Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет97/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105

313
жаңа  шешім  іздестіру  элементтері  пайда  бола  бастайды. 
Педагогикалық бағыттылық, қажеттіліктер, қызығушылықтар жəне 
бейімделушіліктер  қалыптаса  түседі.  Педагог  кəсіби  біліктілігін 
жоғарылату қажеттілігін сезінеді.
Эвристикалық  деңгей  кəсіби-педагогикалық  мəдениетінің 
көрінісінде  кəсіби  іс-əрекеттің  анағұрлым  айқын  бағыттылығымен 
жəне  оның  жолдары  мен  амалдарының  тұрақтылығымен 
сипатталады.  Кəсіби-педагогикалық  мəдениеттің  осы  деңгейінде 
технологиялық компоненттің құрылымындағы өзгерістер байқалады: 
бағалаушылық-ақпараттық  жəне  түзету-реттеушілік  міндеттерді 
шешу  іскерліктерінің  қалыптасуының  жоғары  деңгейін  көрсетеді. 
Педагогтардың іс-əрекеті үнемі ізденіске толы; олар оқытудың жəне 
тəрбиелеудің  жаңа  технологияларын  анықтайды,  өз  тəжірибесін 
өзгелермен  бөлісіп  жеткізуге  даяр.  Кəсіби  біліктілікті  жоғарылату 
формаларына саналы көзқараспен қарайды, өзінің жеке  тұлғасы мен 
іс-əрекетін тану жəне талдаудың негізгі əдістерін меңгерген.
Креативті 
деңгей 
педагогикалық 
іс-əрекеттің 
жоғары 
дəрежедегі 
нəтижелілігімен, 
пихологиялық-педагогикалық 
білімдердің ұтқырлығымен, білім алушылармен жəне əріптестерімен 
ынтымақтастықта еңбек ету, бірігіп шығармашылықпен шұғылдану 
қатынастарын  орнатумен  сипатталады.  Педагогтың  іс-əрекетінің 
жағымды-эмоционалдық  бағыттылығы  оның  жаңғыртушылық, 
белсенді  жасампаздығын,  өзін-өзі  жасаудағы  жеке  тұлғалық 
белсенділігін  тұрақтылықпен  ынталандырады.  Талдаушылық-
рефлексиялаушылық  іскерліктері  аса  маңызды.  Технологиялық 
даярлығы  жоғары  деңгейде,  жəне  технологиялық  даярлығының 
барлық компоненттері тығыз түрде бір-бірін толықтырып отырады.  
Педагогтың  іс-əрекетіндегі  педагогикалық  импровизациясы, 
педагогикалық  интуициясы,  қиялы  маңызды  орынға  ие  жəне 
педагогикалық  міндеттердің  шешімін  іздестіруге  септігін  тигізеді. 
Жеке  тұлғаның  құрылымында  ғылыми  жəне  педагогикалық 
мүдделер  мен  қажеттіліктері  үйлесімділік  табады.  Оқытушылар 
педагогикалық шеберлік пен педагогикалық мəдениетті арттырудың 
түрлі  амалдарына  мүдделі  қарайды.  Əркез,  өздері  де  біліктілік 
жоғарылатуда  бастамашылдық  көрсетеді,  өзінің  тəжірибесін  шын 
көңілімен  бөліседі  жəне  əріптестерімен  алмасады,  олар  өзін-өзі 
жетілдіруімен ерекшеленеді. 
Еңбекке жəне кəсіпке баулу бойынша əдістемелік жұмыстардың 
негізгі мақсаты - кəсіпке баулу  педагогының іс-əрекетін жəне жеке 
тұлғасын кəсібилендіру.


314
Кəсібилендіру  «Педагогтың  кəсібилігінің  қалыптасуы  əдетте, 
оқу  жəне  оқу-тəрбие  мекемелері  үшін  педагогикалық  кадрлар 
даярлау үдерісі мен педагогикалық білім алғандарға, мамандығына 
сəйкес оқу жəне оқу-тəрбие мекемелерінде оқу-тəрбие жұмыстарын 
жүргізуге  мүмкіндік  беретін,  жалпытеориялық,  педагогикалық, 
арнайы  білімдер  жəне  практикалық  педагогикалық  дағдылардың 
жиынтығы сияқты екі түрлі мəнде қарастырылатын педагогикалық 
білім берумен байланысты»
1
.
Н.Д.Хмель  осы  анықтама  негізінде  педагогтың  педагогикалық 
білімін,  яғни  педагогқа  қажетті  жалпытеориялық,  арнайы, 
педагогикалық  білімдерінен  туындайтын,  оның  кəсіби  даярлығын 
тығыз байланыста қарастырады
2
.
Жеке  тұлғаны  жəне  іс-əрекетті  кəсібилендіру – бұл  осы  бір 
құбылыстың  екі  жағы.  Кəсібиліктің  дамуының  түрлі  кезеңдерінде 
олардың  біреуі  басым  дамып  отырады.  Осы  ретте,  егер  кəсіби 
маңызды  психологиялық  сапалар  іскерліктерді  меңгеруге  септігін 
тигізіп жəне бұған дейінгі иеленгендердің деңгейін дамытып отыра-
тын болса, онда іскерліктердің интенсивті дамуы тежеледі. Бұл осы-
лайша, сəйкестік орныққанша жалғаса береді. 
Жеке  тұлғаның  кəсібилігі,  В.А.Сластениннің  пікірінше, 
кəсібиліктің 
кəсіби 
маңызын 
жəне 
тұлғалық-іскерлігін, 
акмеологиялық инварианттарының жоғары деңгейін, креативтіліктің 
жоғары деңгейін, ұмтылыстарының барабар деңгейін, мотивациялық 
саласын  жəне  маманның  прогрессивті  дамуына  бағытталған 
құндылық бағдарын көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипат-
тамасы
3
.
Кəсібилікке,  тек  өзінің  кəсіби  іс-əрекетін  жетілдіру  жолымен 
ғана  емес,  жеке-тұлғалық  сапалардың  дамуымен  қол  жеткізіледі. 
Сондықтан, нағыз кəсіпкердің жəне оның кəсібилігінің қалыптасуы 
заңды түрде маманның тұлғалық-кəсіби дамуымен қабаттаса жүреді.
Тұлғалық-кəсіби  даму,  В.А.Сластениннің  анықтағанындай,  бұл 
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуында, кəсіби іс-əрекеттері мен кəсіби 
өзара  əрекеттесуінде  жүзеге  асырылатын  кəсібилікті  меңгеруі, 
1
Педагогическая  энциклопедия:  В 4-х  томах/  Гл.ред.  И.А.Каиров.-  М.:  Сов.энциклопедия, 
1964-1968.  – С.78.
2
Хмель Н.Д.Теоретические основы профессиональной подготовки учителя.-Алматы:Ғылым, 
1998.-320 с. С.16.
3
Сластенин В.А. Педагогика: Учеб. пособие для высш. пед. учеб. заведений /В.А.Сластенин, 
И.Ф.Исаев,  Е.Н.Шишов;  Под  ред.  В.А.Сластенина. - М.:  Издательский  центр  «Академия», 
2002. - С.3-58.


315
жоғары  кəсібилік  жетістіктерге  қол  жеткізуге  бағдарланған 
қалыптасу үдерісі.
А.К.Маркованың  пайымдауынша,  кəсіпкердің  жеке  тұлғалық 
құрылымына  кіретіндер:  мотивация  (жеке  тұлғаның  бағыттылығы 
жəне  оның  түрлері);  жеке  тұлғаның  қасиеттері  (қабілеттер,  мінез 
жəне  оның  белгілері,  психикалық  үдерістер  мен  қалыптар);  жеке 
тұлғаның  интегралды  сипаттамасы  (өздік  сана,  жеке  дара  мəнері, 
шығармашылық əлеует ретіндегі креативтілік)
1
.
Педагогтың  кəсібилігінің  шешуші  белгісі  оның  педагогикалық 
міндеттердің шешімін іздестіруге даяр болуы. Нақты педагогикалық 
іс-əрекетте 
нормадан 
шығармашылықты 
айыру 
қиын. 
Шығармашылыққа  деген  қабілеттілік  педагогтардың  барлығына 
бірдей тəн бола бермейді.  Бұл жеке тұлғаның айырықша сапасы.
Жеке  тұлғаны  кəсібилендіруде  өзін-өзі  жетілдіруге  үлкен  мəн 
беріледі.  Өзін-өзі  жетілдіру  тəжірибесі  санамен  еңбектенуді,  яғни 
өзінің    кəсіпкер  ретіндегі  жеке  тұлғасын  дамыту  бойынша  же-
ке-дара  психологиялық  ерекшеліктерін  педагогикалық  іс-əрекет 
талаптарына  бейімдеу,  кəсіби  құзыреттілігін  үнемі  жоғарылату 
жəне    əлеуметтік-адамгершілік,  сонымен  қатар,  жеке  тұлғаның 
басқа да қасиеттерінің үздіксіз дамуын шамалайтын кəсіби өзін-өзі 
тəрбиелеудің алғышарттары болып саналады.
Кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеудің  негізін  мақсат  пен  мотив 
арасындағы  қарама-қайшылықтар  құрайды.  Мотивтің  мақсатқа 
қарай ұмтылысы өзін-өзі тəрбиелеудің бастауы мен қозғаушы күші 
болатын,  өзін-өзі  тəрбиелеуге  деген  қажеттіліктерді  туындатады. 
Бұл  қажеттілік  өзінің  кемшіліктерін  пайымдаудан,  олардан  ары-
лу  ниетінен  жəне  оларды  туындататын  себептерді  талдаудан  келіп 
шығады.  Осылайша,  педагогтың,  өзін-өзі  тəрбиелеуге  деген  пайда 
болған  қажеттілігі,  келешекте  белсенділіктің  (сенімдермен,  парыз 
сезімімен, жауапкершілікпен, кəсіби ар-намыспен, саламатты өзін-
өзі  жақсы  көрумен  жəне  т.б.)  жеке  тұлғалық  көздерінде  қолданыс 
табады.  Осылардың    барлығы  да  өзін-өзі  жетілдіру  бойынша  іс-
əрекеттердің жүйесін туындатады.
Кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеудің  мазмұнын  жеке  тұлғаның  кəсіби 
маңызды  жəне  жеке  тұлғаның  мəнді  сапалары  құрайды.  Өзін-өзі 
тəрбиелеуге өздік сана, немесе Мен-тұжырымдамасы негізінде, яғни  
адамның  өздік  баға  беруді  қалыптастыратын  жəне  өзге  адамдар-
1
Маркова  С.М.,  Седых  Е.П.  Проектирование  модели  личности  специалиста. – Н.Новгород: 
ВГИПА, 2004. –С.18.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау