«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет18/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   89

73
VII бөлім
бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер бойын-
ша судьялар есеп бермейдi. 
3. Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi 
басшылыққа алуға тиiс: 
1) адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен 
танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi; 
2)  бiр  құқық  бұзушылық  үшiн  ешкiмдi  де  қайтадан 
қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды; 
3) өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз 
ешкiмнiң өзгертуiне болмайды; 
4) сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы; 
5)  жауапкершiлiктi  белгiлейтiн  немесе  күшейтетiн, 
азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың 
жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. 
Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауап-
кершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа 
заң қолданылады; 
6) айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес; 
7) ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен 
белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беру-
ге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын 
ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес; 
8) адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк 
айыпталушының пайдасына қарастырылады; 
9)  заңсыз  тәсiлмен  алынған  айғақтардың  заңды  күшi 
болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана 
сотталуға тиiс емес; 
10) Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол 
берiлмейдi. 
4. Конституциямен белгiленген сот төрелiгiнiң принцип-
терi Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ 
және бiрыңғай болып табылады. 


74
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
78-бап
Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және 
азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан кел-
тiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер-
дi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң 
немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен 
баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi 
тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп 
тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге 
мiндеттi.
79-бап
1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi 
Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкiлеттiгi 
тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы 
немесе кiдiртiлуi мүмкiн. 
2.  Судьяны  тұтқынға  алуға,  күштеп  әкелуге,  оған  сот 
тәртiбiмен  белгiленетiн  әкiмшiлiк  жазалау  шараларын 
қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс 
жасаған  реттердi  қоспағанда,  Республика  Жоғары  Сот 
Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Респуб-
ликасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-
бабының 3)-тармақшасында белгiленген жағдайда, Сенаттың 
келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 
3. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң 
бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс 
стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары 
судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң 
бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн. 
4. Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, 
ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, 


75
VII бөлім
өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен 
айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының 
немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
80-бап
Соттарды  қаржыландыру,  судьяларды  тұрғын  үймен 
қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен 
жүргiзiледi және ол сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге 
асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
81-бап
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, 
қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын 
өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, 
заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн 
қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi 
бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.
Ескерту. 81-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
82-бап
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын 
және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне не-
гізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сай-
лайды.
2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен 
судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша 
Республика Президенті қызметке тағайындайды.
3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары 
құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер 
беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.


76
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын 
Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
5.  Жоғары  Сот  Кеңесінің  мәртебесі  және  жұмысын 
ұйымдастыру заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 82-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-І Заңының редакциясында.
83-бап
1.  Прокуратура  мемлекет  атынан  Республиканың 
аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Прези-
дентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық 
актiлердiң  дәлме-дәл  әрi  бiркелкi  қолданылуын,  жедел-
iздестiру  қызметiнiң,  анықтау  мен  тергеудiң,  әкiмшiлiк 
және  орындаушылық  iс  жүргiзудiң  заңдылығын  жоғары 
қадағалауды  жүзеге  асырады,  заңдылықтың  кез  келген 
бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, 
сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы 
келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық 
бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, 
сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте 
қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. 
2. Республика Прокуратурасы төменгi прокурорларды 
жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Проку-
рорына бағындыра отырып, бiрыңғай орталықтандырылған 
жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттiк органдар-
дан, лауазымды адамдардан тәуелсiз жүзеге асырады және 
Республика Президентiне ғана есеп бередi. 
3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi 
iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен 
әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде 
ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау