«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет44/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89

1
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
51.1. Заңмен Парламент Мәжілісін құру тәртібіне өзгерістер 
енгізілді. Мәжіліс Сайлау туралы заңмен белгіленген тәртіпте 
сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан 
сегіз депутаты біртұтас жалпыұлттық округтен жалпыға бір-
дей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс 
беру арқылы саяси партиялардан сайланады. Мәжілістің тоғыз 
депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. 
Заңмен Мәжіліс депутаттарын сайлаудың барабар сайлау 
жүйесі енгізілді – Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты біртұтас 
жалпыұлттық округтен жалпыға бірдей, тең және төте сай-
лау  құқығы  негізінде  жасырын  дауыс  беру  арқылы  саяси 
партиялардан  сайланады.  Жалпыға  бірдей  сайлау  құқығы 
белсенді және бәсең сайлау құқығына бөлінеді. Жалпыға бір-
дей белсенді сайлау құқығы – бұл Қазақстан Республикасы 
азаматтарының он сегіз жасқа толуымен тегіне, әлеуметтік, 
лауазымдық және қоғамдық жағдайына, жынысына, нәсіліне, 
ұлтына, тіліне, дінге қатысына, сеніміне, тұрғылықты жеріне 
немесе кез-келген басқа жағдайларға байланыссыз сайлауда 
дауыс  беру  құқығы.  Бәсең  сайлау  құқығы  –  бұл  Қазақстан 
Республикасы азаматтарының Парламенттің сайланған депу-
таты болу құқығы.
Тең  сайлау  құқығы  сайлаушылардың  Мәжіліс  депутат-
тарын сайлауда тең негізде қатысатындығын білдіреді және 
олардың әрқайсысы бір сайлау бюллетеніне тиісті бір дауысқа 
ие болады. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды сайлауда 
тең құқықтар және қатысу жағдайына кепілдік беріледі.
Төте сайлау құқығы бiртұтас жалпыұлттық округ бойын-
ша  саяси  партиялардан  сайланатын  Мәжіліс  депутаттарын 
азаматтар  тікелей  сайлайтындығын  білдіреді.  Мәжіліс  де-
путаттарын сайлауға дауыс беру құпия болып табылады, ол 
сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жа-
сау мүмкіндігін болдырмайды.


1
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Мәжіліс депутаттарын сайлаудың барабар сайлау жүйесі 
сыйға тартылмаушылықты қамтамасыз етуге және еліміздің 
әлеуметтік-саяси  дамуының  ерекшеліктерін  ескеруге 
шақырады, саяси күштердің жіктелуін және халықтың шын 
еркін айқын бейнелеу мақсатында саяси партияларға еліміздің 
саяси жүйесіндегі өзінің рөлін күшейту жөніндегі қосымша 
мүмкіндіктер беруге тиіс. Партиялық тізім бойынша сайла-
натын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы 
белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға жатады.
Мәжіліс  депутаттығына  бiртұтас  жалпыұлттық  сайлау 
округiнiң  аумағы  бойынша  сайлану  үшін  партиялық  тiзiм-
дерге  кіру  саяси  партияның  жоғары  органы  мүшелерінің 
жалпы  санының  көпшілік  дауысымен  жүргізіледі.  Саяси 
партиялардың партиялық тізімге осы саяси партияның мүшесі 
болып  табылмайтын  адамдарды  кіргізуге  құқы  жоқ.  Саяси 
партияның  жоғары  органының  шешімі  партиялық  тізімге 
кіргізілуіне келісетіндігі туралы азаматтың өтінішімен бірге 
Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Саяси  партиялар  партиялық  тізімді  мемлекеттік  тілдегі 
әліпбилік  тәртіпте  құрады.  Партиялық  тізім  Орталық  сай-
лау  комиссиясына  партиялық  тізімді  ұсыну  туралы  саяси 
партияның жоғары органының хаттамасынан үзіндімен бірге 
саяси партияның өкілімен ұсынылады. Өкілдің өкілеттіктері 
тиісті құжаттармен расталуы тиіс.
Партиялық  тізім  бойынша  сайланатын  Мәжіліс  депутат-
тығына  кандидаттарды  ұсыну,  егер  сайлауды  тағайындау 
кезінде басқаша белгіленбесе, сайлауға дейінгі екі ай бұрын 
басталып, сайлауға қырық күн қалғанда аяқталады. 
Партиялық тізімді ұсынған саяси партиялар Орталық сай-
лау комиссиясының шотына саяси партияның қаражатынан 
партиялық тізімге кіргізілген әр адам үшін Қазақстан Респуб-
ликасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақының он 


157
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді. Алдағы 
болып өткен Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда 
дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және 
одан көп пайызын алған саяси партиялармен сайлау жарна-
сы төленбейді. Алдағы болып өткен Парламент Мәжілісінің 
депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар 
дауысының бестен жетіге дейінгі пайызын алған саяси пар-
тиялармен  партиялық  тізімге  кіргізілген  әр  адам  үшін  сай-
лау жарнасын төлеу жоғарыда аталған мөлшердің елу пайы-
зы  мөлшерінде  төленеді.  Алдағы  болып  өткен  Парламент 
Мәжілісінің  депутаттарын  сайлауда  дауыс  беруге  қатысқан 
сайлаушылардың  дауысының  үштен  беске  дейінгі  пайы-
зын  алған  саяси  партиялармен  партиялық  тізімге  кіргізіл-
ген әр адам үшін сайлау жарнасын төлеу жоғарыда аталған 
мөлшердің жетпіс пайызы мөлшерінде төленеді. 
Егер сайлау қорытындысы бойынша саяси партия дауыс 
беруге  қатысқан  сайлаушылардың  дауысының  жетіден  кем 
емес  пайызын  жинаған  болса,  сонымен  қатар  партиялық 
тізімге  кіргізілген  жалғыз  қатысушының  өлімі  жағдайында 
саяси  партияның  енгізілген  жарнасы  қайтарылады.  Басқа 
барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылмайды және 
Республикалық бюджеттің табысына кіргізіледі.
Саяси партиялармен ұсынылған партиялық тізімдерді тір-
кеу Орталық сайлау комиссиясымен жүргізіледі. 
Кандидат және оның жұбайы тіркелгенге дейін тұрғылықты 
жері бойынша салық органына Сайлау туралы заңға сәйкес 
белгіленген  ұсынылу  мерзімінің  басындағы  айдың  бірінші 
күніне  табысы  және  мүлкі  туралы  декларацияны  мемлекет 
алдындағы  салықтық  міндеттердің  орындалуына  салықтық 
бақылауды  қамтамасыз  ететін  Қазақстан  Республикасының 
уәкілетті мемлекеттік органымен белгіленген тәртіпте және 
нысанда  ұсынады.  Саяси  партия  ұсынған  кандидат  және 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау