«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет19/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89

77
VIII бөлім
Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 
Бас Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi бес жыл. 
4. Республика прокуратурасының құзыретi, ұйымдастырылуы 
мен қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi. 
84-бап
Ескерту. 84-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 
21 мамырдағы  № 254-І Заңымен алынып тасталды.
VIII БӨЛIм 
ЖЕРгIЛIКТI мЕмЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ 
ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
85-бап
Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң 
жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орган-
дар жүзеге асырады.
86-бап
1.  Жергiлiктi  өкiлдi  органдар  -  мәслихаттар  тиiстi 
әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi 
және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны 
iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге 
асырылуын бақылайды. 
2. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы 
негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге 
халық сайлайды. 
3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған аза-
маты мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика 
азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 
4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: 


78
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және 
әлеуметтiк  бағдарламаларын,  жергiлiктi  бюджеттi  және 
олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту; 
2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-
аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; 
3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер 
бойынша  жергiлiктi  атқарушы  органдар  басшыларының 
есептерiн қарау; 
4)  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларын  және  өзге  де 
жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептер-
дi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты 
өзге де мәселелердi шешу; 
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары 
мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де 
өкiлеттiктердi жүзеге асыру. 
5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика 
Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату 
туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімі-
нен бұрын тоқтатылады. 
6.  Мәслихаттардың  құзыретi,  ұйымдастырылуы  мен 
қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы 
заңмен белгiленедi.
Ескерту.  86-бап  Қазақстан  Республикасының  2007 
жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Заңымен  енгізілген 
өзгерістермен.
87-бап
1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы-
ның атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi 
аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, 
атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi 
қамтамасыз етедi. 


79
VIII бөлім
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар 
жатады: 
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және 
әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу 
және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 
2) коммуналдық меншiктi басқару; 
3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке 
тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы 
органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де 
мәселелердi шешу; 
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Респуб-
лика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн 
өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру; 
3. Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президен-
тi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-
аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады. 
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың 
және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, 
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 
мәслихаттарының  келісімімен  Республика  Президен-
ті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің 
әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті 
айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. 
Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді 
қызметтерінен босатуға хақылы.
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде 
бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру 
туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз 
депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге 
сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде 
тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұран әкімнің 
алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық 


80
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
маңызы  бар  қалалар  және  астана  әкімдерінің  өкілеттігі 
жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріс-
кен кезде тоқтатылады. 
6.  Жергiлiктi  атқарушы  органдардың  құзыретi 
ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртiбi заңмен бел-
гiленедi.
Ескерту. 87-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III 
Заңдарымен енгізілген өзгерістермен. 
88-бап
1.  Мәслихаттар  өз  құзыретiндегi  мәселелер  бойынша 
шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң 
аумағында  орындалуға  мiндеттi  шешiмдер  мен  өкiмдер 
қабылдайды. 
2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды 
немесе жергiлiктi бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтiн 
шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған 
кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн. 
3.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен 
заңдарына сәйкес келмейтiн мәслихат шешiмдерiнiң күшi 
сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн. 
4. Әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тиiсiн-
ше  Қазақстан  Республикасының  Президентi,  Үкiметi  не 
жоғары тұрған әкiм жоюы мүмкiн, сондай-ақ олардың күшi 
сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн. 
89-бап
1.  Қазақстан  Республикасында  жергiлiктi  маңызы  бар 
мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн 
жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады. 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау