  хабарламаны  жариялайды  және  тіркелген 
кезде әр кандидатқа тиісті куәлік береді. 
Партиялық  тізімдерді  тіркеу  егер  сайлауды  тағайындау 
кезінде басқаша белгіленбесе, сайлауға дейінгі екі ай бұрын 
басталады және сайлауға дейінгі бір ай бұрын аяқталады.
Сайлау туралы Конституциялық заңмен партиялық тізімдер 
бойынша мәслихаттың депутаттығына сайлауда төмендегідей 
дауыстарды  санау  тәртібі  белгіленген.  Телімдік  сайлау  ко-
миссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хат-
тамасын толтырады, ол кешіктірілмей тиісті аумақтық сай-
лау комиссиясына жіберіледі. Партиялық тізімдер бойынша 
сайлаудың  нәтижелері  Орталық  сайлау  комиссиясына  сай-
лау  күнінен  бастап  екі  күннен  аспайтын  мерзім  ішінде  жі-
берілетін аумақтық сайлау комиссияларының тиісті хаттама-
лары негізінде Орталық сайлау комиссиясының мәжілісінде 
белгіленеді. Сайлау нәтижелері туралы хаттама жасалады.
Мәжіліс  депутаттарының  тұтастай  Республика  бойын-
ша  сайлау  қорытындыларын  Орталық  сайлау  комиссиясы 
сайлау  өткізілген  күннен  бастап  жеті  күндік  мерзімде  бел-
гілейді. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан 
сайлаушылар  санының  жеті  және  одан  көп  пайызын  алған 
бірыңғай жалпыұлттық округ аумағы бойынша берілген әрбір 
партиялық  тізім  үшін  сайлаушылар  санының  жиынтығын 
есептейді. Жеті пайыздық тосқауылдан өткен саяси партия-
лар үшін берілген сайлаушылардың дауысының жиынтығы 
бөлінетін депутаттар мандаттарының санына бөлінеді. 
Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысатын әр партиялық 
тізіммен алынған дауыстар саны бірінші сайлау жекешелігі-
не  бөлінеді.  Санды  бөлу  нәтижесінде  алынған  бүтін  бөлік 
партиялық тізімді құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық 
мандаттың саны болады. Егер осы жүргізілген әрекеттерден 


160
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
кейін  бөлінбеген  мандаттар  қалатын  болса,  екінші  рет  бөлу 
жүргізіледі.  Бөлінбеген  мандаттар  жоғарыда  аталған  ереже-
лерге сәйкес бөлу нәтижесінде алынған санның (қалдық) ең 
көп  бөлшегі  сәйкес  келген  партиялық  тізімдерге  бір-бірден 
беріледі.  Ең  көп  қалдық  тең  болған  жағдайда  артықшылық 
бірінші болып тіркелген партиялық тізімге беріледі.
Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігі саяси партияның 
басқару  органымен  сайлау  қорытынды  жариялаған  күннен 
бастап, он күннен кешіктірілмей партия тізіміне кіргізілген 
кандидаттар ішінен анықталады. Егер партияның басқару ор-
ганымен белгіленген мерзімде алынған депутаттар мандатта-
рын бөлу кезектілігі анықталмаған болса, партиямен алынған 
депутаттық  мандаттар  Орталық  сайлау  комиссиясының 
қаулысымен мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібінде тіркел-
ген тізімге сәйкес бөлінеді.
Депутат  мерзімінен  бұрын  шыққан  жағдайда  оның  ман-
даты  Орталық  сайлау  комиссиясының  қаулысымен  саяси 
партияның тізіміне кіргізілгендердің ішінен саяси партияның 
басқарушы  органымен  анықталатын  келесі  кандидатқа 
беріледі. Егер тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаған 
болса,  мандат  келесі  Мәжіліс  депутаттарының  сайлауына 
дейін бос болып табылады.
Сайланған Мәжіліс депутаттарын Орталық сайлау комис-
сиясы тіркейді. 
Қазақстан  халқының  Ассамблеясымен  сайланатын 
Мәжіліс  депутаттығына  кандидаттарды  ұсыну  құқығы  Ас-
самблея Кеңесіне жатады.
Қазақстан халқының Ассамблеясымен сайланатын Мәжіліс 
депу-таттығына  кандидаттарды  ұсыну  Ассамблея  Кеңесімен 
жүргізіледі.  Қазақстан  халқының  Ассамблеясы  Кеңесінің 
шешімі  көпшілік  дауыспен  қабылданады  және  хаттама 
үзіндісімен ресімделеді. Ассамблея Кеңесінің шешімі көпшілік 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау